- •2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
- •3. Күтілетін нәтижелер
- •4. Бағдарламаның мазмұны
- •5. Білім беру үдерісін ұйымдастыру
- •6. Білім беру үдерісін жүзеге асырудың формалары мен әдістері
- •7. Оқыту нәтижелерін бағалау критерийлері
- •8. Ұсынылатын әдебиеттер
- •72 Сағатқа арналған курстың оқу-тақырыптық жоспары
- •Тыңдаушыларға арналған тест тапсырмалары
5. Білім беру үдерісін ұйымдастыру
14. Білім беру үдерісі осы бағдарламаның 2 қосымшасына сәйкес 72-сағаттық оқу-тақырыптық жоспар бойынша ұйымдастырылады.
15. Білім беру үдерісін ұйымдастыру барысында тыңдаушылардың білімдерін бақылау мен бағалау мақсатында өзіндік жұмыстар, жоба жұмыстары, шағын шара көрсетілімі және қорытынды тестілеу жүргізіледі.
16. Тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар:
1) курстың педагогикалық глоссарийін құрастыру;
2) бағдарлама дәрістері бойынша тірек конспектілерін/түсініктер картасын/кластерлерін құру;
3) маңызды кәсіби-тұлғалық қасиеттердің өзіндік диагностикасын жасау және интерпретациялау;
4) балалардың бес білімдік сала бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұнын меңгеруін зерттеу бойынша әдістемелер батареясын құрастыру;
5) отбасының мектепке дейінгі ұйым қызметіне сұранысының қанағаттандырылуын зерттеу бойынша әдістемелер батареясын құрастыру;
6) мектепке дейінгі ұйымның денсаулық сақтау іс-әрекетін зерттеу бойынша әдістемелер батареясын құрастыру;
7) мектепке дейінгі ұйымның психологиялық-педагогикалық қолайлылығын зерттеу бойынша әдістемелер батареясын құрастыру;
8) мектепке дейінгі ұйымның заттық-дамытушы ортасын зерттеу бойынша әдістемелер батареясын құрастыру;
9) баланың кіріктірілген ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін талдау;
10) білімдік нәтижені бағалаудың диагностикалық өлшеуіштерін құрастыру (білім саласы – таңдау бойынша).
17. Тыңдаушылардың жоба жұмыстарының тақырыптары:
1) мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау процедурасының моделі;
2) мектепке дейінгі білім беру сапасын әлеуметтік-педагогикалық бағалау моделі;
3) мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің адамгершілік-рухани дамуының білім беру ортасын бағалау моделі;
4) тәрбиешінің тәрбиеленуші отбасымен әлеуметтік әріптестігін бағалау моделі;
5) аймақтық және этномәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып мектепке дейінгі ұйымның заттық-дамыту ортасы сапасын бағалау моделі;
18. Қорытынды тестілеуді өткізу үшін осы бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес тест тапсырмалары анықталған.
6. Білім беру үдерісін жүзеге асырудың формалары мен әдістері
19. Білім беру үдерісі оқытудың интербелсенді әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады: пікірталастар, «мимен шабуыл», рөлдік ойындар, тренингтер, жобалар әдісі, видеофильмдерді талқылау, мәселені бірігіп шешу, т.б.
20. Ересектер аудиториясының спецификасын есепке ала отырып тыңдаушыларға логикалық қорытындылар жасауға, мазмұнды өзінің іс-тәжірибесіне бейімдеуге және алынған іскерліктерді аудиториялық практикалық сабақтар мен аудиториядан тыс өзіндік жұмыстарда апробациялауға мүмкіндік беріледі.
21. Білім беру үдерісі бетпе-бет оқыту мен тыңдаушылардың өзіндік жұмысын кіріктіреді. Бағдарламаның біліктілікті арттырудың құзыреттілік моделіне бағдарлануы іс-әрекеттік тұрғыдан келуді көздейді, оған заманауи білім беру технологиялары мен оқытудың интербелсенді формаларын: шағын топтағы жұмыс; үйрету ойындары; кері байланыс; күделі және дискуссиялық сұрақтар мен мәселелерді талқылау; шеберлік сыныбы, «дөңгелек стол», т.б. қолдану арқылы қол жеткізіледі.
