Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_1241_s_o_1179___1241_dis_bilety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79 Кб
Скачать
☆

2 Сабақтардың теориялық және практикалық бөлімдерін ұйымдастыру мен өткәзудің әдістемелік ерекшеліктері.

Қазіргі заманғы педагогикалық процеске қойылатын бірінші талап – әрбір сабақтың айқын мақсаты, мазмұны, жоспары және сабақтың құрылысы алдын-ала белгілі болуы тиіс. Осыған сәйкес мұғалім өзінің және оқушылардың сабақтағы жұмысын ұйымдастырады. Сабақ мұғалім мен оқушы арасындағы іс-әрекет екені ескеріледі. Сабақта оқылатын материалдардың мазмұны өмірмен байланысты болуы, ғылыми шындықты көрсетуі және сол ғылымның қазіргі заманғы даму дәрежесіне сәйкес болуы керек.

а)Тігін машиналарында жұмыс жасаудың қауіпсіздік ережелері

1.Тігін машинасында жұмыс істегенде, орындықта дене мен басты сәл алға қарай иіп, тік отыру керек. 2.Бұйым мен көздің аралығы 30-40 см болуы, ал шынтақ үстел қақпағымен бір деңгейде орналасуы қажет. 3. Тігу кезінде бөлшектерді машина табанынаң сол жағына, ал тігіске қосымшаны оң жағына орналастырады. 4. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсуі керек. Тігін машинасымен жұмыс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері: 1. Машина жұмыстарын орындайтын жұмыс орыны дұрыс ұйымдасшрылуы тиіс; 2. Машинаның айналатын бөлігіне қайшы және басқа аспаптарды жақын қоюға болмайды; 3. Қажетті аспаптар машина жәшігінде сақталады, ал машина табанына тек қана өнделетін мата қойылады; 4. Өңделуші матада, ине, түйіреуіш болмауы тиіс; 5. Машинаның қозғалатын бөлігіне жақын отыруға болмайды; 6. Орындық, тігін машинасының инесіне тұспа-тұс қойылады; 7. Жұмыс істеу кезінде, қолды дұрыс қалыпта ұстау керек; 8. Жұмыс соңында жұмыс орынын жинау керек.

б) Шеберханадағы жұмыс барысындағы талаптары мен ережелер.

Билет 3

Маманды кәсіби дайындаудың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасау ұстанымдары. Кәсіби стандарт бойынша жасалған модульдік білім беру бағдарламасын жасақтау әдіснамасы, модульдік технологиялар негізінде МОЖ және МОБ макетіне сәйкес (әдістемелік ұсынбаларға қосымша) модульдік технологиялар негізінде, ТжКББ мамандықтары мен салалары бойынша жасалған оқыту бағдарламалары мен жоспарларын өңдеу әдістемесін қамтиды. ТжКББ мамандықтары мен салалары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын құрастырушылар көрсетілген әдістемелік ұсынбаларды толықтыруға, нақтылауға құқылы. ТжКББ мамандықтары мен салалары бойынша жасалған оқыту бағдарламалары мен жоспарлары Ұлттық Біліктілік Шеңбері (ҰБШ), салалық біліктілік шеңбері (СБШ) кәсіби стандарттар талаптарына сай жасалады, жаңа технологиялардың пайда болуымен, нарықтық жағдайлар динамикасын, жаңа құзыреттерге сұраныстарды ескере отыра жаңарып тұрады. Кәсіби стандарттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Біліктілік Шеңберінің маңызды бөлігі болып саналады, кәсіби қызметтің нақты салаларындағы құзыреттіліктің біліктілік деңгейіне, мазмұнына, сапасына және қызметкерлердің еңбек жағдайларына талаптар қояды. Кәсіби стандарттар негізінде функционалдық моделдерге, қызметтерге, біліктіліктерін жетілдіруге, іріктеуге және қызметкерлерді аттестациялауға ұйымдардың ішкі, зияпаттық стандарттары, ынталандыру жүйелері, еңбекке ынталандыру және басқаларға құрастырылады.

Оқу материалдарының мазмұнының логикалық құрылымына талдау жасау; оқу материалдарының дидактикалық тиімділігін бағалау. Пәнді, бөлімді, берілген сабақ тақырыбын оқыту барысында білім беру, тәрбиелеу және дамыту мақсаттарымен толық таныстыру; тақырыпты қарастыруда жас ерекшелігін, оқушының психологиялық және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, тақырып мақсаттарын нақтылау өте маңызды. Кез келген сабақ үштік мақсатқа: оқыту, тәрбиелеу, дамыту негізделген. Дидакикалық мақсаттарға, сабақты ұйымдастыру мақсаттарына, сабақты жүргізудің мазмұны мен тәсілдеріне, оқу процесінің негізгі этаптарына, оқыту әдістеріне, оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты сабақтардың топталуы.

а) Көркем кесте түрлері, құрлымы, олардың іс жүзінде қолданулуы.

  • Көркем кесте - бұл кестемен тек өсімдік суретін ғана емес, шағын пейзажды бейнелеуге де болады. Осы кестемен кестелегенде бір түсті жіптің бірнеше түрі бір-біріне баяу ауысып, құлпыра өзгеріп отырады. Ол үшін бірнеше түстің тігісінің ұзындығы әр түрлі етіледі. Сосын екінші түсті жіппен кестені жалғастырады, бұл тігістердің ұзындығы да әр түрлі етіліп, алғашқы тігістен қалған аралық шетінен толтырылады. Олар алғашқы тігістің үстін баса отырып, бір түрлі жіптің бірнеше түске ауысқанын байқатпай жібереді.

б) Ағашты қол аспаптары мен өңдеудегі еңбекті үйымдастыру мен қорғау. Шеберханадағы ағаш өңдеу жұмыс орны.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]