Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 болим - охрана труда.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39 Кб
Скачать
☆

1 Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезіндегі қауіпті, зиянды өндірістік факторлар

Атомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен орындалатын әр түрлі күрделі операциялардан тұрады. Яғни, жұмыс барысынды қауіпті және зиянды өндірістік факторлар орын алуы мүмкін.

Автомобильдерге ТҚК және Ж жұмыстары кезінде қауіпті өндірістік факторлардың пайда болу себептері:

- құрал-жабдықтар мен аспаптарды арналған мақсатынан өзге мақсаттарға пайдалану және оларды жарамсыз күйде пайдалану;

- автомобиль агрегаттары, түйіндері, дөңгелектері мен бөлшектерін шешу, тасымалдау және орнату кезінде еңбектің қате әдістерін қолдануы және соның салдарынан арнайы құрылғылар мен аспаптардың пайдаланылмауы;

- жұмыс орындарының қажетті аспаптармен, құрылғылармен және материалдармен жабдықталмауы;

- көтеріп-түсіру құралдарын олардың техникалық мүмкіндігінен артық массалы жүктерді көтеру үшін пайдалану;

- технологиялық картада көрсетілген операцияларды орындауға қажетті арнайы құрал-жабдықтардың болмауы;

- жұмысшылардың өзара келісімсіз әрекет етуі, монтаждау-демонтаждау, бұрау-реттеу жұмыстары кезінде және станоктар мен механизмдерді пайдаланған кезде қызметкерлердің техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамауы;

- электр құрылғыларының қорғалмаған тоқ өткізгіш бөліктерінің болуы және соған сәйкес қорғаныш құралдарының болмауы немесе жарамсыз күйде болуы салдарынан адамдардың тоқпен зақымдануы;

- ыстық қозғалтқышта жұмыстарды орындау барысында, дәнекерлеу жұмыстары және аккумуляторлық жұмыстар кезінде күйіп қалу мүмкіндігі;

- жұмыстарды оңтайлы ұйымдастырмау, жарықтандырудың жеткіліксіз болуы, еденнің тайғанақ болуы және керек емес заттармен толып кетуі нәтижесінде адамдардың жұмыс орындарында құлап қалуы;

- қарау шұңқырларының оқшауланбауы салдарынан, яғни арнайы көпірлермен, қоршаулармен немесе ескерту сызықтарымен жабдықталмауынан оларға жұмысшылардың құлап кетуі;

- автомобильдің бір телімнен екінші телімге орын ауыстыруы туралы хабарлайтын сигналдың жоқ болуы немесе жарамсыз күйде болуы салдарынан адамдарды басып кету қауіпінің пайда болуы;

- көтергішке автомобильдің немесе агрегаттың дұрыс орнатылмауы салдарынан олардың өздігінен жылжып кетуі;

- қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау жүргізілуінің сапалы және уақытында болмауы және еңбек қорғау бойынша бақылау мен қадағалаудың төменгі деңгейі;

- қызметкерлердің арнайы киіммен және жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етілмеуі немесе олардың нашар күйде болуы.

Автомобильдерге ТҚК және Ж жұмыстары кезінде зиянды өндірістік факторлардың орын алу себептері:

- жабық ғимрат ішінде автомобильдердің қозғалуы нәтижесінен және технологиялық процестердің орындалуынан ауаның газдануы мен тозаңдылығының артуы;

- жұмыс процесі кезінде қызметкерлер денесінің ыңғайсыз қалыпта болуы;

- сырлау жұмыстары кезінде және әр түрлі химиялық қоспаларды қолданғанда зиянды заттарың ауаға тарауы;

- жөндеу және бақылау-диагностикалық жұмыстың процесі кезінде жұмыс орнында діріл мен шу деңгейінің жоғары болуы;

- жұмыс орындарының жеткіліксіз немесе шектен тыс жарықтандырылуы.