- •Мазмұны
- •1. Қонақжайлылық нарығының сипаттамасы және алматы қаласындағы қонақжайлылық кәсіпорнының маркетингтік ортасын талдау
- •1.1. Алматы қаласының қонақжайлық нарығын талдау
- •Алматы қаласының қонақжайлық кәсірорындарының маркетингтік ортасын талдау
- •2. Алматы қаласындағы “kolkovna” мейрамханасын талдау
- •2.1 “Kolkovna” мейрамханасының жалпы сипаттамасы мен өндіріс технологиясы
- •2.2 . “Kolkovna” мейрамханасынадағы еңбек ресурстарын ұйымдастыру
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер
1. Қонақжайлылық нарығының сипаттамасы және алматы қаласындағы қонақжайлылық кәсіпорнының маркетингтік ортасын талдау
1.1. Алматы қаласының қонақжайлық нарығын талдау
Қазақстанның ең үлкен қаласы – Алматы болғандықтан қазіргі күнің өзінде ол Қазақстанның нарығына әлі кірмеген қонақ үй операторлары мен инвесторларға магнит секілді әсер етеді.
Алматы қаласының қонақ үй нарығында ділге байланысты орта және эконом-класстағы қонақ үйлердің тапшылығына және өтемділік мерзімінің кіштентай болғанына қарамастан дамытушылар негізінен люкс санатындағы қонақ үйлерге көңіл бөлетін қызықты тенденцияны байқауға болады.
Көрсеткіштер мен жоспарланған жобаларға сүйенетін болсақ жоғарғы санаттағы қонақ үйлер нарығы да молықтыруға жақындап қалды. Бұндай жобалардың өтемділік мерзімі кейбір кезде 15 жылдан асып кетеді.
Жағдайдың қысқа мерзімнің ішінде жақсы жаққа қарай өзгеруіне алғышарттар болмағандықтан сұраныс деңгейі соңы жылдағылардай болып қалады.
Сондықтан қонақ үй кешендері мұқият жасалған жоспарды қабылдап, жоғарғы бәсекелестік деңгейде жұмыс істеу керек, ал пайданы көбейтіп, халытың назарын аудару үшін конференцияларды, семинарларды, банкеттерді және де фитнес пен спа секілді қызметтерді, яғни қосымша қызмет түрлерін арттырып дамыту.
Қазіргі таңда Алматы қаласының қонақ үйлік нарығы кеңістік уақыта салынып, жартылай және де толық реконструкциядан өткен 4 және 5 жұлдызды халықаралық қонақ үйлер мен санаты төмен заманауи қонақ үйлерге тиесілі.
Қазақстанның қонақ үйлік сектор ұзақ жылдар бойы сұранысқа ие болған кеңселік және сауда секторындағы коммерциялық жылжымалы мүлік үшін дамымай келген. Инвесторар мен дамытушыларды қонақ үй бизнесіндегі ерекшеліктер мен жобалардың ұзақ өтемділік мерзімі қызықтырған жоқ.
Алайда Алматыда 2007-2013 жылдары әртүрлі санаттағы қонақ үйлер пайдалануға берілді. Rixos, Royal Tulip және Holiday Inn атты қонақ үйлер салынды. Осының бәрі 2011 жылдағы нөмірлік қор 2006 жылғы нөмірлік қормен салынстырғанда 75,3% үлкен болды.
Алматы қаласының статистика Департаментінің ақпараты бойынша 2013 жылдың 3 кварталында 5327 нөмірі бар 85 орналастыру орындары жұмыс істеп тұрғаны туралы мәлімет алынды.
Алматы қаласында орналасып, жұмыс істеп отырған қонақжайлық кәсіпорындарының, яғни қонаүй секілді орналастыру орындардың құрылымы 1-ші суретте көрсетілген. Олар бес жұлдызды, төрт жұлдызды, үш жұлдызды, екі жұлдызды, категориясыз және ле басқа орналастыру орындары деп бөлінген.
