- •1. Хх ғасыр басындағы Қзақастанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы: нарықтық қарым-қатынастардың қалыптасуы
- •2. Хх ғ. Басындағы ұлт зиялыларының қалыптасуы
- •3. Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс және Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы. Қарқаралы петициясы
- •4. Жадидизм және оның көрнекті өкілдері (хх ғ. Бас кезі).
- •5. Ұлт зиялылыры және олардың XX ғ. Басындағы қоғамдық-саяси, мәдени қызметі (ә.Бөкейханов, а.Байтұрсынов, м.Дулатов, м.Тынышпаев).
- •6. Қазақ зиялыларының Қазақ саяси элитасының (ш.Құдайбердіұлы, ж.Көпеев, м.Дулатов, м.Тынышпаев, с.Асфендияров және т.Б.) қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеуі.
- •Әбубәкір Диваевтың зерттеулері
- •7. Хх ғ. Басындағы қазақ баспасөзі (Айқап журналы, Қазақ газеті).
- •8. Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914-1918 жж.). Столыпин аграрлық реформасы және Қазақстандағы жер мәселесі.
- •9. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс: себептері, барысы, тарихи маңызы.
- •10. 1917 Ж. Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі және Қазақстанның саяси дамуы.
- •11. Алаш партиясы және оның бағдарламасы.
- •12. 1917 Жылғы «Қазан төңкерісі» кеңес өкіметінің билікке келуі және «Алашордаға» қарсы күресі.
- •13. Алаш автономиялық республикасының құрылуы және оның қызметі.
- •14. Түркістан автономиясы (Қоқан Автономиясы) және біртұтас Түркістан идеясы. М.Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.
- •Мұстафа Шоқай Балалық шағы
- •Мемлекеттік Думада жұмыс істеуі
- •Мұсылмандарының IV төтенше құрылтайына қатысуы
- •Түркістан үкіметінің мүшелері
- •Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы
- •Ел тәуелсіздігі жолындағы күрескен алаш азаматы - м.Шоқай
- •Өмірінің соңғы жылдары
- •15. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.). «Әскери коммунизм саясаты».
- •Әскери коммунизм саясаты
- •16. Қазақ акср-ның құрылуы (1920 ж.).
- •17. Жаңа экономикалық саясат және жер-су реформасы, оның салдары.
- •18. Ф.И.Голощекиннің Қазақстанда билікке келуі. «Кіші Қазан» идеясы және оның мәні.
- •19. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргіннің басталуы (1927-28 жж.).
- •20. Қазақстандағы ұжымдастыру және оның салдары.
- •21. Қазақстандағы индустрияландыру: қорытындысы мен салдары.
- •22. Социалистік «мәдени төңкеріс» және оның салдары (1920-930жж.).
- •23. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер (1929-1931 жж.).
- •24. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары (1937-38 жж.).
- •25. Ғылым мен мәдениеттің дамуы (хХғ. 20-40 жж.).
- •26. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдандағы Қазақстандықтардың ерен ерліктері. Қазақстандықтардың партизандық және Қарсыласу қозғалысына қатысуы.
- •27. Қазақстан – майдан арсеналы.
- •28. 1920-1940 Жж. Қазақстан тарихының зерттелуі.
- •29. «Түркістан легионы» және м.Шоқай.
- •30. Ұос жылдарында халықтарды Қазақстанға жаппай депортациялау науқаны және оның салдары.
- •31. С.Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •32. Қ.И. Сәтпаев – ғылым Академиясының тұңғыш президенті.
- •33. Соғыстан кейінгі жылдардағы республиканың қоғамдық-саяси өмірі. (1946-1954жж.).
- •34. Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы саяси және экономикалық өмірдегі құбылыстар.
- •35. Тың және тыңайған жерлерді игеру және оның салдары.
- •36. Ж.А.Тәшеновтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •37. Б.Момышұлы – дара тұлға.
- •38. Қазақстанның 1960-1980жж. Экономикалық дамуы.
