- •1 Билет
- •2 Билет
- •3 Билет
- •1)Тамыр және тамыр жүйесі. Атқаратын қызметі мен эволюциялық шығу тегі. Жас тамыр ұшының аймақтары. Тамыр жүйесінің түрлері.
- •2) Өсімдік жасушасының вакуолярлық аппараты, шығу тегі, атқаратын қызметтері. Орталық вакуоль, тонопласт, вакуоль шырынының құрамы.
- •3) Адамның қалыпты микрофлорасы, оның ролі. Адамдағы патогенді микроағзалар. Күйіс қайырушы жануарлардың қарнындағы микроағзалар, олардың әрекеті. Жануарлардағы патогенді микроағзалар.
- •1) Өркен және өркендер жүйесі. Өркен элементтері. Сабақта орналасуы мен жасалуына байланысты бүршіктің түрлері. Өркеннің өсуі және бұтақтануы.
- •2) Эндоплазмалық тор. Жалпы сипаттамасы, құрылысы, атқаратын қызметі.
- •3) Эволюциялық ілімнің дамуының алғы шарттары. Ч. Дарвиннің еңбектері.
- •1) Сабақ – өркеннің негізгі өсі. Жалпы сипаттама және сабақ функциясы. Дара жарнақты өсімдік сабағының алғашқы анатомиялық құрылысы.
- •2) Гольджи кешені, құрылысы, атқаратын қызметі, өсімдік және жануарлар жасушаларында орналасуы.
- •3) Қолдан сұрыптаудың түрлері.
- •1)Жапырақ морфологиясы мен функциясы. Жай және күрделі жапырақтар классификациясы. Жапырақ формациясы. Гетерофилия және анизофилия. Жапырақтың анатомиялық құрылысы.
- •3 Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі кездегі гипотезалар.
- •1)Вегетативтік көбею әдістері. Өсімдіктердегі регенерация құбылысы. Партикуляция. Микроклональды көбейту тәсілдері. Қалемшелеу. Будандастыру - мәдени өсімдіктерді көбейту әдісі ретінде.
- •3 Биогенездің негізгі кезеңдері және биохимиялық эволюция сатылары.
- •9 Билет
- •3)Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы.
- •10 Билет
- •3)Мутация түрлері және оның генотипке байланыстылығы.
- •11 Билет
- •2)Рибосомалар. Құрылысы, химиялық ұйымдасуы, рибосомалық рнқ және ақуыздар. Про- және эукариот рибосомалары. Полисомалар. Рибосомалар функциясы – ақуыздардың биосинтезі.
- •12 Билет
- •1 Сұрақ жоқ базада
- •13 Билет
- •1 Сұрақ жоқ фазада
- •14 Билет
- •1 Сұрақ базада жоқ
- •15 Билет
- •3) Насекомдардың дене құрылысы және олардың туындылары.
- •16 Билет
- •17Билет
- •18Билет
- •3.Көкөніс және жеміс-жидек аурулары, онымен күресу шаралары. Ауруларды есепке алу жолдары.
- •25 Билет
- •2.Микроағзалардың дамуы және өсуі. Өсу қисығы. Өсу фазалары.
1)Тамыр және тамыр жүйесі. Атқаратын қызметі мен эволюциялық шығу тегі. Жас тамыр ұшының аймақтары. Тамыр жүйесінің түрлері.