Сурет 1.Алматы қаласындағы нөмірлік қордың құрылымы
Ескерту – [2] мәлімет негізінде автор құрастырған
Егер нөмірлік қордың көлемін қарастыратын болсақ, онда оның көп бөлігін, яғни 5*-15% және 4*- 34% жоғарғы сегменттергі қонақ үйлер алып жатқанын көруге болады.
Сонда ұсыныстың жартысынан көбі қымбат сегментте орналасқан. Бұл инвесторлардың таңдаулы қонақ үйлер тауашасын таңдауымен сипатталады, өйткені бөлінетін қаражат мөлшері көп болғанымен, әкелетін дививденттер көлемі де көп болады.
Осыған қоса, конференциялар, фуршеттер, презентациялар және де басқа да корпоративтік кештер секілді қосымша қызмет түрлері түсетін қаражаттың көлеміне әсер етеді.
3 жұлдызды қонақ үйлердің нарықтағы тауашасы да аз дамыған деп есептеуге болады. Олар Алматы қаласында орналасқан «Алма-Ата» қонақ үйіндегі нөмірлерден, яғни нақтырақ айтқанда 252 нөмірден тұратын үлкен қорды санамағанда, кішкентай нөмірлік қормен сипатталады.
2013 жылы Алматы қаласындағы қонақ үй нарығы әлсіз болып келседе 2014-2016 жылдары бірнеше жабалар тізімі салынып бітуде. Соғылып жатқан жобалардың ішінде орта диапазондағы брендтке жататын француздық «Новотель» қонақ үй бар. Жобаның аяқталуы деп 2015 жыл белгіленген, алайда белгілі бір себептерге байланысты аяқталу мерзімі 2016 жылға көшірілген.
Кейбір дамытушаларда орта және жоғарғы баға санатындағы қонақ үйлерді көп функциялы кешендердің құрамында салу ойлары бар.
Кесте 1 – Алматы қаласындағы қонақүйлердің стандартты нөмірлерінің құны
№ |
Қонақ үй санаты |
Қонақ үй аты |
Орналасу құны, теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
5* |
The Ritz-Carlton |
70 000 |
Rixos |
60 000 |
||
Достык |
45 000 |
||
2 |
4* |
Shera Park Inn |
34 000 |
Ramada |
31 000 |
||
Grand Tien Shan Hotel |
28 000 |
||
Казақстан |
17 000 |
||
Отель Уют |
20 000 |
||
3 |
3* |
Renion Residence |
27 900
|
Аль-Фараби Отель |
22 500 |
||
Grushevy Hospitality Boutique |
20 390 |
||
Golden Palace |
20 000 |
||
4 |
2* |
Туркестан Отель |
4500 |
5 |
категориясыз |
Отель Well Sleep |
13 500 |
Resort Hotel Samal |
9000
|
||
Medeu Hotel Almaty |
7000 |
||
Ескерту – автор құрастырған |
|||
Қалада сапалы орта классты қонақ үйлердің операторлары жоқ екенін айтуға болады. Көп қонақ үйлер нарықта өзін 3-4 жұлдызды қонақ үй деп айтқанымен көбінесе олар халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді.
Кесте 1-ге сәйкес Алматыдағы бағалар қымбат екені байқалынды, алайда ол баға сервис деңгейіне сәйкес келмейтіні анықталды. Қонақ үйлердің жартысынан көбі жоғарғы стандартты бағаларды қолдағанымен елеулі корпоративтік жеңілдіктер беруге қадам жасауға, үлкен тапсырыс беретін компаниялармен шарттарды өзгертуге дайын.
Сурет 2-ге сәйкес Кризистің алдында қонақтар санының тұрақты өсуін астыда көрсетілген суреттен байқауға болады.
Сурет 2. Алматы қаласының орналастыру орындарына келетін адам саны, мың адам.
