Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
14-МДҰ психологтары. Инклюзив.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
76 Кб
Скачать
☆

5. Білім беру үдерісін ұйымдастыру

13. Білім беру процесі Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес 72- сағаттық оқу-тақырыптық жоспар бойынша ұйымдастырылады.

14. Білім беру үдерісін ұйымдастыруда тындаушылардың білімдерін бағалау мен бақылау мақсатында өзіндік жұмыс, жоба жұмысы, қорытынды тестілеу өткзіледі.

15. Тыңдаушылардың өзіндік жұмысының тапсырмалары:

1) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жүргізілетін түзету дамыту жұмысының жоспарын жасау;

2) «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардыәлеуметтендірудің тиімді жолдары» тақырыбында шағын зерттеу жұмысын құрастыру;

3) мектепке дейінгі ұйым психологының портфолио үлгісін жасау;

4) балалардың мектептік оқуға өтуіне дайындығына сараптау жүргізу бойынша педагог-психологтың іс-әрекетін бағалау және өлшемдерін жасау;

5) «Тіл кемістігі бар баланың тілін түзетудегі ұсақ қол моторикасының маңызы» тақырыбы бойынша ұсыныстар құрастыру.

16.Тыңдаушылардың жоба жұмыстарының тақырыптары:

1) бала бақшаларда мүмкіндігі шектеулі балалармен коррекциялық-педагогикалық үдерістерді ұйымдастыру;

2) сөйлеу қабілетінде бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін түзетушілік педагогикалық-психологиялық жұмыстар;

3) инклюзивті білім беру жағдайында интелектінде бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері;

4) мектеп жасына дейін балаларды психологиялық-педагогикалық бейімделуі;

5) психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілін ертегі арқылы дамыту;

6) инклюзивті оқыту сыныбында ойын элементтері арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру жолдары;

7) ақыл - ойы кем балаларды тәрбиелеу жолдары;

8) тіл кемістігі бар балалардың жанұясымен жұмыс түрлері;

9) мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамға бейімделу ерекшеліктері;

10) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жағдайында инклюзивті білім беру мәселерін шешу;

11) бала-бақша тәрбиеленушілерінің ата-аналарына психологиялық кеңес беру мәселесі.

17. Қорытынды тестілеуді жүргізу үшін осы бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес тест тапсырмалары анықталған.

6. Білім беру үдерісін жүзеге асыру формалары мен әдістері

18. Білім беру үдерісі оқытудың интерактивті әдістері арқылы жүзеге асырылады: пікірталас, «миға шабуыл», іскерлік ойындар, тренингтер, жоба әдісі, бейнефильмдерді талқылау, мәселені бірлесіп талқылау және т.б.

19. Ересектер аудиториясының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту барысында тыңдаушыларға қисынды қорытындылар жасауға, мазмұнды өз практикасына бейімдеуге және алған біліктерін аудиториялық, практикалық сабақтар және аудиториядан тыс өзіндік жұмыс жағдайында сыннан өткізуге мүмкіндік беріледі.

20. Білім беру үдерісі аудиториялық сабақтар және өзіндік жұмыстарды жүргізуден тұрады. Бағдарламаның біліктілікті арттырудың құзыреттілік моделіне бағытталуы қазіргі білімдік технологиялар және интербелсенді оқыту формаларын: кері байланыс; мәселелерді, күрделі сұрақтарды талқылау және пікірталас; шеберлік-сынып; «дөңгелек үстел» арқылы қол жеткізетін әрекеттік амалды білдіреді.

7. Оқыту нәтижелерін бағалау критерйилері

21. Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін бағалай критерийлері мен бағдарламаны меңгеру өлшемдері жасалады.

22. Өзіндік жұмысты жүргізу үшін келесі критерийлер айқындалады:

1) жүзеге асырылмаған - 0 балл;

2) ішінара жүзеге асырылған -1 балл;

3) толық жүзеге асырылған - 2 балл.

23. Білімді меңгеру деңгейін анықтауға келесідей өлшемдер қолданылады:

1) бағдарлама мазмұнын меңгеруі;

2) практикалық тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімді пайдалануы;

3) материалдың практикалық мәнділігі;

4) мәселені баяндауының негізделуі, толықтығы, анықтығы;

5) талаптарға сәйкес рәсімделуі.

24. Тыңдаушылардың өзіндік жұмысты орындауы бойынша білімдерін бағалау баллдарды бесбалдық жүйеге төмендегідей аудару арқылы жүзеге асырылады:

1) «Өте жақсы»: 9-10 балл, (85-100%);

2) «Жақсы»: 7-8 балл, (75-84%);

3) «Қанағаттанарлық»: 5-6 балл, (50-74%).

25. Жоба жұмыстарын өткізуде төмендегідей критерийлер (0,1,2 балл) және өлшемдер айқындалған:

  1. мәселе толық ашылған;

  2. мәселе ашылмаған;

  3. мақсат дұрыс, сауатты, терең көрсетілген;

  4. мақсат жеткіліксіз көрсетілген;

  5. мақсаты дұрыс қойылмаған;

  6. логика мен бірізділік;

  7. жоспарда логика мен бірізділік жеткіліксіз;

  8. жоспар мазмұнға сәйкес емес;

  9. қойылған мақсатта толықтай сәйкес;

  10. мақсат жеткіліксіз іске асырылған;

  11. мақсат іске асырылмаған;

  12. жоғары тәжірибелік маңызға ие;

  13. теориялық білімі бар;

  14. нәтиженің не тәжірибелік, не теориялық маңызы жоқ.

26. Тыңдаушылардың жоба жұмыстарын орындауы бойынша білімдерін бағалау баллы бесбалдық жүйеге төмендегідей айналдыру арқылы жүзеге асырылады:

  1. «5» (Өте жақсы) бағасы 85% және одан жоғары

  2. «4» (Жақсы) бағасы 75% -дан 84% дейін

  3. «3» (Қанағаттанарлық) бағасы 50% дан 74% дейін