- •5В020500-қазақ филология мамандығының 202-топ студенті: Төлегенова г.Н.
- •Студент-практиканттың жеке жұмыс жоспары
- •Жолдама
- •Практика кестесі
- •Практика базасы туралы мәлімет
- •Информант туралы мәлімет
- •Информант туралы мәлімет
- •Информант туралы мәлімет
- •Хан моласы
- •Практикадан өту туралы анықтама
- •Кілемжайған
- •Үңгіртас
- •Хан моласы
- •1908 Жылы салынған ескі мешіт
- •Жаңадан салынып ашылған мешіт
Практикадан өту туралы анықтама
Студент Төлегенова Гүлсайран Нұрланқызы______
Жеріңнің аты - Бабанның хаты__________
(Т.А.Ә., практика атауы)
Практикадан өтті
«_____ » «_____________ » 20_____ж.
_______________________________________________ .
(практикадан өткен мекеме)
Практика жетекшісі ______________________________
Жеріңнің аты - Бабанның хаты
Қазақ даласындағы жер-су атаулары біздің тарихымыз, ұлттық жадымыз екені белгілі. Атаулар кез- келген елдің тарихынан сыр шертіп, болмыс-бітімінен, халықтың тыныс-тіршілігімен шаруашылығына, салт-дәстүрінен, тілі мен дінінен хабар береді. Жазушы Мұхтар Әуезовтің «Біздің қазақ жер атын,тау атын әменде сол ортаның сыр-сипатына қоя білген.Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да, жер- су жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, құпия-сыр жатады» деп айтуы тегін емес.
Әйтеке би ауданның тарихи жер-су аттары
Бүгін сөз еткелі отырған Әйтеке би ауданы Ақтөбе облысының шығыс бөлігінде орналасқан. Ауданның жер көлемі 35,9 мың шаршы шақырым. 1936 жылы 11 тамызда Ақтөбе атқару комитетінің қаулысы бойынша Ырғыз ауданы Қарабұтақ және Ырғыз болып екіге бөлінді. 1966 жылы құрылған Комсомол ауданы мен Қарабұтақ ауданы 1997 жылы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Әйтеке би ауданы болып біріктірілді. 2008 жылы 1 шілдедегі есеп бойынша аудандағы тұрғындар саны 31277 адамды құрады.
Әйтеке би өңірінің жер-су атауларының көлемді бөлігін құрайтын топ белгілі бір тарихи оқиғаға байланысты қойылған топонимдер.
Хан моласы
Тарихи қазынаға бай өлкенің негізгі діңгегі, басты тарихи мұрасы – Кіші жүз ханы Әбілқайырдың мәңгі тыныс тапқан жерінің орналасуында. Әбілқайыр Мұхамбет Ғази Бахадүр хан (1693-1748) – Кіші жүздің ханы, қолбасшы.
1990-93 жылдары архивтерде бұрын ашылмай жатқан қорларды ізестіріп Петербург, Мәскеу, Орынбор қалаларынан біраз құжаттар алынған болатын. Сол құжаттардан Әбілқайырдың есімімен кейбір тарихи жер, су, елді мекен аттарымен тікелей байланысты екендігіне көз жеткізуге болады. Халық өз ұлдарының еңбегін, ерлігін ұмытқан емес.
Қазіргі уақытқа дейін ханмоласы орналасқан жер жергілікті халыққа «Хан» деген атаумен белгілі. Әбілқайыр хан жерленгеннен кейін жиырма үш жыл өткен соң көрген Н. Рычков өзінің «Дневные записки путешествия капитана Н.Рычкова в киргиз-кайсакской степи в 1771 году» деген жазбаларында хан моласын былай сипаттайды: «Хан тамы күйдірілмеген кірпіштен іргесі төрт бұрышты етіп қаланып, басы сүйірленіп күмбез болып біткен. Тамның батысындағы есіктен кіргенде ішіне ақ балшықпен сыланған бейіт ішіндегі шұңқырда кәдімгі киіммен хан денесі жатыр, - деген. – Қасында қылыш, садақ оғымен қойылған. Қазақтар бұл моланы әулие тұтады, әсіресе хан бейітінің аяқ жағынан шыққан биік ағаш бүкіл тамды жауып тұр. Келгендер ағашқа шүберек байлап, шаштарын жұлып бейіт басына қойып өздерінің қайғырғандық белгісін білдіреді». Осы суреттемеге сәйкес 1983 жылы Әйтеке би ауданының орталығы Комсомолдың Шығыс бөлігінің Оңтүстік-Шығысынан 180 шақырым жердегі «Хан моласын» белгілі тарихшы, этнограф С.Е.Әжіғалидың басшылығымен экспедиция зерттеу жұмыстарын бастайды. Осыдан кейін 1998 жылдан бастап зерттеу жұмыстары жиеленіп, нәтижесінде 2009 жылығы зерттеулердің нәтижесінде – «Хан моласы» деген қорым осы екеніндігі дәлелденеді. Бұл жер Толыбай шаруашылығына қарағанымен, көп жыл бойы көрші Торғай елі жайлайтын жемі-суы мол жайлауға айналыпты, мына қорым туралы біздің кісілерден гөрі олар көбірек білетін көрінеді, бірақ баяғы қасиетті «Хан моласы» деп сыйлайтын қариялар өмірден озған, қорым өте күйзелген.
Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданындағы «Хан моласы» қорымында Әбілқайыр ханға арналған мемориалдық кешен салынады деп хабарлайды
Кешен ашық аспан астындағы мұражайға және аймақтың танымал көзге көрінерлік орындарының біріне айналуы тиіс. Бұл туралы «Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, тану, сақтау және қолдану проблемалары» атты ғылыми-тәжірибелік семинарда белгілі болды. Ғалымдардың Әбілқайыр ханның жерленген жерін ұзақ уақыт іздегені белгілі, бұл бағыттағы зерттеулермен 1983 жылдан бері Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Серік Әжіғали айналысты. Ақырында ханның мүрдесі Ақтөбе облысына қарасты Әйтеке би аудынындағы «Хан моласы» қорымында табылды. Генетикалық талдау оның 99,355 пайызға сәйкес келуін көрсетті. Венгриялық антропологтар бас сүйегі бойынша Әбілқайыр ханның нақты бейнесін құрды. «Көне даланың тарихын құрметтеу, бағалау керек. Уақыт өте келе қазақ даласы жергілікті, республикалық, тіпті халықаралық көлемдегі туризм нысанына айналады», - деп атап өтті С.Әжіғали. Кеңесте тарихшы Әбілқайыр хан мемориалдық кешенінің эскиздік жобасын ұсынды. Бас жоспарға қорымнан басқа көлік тұрағы, тікұшақ алаңы, саябақ, ескерткіш, кәдесыйларды сататын орын кіреді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ғалымның пікірін қолдап, Ақтөбе облысындағы мемориалды салу үшін барлық пікірлер мен ұсыныстарды саралайтын арнайы комиссияның құрылатынын атап өтті. Басқа да мәселелер шешімін табатын болады. Келесі жылдан бастап, Әбілқайыр ханның 320 жылдығында оның жерленген орнында құрылыс жұмыстары басталад
