Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билет.rtf
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
246 Кб
Скачать
☆

2.Жер асты сулары қандай топтарға бөлінеді?

қалқыма су, грунт және артезиан сулары

3.Ареал дегеніміз не?

Ареал — (лат. area – алаң, кеңістік) – өсімдіктер мен жануарлар түрінің, туысының, тұқымдасының құрлықта не судағы таралған аймағы; берілген таксон таралып және оның дамуынын толық циклі өтетеін жердің немесе теңіздің беті (түр, топ, қатар және т.б.). Ареал онда ағзалар соның бойымен немесе бірқалыпты орналасса ол тұтас болады, егер ағзалардың таралуы екі немесе бірнеше бір-бірінен оқшауланған аймақтармен шектелсе онда бөлінген болады. Ареалдар космополитті олар жер шарының көптеген аумағын алып жатыр. Өсімдіктердің эндемикалық түрлері осыларға қарама кайшы келетін жіңішке ареалдар бөледі; жер бетінде қандай да бір табиғи құбылыстың (жануарлар, өсімдіктер, пайдалы қазбалар түрлері және тағы да басқалары) таралған атырабы; физикалық және қоғамдық географияда қолданылатын ұғым. Мысалы, биогеографияда Ареал — тірі организм топтарының (түрдің, туыстың және тағы да басқалары), экономикалық географияда — әр ауыл шаруашылығы да немесе өнеркәсіп саласының таралған атырабы және тағы да басқалары.

Ол кез келген тіршілік иелерінің морфологиялық және экологиялық сипаттамаларының бірі болып табылады. Ареалдың мынадай түрлері бар: бастапқы Ареал – бір түрдің ең алғаш ерекше қалыптасқан аймағы. Бұл түрдің дәуірлеп, жаңа аймақтарда таралуы арқасында ол кеңейеді, ал азайып, жойылуы нәтижесінде тарылады; тұтас Ареал – бір түрдің тіршілік етуіне қолайлы мекендерге таралуы; үзілмелі (дезъюнктивті) Ареал – өсімдіктердің тұқым алмасуы, ал жануарлардың қоныс аударуы арқылы бір-біріне қатынаса алмайтындай, шалғай орналасқан аймағы (мыс., көгілдір сауысқан Пиреней түбегінде де, Қиыр Шығыста да тіршілік етеді); реликті Ареал – ертеде кең таралған түрлердің кейін әр түрлі себептермен тіршілік ету аймағы тарылып, шағын аумақтарда сақталып қалуы (Шығыс Қытайда ғана кездесетін жалғыз түр – гинко ағашының сақталуы); космополитті Ареал– кейбір өсімдіктер мен жануарлардың жер шарына жаппай таралуы (мыс., үй шыбыны, су егеуқұйрығы, т.б.); эндемикті Ареал – өсімдіктер мен жануарлардың шектеулі аймақтарды ғана мекендеуі [мыс., Жетісу аяқты балығы Жетісу (Жоңғар) Алатауының 1800 – 2500 м биіктіктегі бұлақтарында ғана кездеседі]. Қазіргі кезде көптеген тіршілік иелерінің Ареалдары адамның әр түрлі әрекеттерінің (тың жерлерді егістікке айналдыру, ормандарды кесу, шөлді жерлерді суландыру, батпақтарды құрғату, т.б.) нәтижесінде өзгеріске ұшырауда. Нақтылы Ареалдың сипаттамасы картаға түсіру арқылы анықталады. Ареал карталары ғылыми, денсаулық сақтау, шаруашылық мақсатта кеңінен қолданылады.

Билет№3

1.Қазақстанның қандай биік тауларын білесің?

Сарыарқа – Орталық Қазақстанда орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 1200 шақырымға созылып жатыр. Орташа биіктігі – 500-600 м. Сарыарқа солтүстігінде Батыс-Сібір жазығымен, оңтүстігінде Балқаш көлімен және Бетпақ Дала шөлімен, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен шектеседі. Сарырқаның негізгі жауһары – Бурабай шипажайлық аймағы. Жергілікті тұрғындар бұл жерді "қазақстандық Швейцария" деп атайды.

