- •Ғылыми жетекшінің
- •050903 – Жерге орналастыру
- •Аңдатпа
- •Аннотация
- •Anatation
- •Мазмұны
- •1 Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу жұмысында жер кадастрының алатын орны
- •1.1Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу кезіндегі жер кадастрының рольі
- •1.3 Мемлекеттік жер кадастрының нәтижелерінжерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу жұмыстарында пайдаланылуы
- •1.2 Қр жер кадастрының арналуы, міндеттері және сипаттамасы
- •1.4 Жер кадастрының құрамдық бөліктері, түрлері, принциптері
- •2 Жерге орналастыру жұмыстарын геодезиялық қамтамасыздандыру
- •2.1 Жерге орналастыру үшін геодезиялық жұмыстардың құрамы
- •2.2 Кадастр үшін геодезиялық жұмыстардың құрамы
- •2.3 Тірек торабы туралы жалпы түсінік және оның түрлері
- •2.4 Мемлекеттік геодезиялық тораптар
- •Сурет 2.1 Триангуляция тізбектері
- •С урет 2.2 Полигонометриялық жүрістер
- •2.5 Тахеометриялық түсірістің мәні және тахеометриялық жүрісті жүргізу
- •3 Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу
- •3.1. Табиғи – ауылшаруашылық аймақтарға бөлу
- •3.2. Жерді аймақтарға бөлу әдістемесі
- •3.3.1 Жетібай, Құрық кенттеріне нақты дерек
- •3.3.2 Маңғыстау облысында орналасқан Жетібай, Құрық кенттерінің аумағын табиғи - ауылшаруашылық аймақтарға бөлудің мақсаты
- •3.3.3 Маңғыстау облысында орналасқан Жетібай кентінің аумағын табиғи - ауылшаруашылық аймақтарға бөлу
- •3.3.4 Құрық кентінің кварталдар бойынша тізімі
- •Құрық кентінің кадастрлық кварталдарының құру аймағы
- •3.4 Дипломдық жұмыс тақырыбы саласындағы қорытындалынған нәтижелер
- •3.4.1 Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу үшін орындалатын жұмыстардың алатын орны, ерекшеліктері, экономикалық әдістері
- •3.4.2 Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлудің тиімділігі
- •3.4.3 Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлудің мақсаты, әдістемесі
- •3.4.4Жерді аймақтарға бөлудің құқықтық қағидалары және олардың мазмұны
- •4 Жерді табиғи – ауылшаруашылық аймақтарға бөлу схемасын дайындау жұмыстарын экономикалық есептеу
- •4.1 Маңғыстау облысында орналасқан Жетібай, Құрық кенттерінің аймақтарға бөлу жұмыстарын орындауға жұмсалған қаражат мөлшерін есептеу
- •4.3 Жерді бағалаудың әдісі
- •5 Еңбекті қорғау
- •5.1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар сараптамасы
- •5.2 Ұйымдастыру іс-шаралары
- •5.3 Техникалық іс-шаралар
- •5.3.1 Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- •5.3.2 Жерге қосу қауіпсіздігі
- •5.4 Санитарлы-гигиеналық іс-шаралар
- •5.4.1 Метерологиялық шарттарды қамтамасыз ету
- •5.4.2 Жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру
- •5.5 Жасанды жарықтандыруды есептеу
- •5.5.1 Шудан қорғау
- •5.5.2 Өртке қарсы іс-шаралар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.4 Жер кадастрының құрамдық бөліктері, түрлері, принциптері
«Жер кодексіне» сәйкес Қазақстанда мемлекеттік жер кадастры келесі құрамдық бөліктерден тұрады: жер учаскелерін тіркеу, жерлерді есепке алу, топырақтарды бонитеттеу, жерді бағалау және жер учаскелермен мәміле жасау. Біріңғай мемлекеттік жер қоры мемлекет меншігі болып, ол жер учаскелерін пайдалану, иелену құқығын бергендіктен жерді қалай пайдалануы заңды түрде рәсімделіп, ал жер учаскелері белгілі территория, жылжымайтын мүлік ретінде белгілі тәртіпте тіркелуі керек. Бұл қызметті жер учакелерін мемлекеттік тіркеу ретінде өткізеді. Оның мәліметтері жердің белгілі көлемін, нақты жеке немесе заңды тұлғалардың пайдалануы үшін негіз болып келеді. Есепке алуда жер мөлшері, кеңістікте орналасуы, сапалық жай күйі, пайдалануы бойынша сипатталады. Есепке алудағы тіркеу мәліметтері әр нақтылы пайдаланушының, иеленушінің жер учаскенің мөлшерлерін жазу негізін қалайды.[2].
Жерлерді тіркеу, есепке алу жөніндегі мәліметтер жеке учаскелердің топырақтарын бонитеттеуде бастапқы ақпарат болып келеді. Жердің сапасы табиғи факторлармен шектелмей, экономикалық жағдайларға тәуелді болады. Сондықтан жерді өндіріс құралы ретінде экономикалық бағалау керектігі пайда болады. Осы бағалаудың мәліметтері тіркеу, есепке алу және бонитеттеу мағлұматтарына сүйенеді.
ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі» туралы қаулысы бойынша негізгі жер кадастрлық құжаттарына мыналар жатады:
жер учаскесінің жер-кадастрлық ісі;
ауданның /қаланың/ мемлекеттік жер кадастрлық кітабі;
жер-кадастрлық картасы.
Жер кадастрын жүргізу үшін қажетті құжаттардың және жұмыстардың түрлері:
Жер учаскелерін тіркеу - заңдық және нормативтік құжаттар, жер учаскелеріне құқықтарды рәсімдеу және табыстау тәртібі, құжаттардың рәсімі, жерлерді бөліп беру, шекараларды, аудандарды, алқап құралдарын бөлінуі және пайдаланудағы басқа шектеулерді анықтау, картографиялық жұмыстар;
Жерлерді есепке алу-тіркеу мәліметтері, есепке алу, және есеп беру құжаттары, картографиялық материалдар, бонитеттеу, жерлерді бағалау мәліметтері, жер учаскелері, санатары, алқап түрлері, құқық субъектілері бойынша есепке алуды жүргізу;
Жерлерді бағалау – жерлерді аймақтау, топырақтарды бонитеттеу, жерлерді бағалау әдістемесі, жерлерді есепке алу мәліметтері, топырақтық, геоботаниқалық зерттеу, ізденіс материалдары;
Жер кадастрының автоматтандырылған жүйесі – компьютерлік техникамен, бағдарламамен қамтамасыз ету.
Кесте 1.1
ҚР мемлекеттік жер кадастрының құрамы және мазмұны
Мемлекеттік жер кадастры (блоктар) |
||
Құқықтық |
Қаржылық |
Көпфункциялық |
Құқықтық құжаттарды рәсімдеу; жер учаскелерін тіркеу; жер планын және құжаттарын беру; сервитут; учаскені қайтып алу, шығындарды өтеу |
Жерлерді бағалау; кадастрлық аймақтау; сату-сатып алу мәмілелерді рәсімдеу; кепілдікке беру; салық салу; жалға беру; төлем ақысын белгілеу. |
Жер учаскесін есепке алу, есеп беруді жүргізу; жерлерді сапалық сипаттау; жер туралы мәліметтердің учаскелерінің жүйесі (құнарлық, топырақ және өсімдік жамылғысы, геоморфология, гидрология, орналасуы, экологиялық жағдайы және т.б) |
Жер кадастрына оның міндеттерінің күpдeлiлiгi мен объектісінің айрықшалығына себептелген көп қызметтер тән. Сондықтан Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрамын келесі өзара байланысты байламдарға бөлуге болады:құқықтық, қаржылық, көп қызметтік
Кесте. 1.2
Жер кадастрының құрамдық бөліктері
Мемлекеттік жер кадастры |
Жер кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі |
Жер учаскелерін тіркеу, жерлерді есепке алу сан және сапалық, жерлерді бағалау топырақтарды бонитеттеу, жерлерді экономикалық және құндылық бағалау |
Жер кадастрының құқықтық блогы жер учаскесінің құқықтық құжаттарды рәсімдеу; жер учаскелерін тіркеу, жер планын және құжаттарын беру, сервитут, учаскені қайтып алу, шығындарды өтеу.
Жер кадастрының қаржылық блогы Жерлерді бағалау; кадастрлық аймақтау; сату-сатып алу мәмілелерді рәсімдеу; кепілдікке беру; салық салу; жалға беру; төлем ақысын белгілеу.
Жер кадастрының көпфункциялық блогы жер учаскесін есепке алу, есеп беруді жүргізу; жерлерді сапалық сипаттау; жер туралы мәліметтердің учаскелерінің жүйесі (құнарлық, топырақ және өсімдік жамылғысы, геоморфология, гидрология, орналасуы, экологиялық жағдайы және т.б)
Жер кадастрының негізгі принциптері: жүйесінің бірыңғайлылығы; мәліметтердің сенімділігі; мағлұматтардың толықтығы; үздіксіздігі; құжаттылығы; мәліметтердің көрнектілігі, анықтылығы, қол жетерлігі; үнемділігі; орталық мемлекеттік басқарылуы.
Жер кадастрының негізгі принциптері:жүйесінің бірыңғайлылығы; мәліметтердің сенімділігі; мағлұматтардың толықтығы; үздіксіздігі; құжаттылығы; мәліметтердің көрнектілігі, анықтылығы, қол жетерлігі; үнемділігі; орталық мемлекеттік басқару [3].
Жер кадастр жүйесінің бірыңғайлылығы. Ол бірыңғай жүйе бойынша бірыңғай әдістемелік негізде жүргізіледі. Оның негізіне бірыңғай мемлекеттік жер қорын табиғи шаруашылық, құқықтық тұрғыда сипаттаушы ғылыми негізделген көрсеткіштер алынады. Мұнда кадастр жүйесінде белгілі бip келісімділік болуы керек. Біріншіден, оның құрамдық бөліктерінің мазмұнында және жүзеге асыруында; екіншісі жер кадастрын қоюда мәліметтердің мазмұнында оның жеке звенолары (кәсіпорын, аудан, қала, облыс) мен оларды алу тәсілінде; үшіншіден жер кадастры құжаттарының төменгі звенодан бастап, жоғарыдан аяқталатын мазмұнында. Бірыңғайлықта негізделе отыра, бұл жүйе жерлердің жай-күйіндегі және пайдаланудың аймақтық ерекшеліктерін айқындауы керек.
