Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bilet_49-72.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
254 Кб
Скачать
☆

58.Мембраналық липидтің түрлері және қызметтері

Липидтер — (гр. λίπος, lípos — май) — барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар. Липидтер – табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир,этанол) ериді. Липид гректің lipos – май деген сөзінен шыққан. Липидтер барлык тірі жасушаларда болады, осыған орай организмде мынадай маңызды қызметтер атқарады: құрылыс, энергия көзі, қоректік зат, қорғаныштық, метаболизмдік және т.б.

  1. Құрылымдық. Нәруызбен бірге жарғақша құрамына кіріп, оның жартылай өткізгіштігін қамтамасыз етеді.

  2. Регуляторлық. Кейбір гормондар липидтік табиғатты болады.

  3. Қорғаныштық. Жылуды сақтайды, ішкі мүшелерді қорғайды, тері астындағы май созылғыштықты қамтамасыз етеді.

  4. Жануарлар организмі үшін су көзі

  5. Энергияны депонирлеу. 1 г май ыдырауының нәтижесінде 39 кДж немесе 9,5 ккал энергия бөлінеді.

Липидтердің түрлері:Жай липидтер (бейтарап май және воск)Күрделі липидтер (фосфолипидтер, гликолипидтер, липопротеидтер)Стероидтар.Құрылыс қызметі:Липидтердің суда ерімейтін қасиеті оның жасушадағы құрылыс қызметін атқаруынша мүмкіндік береді. Ұлпалардың, жасушалардың және олардың органоидтерінің мембраналары фосфолипид молекуласынан түзіледі. Сол сияқты липидтер көптеген биологиялық косылыстардың түзілуіне қатысады. Мембрана липидтері. Мембрана липидтерінің негізінен 4 түрі белгілі: 1)фосфолипидтер (ФЛ); 2)сфинголипидтер (СЛ); 3)гликолипидтер (ГЛ); 4)стероидтар–холестерин (ХЛ Фосфолипидтердің (ФЛ) «бас» бөліміне бір бірімен байланысқан азоттық негіз қалдығы (холин не серин), фосфат тобы және глицериннің 3 атомдық спиртінің қалдықтары кіреді. Бұлардың бәрі полярлы топтар, сондықтан да олар гидрофильді болады. Гидрофобты «құйрықтардың» құрамына кіретін май қышқылдарының (МҚ) қалдықтары глицеринмен байланысқан. Қаныққан май қышқылы ретінде пальметин қышқылы, ал қанықпаған май қышқылы ретінде –олеин қышқылы кездеседі.

Кейбір мембраналар құрамында құрылысы жоғарыдағыдан өзгеше фосфолипидтер де (ФЛ) кездеседі, мысалы, кардиолипиндер –бұлар бір бірімен глицерин арқылы байланысқан 2 фосфатид қышқылы болып табылады. Бұл молекулалардың 4 көмірсутек «құйрығы» және үлкен гидрофильді «басы» болады. Плазмалогендерде бір май қышқылының орнына май қышқылының альдегидінің қалдығы кездеседі. Сфинголипидтер.

Сфинголипидтердің (СФ) фосфолипидтерден (ФЛ) ерекшелігі глицеринмен бір май қышқылының орнына сфингозин –18С атомды бір қосарланған байланысы бар қосатомды аминоспирт кездеседі, сондықтан да сфингозиннің бастапқы бөлімдері сфинголипидтердің (СЛ) гидрофильді «басының» құрамына кіреді. Сфинголипидтердің (СЛ) маңызды өкілі–сфингомиелин, мұнда азоттық негіз ретінде холин болады. Гликолипидтер және холестериндер.

Гликолипидтер (ГЛ) құрамында-да сфингозин болады, бірақ гидрофильді «басының» құрамына азоттық негіз және фосфат тобы емес бір көмірсу кіреді.Гликолипидтердің екі тобы белгілі: цероброзидтар (көмірсу ретінде галактоза не глюкоза болады) және ганглиозидтер –көмірсу ретінде бұтақталған олигосахарид болады.

Холестериннің (ХС) құрылысы алдыңғы үшеуінен ерекшелеу болады. Холестерин ұзынынан созылған 4 көмірсутекті циклдардан және көмірсутекті бүйір тізбегінен тұрады. Холестерин (ХС) жалғыз гидрокси тобынан (ОН) бөлек, гидрофобты қосылыс болып табылады.