- •39. Қазақстанның тоқырау жылдарындағы қоғамдық-саяси өмірі (1970-1980жж).
- •40. Хх ғасырдың іі жартысындағы мәдени даму.
- •41. Қайта құру және Қазақстанның қоғамдық-саяси өмipi.
- •42. Алматыдағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері.
- •43. Д.А. Қонаевтың өмірі мен қоғамдық –саяси қызметі.
- •44. Қазақстанның тәуелсіздік алу қарсаңындағы саяси өмірі (1985-1991жж.). Қр «Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы.
- •Ксро-ның сыртқы саясаты
- •45. Ксро-ның ыдырауы және тмд-ның құрылуы.
- •46. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық – саяси өмірі (1991-2000 жж.).
- •47. Президент институты – тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылым.
- •48. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қабылдануы.
- •49. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 ж.).
- •50. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі экологиялық ахуалы.
- •51. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы.
- •52. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 Жолдауы (1997 ж). Қазақстанның даму стратегиясы.
- •53. Астана – қр жаңа Ордасы: тарихы мен бүгіні.
- •54. Тәуелсіз Қазақстан – халықаралық аренада.
- •55.Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы кезеңіндегі экономикадағы қиындықтар (1991-2000 жж.).
- •56. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты қр Президенті-Елбасы н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
- •57. Қазақстанның әлемдік экономикалық байланыстар жүйесінен орын алуы.
- •58. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында» атты еңбектеріндегі ұлттық тарихты зерделеу.
- •59. Әлеуметтік саясаттағы бағдарламалар мен реформалар (қр Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 2008 ж. 6 ақпан).
- •60. Қазіргі кездегі білім беру жүйесін модернизациялау.
- •61. «Интеллектуальдық ұлт - 2020» Президенттік бағдарламасы және оның маңызы.
- •62. Қазақстан Республикасындағы этнодемографиялық және миграциялық үдерістер (хх ғасырдың соңы – хх ғасырдың басы).
- •63. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар.
- •64. Қр парламентаризмнің қалыптасуы және дамуы.
- •65. Қазақстан Түркі әлемінің көшбасшысы: түрксой және басқа халықаралық Түркі ұйымдары.
- •66. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайының тарихи маңызы.
- •67. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы және оның ұлттық сананы қалыптастырудағы маңызы.
- •68. Қазіргі кездегі Қазақстандағы діни ахуал.
- •69. Қазақстан және Еуразия экономикалық одағы.
- •70. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаттары мен міндеттері.
- •71. Қазіргі кездегі Қазақстанның экономикалық дамуы: жаңа инвестициялар мен бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі.
- •72. ҚазКср-дің және қр Тіл туралы заңының қабылдануы.
- •73. Қазақстанның Ұлт Бірлігі Доктринасы.
- •74. С.Сейфуллиннің қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылығы.
- •75. Қр жастар саясаты және тарихпен тәрбиелеу шаралары
- •76. Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі мәдени үдерістер
- •77. Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы
- •78. Салауатты өмір салты – ұлт болашағын қалыптастырудың негізі
- •79.Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық және дінаралық қатынастардағы үйлесімділік
- •80. Қазақстан Республикасының бітімгершілік миссиясы
- •81. Н.Назарбаевтың «Әлем.Ххі ғасыр» манифесінің негізгі қағидалары.
- •82. «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өтуінің тарихи маңызы.
- •83. Мәңгілік ел ұлттық идеясының мәні мен маңызы
- •84. Қазақстан Халық Ассамблеясы : мәні мен маңызы
- •85. Қазақсттанның еқыұ-на төрағалығы және оның маңызы
- •86. Экспо-2017 халықаралық көрмесін өткізудің Қазақстан үшін маңызы
- •88. Т.Әубәкіров және Қазақстанның ғарышқа жол ашуы.
- •89. Қазақстанның қазіргі кездегі ұлт зиялылары және ұлттық идея (м.Шаханов, о.Сүлейменов, т.Б.).
- •90. Н.Ә.Назарбаев - қр Тұңғыш Президенті.
42. Алматыдағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері.
Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д. А. Қонаевты орнынан алған кезде айырықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан Компартиясының бiрінші хатшысы Д. А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г. В. Колбин сайланды. Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум өткеннен кейін екінші күні Орталық партия Комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар, т.б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында "Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек" деген ұран бар еді. Мұндай көсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы өкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Міне, осындай күрделі жағдайда Г. В. Колбин партия Орталық Комитетінің бюро мәжілісін шақыртып, оған С.М. Мұқашев, Н.Ә. Назарбаев, З.К. Камалиденов, О.С. Мирошхин, М.С. Меңдібаев, А.П. Рыбников, Л.Е. Даулетова, В.Н. Лобов, т. б. қатынасты. Бірақ олар алаңға шыққан жастардың жүрегіне жол таба алмады. Негізінде алаңға бейбіт жастар шықты. Жалпы күш көрсетеміз деген ой олардың санасында да жоқ еді. Бірақ наразылық білдірді. Көтерген үнқағаздары болды. «Ленин идеясы жасасын!» деген үнқағаз ұстағандардың өзі де жауапқа тартылды. Жастардың алаңға шығу себептері әртүрлі. Олардың, кейбіреулері мұнда талай жылдар бойғы шовинистік кеудемсоқтыққа өкпе-наразылығын білдіргілері келсе, басқалары "ұлттық намысты қорғау” ұранына еліктей аттанды. Шеру саяси сипатта өтті және ол басқа халықтарға, соның ішінде орыстарға қарсы бағытталмады. 17 желтоқсанның кешіне дейін шеруге қатысушылар шектен шықпады, ешбір заңды бұзбады. Осы арада ерекше айта кететін бір жәйт, алаңда қазақ жастары басым болғанымен, олардың қатарында орыс, украин, ұйғыр және басқа ұлттардың өкілдері де болды. Оны сол кездегі ішкі істер органдары тіркеген тізім де растайды. Оқиғаның ушығуына, оның тым ауыр сипат алуына деген басты кінәні саяси айтыстан қашқақтаған, нақты жағдайда біліксіздік танытқан партия мен үкімет органдарының шенеуніктеріне арту керек. Соның салдарынан құқық қорғау органдары мен милицияға қара күш қолдануға рұқсат берілді. Ақыры оқиға кезінде әр ұлттың өкілдерінен тұратын 2401 адам ұсталды. Бұлардың ішінде Алматының соттары 326 адамды әкімшілік жазаға кесті, қылмыстық тәртіп бойынша – 99 жас сотталды, екі адам ату жазасына тартылды. Тек қана Желтоқсан оқиғасына байланысты Қарағанды университетінен 25 студент комсомолдан шығарылып, 11-і университеттен қуылды. Алматы сәулет-құрылыс институтының бұрынғы студенті Қ.Рысқұлбеков түрмеде қаза тапты. Студент қыз Л.Асанова жұмбақ жағдайда көз жұмды. Мұндай қайғылы мысалдар аз емес. Билік басындағылар 1986 жылғы көтеріліс кезінде әдейі арандатушы топ құрып оларды жастарды ортасына жіберген. Олар әдейі күпәйке киіп: «қашанға дейін осыған төзе береміз», «орыстар қашанға дейін бізді басына береді» деп өзеуреп, әскерлерге қарсы мұз лақтырып, бір жағы бұзақылық көрсетіп тұрған. Бұл қасақана ұйымдастырылған топ мүшелері «Метель» операциясына сай құрылып арнайы арандату арқылы ұлттардың арасына жік салу арқылы көтерілісті басу ісімен жүзеге асырылған зымиян жоспардан туындаған еді. Ал «Метель» операциясы 1986 жылғы желтоқсаннан бір жыл екі ай бұрын алдын ала ойластырылған еді. Бірақ ол операцияны жүзеге асыратындай жер болмаған соң ол босқа жатып қалған. Ал Алматыда бейбіт жастар шеруі жүріп жатқан кезде КСРО Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Чебриков