13 Билет
1 Сұрақ жоқ фазада
2) Митоз – эукариот жасушаларының бөлінуінің негізгі типі, оның биологиялық мәні. Митоз фазалары, олардың сипаттамасы, ұзақтығы. Ашық және жабық митоз. Эндомитоз. Соматикалық полиплоидия. Политенді хромосомалар, құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері.
Митоз (кариокинез)[өңдеу]
Көп жасушалы ағзалар жасушаларының көбеюінің негізгі жолы — митоз немесе жасушалардың бөлінуі болып табылады. Жасушаның тіршілігін шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады: интерфаза — жасушаның митоздық бөлінуге дайындық кезеңі және нағыз бөліну кезеңі. Екі кезең бірігіл митоздық кезеңді құрайды. Митоз процессінде ядро күрделі өзгерістерге ұшырайды, жаңадан пайда болған жасушаларға тұқым қуалаушылық материалы тепе-тең бөлініп беріліп отырады. Бұл митоздың биологиялық маңызы болып табылады Митоздық беліну кезінде бір диплоидті жасушадан (2п) генетикалық материалы теңдей бөлінген екі диплоидті жасуша түзіледі. Митоз төрт фазадан тұрады:
Профазада ядро көлемі үлкейіп, хромосомалар ширатыла бастайды, екі центриоль жасуша орталығы жасушаның полюстеріне ажырайды. Хромосомалар ширатылып, жіпшеге айналып, ядрошық бұзылады. Ядро кабықшасы ыдырайды. Жасуша орталығының центриольдері жасуша полюсіне тартылып, олардың арасындағы микротүтікшелері бөліну ұршығын түзеді. Профаза соңында ядро қабықшасы жеке фрагменттерге бөлініп, олардың шеткі ұштары қабысады. Нәтижесінде эндоплазмалық торға ұқсас ұсақ көпіршіктер түзіледі. Профаза кезеңінде хромосоманың ширатылуы тоқтамайды. Соңында қысқа әрі қалың хромосомаларға айналады. Ядро қабықшасы жойылғаннан кейін, хромосомалар цитоплазмада еркін әрі ретсіз орналасады. Бұл — метафазаның басталғанын білдіреді. Метафазада хромосомалардың ширатылуы күшті жүреді және полюстерден бірдей қашықтықта орналасқан қыскарған хромосомалар жасуша экваторына бағытталады. Бөліну ұршығының түзілуі аяқталады. Хромосомалардың центромерлі бөліктері белгілі тәртіппен бір жазықтық бойына орналасады. Метафазада пентромер аймағында ғана байланыскан екі хроматидтен тұратын хромосома анық көрінеді. Әр хромосома екі хроматидтен тұрады. Экватор жазықтығына жинақталған хромосомалардың әрқайсысы ахроматин (бөліну жіпшесі) жіпшелеріне жабысады. Ахроматин жіпшесі бекінген хроматидтер жасушаның екі жақ полюсіне жылжиды. Бұл процесс анафазаның басталғанының белгісі. Анафазада центромерлер бөлінелі де, осы кезеңнен бастап ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидтер бір-бірінея ажырап, жеке хромосомаларға айналады. Центромерлерге бекітілген жіпшелер хромосомаларды жасуша полюстеріне тартады, ал хромосома иықтары центромерлерге қарай енжар түрде ілеседі. Сонымен интерфаза кезеңінде екі еселенген хромосомалар анафазада хроматидтерге айналып, жасушаның полюстеріне ажырайды. Жасушаның әр полюсінде бір хроматидтен тұратын хромосома, яғни бүл кезеңде жасушада екі диплоидті хромосома жиынтығы пайда болады. Анафазаның соңында хромосоманың шиыршығы жазылады, хромосомалар біртіндеп жіңішкеріп ұзарады. Бұл — телефазаның бастамасы. Жасушаның митоздық бөлінуін телофаза аяқтайды. Хромосомалар полюстерге жиналып, шиыршығы жазылып, нашар көрінеді. Цитоплазманың мембраналық құрылымынан ядро қабықшасы түзіледі. Жануарлар жасушасында цитоплазма екі кішкене мөлшерлі жасуша денешіктеріне тартылу арқылы бөлінеді. Оны цитокинез деп атайды. Олардың әрбіреуінде бір диплоидті хромосома жиынтығы пайда болады. Хромосомалар екі жас жасушаға тең бөлінеді. Ядрошық түзіледі. Бөліну ұршығы бұзылады. Аналық жасуша екі жаңа ұрпақ жасушаларына бөлінеді. Эндомитоз дегеніміз клеткада хромосомалар саны екі есе артқанымен ядро екіге бөлінбей жүретін процесс. Соның салдарынан клеткадағы хромосом сандары көбейіп кетеді. Кейде тіпті бастапқы санынан 10 еседей артып түседі. Мұндай құбылыс өсімдіктер мен жануарлардың кейбір қарқынды қызмет атқаратын ұлпаларында болады.