Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Biofizika_Vosstanovlen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97 Кб
Скачать
☆

26.Фотобиологиялық-физиологиялық және деструктивті-модификациялаушы фотобиологиялық реакцияларға анықтама беріп, мысал келтіріңіз:

Фотобиологиялық процесстерге биологиялық маңызды қосылымдардың жарықты жұтуынан басталатын және физиологиялық реакциямен аяқталатын процесстер жатады.

Күрделігі әр түрлі биологиялық жүйелерге жарықтың әсерінің механизмдері мен заңдылықтары зерттейтін биология ғылымының саласын кванттық биофизика немесе фотобиология деп атайды

Фотобиология дегеніміз — әр түрлі биологиялық жүйелерге жарықтың әсерін зерттейтін ғылым. Бүгінде ол бірнеше салаларға бөлінеді: фотосинтез, фотоморфогенез, фотопериодизм, көру қабілеті және т.б.

Боялған заттың қабатынан өтетін жарықтың бір бөлігі шағылысады, бір бөлігі жұтылады және бір бөлігі зат қабатынан өтеді. Жұтатын ерітіндіден өткен түсірілген жарық ағынының қарқындылығы төмендегідей ажыратылады:

I0= Ip+ In+ It+ Iот

мұнда, Ip – шашыраңқы жарық (дисперсті жүйелер кезінде);

In – боялған заттың жұтқан жарық ағыны;

It – зат қабатынан өткен жарық ағыны;

Iот – шағылысқан жарық.

Әртүрлі ерітінділердің жарықты жұтуын салыстырмалы өлшегенде бірдей кюветаны қолданады, оның жарық ағынының шағылысқан бөілігіне қарқындылығы тұрақты және төмен, ерітіндінің өзімен жұмыс жасағанда шашыраудың салдарынан жарықты жоғалтуы аса байқалмайды. Жарық қарқындылығының төмендеуі боялған заттың In– жарық энергиясын жұтуынан (абсорбция) жүреді.

Жарықтың жұтуы зерттелетін объекттен өткен жарық ағынының әлсіреуімен байқалады. Зат концентрациясы (с, моль×л-1), ерітіндінің қалыңдығы (1 см), заттың жұту қабілеті жоғарылаған сайын жарық ағыны әлсірейді. Монохроматты жарықтағы бұл заңдылық Бугер-Ламберт-Бер заңымен анықталады:

D = lg = e × c × l

мұнда, D –үлгінің оптикалық тығыздығы, I0 – және I –түсірілген және өткен жарық қарқындылығы, e –жұтудың молярлық коэффициенті (л × моль-1 × см-1). Егер ондық логарифмді натурал санға өзгертіп және 1 см3 аудандағы молекула санымен өрнектесек, онда e орнына жұтудың көлденең кескіні s (см2) қолданылады, оның e-мен байланысы: s = 3,8×10-21 e. Физикалық мәнінде s — молекуланың тиімді кескіні, ол жерде берілген толқын ұзындығының фотоны жұтылады.

· Функциональды – физиологиялық реакциялар – табиғи функциялар орындалу үшін қажет өнімдер тек жарық арқылы пайда болған реакциялар.Олэнегетикалық, биосинтетикалық және информациялық болып бөлінеді. Энегетикалық процесстерге фотосинтез, жылу, фотофорилдеу жатады.

· Фотосинтез дегеніміз күн энергиясы әсерінен өсімдіктердің органикалық заттар түзуі. Энергетикалық процестер фотоситездің жарық фазасында жүреді. Жарық кванты хлоропласта орналасқан хлорофилл пигменті арқылы қабылданады. Жарық кванты мен хлорофилдер әрекеттескенде, электрондар пайда болады.Ал биосинтетикалық процесстерге хлорофилл мен Д витаминінің синтезі жатады.Витамин Д-нің синтезделуі үшін организмде провитамин Д болуы керек. Күн энергиясы арқылы провитамин Д витамин Д-ға айналады.Хлорофилл синтезі де солай, синтез жүру үшін клеткада профлорофилл болуы шарт.Информациялық процесс кезінде сәуле маманданған фотоөнімдер арқылы өтіп тигерленеді.Соның нәтежиесінде организм қоршаған орта тулалы қажетті ақпаратты алады.Ондай реакцияларға жататындар: көру қабілеті, фототропизм, фототаксис, морфогенез, фотопериодизм. Фототропизм – өсімдік жапырақтарының немесе басқа бөліктерінің күн сәулесіне қарай бұрылып өсуі.Фототаксис– организмдердің күн сәулесіне қарай қозғалуы.Фотопериодизм жарықтың маусымдық немесе жылдық ырғақтылығы. Осыған байланысты жануарлар түлеп немесе қысқы ұйқы уақыты келгенін біледі, немесе т.б.

 Деструктивті-модификациялық фотобиологиялық реакцияларда жарық биосубстраттың дайын молекулаларды бұзып, әрі қарай қалыпты емес химиялық өзгерістерді тудырады.Соңғы биологиялық эффект бастапқы молекулалардың бұзылуымен байланысты болуы мүмкін, сонымен қатар пайда болған фотохимиялық өнімдермен де байланысты болуы мүмкін.Осы фотохимиялық өнімдер тек таксиндер емес, стимулятор немесе модификатор бола береді.Сондықтан осындай әсерлердің негізгі нәтежиесі зақым немесе өлім болғанымен, тірлік процесстердің тіпті стимулияция немесе модификация болуы мүмкін. Бұл фотобиологиялық реакцияларды көбіне ултракүлгін жарық тудырады. Деструктивті-модификациялық фотобиологиялық реакциялар 3-ке бөлінеді:летальдық, мутациялық және патофизиологиялық реакциялар.

· Летальдық реакциялар негізінен ултракүлгін сәуле әсерінен организмді өлімге әкелетін реакциялар. Организмнің өлуі көбіне ДНҚ молекуларының фотохимиялық зақымдануынан басталады. Кей бактериялар летальдық реакциялар кезінде өлмей, тек көбею қабілетінен айырылуы мүмкін.Бұл реакцияға мысал ретінде терінің қатерлі ісігіін айтуға болады. Ол сәуле әсерінін тері клеткаларында пайда болады, және бірнеше жылдардан кейінде өзінің кері әсерін тудырады.Мутациялық реакциялар табиғаты жағынан летальдық реакцияларға жақын болып келеді. Ултракүлгін сәуле әсерінен организмнің мутант формалары пайда болады.Патофизиологиялық реакциялар организмдегі метобализмнің және клетканың қалыпты жағдайының уақытша бұзылуын тудырады. Бұл реакция әсері сәуленің организмдегі липид, көмірсу, нуклеин қышқылдарында жұтылуымен басталады.Патофизиологиялық реакцияларға терінің эритема, эдема, фотоаллергия, карцерогенез аурулары жатады.

· Функциональды – физиологиялық процесстер – табиғи функциялар орындалу үшін қажет өнімдер тек жарық арқылы пайда болған реакциялар.Ол энегетикалық, биосинтетикалық және информациялық болып бөлінеді. Функциональды – физиологиялық процесстерге фотосинтез, витамин Д синтезі, фототаксис, фототропизм, периодизм және т.б. жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]