М. Горбачевке жолығып «Метель» операциясын қолдануға ауызша рұқсат алған. Бұдан кейін бейбіт жастардың шеруі неге айналғанын қазір бәріміз білеміз. Ал сол күні Алматыға ұшып келген КСРО Қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Бобков пен КСРО ішкі істер министрінің орынбасары Елисов «Метель» операциясын сынау үшін, Алматыда жаппай күш көрсетуге көшті. Алдын ала ойластырылған үлкен күш Желтоқсан көтерілісі кезінде жастарға қасақана жұмылдырылды. Күш қолдану үшін оған негіз болу керек қой. Сондықтан «алаңға шыққандарды маскүнемдер, нашақорлар және бұзақылар еді» дегізу қажет болды. Колбиннің тапсырмасымен Желтоқсан көтерілісі қарсаңында зауыттар түні бойы жұмыс істеп темір таяқ кесіп дайындаған. Қазақтың жігіттері ондай қаруды қолданудан бас тартқан. Сөйтіп, жастарға күш көрсеткен қарулы топ, негізінен орыс жасақшылары болып шықты. Олардың көпшілігі қызып кетіп, садизмге беріліп, көше-көшеде жолыққан, ешкімде шаруасы жоқ бейкүнә адамдардың өзін ұрып-соғып таяққа жығып, қорлаған. Осылайша екі ұлт ашықтан-ашық бір-біріне қарсы қойылды. Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның ішінде Г.В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерсе де анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар жүрді. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазалаушыларға қарсылық көрсетті. Олар жастарды мұздай суға тоғыту үшін алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды өртеп жіберді. Қақтығысудың барысында Е. Сыпатаев және С. Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Осыған байланысты үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады. Алматыға басқа жерлерден арнайы әскери бөлімдер әкелінді. Иә, ақыры қазақты ұлтшыл атандырып КОКП Орталық комитетінің қазақ ұлтшылдығы туралы арнайы шығарған қаулысы дүниеге келді. 1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті "Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы" арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы желтоқсандағы оқиға Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп бағаланды. Бірақ кейіннен бұл шешім қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы ешуақытта ұлтшыл болып көрген емес еді. Мәселені әрі қарай тексеріп, болған фактілерді Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жанынан арнайы құрылған Мұхтар Шаханов бастаған комиссия егжей-тегжейлі тексерді. Оның барысында, қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда, алғаш рет демократия және жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндік үшін көтерген талабы мен ескі партиялық ойлау арасындағы қақтығыстың болғандығы ашып көрсетілді. Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанымен ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Шеру саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан ол экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Жүйе оны "Қазақ ұлтшылдығы" деп айыптауға дейін барды. Осыған байланысты 1987 жылғы 14 наурызда өткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешіміне сәйкес партия ұйымдарында тазалау басталды. Атап айтқанда, өздерінің жіберген қателіктерін ашық мойындау, номенклатуралық жетекші қызметкерлерге мінездеме беруді жаңарту, бастауыш партия ұйымдарында жеке коммунистердің, ал жетекші қызметкерлердің өз қызмет орындарында, тұратын жерлерде есептері тыңдалды. Есеп беру барысында, тек 1987 жылы облыстық партия комитеттерінде істейтін жауапты қызметкерлердің 28 пайызы, ал қалалық және аудандық партия комитеттерінің әрбір үшінші қызметкері жұмыстан босатылды. Олардың әрбір оныншысы қызметте жіберілген кемшіліктері үшін деген мінездемемен орын алынды. Мұндай тазарту жұмыстары сондай-ақ кеңес, кәсіподақ, комсомол органдарында да кеңінен жүргізілді. Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 БЛКЖО мүшесіне, 210 партия мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. Желтоқсан оқиғасына «ұлт-азаттық саяси қозғалымс» деген баға беріліп отыр. Бұл – қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын көтеріліс. Қазақ халқы өзінің тәуелсіздігі, мемлекеттілігі үшін қай заманда болсын, қозғалысын еш уақытта тоқтатпаған. Бұл - соның айғағы. Егемендікке жетудің жолында жасалған көп қадамның бірі осы Желтоқсан көтерілісі. Шындығы, бұл – ұлт-азаттық күрес. Өйткені бұған тек қазақтар ғана қатысты. Оған саяси дегенді қосуымыз керек. Бұл жердегі қойылған талап – билік басында қазақ отыруы тиіс. Жергілікті кадрларды қуғынға салған Г.В. Колбин Орталық партия Комитеті бюро мүшелерінің пікірімен санаспады, олардың талаптарын қабылдамады, мәселелерді көп жағдайда өз еркімен шешті. 1989 жылы наурыз айында Г. В. Колбин Халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып Мәскеуге кетті. Оның орнына сол жылғы шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Бір ерекше айтып кететін жағдай, қайта құру жағдайында бұқаралық хабарлама органдары елдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларды, өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды. Әсіресе, республикада орын алған әлеуметтік және ұлттық қайшылықтар жөнінде жан-жақты айтылды. Соның арқасында еңбекшілердің азаматтық және ұлттық сана-сезімі едәуір өсті. Халық арасында орын алған жұмыссыздық, балалар өлімі, халықтың мәдени-тұрмыстық, үй-жай жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оның қорытындылары ашық жарияланып отырды. Мұның өзі бұқара халықтың саяси-әлеуметтік белсенділігін күшейтуге көмектесті. Қайта құру барысында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму, ана тілі, мемлекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады, бұл мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты. Жазықсыз жапа шеккен жастар
Енді жазықсыз жапа шеккендер, сотталған, түрлі дәрігерлік "сынақтан” өткен, қорланып, намыстары тапталған жандар өмірінен деректер берейік. Шымкент облысы, Бөген ауданы, Ақжол ауылының тұрғыны, зейнеткер Ақпал Молданазарованың сол кездегі Конституциялық сотқа жазған арызынан үзінді: "Менің қызым Кенжегүл Молданазарова Алматы дәрігерлік институтының студенті. 1986 жылдың 18 желтоқсаны күні көшеде келе жатқан кезінде солдаттар "торына түсіп”, басынан қатты соққы алды. Ауруханада қызымды дұрыс қарамай, тез шығарып жіберген. Ол алаңға өзінің немерелес сіңлісі, байланыс техникумының студенті Анар Бәдренованың қайда екенін білуге барған. Анар да соққыға ұшыраған. Қызым Арыс, Шымкент ауруханаларында емделгенімен, нәтиже шықпады. Сосын оны Ташкентке алып бардық. Ондағы зерттеу кезінде басына қатты соққы тигендіктен миына қан құйыла бастағаны белгілі болды. Операция үстінде Кенжегүл дүние салды. Қызымның өліміне кінәлі қанішер солдаттар мен милиция қызметкерлері және соларға бұйрық беріп, жастарды жазалаған басшылар жауапқа тартылуы тиіс. Мұны мен ана ретінде өтінемін.” (Конституциялық сот және желтоқсан оқиғасы туралы іс, 9-том, 265-бет.). Көздеріне қан ұялаған жендеттер қолдарына кімнің түскенін де ажыратып жатпады. Ұйғыр жігіті Абайдулла Рузиевтың сол кездегі басынан кешкенін ешкімге де тілемей-ақ қояйық. "17 желтоқсанда мені тұтқындады да 15 сөткеге жауып тастады. Осы 15 күн ішінде тергеушілер небір сұрақтар қойып, менің қайдағы бір қылмысқа қатыстылығымды айтып, ұрып-соғумен болды. Шағын камераға 30-дан артық адам әрең сиятын еді. Онда сыз тартып, суық болды. Ақыры мен ауырып қалдым. 