Тамыр – топырақтың ішінде жататындықтан өсімдіктің жер асты мүшесі. Оның атқаратын қызметі: топырақтан су мен минералды тұздардың ерітіндісін сору; өсімдікті топыраққа мықтап бекіту; қоректік заттарды қорға жинау. Су мен минералды тұздардың ертіндісін сору қызметіне байланысты өң жасушаларынан тамыр түктері түзіліп, өткізгіш жүйелері дамып көлемін ұлғайтса, ал топыраққа мықтап бекіну қызметі оның орталық бөлімінде тірек ұлпалары түзіліп, беріктігін күшейте түседі. Сабақтан айырмашылығы – тамырдың алғашқы қабығы тез түсіп отырады, жапырақ (тіпті қабыршақ түрінде де) шығармайды. Тамыр сабық сияқты ұшынан өседі (тамыр ұшы оймақшамен қапталып тұрады, ол қорғаныштық қызмет атқарады). Тамыр жүйесі – бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығы. Негізінен кіндік тамыр жүйесі және шашақ тамыр жүйесі деп екі типке бөлінеді. Кіндік тамыр жүйесінде білуленген жуан негізгі тамыры бар, оның жан - жағынан әр түрлі бағытқа жанама тамырлар таралады. Шашақ тамыр жүйесінде ерекшеленіп білінетін негізгі тамыр болмайды. Қосалқы тамырлардың қаулап өсуі біркелкі жуандықта шашақталып жан - жаққа жайыла өседі, көбінесе дара жарнақты өсімдіктерде болады. Тамыр ұзындығына, атқаратын қызметіне қарай: тамыр оймақшасы, бөліну, сору(өсу), сору, өткізгіш деп бөлінеді.Тамыр оймақшасы: тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы өсу нүктесіне кірмейді. Тамыр ұшындағы өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады.Бөліну: аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі болып 3 қабаттан тұрады.Өсу-бөлімінің жас жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді.Сору - өсу бөлімінен кейін орналасады. Қалың түтіктері бар бөлік. Тамыр түтіктері тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы жасушаларының созылуынан пайда болады.Өткізу-су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл бөлімде тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар дамиды. Тамыр жүйесі. Кез келген өсімдіктің барлық тамырлары бір-бірімен байланысты және олар тамыр жүйесін құрайды. Тамыр жүйесінің құрамына құрылысы әр түрлі тамырлар-негізгі, жанама және қосалқы тамырлар кіреді.
Негізгі тамыр ұрықтан өсіп шығады. Негізгі тамырдан жанама тамырлар таралады. Олар көбінесе сору аймағында пайда болады. Қосалқы тамырлар өсімдіктің әр түрлі мүшелерінен өсіп шығады. Олар тамыр жүйесінің жаңаруынан немесе зақымдалудан, кесілуден кейін пайда болады. Қосалқы тамырлар тамыр жүйесінің топыраққа жанасу бетін ұлғайтады.
2) Өсімдік жасушасының вакуолярлық аппараты, шығу тегі, атқаратын қызметтері. Орталық вакуоль, тонопласт, вакуоль шырынының құрамы.
Вакуоль – іші көмірсулар, тұздар, органикалық қышқылдардың ерітіндісіне толы жасуша ішіндегі кеңістік. Ол сыртындағы қабықшасы арқылы (тонопласт) цитоплазмадан оқшауланып тұрады. Қабықшасының жартылай өткізгіштік (талғап өткізу) қасиеті бар, сондықтан цитоплазмадан өтетін заттарды бақылайды. Вакуоль жаңа түзіле бастаған жас жасушаларда өте ұсақ болады. Вакуоль эндоплазматикалық ретикулумның локальдық кеңістігінен пай¬да болады. Олар осы торда өте жіңішке жолақтар ретінде пайда болады да зат алмасу өнімдерінің біртіндеп жиналуынан санын, көлемін үлкейтеді де бірте-бірте жасушаның орталық бір вакуоліне айналады. Жасушада вакуольдың атқаратын қызметі:1. Жасуша ішіндегі сулы ортаны қалыптастырып су мен тұздың алмасуын реттейді;2. Жасушадағы сұйықтықтың қысымы бірқалыпты болуын сақтайды;3. Вакуольде көптеген органикалық заттар қорға жиналып, өсімдікке қажет болғанда жұмсалады;4. Керексіз зиянды улы заттар жиынтығы вакуоль арқылы сыртқа шығарылады;5. Вакуоль улы заттарды ерітіп ыдыратады, мұндай вакуольды лизосома дейді.Тонопласт (грекше tonos – кернеу және plastos – жасалған) – тек өсімдік жасушаларына тән вакуоль қуысын шектеп тұратын биологиялық мембрана. Дамып жетілген жасушада вакуоль жасуша көлемінің 90%-ын алып жатады. Онда суда еріген органик. және минералды заттар шоғырланады. Ол заттарды вакуольден цитоплазмаға немесе кері бағытта сұрыптай өткізгіш қызметін атқарады. Тонопласт көптеген гидролиздегіш ферменттермен және заттарды тасымалдағыш белоктармен жабдықталған. Ферменттердің күрделі полимерлі қосылыстарды бөлшектей ыдырататын қабілеті болады. Жасуша шырынының химиялық құрамы өсімдік түріне байланысты, бірінде қышқыл, екіншісінде сілті, үшіншісінде бірқалыпты. Шырындағы судың мөлшері 70-95%.
