- •«Мемлекеттік тіл - ұлт негізі» тақырыбына эссе жазыңыз
- •«Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •«Мәртебелі мемлекеттік тіл» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •«Мамандығым мақтанышым» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •«Қазақстан дипломатиясының кезеңдері» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •«Дипломатия әліппесінен» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •«Білікті маман - қоғам сұранысы» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •«Нота – дипломатиялық құжат» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •«Екі жақты және көпжақты дипломатиялық құжаттар» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •«Қазақстан жаһандану дәуірінде» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •«Мәдени ынтымақтастық туралы келісім» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •12. «Халықаралық қатынастар» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •«Мемлекеттік шекара» туралы мәлімет жазыңыз.
- •«Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •15. «Тыныштық белдеуі» тақырыбына эссе жазыңыз
- •16. Қазақстан – Қытай шекарасы туралы қысқаша мәлімет жазыңыз.
- •17. «Қазақстан шекарасын тмд-дағы көршілермен делимитациялау мәселесі туралы мәлімет жазыңыз.
- •18. «Каспийдің экологиялық жағдайы» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •19. «Қазақстан сыртқы саясатының қазіргі кезеңдегі негізгі басымдықтары» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •20. «Халықаралық ұйымдар» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •21. Біріккен Ұлттар Ұйымы
- •22. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы тақырыбына эссе жазыңыз.
- •23. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы тақырыбына мәлімет жазыңыз.
- •24. Мәдени ынтымақтастық туралы келісімнен үзінді жазыңыз.
- •25. «Елдестірмек елшіден» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •26. Еуропа Одағы мен Қазақстан арасындағы қатынастар туралы мәлімет жазыңыз.
- •27. Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесінің декларациясынан үзінді жазыңыз.
- •28. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қатынастарды дамыту туралы декларациядан үзінді жазыңыз.
- •29. «Судың да сұрауы бар» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •30. «Ұлттық мейрамдар» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •31. Келісім. Сенім грамоталары. Шағын мәлімет жазыңыз.
- •32. Кері шақыру грамоталары туралы мәлімет жазыңыз.
- •33. Қазақтың тұңғыш Өкілетті және Төтенше Елшісі туралы қысқаша мәлімет жазыңыз.
- •34. Мамандық саласындағы танымал тұлғалар дегенді қалай түсінесіз? Өз ойыңызды жазыңыз.
- •35. Қазақстан Республикасының дипломаттары туралы шағын мәлімет жазыңыз.
- •36. Дипломатиялық қабылдаулар туралы қысқаша мәлімет жазыңыз.
- •37. Елшілік. Елшінің негізгі міндеттері туралы сұхбат құрыңыз.
- •38. Қазақстанның сыртқы саясаты туралы шағын мәлімет жазыңыз.
- •39. Қазыбек бидің ашық нотасы туралы мәлімет жазыңыз.
- •40. Дипломат м.С. Фазылов туралы қысқаша мәлімет жазыңыз.
- •41. Түркияның тәуелсіздік күніне байланысты ресми құттықтау нотасын жазыңыз.
- •42. Өзбекстан Республикасына Наурыз мерекесіне байланысты құттықтау ноталарын жазыңыз.
- •43. Иран Ислам Республикасына Наурыз мерекесіне байланысты құттықтау нотасын жазыңыз.
- •44. Мемлекеттік Протокол қызметінің құзіреті туралы баяндаңыз.
- •45. Абылай ханның қазақ мәмілегер-дипломаттарын қалмақ еліне аттандырар кезіндегі сөйлеген сөзін сипаттап жазыңыз. Баға беріңіз.
- •51. Берілген сөздермен сөйлем құраңыз:
- •52. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз:
- •53. Сөйлем құраңыз:
- •58. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз:
- •59. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз:
- •60. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз:
«Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» тақырыбына эссе жазыңыз.
Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – Республикамыздан тыс жерлерде тұрып жатқан қазақтардың да тілі.
