- •2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
- •3. Күтілетін нәтижелер
- •4. Бағдарламаның мазмұны
- •5. Білім беру үдерісін ұйымдастыру
- •6. Білім беру үдерісін жүзеге асырудың формалары мен әдістері
- •7. Оқыту нәтижелерін бағалау критреийлері
- •8. Ұсынылатын әдебиеттер
- •72 Сағатқа арналған курстың оқу- тақырыптық жоспары
- •Тыңдаушыларға арналған тест тапсырмалары
5. Білім беру үдерісін ұйымдастыру
13. Білім беру үдерісі осы бағдарламаның 1 қосымшасына сәйкес 72-сағаттық оқу-тақырыптық жоспар бойынша ұйымдастырылады.
14. Білім беру үдерісін ұйымдастыру барысында тыңдаушылардың білімдерін бақылау мен бағалау мақсатында өзіндік жұмыстар, жоба жұмыстары, шағын сабақ (шағын шара) көрсетілімі және қорытынды тестілеу жүргізіледі.
15. Тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар:
1) балалардың өзекті жағдайын зерттеу үшін критериалды-диагностикалық аппаратты әзірлеу.
2) қимылды дағдылар, ұсақ моторика, мәдени-гигиеналық және т.б. дамыту саласында жұмыстың позитивтік тәжірибесін тыңдаушылармен ұсыну.
3) өздігінен даму мен өз бетімен білім алудың кәсіби жоспарын жобалау.
«Денсаулық» білім беру саласы бойынша ұйымдастырылған оқу әрекетін үлгілеу.
4) мектеп жасына дейінгі балалардың жеке білім беру маршруттарын әзірлеу.
5) В.И.Гарбузова мен Г.С.Абрамованың «Концепция психосаморегуляции» жұмысының тезистік мазмұндалуы.
6) дене тәрбиесі нұсқаушысының маңызды кәсіби-тұлғалық сапаларын өздігінен диагностикалау.
7) мектеп жасына дейінгі балалардың төзімділігінің коэффициентінің стандартты көрсеткіштерін есептеу.
8) дефиницияларды анықтау: бейімдеу, адекватты, когнитивтік үдерістер, психологиялық жағдай, тұжырымдама, адаптация, концепция, өзін-өзі психологиялық реттеу, жаңғырту.
9) отбасы түрі мен баланың психосоматикалық бейінін талдау.
16. Тыңдаушылардың жоба жұмыстарының тақырыптары:
1) білім беру үдерісін жаңарту жағдайында дене тәрбиесі нұсқаушысының кәсіби позициясының өзгеруі;
2) дене тәрбиесі нұсқаушысының құзыреттілік деңгейіне заманауи талаптар;
3) мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың инновациялық әдісі – жобалау;
4) мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру үдерісін ұйымдастырудың заманауи талаптары;
5) балабақша мен мектептің сабақтастығы;
6) мектепке дейінгі ұйымның сауықтыру іс-әрекетін оңтайландыру жолдары мен негізгі бағыттары;
7) дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастырудың кешенді тәсілдемесін қолдану;
8) мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығының психологиялық-педагогикалық мониторингін үлгілеуі;
9) мектепке дейінгі ұйымдарда заттық-дамытушы ортаны құрудың ерекшеліктері;
10) инклюзивтік білімді жүзеге асыруға нұсқаушының дайындығы;
17. Қорытынды тестілеуді өткізу үшін осы бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес тест тапсырмалары анықталған.
6. Білім беру үдерісін жүзеге асырудың формалары мен әдістері
18. Білім беру үдерісі оқытудың интербелсенді әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады: пікірталастар, «мимен шабуыл», рөлдік ойындар, тренингтер, жобалар әдісі, видеофильмдерді талқылау, мәселені бірігіп шешу, т.б.
19. Ересектер аудиториясының спецификасын есепке ала отырып тыңдаушыларға логикалық қорытындылар жасауға, мазмұнды өзінің іс-тәжірибесіне бейімдеуге және алынған іскерліктерді аудиториялық практикалық сабақтар мен аудиториядан тыс өзіндік жұмыстарда апробациялауға мүмкіндік беріледі.
20. Білім беру үдерісі бетпе-бет оқыту мен тыңдаушылардың өзіндік жұмысын кіріктіреді. Бағдарламаның біліктілікті арттырудың құзыреттілік моделіне бағдарлануы іс-әрекеттік тұрғыдан келуді көздейді, оған заманауи білім беру технологиялары мен оқытудың интербелсенді формаларын: шағын топтағы жұмыс; үйрету ойындары; кері байланыс; күделі және дискуссиялық сұрақтар мен мәселелерді талқылау; шеберлік сыныбы, «дөңгелек стол», т.б. қолдану арқылы қол жеткізіледі.
