Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курс визуалды.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
661 Кб
Скачать
☆
    1. Компьютердің ішкі құрылғылары

Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды.

Бейнеконтроллер тақшасы (Плата видеоконтроллера; videoVGA) — бейнекескіндердің VGA стандарты параметрлерімен экранда бейнеленуі және бейнекескіндерді (NTSC стандартының талабына сәйкес) жазу жұмысын жасақтайтын бейнеконтроллер тақшасы.

Бейне карта батырмасын басқан кезде дербес компьютердің бейне картасы жайында толық ақпарат шығады. Бірінші жолдағы ақпарат бейне карта жадысының көлемі жайында. Келесі жолдағы ақпарат бейне карта атауы және бейне картаның қай карталар жүйесіне кіретіні жайлы жазылған. Бейнекарта (Видеокарта; video card) — бейнекамера, бейнемагнитофон немесе кез келген басқа композит сигнал көзінен алынатын бейнемәліметтерді дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейнемәліметтермен жұмыс істеуге арналған құрылғы.

Процессор компьютердің жүрегі десекте болады. Компьютеріңіздің есептеу жылдамадығы осы процессорға байланысты. Өндірісте процессорды Intel және AMD фирмалары шығарады. Intel-дің екі ядролық процессоры Core 2 Duo, ал AMD-нікі DualCore деп аталады. Процессордың жиілігін жоғарлатудан жарыс бітті. Процессордың жиілігі жоғарлаған сайын оның жылу бөлуі де жоғарылайды. Бұл әрине тиімсіз болды. Бұны бір корпусқа екі процессор орнату арқылы жеңді. Процессорлар такталық жиілігі, кэш жадысының көлемімен, платаға орналасатын ұяшықтарының түрімен әр түрге бөлінед

«Процессор» жайлы мәліметер алу. Бұнда: өндіруші, моделі, тактік жиілігі, кэш 2-ші дарежелі және кэш 3-ші дарежелі туралы мәліметтер береді. Тағы да енгізілген өзгеріс, бұл: жедел жады және қатқыл диск жайлы мәліметтер.

Жедел жады - компьютерлік есептеулерге арналған мәліметтерді белгілі бір уақытқа дейін сақтайтын құрылғы. Мәліметтер 0,1 түрінде жедел жадыға жазылады. Процессор мәліметтерді жедел жадыдан алып, оларды өндейді. Жедел жадыда тек белгілі бір уақытта болып жатқан компьютерлік процестерге қатысты мәліметтер ғана сақталып тұрады, компьютер сөнген жағдайда жедел жадыдағы мәлімет жоғалады. Мысалы, сіз бір компьютерлік ойын ойнап отырсыз деп ойлайық, сол ойынға қатысты мәліметтер (ойынның ішіндегі графикалық суреттер, функциялар, командалар) жедел жадыға жүктеліп, процессорға жіберіледі, процессор оны өңдеп, сонан соң мәлімет монитордың бетіне графикалық мәлімет түрінде жіберіліп отырады. Ал егер кенеттен компьютер сөніп қалған жағдайда жедел жадыдағы мәлімет жойылады, сол себепті сіз ойынды басынан қосуыңызға тура келеді. Сонан соң процесс қайта басталады, жедел жады қатты дисктен мәліметтерді алады, ал процессор мәліметтерді жедел жадыдан алып өңдейді. Жедел жады мәліметтерді уақытша сақтау орыны болып табылады. Жедел жадысына мәліметтер жазылатын кезде, жедел жады сегметтерге бөлінеді. Жедел жады, жады сегментациясы арқылы мәліметтерді тиімді орналастырып, сақтайды.

Қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш немесе ҚМДЖ (ағылш. Hard Disk Drive, HDD) қатқыл диск,компьютерлік сленгте «винчестер» - магнитті жазбаның ұстанымында негізделген есте сақтау құрылғысы. Көптеген компьютерлерде негізгі есте сақтау құрылғысы болып табылады. «Иілгіш дискіден» басты ерекшелігі – ақпарат ферромагнитті қабаты бар қатқыл пластинаның бетіне жазылады. Қатқыл дискіде хром қышқылының бірнеше пластиналы қабаты орналасқан. Қатқыл дискінің жұмыс жүйесінде санаушы бастары пластинаның сыртқы бетіне тимейді. Оның басты себебі, ферромагнитті диск жылдам айналған кезінде, санаушы бастардың сыртқы қабатына дискіні тигізбейтін ауа қабаты қалыптасады. Санаушы бас пен диск арасында бірнеше нанометр кеңістік қана қалады. Қазіргі замаңғы қатқыл дискілерде бұл көлем 10 нм – ді құрайды. Санаушы бас пен дискінің бір – біріне соқтығыспауы, қатқыл дискінің жұмыс мерзімінің ұзақ уақытқа жетуіне кепіл береді. Қатқыл дискінің иілгіш дискіден басты ерекшеліктерінің бірі – ақпарат тасымалдаушы, жүйелік блоктың ішіндегі қор жинақтауышпен байланыстырылғандығында.