- •1 Зауыт тарихы мен шығаратын өнімдері
- •2.1 Экскаваторлық жұмыстар
- •2.2 Қазу-тиеу жұмыстары
- •3 Зерттеу нысанын сипаттау
- •3.1 Ақпараттық жүйелерді енгізу арқылы ашық тау кен саласындағы қазу-тиеу жұмыстары бойынша жобалау тапсырмаларын шешу маңыздылығы
- •3.2 Ашық тау кен саласындағы қазу-тиеу жұмыстары
- •3.3 Бір шөмішті экскаваторлардың технологиялық параметрлері
- •3.4 Қазудың технологиялық сұлбалары және бір шөмішті экскаватор кенжарының параметрлері
2.1 Экскаваторлық жұмыстар
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы карьерде келесі жағдайларда жүргізіледі:
а) пайдалы қазылымды алу әр кемерді қазғанда жоғарыдан төмен қарай өндіріліп отырады.
б) кемердің биіктігі эксковатордың барынша көсіп алу биіктігінен 1,5 м аспауы керек.
в) жұмыс алаңының ені жұмыс жабдықтары сиятындай болуы керек.
Эксковатор эксплуатациясы кезінде мынадай ережелер сақталуы керек:
Экскаватор бұзылмаған болуы керек және қажетті дыбыстық қондырғылармен, тежеуіштермен және өртке қарсы құралдармен қамтамассыз етілуі тиіс.
Экскаваторда кенжар паспорты, қөліктерді қадағалау журналы, қауіпсіздік техникасы бойынша ережелер және дәрі-дәрмектер болуы керек.
Экскаватордың көлденең жолмен және жоғары жүру кезінде жүргізуші осі артта орналасуы керек, ал төмен түсу кезінде-алда.
Экскаватордың қозғалысы машинист көмекшісінің белгісі бойынша жүргізілуі керек. Бұл кезде машинист пен оның көмекшісі арасында тығыз байланыс орнатылуы керек.
Экскаватор жұмысы кезінде шөміштің қозғалыс аймағында адамдардың болуына тыйым салынады.
Экскаватор карьер кемерінде еңкіштігі техникалық паспортта көрсетілгеннен аспайтындай болатын тегістелген жерінде орналасуы керек. Экскаватор жұмысы кезінде оның кабинасы кенжарға қарама-қарсы орналасуы керек.
Автоөзтүсіргіш құрылғыларына тиеу кезінде экскаватор машинистімен белгілер берілуі керек.
Кемердің құлайын деп тұрған бөліктері астында экскаватордың жұмысы рұқсат етілмейді.
Экскаваторда қолданылатын тростар паспортқа сәйкес келуі керек. Жебелік канаттар карьер механигімен кемінде аптасына бір рет қаралып тұрады және бұл кезде бір ұзындықтағы үзілген жіптердің жалпы саны 15% аспау керек.
Тиеу –төгу жұмыстары кезінде шаңның алдын алу үшін кенжарды, тиеу алаңдарын, көліктік бермаларды және автожолдарды сумен шайып отыру керек. Жұмыс орындарында шаңнан қорғайтын арнайы құралдарды қолдану керек (респераторлар).
Сүртуге арналған материалдар металдан жасалған жабылатын жәшіктерде сақталуы тиіс.
Экскаваторда қолданылатын тростар паспортқа сәйкес келуі керек. Жебелік канаттар карьер механигімен кемінде аптасына бір рет қаралып тұрады және бұл кезде бір ұзындықтағы үзілген жіптердің жалпы саны 15% аспау керек.
Экскватордың жұмысы кезінде кемердің құлау немесе жылжып кету қауіпі болған кезде немесе АЗ зарядтарының істемей қалғаны табылған кезде экскаватор жұмысы тоқтатылып , ол қауіпсіз жерге апарылуы керек.
2.2 Қазу-тиеу жұмыстары
Карьерлерде механикалы күрек түрлі экскаваторлар ең көп таралған қазу-тиеу машиналары болып есептелiнедi. Конструкциялық жасалынуы, тау-кен техникалық жағдайы бойынша үздіксіз қимылды қазу-тиеу машиналарын пайдалану тиiмсiз кезде, оларды қолдануға мүмкіндiк туғызады.