Қазақтар шетелдерде 55 мемлекетте, соның ішінде КСРО-ның бұрынғы барлық одақтас республикаларында және 41 алыс шет елде тұрып жатыр. Қазақтардың басым бөлігі - Өзбекстанда, онда - 967 мың адам, Ресей Федерациясында – 687 мың адам, Түркіменстанда - 87 мың адам, Қырғызстанда – 42 мың адам, Украинада – 10 мың адам, Тәжікстанда – 10 мың адам, Әзірбайжанда – 4 мың адам, Грузияда - 3 мың адам, Молдовада – 2 мың адам, Латвияда 1 мың адам тұрады. Алыс шет елдерде, мысалы, Қытайда – 1 млн. 258 мың, Монғолияда – 83 мың, Ауғанстанда – 28 мың, Түркияда - 20 мың, Иранда 3 мың қазақ тұрады.
Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына кіреді. Қазақ тілі ноғай, қарақалпақ тілдеріне өте жақын.
Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. 1929 жылға дейін Қазақстанда қазақ араб жазуын пайдаланды. 20 ғ. басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасына негізделген араб-парсы әліппесін (төте жазу) пайдаланған, 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын графикасы қолданылып, 1940 жылдан қазірге дейін кирилл әліпбиі қолдануда. Түркия, Өзбекстан және Батыс елдеріндегі қазақтар әртүрлі латын жазуына негізделген әліппелерді пайдаланады.
Әрбір жүрегі елім деп соққан адамның өзінің халқына, тіліне деген ерекше сезімі болатыны сөзсіз. Ұлттық санасы ояу ғана адамның өз елінің шын жанашыры екені белгілі. Халқымыздың халықтығының басты белгісі – тілі болса, оның көркеюі үшін әлі де талай жұмыстар жасалуы қажет.
Тіл – сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы болумен қатар, өткендегі олжаларды бүгінгі күнге, ал бүгінгі пайымдарымызды келешекке жеткізу үрдісінде де өте маңызды дәнекерлік міндет атқарып келеді. Қабырғалы ел ата-бабадан мұра болып қалған және қазіргі уақытта жаңа синтезге, жаңа бейнеге, жаңа кейіптерге айналып үлгерген біртұтас зерделі, аңсар-мұратты, ғылыми жетістіктер мен байлықтарды игере алатын құдіретті тіл арқылы ғана мәңгілік тұрақтылығын сақтай алады. Себебі, халық қай деңгейде тілдің бай қоры мен көркемділігін сақтап сөйлейтін болса, соғұрлым өрелі ойлайды; қай деңгейде ойласа, сол аяда сөйлейді.
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан «Мен қазақпын» деп бас көтергенен бастап, арада екі онжылдыққа жетер уақыт өтті. Осы азды көп уақытта еліміз көптеген жетістікке, биіктерге жете білді. Халықтың әлеуметтік жағдайы көтеріліп, заң, өнеркәсіп, ғылым, экономика, денсаулық сақтау салалары өз алдына даму үстінде. Алайда, «Жаман айтпай - жақсы жоқ», - дегендей бүгінгі күннің өзекті мәселерінің бірі - тіл мәселесі болып отыр. Қазақ тілін дамытуда әр сала өз үлесін қосуы керек. Тек сонда ғана әр қазақстандық қазақ тілін игеріп, еркін ойын жеткізіп, сөйлесе алатын болады. Өзіміз ана тілінде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді құрметтемейді.
Елбасы айтқандай: «Дағдарыс өтеді де кетеді. Ал, мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгілік қалады». Әр ұлт ғасырлар бойы қалыптасқан өзіне тән тілімен, салт дәстүрімен ерекше. Біз үшін Қазақстан – біздің Отанымыз, ал Отанымыздың тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл мәселесіне байланысты Нұрсұлтан Әбішұлы «Мемлекет өз тарапынан тиісті нәрсенің бәрін жасап жатыр, бүгінгі күні қазақ тілінің тиісті мемлекеттік мәртебесі бар. Тиісті заң бар. Ол іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге мүмкіндік береді. Ол заң кез келген жерде мемлекеттік тілде сөйлеуге, кез келген қағазда мемлекеттік тілде жазуға, қажет жерінде сол тілде жауап алуға жағдай жасайды. Әлі-ақ, қазақ тілі тіршілігіміздің барлық саласында кеңінен қолданылатын болады, тек оны насихаттай білуіміз керек. Ана тілін білмеу қазақ азаматы үшін ұят саналуы тиіс», - деді.
