Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
12-МДП аылшын тілі.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68 Кб
Скачать
☆

5. Білім беру үдерісін ұйымдастыру

13. Білім беру үдерісі осы бағдарламаның 1 қосымшасына сәйкес 72-сағаттық оқу-тақырыптық жоспарға сәйкес ұйымдастырылады.

14. Білім беру үдерісін ұйымдастыру барысында тыңдаушылардың білімдерін бақылау мен бағалау мақсатында өзіндік жұмыстар, жоба жұмыстары, шағын сабақ көрсетілімі және қорытынды тестілеу жүргізіледі.

15. Тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар:

1) мектеп жасына дейінгі баланың ағылшын тілінде сөздік қорын белсендіру, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысы, ағылшын тілінде байланыстырып сөйлеуді дамыту, тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбелеу (таңдау бойынша) бойынша тапсырмалар құрастыру;

2) мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу дағдысын дамытуға арналған лексикалық материал құрастыру;

3) білімді және лексикалық тапсырмаларды бекітуге арналған дидактикалық ойындар банкін құрастыру;

4) мектеп жасына дейінгі баланың тілдік дағдыларын дамыту үшін ойын тапсырмаларының жинағын құрастыру;

5) мектеп жасына дейінгі баланың артикуляциялық білігін дамытуға арналған ағылшын тіліндегі өлеңдер жинағын құрастыру;

6) «Ағылшын тіліндегі ақпаратпен мектеп жасына дейінгі баланың жұмыс жасау білігін дамытудағы ақпараттық технологиялар», «Мектеп жасына дейінгі баланың коммуникативтік қабілеттерін дамытудағы ақпараттық технологиялар» хабарламасын дайындау;

7) Ағылшын тілі бойынша ұйымдастырлыған оқу іс-әрекетінің (сабақ) конспектісін дайындау;

8) ағылшын тілі бойынша бір сабақтың сандық контентін (СББР) дайындау;

9) мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ағылшын тілі бойынша жоба жұмыстарының тақырыптарын дәлелдеу және тізбесін құру;

10) «Өзін-өзі тану» және ағылшын тілін ықпалдастыру бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің (сабақ) конспектісін дайындау;

16. Тыңдаушылардың жоба жұмыстарының тақырыптары:

1) ағылшын тілі бойынша жұмыс дәптеріне арналған тапсырмалар;

2) мектеп жасына дейінгі баланың өзіндік жұмысы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі жұмыс дәптері мен жұмыс парақтары;

3) ағылшын тілі бойынша мектеп жасына дейінгі баланың пассив және актив сөздер лексикасы;

4) мектеп жасына дейінгі баланың коммуникативтік дағдылары мен білігін дамыту (педагогтың талап-тілектеріне әрекет ете алу, күрделі емес сұрақтарға жауап беру, таныс лексиканы білу);

5) мектеп жасына дейінгі баланың коммуникативтік дағдыларын дамытуға арналған лексикалық материал;

6) айтылым мен тыңдалымға арналған тілдік материал;

7) мектеп жасына дейінгі баланың сын тұрғысынан ойлануын дамытудағы ағылшын тілін оқытудың белсенді әдістері;

8) мектеп жасына дейінгі баланың коммуникативтік дағдыларын дамытудағы оқытудың түрлері мен әдістері;

9) мектеп жасына дейінгі баланың тілдік қоржыны;

10) ағылшын тілі сабақтарында мектеп жасына дейінгі баланың танымдық іс-әрекетін белсендіру.

17. Қорытынды тестілеуді өткізу үшін осы бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес тест тапсырмалары анықталған.

6. Білім беру үдерісін жүзеге асырудың формалары мен әдістері

18. Білім беру үдерісі оқытудың интербелсенді әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады: пікірталастар, «мимен шабуыл», рөлдік ойындар, тренингтер, жобалар әдісі, видеофильмдерді талқылау, мәселені бірігіп шешу, т.б.

19. Ересектер аудиториясының спецификасын есепке ала отырып тыңдаушыларға логикалық қорытындылар жасауға, мазмұнды өзінің іс-тәжірибесіне бейімдеуге және алынған іскерліктерді аудиториялық практикалық сабақтар мен аудиториядан тыс өзіндік жұмыстарда апробациялауға мүмкіндік беріледі.

20. Білім беру үдерісі бетпе-бет оқыту мен тыңдаушылардың өзіндік жұмысын кіріктіреді. Бағдарламаның біліктілікті арттырудың құзыреттілік моделіне бағдарлануы іс-әрекеттік тұрғыдан келуді көздейді, оған заманауи білім беру технологиялары мен оқытудың интербелсенді формаларын: шағын топтағы жұмыс; үйрету ойындары; кері байланыс; күделі және дискуссиялық сұрақтар мен мәселелерді талқылау; шеберлік сыныбы, «дөңгелек стол», т.б. қолдану арқылы қол жеткізіледі.