Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-МДБ-Менеджмент.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
78 Кб
Скачать
☆

5. Білім беру процесін ұйымдастыру

14. Білім беру процесі Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес 72- сағаттық оқу-тақырыптық жоспар бойынша ұйымдастырылады.

15. Білім беру процесін ұйымдастыруда тындаушылардың білімдерін бағалау мен бақылау мақсатында өзіндік жұмыс, жоба жұмысы, шағын-шараларды презентациялау және қорытынды тестілеу өткізіледі.

16. Тыңдаушылардың өзіндік жұмысының тапсырмалары:

1) мектепке дейінгі ұйымның әрекетін стратегиялық жоспарлау бағдарламасын жасау;

2) мектепке дейінгі ұйымның ішкі бақылау бағдарламасын құрастыру;

3) мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі ұйымның педагог қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағдарланған іс-шаралар жоспарын жасау;

4) мектепке дейінгі ұйымның денсаулық сақтау кеңістігін құруға бағдарланған іс-шаралар жоспарын құрастыру.

17. Тыңдаушылардың жоба жұмыстарының тақырыптары:

1) мектепке дейінгі ұйымның стратегиялық даму бағдарламасын жобалау;

2) мектепке дейінгі ұйымның ішкі бақылау жүйесін жобалау;

3) мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі ұйымның педагог қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру үлгісін жобалау;

4) мектепке дейінгі ұйымның денсаулық сақтау кеңістігін жобалау.

18. Қорытынды тестілеуді жүргізу үшін осы бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес тестілік тапсырмалар анықталған.

6. Білім беру процесін жүзеге асыру формалары мен әдістері

19. Білім беру процесі оқытудың интерактивті әдістері арқылы жүзегге асырылады: пікірталас, «миға шабуыл», рөлдік ойындар, тренингтер, жобалар әдісі, бейнефильмдерді талқылау, мәселелерді бірлесіп шешу және т.б. қамтиды.

20. Ересектер аудиториясының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту барысында тыңдаушыларға қисынды қорытындылар жасауға, мазмұнды өз практикасына бейімдеуге және алған біліктерін аудиториялық практикалық сабақтар және аудиториядан тыс өздік жұмыс жағдайында сыннан өткізуге мүмкіндік беріледі.

21. Білім беру үдерісі аудиториялық сабақтар және өзіндік жұмыстарды жүргізуден тұрады. Бағдарламаның біліктілікті арттырудың құзыреттілік моделіне бағытталуы қазіргі білімдік технологиялар және интербелсенді нысандарын пайдалану арқылы қол жеткізілетін қызметтік амалды болжайды: шағын топтардағы жұмыс; оқытатын ойындар; кері байланыс; күрделі және дискуссиялық сұрақтар мен мәселелерді талқылау; шеберлік сыныбы; «дөңгелек үстел» және т.б.

7. Оқыту нәтижелерін бағалау критерийлері

22. Тыңдаушылардың кәсіби құзіреттіліктерінің қалыптасуы деңгейін анықтау үшін бағалау критерийлері мен бағдарламаны меңгеру өлшемдері жасалады.

23. Өзіндік жұмысты жүргізу үшін келесі критерийлер айқындалады:

  1. жүзеге асырылмаған - 0 балл;

  2. ішінара жүзеге асырылған -2 балл;

  3. толық жүзеге асырылған - 4 балл.

24 Білімді меңгеру деңгейін анықтауға келесідей өлшемдер қолданылады:

1) жобалау сапасы (іс-шаралар, үдеріс): стратегияны нақты анықтау; мақсаттар мен міндеттерде басымдықтарды есепке алу; мақсатты тұжырымдауға қойылатын заманауи талаптарға сәйкес мақсаттың нақты анықталуы: мақсатты тұжырымдау нақты сипатқа ие; мақсат қол жетерлік және өлшемді;мақсатқа жетуге көмектесетін міндеттер жазылған; мазмұны анықталған; қызметтің нәтижелері анықталған, нәтижелер қойылған мақсатпен сәйкестендірілген; жоспарлаудың тұтастығы мен икемділігі қарастырылады; нысандар, әдістер мен тәсілдер белгіленген; педагогикалық және ақпараттық-коммуникативтік технологиялар белгіленген;

2) шарттар сапасы: Ресурстық қамтамасыз етудің кешенділігі және қажеттілік болған жағдайда ресурстарды өзара алмастыру мүмкіндігін болжау: кадрлық қамтамасыз ету; материалдық-техникалық, инфрақұрылым;оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету;

3) нәтижелер сапасы: жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу дәрежесі: мақсат – міндеттер – күтілетін нәтиже; ұсынымдардың тиімділігі мен жүзеге асырылуы.

