Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жылы гигиенасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1.1 Жылқылардың биологиялық ерекшеліктері

Б.Әкімбековтің (2007) дерктерінде биелердің өнімділігіне жөнінде мәлімдемелер берген. Жылқының өнімділігін,асыл тұқымды қасиетін және денсаулығын сақтау үшін ең басты зоогигиеналық шаралардың бірі азықтандыру ережесін қатал орындап, малды күтіп-бағу жүйесін сақтау керек. Азық рационында барлық жұғымды заттардың, оның ішінде протеиннің қажетті мөлшері, минералдық заттар (кальций,фосфор,натрий,хлор және т.б.) және витаминдердің (каротин,витамин Д, В, С) тағы басқа да құнды заттардың болғаны дұрыс. Жылқының ас қорыту және қарынның анатомиалық құрылыс ерекшелігін ескеретін болсақ, онда жылқы азықты басқа малдарға қарағанда аз мөлшерде қабылдайды. Жылқыны азықтандыру үшін құрама жемді көбірек беру керек, ал енді шөптің өте жақсы жарамдысы - тоғайдағы шөп, жоңышқа, беде (тимофеевка), ат қонақ (костер), арпабас (житняк), бидайық және т.б.

Майдаланған азықтың тәуірі – сұлының сабаны және оның майдасы, дәнді азықтардың сабанын кесіп беру керек және піскен картопты беруге болады. Ал шырынды азықтың ішінде өте құндысы сәбіз, қант қызылшасы. Жылқыны азықтандырудағы құрама жемнің ішіндегі ең жағымдысы - арпа, сұлы, жүгері, бидай ұны, күнжара, қонақ және азық бұршағы.Американдықтар аттарды азықтандыруда мынандай қоспа жасайды: 12 бөлік жүгері, 4 бөлік сұлы, 1 бөлік күнжара.Әрине жаздыкүні ең жақсысы жайылымдағы көк шөп. Е.Демеуғалиевтің (2000) пайымдауынша, малды, әсіресе биелерді азықтандырғанда оның қоңдылығының төмендігіне аса көңіл аудару керек, себебі, ол нашар азықтандырғаннан немесе ішек – қарынның қабынуынан,тісінің жоқтығынан, зат алмасудың бұзылуынан, құрт ауруынан болуы мүмкін. Мұндай биелерді жекелеп азықтандыру керек.

Ал енді биенің қоңдылығын және денсаулығын сақтау үшін оларға әр уақытта минералды (макро – микроэлементтерді) заттарды және витаминдерді беріп тұру өте маңызды рөл атқарады. Жаздыкүні әр атқа 30-50 г,ал қыстыкүні 20-30 г тұз беріп тұру керек, егер биелерге сапасы төмен шөп,соның ішінде қышқыл дән көбірек болса немесе шөп жаңбырдың астында қалып қойса және жаздыкүні құрғақшылықта жиналса, ондай шөптің құрамында әдетте кальций мен фосфор жетіспейді. Сондықтан осындай жағдайды болдырмау үшін алдын ала азықты лабораторияда зеттеу жүргізіп, керек кезде жылқыға бор немесе сүйек ұнын, әртүрлі сүзінді, үшкальцийфосфат және басқа да қосымшаны құрама жемге араластырып беру керек. Жылқыны вита миндермен қамтамасыз ету үшін ең бірінші оларды сапалы шөппен азықтандырып және шөп ұнтағын, сәбіз, асқабақ берген жөн. Ал жаздыкүні әрдайым жайылымда бағып немесе орылған шөппен азықтандырған жөн. К.Дүйсембаевтің (1972) мәлімдеуінше, жылқының ең құнды азықтандыру жүйесі - ол малдың тәбетін ашумен қатар,жем-шөптің сіңімділігі және тез қорытылуы сол үшін ең бірінші ірі шөппен, содан кейін шырынды, ең соңында құрама жеммен, ал одан кейін тағы да ірі шөппен азықтандырған пайдалы. Жылқыны азықтандыру кезінде бір азықтан екінші азыққа көшу жүйесі біртіндеп өтуі тиіс. Ал егер бір азықтан екінші азыққа бірден өтетін болса онда мал азыққа тез үйрене алмайды,осыдан барып малдың ас қорыту жүйесі бұзылады, іші өтеді, ішек қатады, іштің бұрап ауруы және метеоризм пайда болады. Алматы облысы Қарасай ауданындағы КИЗ тәжірибе шаруашылығы сауынды биелерге оның сүтін және сүттің сапасын арттыру үшін көк шөп пен жүгері, жоңылған және құрама жемге сұлы беруді ұсынған. Сол кезде бір биеден алынатын сүт орташа есеппен алғанда 1,5 литрден артады екен. Ал енді жылқыны борсыған, көгерген, шіріген және қыста қатып қалған, сонымен қатар жем-шөпке әртүрлі улы шөптер және оның дәні бар қоспалармен азықтандыруға болмайды. Мұндай жем-шөп малға өте қауіпті ауру туғызады, көбіне малдың өліміне себеп болады. Жылқыларды тәулігіне үш рет суарып тұру керек, ал жаздың ыстық кезінде 4-6 рет. Әр жылқыға судың қажетті мөлшері ауа райының жағдайына, малдың жасына байланысты болады (тәулігіне 20-60 литр су керек етеді). Қорада ұстағанда жылқыларды автосуарғыш арқылы суарған тиімді. Жылқыны азықтандырғанға дейін суарады. Оларды дәнді дақылдармен (сұлы, арпа, бұршақ тұқымдастары,бидай) азықтандырудың алдында суаруды естен шығармау керек, себебі дәнді дақылдар асқазанда оның сөлінің нашар бөлінуінің арқасында дұрыс қорытылмайды.

