Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бірлік Сая отчиот.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

Web сайт ұғымы

Интернеттің қазіргі дамуы 90-жылдар басында компьютерлер ара­сында мә­лі­мет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін басталды. Бұл хаттама HTTP (HyperText Transfer Protocol – гипермәтінді тасымалдау ха­т­тамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар НТТР серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wіde Web қызмет бабы (WWW немесе тек Web) пайда болды. Бұл файлдардың басым көпшілігі Web-парақтар түрінде – HTML (Hyper­Text Markup Language – гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды НТТР серверлерінде (Web-торапта­рында) орна­ластыру жолымен Web-парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде Интер­нетте жарияланады. Web-парақтар мазмұны әр түрлі бола береді және олар көптеген тақырыптарды қамти алады, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжат­тарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) *.HTM немесе *.HTML болуы тиіс.

HTML тілі World Wіde Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wіde Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wіde Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.

Гипермәтіндік сілтеме мынадай тәг атрибуты арқылы шығады:

<A HREF = " ресурс_URL_адресі"> құжаттағы сөз тіркесі </A>

Мұндағы HREF атрибуты міндетті түрде болуға тиіс, оның мәні келесі шақырылатын ресурстың URL-адресі болып табылады. HREF атрибутының мәнін қостырнақшаға алмаса да болады.

Гипермәтіннің жай мәтінге қарағанда негізгі ерекшелігі - құжат ішіне HTML тілінің арнайы элементтері болып табылатын гиперсілтемелер қосуға болады, тышқанмен сол гиперсілтемелерді шерту арқылы басқа құжаттарға жеңіл көшуге болады.

Гипермәтіндік құжаттарды жасаудың екі тәсілі бар:

WYSIWYG мүмкіндігін беретін HTML-редакторының бірін қолдануға болады (Netscape Composer, Microsoft Front-Page, т.б.), HTML-редакторлар гипермәтіндік құжаттар жасауды басқа әрекеттер орындау арқылы жеңілдетіп автоматтандырады. Бірақ олардың мүмкіндіктері шектеулі - бұлар дайындалған файлдар көлемін тым өсіріп жібереді және тек осы тәсіл арқылы кейде керекті нәтижеге қол жеткізу қиын.

2. Екінші тәсіл - құжатты қарапайым редактор (NotePad - Блокнот) көмегімен белгілеп жазу арқылы дайындау. Мұнда мәтін ішіне HTML тілінің командалары қолмен жазылып енгізіледі. Мұнда қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі бар және дайындалған файлдың да көлемі шағын болады.

Web парақ:

1.http-URL арқылы адрестеледі

2.объектілерден тұрады

Көбінесе бұлар:

1.HTML белгілері («қаңқасы»)

2.Енгізілген объектілер (суреттер, ActiveX, Java апплеттері, Flash ... )

HTTP хаттамасы TCP/IP хаттамалар жанұясының құрамына кіреді. Басында ол HTML-белгісін салу үшін ойлап табылған. Қазір ол ақпаратпен бірге реттелген жұмыс жасау үшін қолданылады. HTTP хаттамасының даму кезінде бірнеше түрі пайда болды. Қазір ISP веб сайтына орналасу үшін көбісі HTTP хаттамасының 1.1 түрін қолданады. Бұрынғы түрге қарағанда бұл түрі бір веб-серверде бірнеше сайтты ұйымдастыруға мүмкіндік береді және бірнеше сұраныстар мен үн қатулардағы ағындық қайта өңдеулерге тұрақты бірігу үшін қолданылады.HTTP хаттамасы “сұраныс-үн қату” механизмін қолданады. HTTP хаттамасы веб-беттен сұраныс кезінде серверден тұтынушыға жіберілген хабарлама түрін анықтайды. Хаттамада серверге үн қатудағы хабарламалар түрі де анықталады.НТТР хаттамасы өзінің иілгіштігіне қарамастан, қорғалмаған болып табылады. Сұраныс хабарламасы серверге қамтылған және оқылған болуы мүмкін ашық текст ретінде жіберіледі.Сервер үн қатулары HTML- бет ретінде, сонымен шифрлік емес түрде берілуі мүмкін.Интернеттегі веб-сервермен екі жақты қорғалған мәліметтер мен алмасу үшін НТТР хаттамасының қорғалған өзгерісі жасалды.(HTTPS) HTTPS тұтынушымен сервер арасында жіберілетін мәліметтерді қорғау үшін аутентификация мен шифрді қолдануға мүмкіндік береді. HTTPS қолданбалы және транспорттық деңгей арасында мәліметтерді беру кезінде қосымша ережелерді анықтайды.

Web- сайт құру кезеңдері

Бұның негізгі белгісі Интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар, Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері. Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:

  1. Web-технологиялар;

  2. Сайт жасау экономикасы;

  3. Web-дизайн және Web-программалау маркетингісі;

  4. Адам ресурстары және т.б.

Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңнен тұрады:

  1. Жоспарлау;

  2. Элементтерді жасақтау;

  3. Бағдарламалау;

  4. Тестілеу;

  5. Жариялау;

  6. Жарнамалау;

  7. Бақылау.

Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:

  1. Сайттың орны.

  2. Сайттың аудиториясы кімдер.

  3. Қандай ақпарат жарияланады.

  4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.

Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:

  1. Навигациялық құрылымын жасау.

  2. Беттің дизайнын жасау.

  3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.

Бағдарламау

  1. Бұл кезеңңің мәні сайтты форматтауда.

  2. Тестілеу

Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:

  1. Сілтеменің жұмысы;

  2. Мәтіндегі қателер;

  3. Навигацияның тиімділігі.

  4. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы.

  5. Графикалық файлдардың ашылуы.

  6. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.

Жариялау

Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.

Жарнамалау

Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт туралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:

  1. Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;

  2. Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;

  3. Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарға кіргізу;

  4. Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.