Гидрофобты болуына байланысты холестерин липидтік қосқабаттың ортасында орналасады, тек гидрокси тобы (ОН) амфифильдік липидтердің «бас» бөлігімен байланысқан.

59. Мембраналық нәруыздардың түрлері және қызметі. пептидтік байланыспен байланысқан амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын макромолекулалық биополимерлер. Нәруыздың бірінші реттік құрылымы Полипептидтік тізбектегі әртүрлі аминқышқылдар қалдықтарының бір-бірімен кезектесіп пептидтік байланысу ретін нәруыздың бірінші реттік құрылымы деп атайды. Көптеген полипептидтер тізбегі 300-ден 500-ге дейін аминқышқылы қалдығынан тұрады. Алғаш рет 1954 жылы Ф.Сенджеру нәруыз инсулин гормонының аминқышқылы қалдығының реттілігін анықтады. Инсулин гормоны 51 аминқышқылынан тұратыны белгілі болды. Полипептидті тізбектің кеңістіктегі оралма тәрізді болып келген пішінін нәруыздың екінші реттік құрылымы деп атайды. Бұған нәруыздың және тырнақтың нәруызы кератин жатады. Нәруыздың екінші реттік құрылымы мутектік байланыстар арқылы орындалады. Нәруыздың үшінші реттік құрылымы Үшінші реттік құрылымның түзілуіне дисульфидті байланыстар үлкен үлес қосады. Олар полипептидті тізбектің әртүрлі бөліктерін байланыстырып, өзіне тән ілмектер құрайлы. Төртінші реттік құрылым- бірнеше нәруыз молекулаларының қосындысы, мысалы, гемоглобин нәруызы төрт шумақтан тұрады. Олар иондық, сутектік байланыстарме, байланысады. Осы төотінші реттік құрылыммен жаңа қасиет нәруыз қызметінің реттелуі пайда болады. Нәруыздың қызметтері. Құрылыс қызметі: Жасуша мен цитоплазма органоидтерінің мембраналары жасуша мембранасының ішкі, сыртқы қабықшасы, митохондрияның ішкі мембранасының 70%-ы нәруыз молекуласынан тұрады. Жануарлардьщ мүйізі, тұяғы, қауырсыны, түктері, сіңірлері, шеміршектері мен қан тамырларының қабырғасы жөне т.б. нәруыздан құралган.Тасымалдау қызметі: Гемоглобин нәруызы өкпеден сіңіріп алған оттекті дененің барлық ұлпалары мен мүшелеріне тасымалдап, оларды оттекпен қамтамасыз етедіде, ыдырау өнімі — СО2-шығарылады. Қозғалыс қызметі. Организмнің қозғалыс қызметіне бұлшық еттің талшығы мен ұлпалардың түрлі жиырылғыштық жүйесіне әсер ететін арнайы нәруыздар катысады. Мұндай нәруыздар жасушаның ішіндегі протоплазманың козғалысына да әсер етеді. Жасушаның бөлінуі кезінде ахроматин жіпшелерінің жиырылуы салдарынан, хромосомалар экватордын полюстеріне тең таралатындығы белгілі.Қорғаныштық қызметі: Нөруыздар организмді әр түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Егер жануарлардың немесе адамның организміне зиянды нәруыздар (токсиндер) енетін болса, оған қарсы туратын нәруыздар — антиденелер түзіледі. Антиденелер бөгде денелермен күресіп денені зарарсыздандырады. аурумен ауырғаннан кейін организмде иммунитет пайда болады. Ферменттік (катализаторлыц) қызметі. Организмдегі заттардың өзін-өзі жаңартуы ферменттердін әсерімен жүзеге асырылады. Орыс ғалымы И.П.Павлов ферментті «тіршіліктің қоздырғышы» деп атады, өйткені ол организмдегі зат алмасуды реттейтін көптеген реакцияларды тездетеді- Антидене жасап шығаратын жасуша Нәруыздың қасиеттері. Әр түрлі жануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің нәруыздарын зерттегенде, олар физикалык ж\е химиялық қасиеттері ұқсамаған. Бұл айырмашылықтар аминкышқылдарының алуан түрлілігімен түсіндіріледі, яғни әрбір түрдің өзіне тән құрылымдары жөнінен күрделі айырмашылыктары бар нәруыздары болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]