- •Отж жөніндегі проректоры
- •2. Мазмұны:
- •3. Өндірістік практиканың міндеттері:
- •4. Тәжірибені өтудің соңғы нәтижелері
- •Өндірістік практиканың күн тәртібі
- •8. Тәжірибе бойынша есептерді дайындау тәртібі және қорғау мерзімі.
- •Студенттің өндірістік практиканы өтуде құқығы:
- •Студенттер өндірістік практиканы өту кезінде міндетті:
- •Өндірістік практика нәтижесінде студенттердің біліп меңгерген дағдыларын бағалау критерийлері
- •Балды-рейтинг және әріптік жүйе бойынша студенттердің білімін бағалау.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •2. Содержание:
- •3. Задачи практики
- •4. Конечные результаты прохождения практики
- •Содержание работы отдела гигиены труда.
- •Осуществление предупредительного санитарно-эпидемиологического надзора.
- •Осуществление текущего санитарно-эпидемиологического надзора.
- •Правила и обязанности студента
- •Формы контроля
- •Распорядок дня производственной практики по гигиене труда
- •Критерии оценки навыков и умений по итогам производственной практики (при дифференциальном зачете)
- •10. Список рекомендуемой литературы:
4. Тәжірибені өтудің соңғы нәтижелері
Еңбек гигиенасы бойынша маман ретінде:
1. АҚТҚҚ облысындағы нормативті-құқықтық құжаттармен( ҚР ДСМ бұйрықтары, АҚТҚҚ, СанЕжН) әдістемелік ұсыныстармен жұмысы т.б.
2. Жекелеген нозологиялық формалар және жұмыскерлердін аурушандық динамикасының классы бойынша, құрылыстарын, деңгеіне оперативті бағалауды жүргізу.
3. Өндірістік желдетудің санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын жүргізу.
4. Өндірістік жарықтандырудың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын жүргізу.
5. Ауадағы шаңның құрамын анықтау.
6. Микроклимат көрсеткіштерін анықтау: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауаның жылдамдығы және өндірістік жайлардағы жылу сәулеленуінің деңгейі.
7. Өндірістік жайлардағы діріл деңгейін анықтау.
8. Өндірістік жайлардағы шу деңгейін анықтау
9. Әртүрлі өндірістік объектілер ортасынан сынама алу кезінде жолдама құжаттарын толтыру және өлшеулерді жүргізу.
10. Белгіленген уақытта өнеркәсіп бөлімінің жұмыс есебін және жоспарын құрастыру.
11. Тұрғындар арасында гигиеналық біліктілігін арттыру бойынша шаралар жүргізу (дәрістер, семинарлар, сұхбаттасулар).
12. Санитарлық сұрақтар бойынша жоғарғы инстанцияларға шешім жобасын құрастыру немесе мекеме басшылығына ұйғарым жазу.
13. Санитарлық бюллетень толтыру.
14. Тұрғындардың хатымен істеу.
5. Тәжірибенің реквизитіне дейін : жалпы гигиена және экология, химия, биохимия, медициналық биофизика, физиология, микробиология, қоғамдық денсаулық, кәсіптік аурулар, тағам гигиенасы, коммуналды гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы,
эпидемиология.
6. Тәжірибенің реквизитінен кейін: магистратура пәндері.
7. Тәжірибенің мазмұны: студенттің жұмысының көлемі және түрі, күн тәртібі, тәжірибе бойынша есепке дейындалу реті және қорғау мерзімі.
Еңбек гигиенасы маманы ретінде:
Еңбек гигиенасы бөлімінің жұмысын ұйымдастыру және құрылысы:
Санитарлық-техникалық құжаттар, құралдық-техникалық жабдықтау. Келесі пәндердің бөлімі бойынша еңбек гигиенасы жұмысының сипаттамасы және маман қызметтінің міндеттері.
Еңбек гигиенасы облысындағы мемлекеттік қадағалау.
Еңбек гигиенасы бөлімі бойынша АҚТҚҚ құрылымы. Еңбек гигиенасы бойынша АҚТҚҚ органдарының және мекемелерінің міндеттері. Еңбек гигиенасының бөлімі бойынша АҚТҚҚ қызметкерлерінің міндеттері және құқығы. Жұмысты жобалау. Өндірістік жайлардың санитариялық-гигиеналық сұрақтары бойынша жергілікті басқарушы органдармен, прокуратура, милиция, өртке қарсы мекеме, МСЭСО-мен арақатынаста болу. ҚР санитарлық заңнамасы. ҚР қылмыстық кодексінің ережесі бойынша және санитарлық-гигиеналық нормалардың бұзылу дәрежесі.
Ескертпелі санитарлық қадағалауды жүзеге асыру.
Өндірістік объектіге жер учаскесін бөлу туралы санитарлық қорытындыны толтыру. Өндірістік объектілерді жобалауға санитариялық тапсырыс құрастыру.
Ағымды санитарлық қадағалауды жүзеге асыру.
Жұмыс істейтін өндірістік өнеркәсіптерді санитариялық жағдайын бақылау.Объектінің санитарлық жағдайы бойынша, қолайсыз өндірістік факторларды болдырмауға және жиілігін төмендеуге бағытталған шаралардың орындалуын бақылау. Жұмысшылардың аурушаңдығы, санитариялық-тұрмыстық қызмет көрсету, санитариялық-техникалық шаралардың (еңбек процессінің кезеңділігін толығымен жазу) гигиеналық нәтижелігін, еңбек жағдайын детальды зерделеу. Жұмысшылардың еңбек жағдайын, сырқаттанушылығын санитариялық-тұрмыстық қамтылуын, санитариялық-техникалық шаралардың гигиеналық тиімділігін (толық, жұмыс процессін ретімен суреттеу; қолданылатын материалдар мен жабдықтардың сипаттамасы, жұмыстың санитарлық маңызды элементтері бар кезеңдеріне хронометраж жасау) зерттеу, жұмыс күнінің тәртібі (түскі үзіліске дейінгі жұмыс ұзақтығы, жұмыс процессінде қысқа үзілістердің болуы, сүреттелетін кәсіптегі жұмысшыларға әсер ететін өндірістік зияндылықтар). Өндірістік жарақаттанудың алдын-алу шараларын өткізу.
Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс.
Санитариялық сауықтыру шараларының кешенді жоспарын құрастыру материалдарын дайындау; бақылау объектілерінің санитариялық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстарды дайындауы; еңбек гигиенасы бөлімі бойынша жылдық, кварталдық айлық жұмыс жоспарын және есебін құрастыруды. Медициналық-санитариялық құжаттарды толтыруды. Ғылыми практикалық жұмыстарды орындау. Өткізілетін сауықтыру шараларының нәтижелегін бағалау.
Санитарлық ағарту жұмысы.
Өндірістік жарақаттанудың алдын-алу шараларын өткізу.