ПОЛИТЕНИЯкезінде клеткадағы хромосома екі еселенгенімен оның саны өзгермейді, жаңа түзілген хромосомалар бір – бірімен жалғасып кетеді. Мұндай жағдай шыбындардың сілекей бездерінде және кейбір өсімдік клеткаларында кездеседі. Соматикалық полиплоидия кезінде жасушаның колсмінің өсуі арқылы оның продукциясы өседі деп айтуға болады. Политенді хромосомалар митотикалық хромосомаларға қараганда жуандау болып келеді, мысалы, дрозофилдің политенді хромосомалары митотикалық хромосомаларға карағанда 100есе үлкен. Кейбір қос канатты жәндіктің сілекей бездерінің, ішек жасушаларының алып ядроларында полиплоидты хромосомалар кездеседі. Осындай эндорепродукция насекомдардың сілекей бездеріндс жақсы зерттелген. Политенді хромосомалар құрылысы жағынан бірнеше ерекшеліктері бap, ұзындығы жағынан әртүрлі, олар дисклерден тұрады, дисклер аралық учасклер кездеседі, пуфтар орын алады. Пуфтарында РНҚ синтезі жүреді, олар насекомдардың дамуы сатыларында кажетті белоктарды синтездейді.
3 ) Түр туралы ұғымның даму тарихы. Түр туралы ұғымның тарихы үлкен және ол бір-біріне қайшы келетін, аса шиеленіскен маңызды көзқарастарға толы болып келеді. Құрылысы (структурасы) жағынан түрлер бірдей болмайды. Жас (жаңа жетіліп келе жатқан) түрлер, өшіп бара жатқан (құрып бара жатқан) түрлер және дамудың шарықтау шыңында тұрған түрлер деп бөледі. Өшіп бара жатқан түрлердің уақыт өткен сайын, жеке түр (индивидуум) ретіндегі саны айқын азаяды, бұл әдетте олардың алып жатқан жер көлемінің (ареалының) азаюына өкеліп соқтырады. Оларда көзге түсерліктей түр ішілік өзгергіштік (полиморфизм) байқалмайды Өсімдіктердің түрлері туралы К.А.Тимирязевтің концепциясы көңіл аударуға тұрарлық: «Түр деген сөзді организмдерге қодданудың екі түрлі магынасы бар, осы көз-қарастың екі жағын бірдей айқын ажырата білмегендіктен ғалымдардың арасында мәңгі бітпейтін түсінбеушілік пен таластартыстар туып келеді».1 К.А.Тимирязевтің пікірі бойьшша түрді барлық уақытта екі аспектте қарастыру қажет: биологиялық ұғым ретінде (табиғи тарихи түрғыдан алғанда) — эволюцияның бағытының қалыптасуы мен тіршіліктің өзінің негізгі формасы ретінде және логикалық аспекте, таза формальды ұғым ретінде — ұқсас особьтардың жиынтығы тұрғысынан қарастыру. Биологиялық түр уақытқа байланысты азды-көпті өзгеріп және кеңістікте бір жерден екінші жерге жылжып ауысып отырады.. Түрдің көпшілікке мәлім және қанағаттандырарлықтай анықтамасын В.Л.Комаров берген: «Түр деп жалпыға ортақ бір тектен, ортаның әсерінен және тіршілік үшін күрестің барысында, басқа тірі дүниелерден, сұрыптаудың негізінде дараланып шыққан ұрпақтардың жиынтығын айтады; сонымен бірге түр эволюциялық процестің белгілі бір кезеңі болып табылады» Осы уақытқа дейін планетамыздағы түрлердің жалпы саны жөнінде белгілі бір шешімге келген толық мәлімет жоқ. Шамамен осы кезде өмір сүретін түрлердің жалпы саны 500 мыңдай. Бұл цифрлардың шамамен алынғандығын мынадан айқын көруге болады. Тіптен ең жақсы зерттелген деген жабық тұқымды өсімдіктердің өзінің әртүрлі ғалымдар келтірген түрлерінің саны бірдей емес: 175 мыңнан — 200 мыңға, 300 мыңға дейін барады, ал кейде оданда көп болады..