Ескерту – [2] мәлімет негізінде автор құрастырған
Нарықты бөлген кезде бизнес-сегменттің басым болып тұрғанын көруге болады. Ол нарықтың 75-80% құрайды. 2013 жылғы мәліметтерге сүйенетін болсақ қонақтардың 80% іскерлік мақсатта келеді. Астананың Астанаға көшуіне дейін сұраныс көбірек болған, сосын көптеген компаниялар өздерінің кеңселерін көшірді, сөйтіп сұраныс төмендей бастады[2]. «Лаборатория проектов» атты компания Алматы қаласындағы мейрамханалардың тұтынуға байналысты зерттеу жұмысын жүргізді. Орташа статистикалық алматы тұрғыны әртүрлі мейрамханаларға аптасына 1-2 рет достарының кеңесі бойынша барады, алайда кейде ғана орташа чек 5 мың теңгеден асады.
Жүргізілген сұраныстағы адамдардың жасы түрлі болды. Олардың ішінде жастар да, орта жасқа келген адамдар да болды, жалпы айтқанда, жастар 21-44 жас аралығын құрады. Барлық адамдардың санын қосқан кезде сұранысқа шамамен 500 адам қатысты. Сол бес жүз аданың 56%, яғни шамамен 280 адам ер адам болды. Ал 46%, яғни шамамен 220 адамды әйелдер құрайды. Қастысқан адамдардың барлық жастарын және жыныстарын қосып, есептегенде олардың жалақылары орташа есебі 174 мың теңге болып келетіні анықталды.
Сурет 3 жауап берушілер: “мейрамханаларға, барларға кафелерге, пабтарға, дәмханаларға және тағы да басқа тамақтану орындарына қанша рет барасыз деген сұраққа жауап береді”
Сурет 3. Мейрамханаларға қаншалықты көп барасыз деген сұраққа жауаптар
Ескерту – [3] мәлімет негізінде автор құрастырған
Сурет 3 сәйкес жауап берушілердің 5% мейрамханаларға аптасына 3 рет барады, ал респонденттердің 19% мейрамханаларға мүлдем бармайды. Жауап берушілердің 32% айына 2 рет тұрақты тұрде мейрамханаларға барып отырады. Осыған сүйенетін болсақ, нарықта сұраныс мөлшері орта дейңгейде екенін көруге болады.
Сурет 4. Мейрамхананы қалай таңдайсыз деген сұраққа жауаптар
Ескерту – [3] мәлімет негізінде автор құрастырған
Сурет 4 сейкес алматылықтардың 34% достары мен туыстарының пікірлеріне сүйеніп, мейрамхананы таңдайды, ал жарнамаға сүйеніп 15% таңдайтыны анықталды.Бір мейрамханаға тұрақты бірнеше жылдар бойы респонденттердің 41% барып тұратын болса, 59% әркезде әртүрлі жерге баруға тырысады.Алматылықтардың 48% мейрамханада бір адамға 2000-5000 теңге аралығында төлейді, ал 15 000 мың теңгеден асыратын шотты тек 1 пайыз ғана төлейді.
Зерттеуге қатысқан адамдардың жартысынан көбі мейрамханаға 3 адаммен барады, ал 33% адам 4-6 болып, 13% 6 адамнан көп болып барады. Ал мейрамханаға жалғыз баратын адамдар 1% ғана құрайды. Осының арқасында, мейрамхана тек тамақ ішу үшін ғана емес, достармен немесе серіктестермен кездесетін жер болып табылатыны анықталды.Осыған қарамастан, респонденттердің 31% жақында көбірек үйде тамақтануға тырысатынын айтты. 19% тапсырыстың құнын төмендетуге, ал 18% мейрамханалрға сапар санын төмендетінін айтты. Жауап берушілердің 55% мейрамханадағы жеңілдіктер, ал 24% бонус жүйесі қызықтыратыны айтылды.
Осыған қоса, зерттеуге қатысушылардың 27% қалада авторлық тағамдардың, 17% ұлттық тағамдардың, 15% еуропалық тағамдардың тапшылыған айтса, қалған 15% қалада жақсы сыра сататын пабтардың жоқтығын айтты[3].
