Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Тарихы Билеттер Жауабымен.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27 Мб
Скачать
☆

2.Қазақстандағы социалистік индустриаландыру саясатының мазмұны,нәтижелері мен салдарын ашып көрсетіңіз

Партияның 1925 жылы өткен 14 съезі елді социалистік индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру міндетін қойды. Алайда большевиктер партиясының басшылығымен жүзеге асырылған елді индустрияландыру аясаты ұлттық аймақтар, оның ішінде Қазақстан үшін отаршыл бағытта болды. Жалпы қазақстанда индустрияландыру саясатының бағыты қандай болу керек деген мәселе сол кездің өзінде үлкен пікір таластар тудырды. Бір топ өлкедегі кеңес және партия қызметкерлері көшпелі халық бірден социализмге өте алмайды деп есептеді. Бұл бағытты большевиктер «уклонистер» деп атады. Келесі бір топтың өкілі С.Садуақасов өнеркәсіптің дамуы қазақ халқын ауыл шаруашылығынан алыстатып, қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауына әкеледі деп есептеді. Бірақ ол индустрияландыру саясатына қарсы болмады. Оның пікірі бойынша Қазақстанның өндірістік бағытта алға жылжуы үшін республикада индустриялық өнеркәсіптерді көптеп салып, оны әрі қарай дамыту керек болды. С.Садуақасов шикізат қоры көзіне өнеркәсіптерді жақындатуды көздеді. Қазақстанға өнеркәсіпті күштеп кіргізу мүмкін емес деген пікірлер де болды.Қазақстанда индустрияландыру саясатын жүзеге асыру барысы елдің орталық аудандарымен салыстырғанда өте ауыр болды. Қазақстанда индустрияландыру барысында кеңес үкіметі түсті металлургия, көмір және мұнай өндіріс орындарына үлкен мән берді. Екінші бесжылдық кезінде Қарағанды көмір бассейні мен Балқаш мыс қорыту комбинатын салу жоспарланды. Бұл өндіріс орындары тез қарқынмен салынды. Қазақстанда индустрияландыру барысында Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қорыту комбинаттары салынды. Бұлар бүкіл елді өніммен қамтамасыз етті. 1933 жылы Ақтөбе химия комбинаты мен Аралсульфат комбинаттары салынды. 4.Қазақстан 20-30 жылдары аграрлы елден индустриялы елге айналды. Алайда қазақстанда өндірілген шикізаттарды өңдейтін өнеркәсіп орындары салынбады. Осындай сипатта жүргізілген саясаттың қазақ халқы үшін зардабы зор болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық дәстүрі толығымен өзгерді, екіншіден, хала қалқының саны өсті. Үшіншіден, бұл жағдай демографиялық өзгерістерге әкелді.

13-билет

1.«Анимизм», «тотемизм», «фетишизм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіздер.

Ертедегі адамдар табиғаттан бөлініп шыққаннан кейін, қоршаған табиғаттан өздерінің қандай айырмашылықтары бар екенін түсінбеді. Олар табиғат алдында дәрменсіз еді, дүние туралы наным-сенімі – анимизм болды.

Анимизм (латын тілінен animus-жан, рух). Жан мен рухты тірі және өлі табиғаттың сезіммен қабылданатын барлық заттары мен құбылыстарында жасырынып жататын, оларды басқарып отыратын жаратылыстан тыс күш деп санайды. Анимистік ұғымда егер жан жеке затпен яки оның бір бөлігімен байланысты болса, онда рух дербес тіршілік етеді, белгілі бір затқа дари алады. Ол алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған құбылыс. Мұнда дуализм мен антропоморфизм негізге алынған. Әлем бұ дүние және о дүние болып бөлінеді. О дүниеде рухтар мекен етеді. Бастапқы бұл рухтар осы дүниедегі қасиеттердің бәріне ие болып келген. Бертін келе рух, жан дегендер материалдық емес денелер ұғым орныққан.

Фетишизм («ерекше қасиеті бар зат»). Жансыз заттардың ерекше құдіретті күштеріне сену, мысалы, үңгірлер, тастар, ағаштар, белгілі бір еңбек құралдары мен тұрмысқа қажетті заттар, т.б. Фетишистік түсініктер – жансыз денелерді жанды дүние ретінде қабылдау. Мысалы, адамдарды өлімнен сақтап қалушы үңгір немесе ашаршылықта адамдар жемісін қорек еткен ағаш, аң аулағанда қолданылған садақ т.б. – фетиш болып саналды.  Тотемизм ( оның тегі). Тотемизм құбылысын зерттеген ғалым дін социологиясының негізін салушы Э.Дюркгейм діннің көне наным нысандары және олардың бертінгі көріністері әлеуметтік интеграция факторы болып табылады деген тұжырым жасайды. Тотем белгілі бір әлеуметтік топ үшін оның генеологиялық бастауы әрі желеп-жебеушісі, рәміз әрі ең басты құндылық. Сондықтан ол (құс, аң н/е өсімдік) құлшылық объектісі, осымен бірге сол топты біріктіруші, рулық, тайпалық тұтастығын сақтаушы. Көне заманда тотем зооантропоморфты (адам және хайуан кескінді) бейнеленіп келді. Біртіндеп реинкарнация, яғни адамның өлген соң тотем бейнесінде дүниеге қайта оралуы туралы ұғым қалыптасты. Осыдан тотемдік жануарды, өсімдікті т.б. өздерінің бұрынғы ата-баба аруағы санап, оларды асқа пайдаланбау, ерекше қадірлеу салты орнықты.