15 күннен соң жұмысқа оралдым. Бірақ та 1987 жылдың қаңтарында мені қайта шақырып, түрмеге жауып тастады. Тергеушілер Сафонов пен Бейсалиев менің әскери курсанттарға қол жұмсағаным жөнінде түсінік беруімді талап етті. Көнбеп едім, олар ұрып-соғуға көшті. Қорлыққа шыдай алмай, өз "кінәмді” мойындадым, сөйтіп 5 жылға кесіліп, айдауға кеттім. Әкем дүниеден ерте кетіп еді, үйде шешем үйелмелі-сүйелмелі 7 баламен қалды. Алатыны бар-жоғы 75 сомдық зейнетақы. Айдауда жүргенде ең бір қиын учаскелерде болдым, тайганың 50-60 градустық аязы табанымнан өтіп, арқамнан шыққандай болды”. (Бұл да сонда. 10-том, 78-бет.). Алматы оқиғасының жаңғырығы басқа қалаларға да жетті. Барлық жерлерде студенттер мен жастар жиналып, ұлттық мәселені жоққа шығарып отырған орталықтың өктем саясатына қарсылық білдірді. Оған жауап ретінде жергілікті билік органдары жазалау әрекетіне көшті. Сондай жапа шеккендердің бірі целиноградтық Асқар Сағынаев Конституциялық сотқа былай деп жазды: "Алматыдағы оқиға туралы естіген соң, біз студенттер бірінші хатшы Г.В.Колбиннің атына қарсылық хат жаздық. Жоғары оқу орындарының студенттері қол жинауда белсенділік танытты. Сол үшін бізді ұстап, соттады. Мені бірден "есі” дұрыс емес деп тапты. Күштеп "емдей” бастады. 8 ай бойы олар жүйкеге әсер ететін дәрілерді беріп, осылайша менің "саяси көзқарасыммен” күресті. ...Кейіннен мен Жоғарғы Соттың шешімі бойынша ақталдым, өйткені менің іс-қимылымда еш қылмыс жоқ деп тапты. Әйтсе де бұл толық ақталу емес. Өйткені, дәрігерлер анықтаған "дерт” әлі де алынған жоқ. Тоталитарлық жүйенің жандайшаптары улаған менің денсаулығымды кім қалпына келтіреді? Олар осы күнге дейін адам құқын таптағандарын, сау адамды ауру қылғанын, мойынсұнбағандарды басып-жаншығанын еске алғылары келмейді. Қазір мен институтты тәмамдадым, отбасылы, бала-шағалы болдым. Бірақ та сонау бір аязды күндері тапталған ар-намысым кейде түн ұйқымды төрт бөледі. Біздің қазіргі билік органдары сол кездегі оқиғаға саяси баға беруге батылы бара ма екен?” (Конституциялық сот және желтоқсан оқиғасы туралы іс, 10-том, 66-бет.). 1992-1994 жылдарғы Конституциялық сотқа жазылған осындай хаттардағы оқиғаларды талдап қарайтын болсақ, онда жазалау әдістерінің бір-бірімен ұқсастығын байқаймыз. Сол кезде бұқаралык ақпарат құралдары бұл туралы неге жазбаған? Оның себебі айдан анық. Егер шындықты адамдар білетін болса онда: "Бір топ бұзақы маскүнемдер мен нашақорлардан басқа Қазақстанның еңбеккерлері пленум шешімін бірауыздан мақұлдады”, деген жалған ақпар иесі – ТАСС-тың өтірігі шығар еді. Сонымен бірге ойдан шығарған ақпараттарды таратуға қатысқан Соломенцев пен Колбиннің беделі түсер еді. Олар үшін ең қорқыныштысы осы болатын. Бірақ, бір нәрсе айқын: алаңға шыққан жастардың қимылын билеп-төстеушілер бәрібір қылмыс деп жариялады. Осыдан барып олар жастарды соққыға алды. Қазіргі күнге дейін қанша адам тұтқындалғанын ешкім айта алмайды. Өйткені, құқық қорғау органдарының құжаттарында "келісім” жоқ. Олардың жаттанды жауабы: "Сақтауға деген шектеулі мерзімнің бітуіне байланысты барлық құжаттар кезінде өртелінген”.