Механикалы күректер тығыз тау жыныстарын негiзiнен алдын ала қопсытпай - ақ қазуға, ал қатып қалған, жартылай тасты және тасты тау жыныстарын алдын ала қопсытып қазуға арналған. Арнайы солтүстік аймақтарға ыңғайланып жасалынған механикалы күректер ауаның температурасы төмен, климаты қатты жағдайлы жерлерде қазу-тиеу жұмыстарын қамтамасыз етедi.
Механикалы күректердiң жұмыс құралдары ретiнде шөмiш, сап және жебе болып саналады.
Қазiргi кездегi карьерлiк экскаваторлар шынжыр табанды және электрикалық немесе дизельдiк жетектi болады.
Сiлемнен тығыз тау жыныстарын экскавациялау процесi шөмiштiң кескiш жиегiмен қабатты кесiп алып, экскаватордың төгетiн жерге айналуынан, шөмiштi төгуден және жұмыс құралын кенжарға қайтып әкелуден тұрады.
Қазiргi экскаваторлар саппен шөмiштi жылжыту әдiсi бойынша болат арқанды және гидравликалық болып бөлiнедi.
Болат арқанды экскаваторлардың көсiп алуы жебедегi орналасқан қысым механизмiнiң күшiмен және де оның көтеру шығырының көтеру болат арқанының көмегiмен жасалынады. Осы кезде көсiп алу траекториясы кенжардың төменгi бөлiгiнен басталып тұрақты тұрде сақталады.
Болат арқанды экскаваторлармен салыстырғанда гидравликалық экскаваторлардың шөмiшi ендiрек, сондықтан бұрғылау жарылыс жұмыстарын есептеу нәтижесiнде тау-кен жыныстары қоспаларының тиiмдi құрамын алу үшін және оларды гидравликалық экскаваторлармен экскавациялауда шөмiштiң жоспардағы аз мөлшерiн қабылдау қажет.
Ал болат арқанды экскаваторлардың төгiлуi төгiлетiн жер үстінде шөмiш түбінiң ашылуымен жүзеге асырылады.
Болат арқанды механикалы күректердiң көсiп алу радиусы мен тереңдiгi және төгу радиусы жебенiң көлбеулiк бұрышының өзгеруiне байланысты, әдетте ол 450-қа қойылады. Экскаватордың шектiк көлемi оның барынша көп шығып тұратын бөлiктерiмен анықталады.
Экскаватордың жұмыс параметрлерi кенжар параметрлерiн және оның тұру технологиялық жұмыс жасау схемасын анықтайды.
Механикалы күректер қолданылуы жағынан карьерлiк және аршыма болып бөлiнеді.
Карьерлiк экскаваторлар тұру деңгейiнде тау жыныстарын қарапайым жұмыс құралымен қазып алып сол деңгейдегi тұрған көлiк құралдарына және ұзартылған жұмыс жабдығы болғанда экскаватордың тұру деңгейiнен биiк тұрған көлiктерге тиеуге арналған.
Бiр шөмiштi экскаваторлар-механикалы күрек түрлерi Ресейде, Америкада, Францияда, Алманияда және Жапонияда шығарылады. Экскаваторлық әдiс әмбебап болып табылады, оның көмегiмен тау-кен өндiрiсiндегi тау-кен және жаппай жер жұмыстарының 95%-тi орындалады.
Қазiргi кездегi карьерлiк экскаваторлар шынжыр табанды және электрикалық немесе дизельдiк жетектi болады.
Қазу-тиеу жұмыстары кенжардағы тау-кен массасын қазып тасымалдау көліктеріне тиеуге негізделеді. Қопсытылған жыныстарды қазып-тиеу үшін қуатты экскаваторлар қарастырылған ЭКГ-8И.
Экскаваторлардың өнімділігі құжаттық, техникалық және пайдаланушылық (эксплуатациялық) болып бөлінеді.
Өнімділігі аз карьерлерде, әсіресе жұмысты маусымды тәртіппен жасағанда және жазғы уақытта бульдозерлерді, шөміш сыйымдылығы аздау скреперлерді және мұнаралы экскаваторларды қолдану мүмкіншілігі болады.
4-сурет-Шынжыр табанды экскаватор
