Технологиялық тәжірибені басқару
Технологиялық тәжірибенің сапалы ұйымдастырылуына және өтуіне оқу орнының тәжірибе жетекшісі тағайындаған өндірістік оқыту шебері жауапты;
Оның міндеттері:
- тәжірибеден өтуші студенттерді оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес жұмыс орындарына орналастыру;
- тәжірибеден өтушілердің жұмысты қауіпсіз жүргізу талаптарын және еңбек тәртібін сақтауын қадағалау;
- студенттерге электр қуатын және материалдарды үнемді жұмсауды, жабдықтауға және құралдарға ұқыпты қарауын дағдыландыру;
- технологиялық тәжірибеден өтушілерге есеп құрастырған кезде әдістемелік көмек көрсету;
- өндірістегі тәжірибе жетекшісінің қорытындысына негізделіп, әр студентке баға қою, күнделіктерін және тәжірибеден өту есептерін тексеру;
- технологиялық тәжірибеден өту кезіндегі есебін оқу орындағы архивке өткізу;
Кәсіпорындардағы, мекемелердегі және ұйымдардағы технологиялық тәжірибенің жалпы басқарылуы бас маманға жүктеледі де , келесі міндеттер кіреді:
- тәжірибеден өтуші студенттерге тәжірибе бағдарламасының мазмұнына сәйкес жұмыс орындарының берілуі;
- студенттерге технологиялық тәжірибеден өтер алдында берілген кәсіпорындағы орнатылған тәртіпке, еңбекті қорғау және жұмыс жүргізу кезіңдегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұйымдастыру
- тәжірибеден өтуші студенттерді тәжірибе кезіңде керекті жабдықтармен, құралдармен, материалдармен, анықтамалықтармен, техникалық әдебиеттермен және басқа құжаттармен қамтамасыз ету;
- студенттерге жаңа техниканы, алдыңғы технологияларды, жұмыстың жоғары өндірістік тәсілін меңгеру үшін керекті жағдай жасау;
- студенттер арасында тәжірибе жұмысын жүргізу.
- технологиялық тәжірибеден өтушілерге тәжірибеден алынған дағдыларын және өндірістік қоғамдық жұмыстағы есебін қорытындылап, толығырақ есеп беру.
Тәжірибеден өтушінің міндеттері
Студенттң технологиялық тәжірибе барысындағы міндеттері:
- кәсіпорынның, ұйымның ішкі тәртібін орындау;
- қауіпсіздік техникасының ережесін қатаң сақтау;
- технологиялық тәжірибе бағдарламасын толық орындау
- бағдарламада ескерілген жұмысшы мамандықтардың біреуін меңгеру;
- жаңа әзірлеме еңгізуге қатысты кәсіпорын басшыларының тапсырмасын орындау;
- тәлімгерлердің кәсіби тәжірибесін қабылдау;
- жоғары мәдениеттіліктің, тәртіптіліктің, еңбекке саналы түрде қатынасының үлгісі болу;
-тәжірибе барысында күнделікті ұқыпты жүргізу, тәжірибе жетекшісіне уақытында тәжірибеден өту есебін құрастырып өткізу.
Технологиялық тәжірибе есебі.
Есеп тәжірибенің соңғы күндерінде атқарылатын жұмыс туралы күн сайын жазбалар негізде құрастырылады.
-күнделікке, кәсіпорынның тәжірибе жетекшісінің қорытындысы ретінде тәжірибеден өту бағасы және кәсіпорынның мөрі қойылады.
Есеп келесіден құралады:
- осы кәсіпорын қызметінің толық сипаттамасынан
- кәсіпорынның материалды-техникалық базасының сипаттамасынан
- жаңа технологияларды қолданудың мүмкіндігі туралы сыншылдық ескертулермен жасалған, баға қойылған жұмыстан.
- күнделікті орындалатын тәжірибе жұмысының сипаттамасы.
Есептің титулды парағында кәсіпорынның штампы мен кәсіпорын басшының қолы қойылған мөрі болуы тиісті.
Күнделік есеп тәжірибе өткеннен кейін 5 күннің ішінде колледждің техникалық тәжірибе жетекшісіне өткізіледі.
Тәжірибе жетекшісі студенттердің есептерін қабылдау- тапсыру актісі арқылы колледждің архивіне өткізіледі.