Ал егер жылқыны дәнді дақылдармен азықтандырғаннан кейін суаратын болсақ, онда асқазанда дәнді дақылдар ісінеді, содан соң ашиды, осыдан барып қарын кебеді де ауыржағдай туғызады. Мұндай жағдайда жылқыны 40-50 минут азықтандырғанға дейін немесе азықтандырғаннан кейін 2 сағат өткен соң суару керек. А.Төрехановтің (2006) еңбегі бойынша, жылқыны қыстыкүні өзеннің, тоғанның, көлдің, суат (ойық ) жерінен суаруға болмайды, себебі малға cуық тиеді және буаз бие іш тастауы мүмкін.

Сол себептен буаз биені қыстыкүні температурасы 12-15 С сумен суарған жөн. Буаз биенің рационына көлемді азықты енгізуге болмайды. Оған өте жұғымды, жеңіл қорытылғыш, өте сапалы және әртүрлі жем-шөпті енгізу ұсынылуы керек. Ауа райының аяз және тайғақ кезінде буаз биені жайылымға тек шөптің басындағы шық еріп түскен кезде ғана жіберуге болады. Буаз бие үшін ең тәуір жем-шөп тоғайдағы дәнді өсімдіктер, ірі бұршақты шӛптер, шөптен жасалған ұн, бидай ұны, сұлы, ішінің кебуінен сақтану үшін бұршақты шөпті дәнді өсімдіктермен қосып береді, ал құлындауына бір ай қалғанда оның рационының 1/3 көлемінің бөлігін кеміту керек.

Буаз биені жиі серуендетіп оны жүйелі пайдаланған жөн және ауа райының жақсы күні таза ауада көбірек жүргізу керек. Ал буаз биенің организміне қолайлы әсер ететін жағдай оны жайылымда бағып-күту. Буаз биені ат қорада ұстағанда қораның ішіндегі әжіренің жарық, таза, құрғақ болғаны жөн. Ал енді құлындағаннан үш күн өткеннен кейін биеге құлынымен бірге жүйелі серуен ұйымдастырған жөн. Одан ары қарай биені құлынымен ауа райының жақсы күні далада – паддокта, шабындықта немесе жайылымда бағып – күту дұрыс.Мұндай биені жем-шөп нормасымен азықтандыру керек. Қ.Бозымовтің (1993) мәліметі бойынша тебінді жылқылардың терісі қалың және тығыз болуымен сипатталады. Бұл қасиетті жылқыны жазда ыстықтан, қыста ызғарлы аяздан сақтайды. Қысқа қарай олардың терісінің жүн қабаттары қарқынды өсіп, жүніндегі түбіт мөлшері көбейеді. Қысқа қарағанда жаз маусымында тебінді жылқылардың жүн қабаттарының ұзындығы 2-3 рет қысқарады. Бұл жылқы ағзасының ауа райы жағдайына бейімделуі деп түсінуге болады. Жергілікті жылқы тұқымдары тебінге бейімділігі арқасында қысқа қалың қарға (40-50) қарамастан жайыла береді. Олар шөлді және шөлейт жерлерде өсетін ерекше өсімдіктермен қоректеніп қоңдылығын жоғарлатады. Қолайлы жағдайларда тебінді жылқылар тез қоңданып ағзасына 15-20 пайыз май жинайды, ал азықтың тапшылық кезеңде сол жинаған майды тиімді түрде баяу жұмсайды. А.Кузнецовтің (1991) деректерінде жергілікті жылқы тұқымдары қыс қатал болып тебіндегі азық қоры тапшыл болғанда, қыстан шыққан жылқы 25-30 кг салмағын жоғалтады, бірақта олар іштегі ұрпағы дұрыс өсіріп , аман-сау құлындайды және тез қонданады, биелерді көп сүт береді, сондықтан құлындары тез өсіп жетіледі. Тебінді жылқы тұқымдарын тиімді азықтандыруды ұйымдастыру үшін, маусымға байланысты қорек тапшылығын қолдан келгенше бәсеңдету және жайылымның отты кезін тиімді пайдалану болып табылады[2].