Жер кадастры мәліметтерінің сенімділігі. Бұл олардың объективтілігіне тығыз қатысты, олар жер қорының нақты мөлшерлерін, үлестірілуін және сапалық жай-күйін дәл айқындауға байланысты. Жер кадастрында өндірістік мәселелерді және жерлерді пайдаланумен байланысты басқа да міндеттерді атқару үшін жерлердің табиғи шаруашылықтық, құқықтық жай-күйлері туралы қажетті дәлдікті мағлұматтармен қамтамасыз ететін жер учаскелерін тipкey, зерттеу, есепке алу, бағалау тәсілдерін қолдану керек. Жерлер жай- күйіне, пайдалануына байланысты алқаптар бойынша топтастырылады. Мәліметтердің дұрыстығы кадастрлық жерлердің нақтылы жер аудандарына, сапалық жай-күйлеріне, пайдалануына сәйкес болуы керек. Бұл талап жерлерді зерттеуде жетілген қазіргі тycipy әдістерін қолданғанда ғана орындалады.
Жер кадастры мағлұматтарының толықтығы. Жерлердің табиғи, шаруашылық құқықтық жай-күйлері туралы кажетті мәліметтердің барлық жиынтығымен айқындалады. Кадастрлық мағлұматтардың нақты дәрежесі және оның құжаттарына мазмұны жүргізу деңгейіне аудан, облыс, республика тәуелді Жер қорының мөлшерлері, жай-күйі, пайдалану туралы дәл және толық мәліметтерді алу үшін барлық жерлер, оларға кадастр ісін жүргізу кезінде нақты пайдалануы немесе біреуге табысталуына қарамай есепке алынуы керек.
Жер кадастрының үздіксіздігі. Мұнда жер қорының барлық өзгерістері кадастрлық құжаттарда есепке алынып жазылады. өзгерістердің болуына байланысты бip мағлұматтар есепке алу, тіркеу жүйелі түрде көрсетіліп отырса, басқалары бағалық - оқтын-оқтын жаппай немесе таңдау тәртібімен жаңартылып отырады. Сөйтіп, кадастр мәліметтері қазіргі деңгейде ұсталып, оны жүргізудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.
Жер кадастрының құжаттылығы деп жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жай-күйлері туралы мәліметтерді алу, жазу тек қана тиісті құжаттар, материалдардың негізінде жүргізілуін айтады. Жер учаскесін тіркеу тиісті мемлекеттік органдар шешіміне немесе олармен мәліметтер бойынша нотариалды куәліндірілген құжаттарға сүйенеді. Жерлерді есепке алуда, бағалауда түcipy және зерттеу материалдарының маңызы зор.
Кадастр мәліметтерінің көрнектілігі, анықтылығы, қол жетерлігі.Материалдарды кадастрлық құжаттарда тиімді және ыңғайлы орналастырумен қатар, әpтүpлi картографиялық материалдарды, кадастрлық ақпаратты жинау, талдау, өңдеу, сақтау және беру электрондық карталарды, жоспарларды, картограммаларды, диаграммаларды қоса, компьютерлік технологияны қолданумен жетіледі. Жер кадастрының мағлұматтары және материалдары жеке және заңды тұлғалар учаскесін әртүрлі шаруашылық, құқықтық және жерлерді пайдалану, қорғау мәселелерін шешуде қарапайым, қол жетерлі болуы тиіс.
Жер кадастрының үнемділігі. Қaзipгi өлшеу, зерттеу әдістерін, сондай-ақ компьютерлік техниканы қолдану арқылы қажетті мағлұматтарды алу және оларды қазіргі деңгейде ең аз шығынмен ұстауды қамтамасыз ету. Аэрофототүсіру және аэроғарыштық түсірі материалдарын пайдалану жеріміздің барлық аумағы арқылы кең ақпарат бере отыра, қысқа мерзімде жер қорының үлестірілуі, жай-күйі және пайдалануында өтіп жатқан барлық өзгерістерді ескеруге мүмкіндік береді.
Жер кадастрын орталық мемлекеттік басқару кадастрлық жұмыстарды бірдей әдістеме бойынша жүргізіп, жер қорының жай-күйі, оның пайдалануы туралы салыстырмалы сенімді мәліметтерін алуға мүмкіндік береді Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын басқару, жүргізу жер қорын басқару жөніндегі Агентікке және оның территориалдық органдарына жүктелген, осы Агенттік пайдаланатын, иеленетін жерлерді тіркеуді, жерлерді есепке алуды және басқа жер-кадастрлық жұмыстарды басқарады [3].
