Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom_Ayauzhan_Babochki_novy.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

Cурет 1 Шалғынды-далалық белдеудің көрінісі

Таулы-орманды-шалғынды-далалық зонаға астық тұқымдасты, аралас шөпті және бұталы болып келетін қарағайлы және аралас (қайыңды- қарағайлы-көктеректі) ормандар тән. Жанаса өскен тоғайлар мен алаңқайларда мынадай бұталар кең тараған: сібір аюбадамы, орта тобылғы, қараған, итмұрын. Астық тұқымдастардың ішінде кәдімгі тарғақшөп, шебершөп, құрғақ айрауық кездеседі. Аралас шөптесін өсімдіктерді жыланқияқ, жұпаргүл, шоқсары,терістік қызылбояу және өзге өсімдік түрлері құрайды.

Флорасы. Ұлттық парктің флоралық құрамы өте бай, онда жоғарғы сатылы өсімдіктердің 2000 түрінен астамы, мүктер, қыналар, саңырауқұлақтар бар. Шөптесін өсімдіктердің арасында реликтілер көптеп кездеседі: алтай желайдары, сібір ушырмауығы, тәтті жапырақты таспа, алтай қоңыроты. Қорғауды қажет ететін өсімдіктердің сирек түрі ерекше құндылыққа ие, ал олардың кейбір түрлері (30 түрінен астамы) жоғалу шегінде тұрғандықтан, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Бұлар қар дәуаяғы, алтай рауғашы, алтай, сібір қандығы, ала күлтелі қызғалдақ, ірі гүлді және кәдімгі шолпанкебістер, алтай суықшөбі, таңдамалы плаун, алтай торсылдағы, дала шұғылығы, қызғылт семізот, марал түбірі, алтай қасқыржидегі. Ұлттық парктің негізгі игілігі — бұл тауларды жасыл алқамен көмкеретін, климатты жұмсартып, реттейтін ормандар. Олар топырақты қорғаушы және суды реттеуші рөлді атқарады. Жалаңаш таулардың қия беткейлерін эрозиядан сақтайтын ормандар Бұқтырма өзеніне құятын талай бұлақтардың көзі болып табылады. Парктің аумағы орман ресурстарына бай аймақта орналасқан. Бұл жердің ормандары шаруашылық қызметтен болмашы өзгерген және орман өрттеріне көп шалынбаған. Тау ормандары теңіз деңгейінен 2200 м — 3200 м-ге дейінгі биіктікте таралған. Олар аңдар мен құстарға мекен болып, қоректендіреді. Бұл мәңгі жасыл балқарағай, шырша және самырсын, сонымен қатар өзінің қылқан жапырақтарынан қыста арылып, көктем келісімен ұлпа да балауса қылқан жапырақтармен көмкерілетін қарағай. Жалпақ жапырақтылардан тау өзендері мен бұлақтарының жайылмасындағы батпақты жерлерді алып жататын қайың, терек, көктерек және талдардың әр түрлері кездеседі. Бұталардың 50 астам түрі бар: таңқурай, қарақат, итмұрын, тобылғы, тал, бұта қайың және тағы басқалары.

 

1.2 Энтомофаунаның зерттелу тарихы

Батыс Қазақстанның қатқылқанаттылары туралы алғашқы деректер бұдан 200 жыл бұрын, оқымысты академик П.С. Палластың 1768 жылы ұйымдастырылғын экспедициясының негізінде берілген.

1840-1845 жылдар арасында Г.С. Каремен Қазақстан шығысының жәндіктерді зерттелген. Бұл кезде жиналған қоңыздардың біраз бөлігін Ф.Геблер өңдеуден өткізіді.

Кейіннен орыс география қоғамы ұйымдастырған экспедициялар Қазақстан Орта Азия жәндіктерін зерттеуге үлкен үлес қосты. Профессор А.П. Семенов - Тянь-Шаньский 1856-1857 жылдар арасында оңтүстік Қазақстанның жәндіктер фаунасын зерттеген.

С.М. Журавлев Шығыс Қазақстаннан қоңыздар коллекциясын жинап, оны сол кездегі ірі энтомологтар Э.Рейттер, А.П. Семенов-Тянь-Шаньский өңдеуден өткізген. С.М.Журавлев еңбектерінде (1914ж) берілген 100 түрді қамтыған қатқылқанаттылар тізімі Қазақстан қоңыздарының зерттелу тарихындағы ең ірі аймақтық тізім болып табылады [4].

Шығыс Қазақстан қатқылқанаттыларын зерттеумен 1988 жылдан бастап өлкетану мұражайының қызметкерлері айналысқан. Олар жинаған коллекциялар осы музей қорында сақталған.

Қазақстанның Алтай бөлігінің жарғаққанаттылар фаунасы толық зерттелмеген. Олардың тек жеке тұқымдастары зерттелген, көбінесе қоғамдық бунақденелілерге мән берілген (қазушы аралар – Sphesidae, аралар – Apoidae). Шығыс Қазақстан облысының Hymenoptera отрядын толық зерттеуге көп көңіл бөлінбеген. Осы отрядқа жататын бунақденелілердің түр құрамы, экологиялық және биологиялық ерекшеліктері туралы мәліметтер жоқ.

Ең бірінші жеке тұқымдастар туралы зерттеулерді В.В.Попов Орта Азия мен Қазақстанда 1937-1938 жылдар (Попов, 1944, 1947, 1950, 1951, 1956, 1966) арасында жүргізді. Оның еңбектері: «Қазақстанның Солтүстігіндегі Көкшетау ауданының аралар фаунасы» (1934), «Батыс Қазақстан облысының Оңтүстік бөлігінің аралар фаунасы» (1954).

Қазақстанның Алтай бөлігін қазушы аралары туралы жеке фрагментарлы анықтамалар фаунистикалық және экология-биологиялық сипаттамалар В.Л. Казенастың (1978) жұмыстарында қарастырылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]