Мұғалжар – аса биік емес тас тізбегі, Орал тауларының оңтүстік сілемі. Мұғалжардың ең биік нүктесі – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 шақырым. Тау өз бастауын Шиелі және Терісбұтақ өзендерінен алады. Тас тізбегінен оңтүстікке қарай Үлкен борсық құмды шөлі жалғасады. Ол Арал теңізі мен Мұғалжарды бөліп жатыр.

Маңғыстау таулары – Каспий теңізіндегі Маңғыстаулық жартылай аралында жатыр. Олардың құрамына Қаратаудың батыс және шығыс жоталары, Ақтаудың оңтүстік және солтүстік жоталары енеді. Қаратаудың ұзындығы – 117, Ақтаудың ұзындығы – 70 шақырым. Бәрі де жыралар, сайлар, аңғарлар, жартастармен бөлшектелген. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі – Қаратау-Бесшоқы (556 м).

Таулардың оңтүстік бөлігінде Батыр аталатын ойпат бар. Бұл – Қазақстанның ең төмен нүктесі. Аталған ойпат әлем бойынша Израильдегі Өлі Теңізден (- 395 м), Қытайдағы Тұрфан шұңқырынан (-154 м), Африкадағы Ассаль өзенінен (-150 м), Египеттегі Каттара ойпатынан (-133) кейін бесінші орында тұр.

Алтай – Алтай-Саян аталып кеткен алып тау жүйесінің бір бөлігі. Шекарасы Зайсан көлі мен Байқал көліне дейін созылған. Қазақстанға оның тек оңтүстік-батыс аймағы ғана енеді. Оңтүстік шекарасы – Қара Ертіс өзенінің бассейні және Зайсан көлі, батысы – Қалба жотасы. Жер бедеріне байланысты қазақстандық Алтай үш аумаққа бөлінеді: Оңтүстік Алтай, Кенді Алтай және Қалба жотасы.

Жоңғар Алатауы Қазақстанның шығысында, Қытай мен Қазақстанның шекарасы, Іле мен Алакөл өзендерінің аралығында орналасқан және батыстан оңтүстік-батысқа, солтүстік-шығысқа созылып жатыр. Жоңғар Алатауының жалпы ұзындығы – 400 шақырым. Орташа биіктігі – 3580 м. Мұнда әлі күнге дейін таутекелер, арқарлар, қарақұйрықтар мекен етеді. Барсакелмес аралынан құландар әкелінген. Аймақ көненің көзі саналатын ескерткіштерге бай: тасқа салынған суреттер, қорғандар әлі де зерттеліп келеді.

Тянь-шань және Хан-Тәңірі. Тянь-шань таулы аймағы Қазақстанның оңтүстік-шығысын алып жатыр. Республикамызға Орталық, Батыс Тянь-Шань және Солтүстік Тянь-Шань (Күнгей Алатау, Шу-Іле Алатау, Желтау, Айтау, Қырғыз Алатауы енеді) тауының барлық бөлігі кіреді. Ал Орталық Тянь-Шань Қытай, Қазақстан, Қырғызстан шекараларында басталады. Осы жерде Қазақстанның ең биік нүктесі – Хан-Тәңірі (6995 м) бар. Мәр-мар тасты еске салатын үшкір пирамидалы тау алыстан-ақ көзге көрінеді. Таудың айналасында небір аңыздар тараған. Оны кейде Тәңіртау немесе Қантау деп те атайды. Екінші атауға себеп болған – күн батар кезде тау шыңының қызыл түске боялатындығы. Шыңғы жету – әрбір қазақстандық альпинситің арманы деуге болады.

Түрген шатқалы ыстық бастауларымен, сарқырамаларымен, қалың ормандарымен, өзендерімен, шипалық өсімдіктерімен, жеміс-жидектерімен танымал. Ең басты байлығы – сарқырмалар. Олардың саны жетіге жуық. Аюлы Сарқырамасы 30 метр биіктікте құлайды және айналысындағы шыршалары көрген көзді ынтықтырады. Жартастарда мұз дәуіріне дейінгі өсімдіктердің іздері қалған.