25. Тыңдаушылардың өздік жұмысын орындау бойынша білімдерін бағалау балдарды бесбалдық жүйеге көшірумен жүзеге асырылады:

1) «Өте жақсы»:11-12 балл (85-100%);

2) «Жақсы»:9-10 балл (75-84%).;

3) «Қанағаттанарлық» 6-8 балл (50 - 74%).

26. Жоба жұмыстарын өткізуде төмендегідей критерийлер -0, 1, 2, 3 балл және өлшемдер айқындалған:

1) жобаның мәселесі: ашылмаған; фрагментті ашылған; ашылған, автор тақырып бойынша білімінің жеткілікті дәрежеде терең еместігін көрсетті; толық ашылған, автор тақырыпты терең білетіндігін көрсетті;

2) мақсатты тұжырымдау: мақсат тұжырымдалмаған; мақсат тұжырымдалған, бірақ оған жету жоспары жоқ; мақсат тұжырымдалған, негізделген, оған жетудің сұлбалық жоспары берілген; мақсат тұжырымдалған, нақты негізделген, оған жетудің нақты жоспары берілген;

3) жоспарлау: жоспар қызмет мазмұнын бейнелемейді, жоспар үстіртін сипатта; жоспарлау логикасы мен бірізділігі жеткіліксіз; жоспарлау қисынды,, бірізді, қызмет мазмұнын толық бейнелейді;

4) нәтижелерді бағалау: жобалық өнім жоқ; жобалық өнім мәлімделген мақсатқа сәйкес емес (яғни қойылған мақсатқа); жобалық өнім мәлімделген мақсатқа толық сәйкес келмейді; жобалық өнім мәлімделген мақсатқа толық сәйкес (қойылған мақсатқа сай);

5) алынған нәтижелердің мәні: нәтиженің практикалық мәні жоқ; алынған нәтиженің тек теориялық мәні бар; нәтиженің тек жартылай ғана практикалық мәні бар; нәтиженің практикалық мәні зор және пайдалануға ұсынуға болады.

27. Тыңдаушылардың жобалық жұмысты орындау бойынша білімдерін бағалау балдарды бесбалдық жүйеге көшірумен жүзеге асырылады:

1) «Өте жақсы»:13-15 балл (85-100%).

2) «Жақсы»:10-12 балл (75-84%).

3) «Қанағаттанарлық» 7-9 балл (50 - 74%).

28. Курс тыңдаушылары шағын-шараны презентациялау кезінде сабақтың, шараның түрлі кезеңдерін жоспарлау және білім мазмұнын жаңартуды есепке алып оқыту бойынша үзінді көрсетеді.

29. Курс тыңдаушылары шағын іс-шараны презентациялауы үшін келесідей критерийлер анықталған:

1) жүзеге асырылмаған - 0 балл;

2) жартылай жүзеге асырылған - 1 балл;

3) толықтай жүзеге асырылған - 2 балл.

30. Шағын іс-шараны презентациялау кезінде білімді меңгеру деңгейін бағалауға төмендегі өлшемдер алынған:

1) ата-аналармен өзара әрекеттің мақсаттары, міндеттері, бағыттары мен нысандары белгіленген;

2) мектепке дейінгі ұйымдардың (ары қарай МДҰ) ата-аналармен өзара әрекеті бойынша қызметінің мазмұны белгіленген;

3) жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуді бағалау жүйесі әзірленген;

4) алынған нәтижелер негізінде қорытындыларды кешенді бағалау әдісі әзірленген;

5) тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара әрекетін ұйымдастыру аспектісінде МДҰ дамыту бағдарламасының бөлігінің сипатамасы берілген;

31. Тыңдаушылардың шағын іс-шараны презентациялауы бойынша білімдерін бағалау, балдарды бесбалдық жүйеге төмендегідей аудару арқылы жүзеге асырылады:

1) «Өте жақсы»: 9-10 балл (85-100%).

2) «Жақсы»: 7-8 балл (75-84%).

3) «Қанағаттанарлық» 5-6 балл (50 - 74%).