- •1. Салықтардың экономикалық мәні және қызметтерін анықтаңыз
- •2. Салық жүйесін ұйымдастыру қағидаларын белгілеңіз .
- •3. Салықтарды төлеу әдістерін талдаңыз
- •4. Салықтық механим және оның элементтерін сипаттаңыз
- •5.Салықтардың сыныптамасын айқындаңыз
- •6. Салық жүйесі және салық саясатың негізгі міндеттерін сипаттаңыз
- •7.Қазақстан Республикасының салық жүйесі: кезеңдері және дамуы талдаңыз
- •Экономиканы салықтық реттеу: мақсаты, міндеттері, әдістерін ашып көрсетініз
- •9. Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтардың ролі айқындап көрсетіңіз .
- •10. Салық элементтерін ашып талдаңыз
- •11. Салық салу эвалюциясының кезңдерін сипаттаңыз
- •12. Қазақстанның салық жүйесіндегі міндетті төлемдердің түрлері және мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы орнын анықтаңыз
- •13. Салықьық механизм: сипаттамасы және құрылымы
- •14. Салық саясатының типтері және оның нарықтық экономиканы дамыту модельдерімен өзара қарым қатынасы
- •18. Салық жеңілдіктерің сипаттаңыз
- •21. Корпоративті табыс салығы: есептеу төлеу механизмі ашып көрсетіңіз
- •22. Заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің мүлік салығын есептеу ерекшеліктерің сипаттаңыз
- •23. Жеке тұлғалардың мүлік салығы: есептеу төлеу механизмін сипаттаңыз
- •24. Жеке табыс салығы: есептеу төлеу механизмін ашып көрсетіңіз
- •25.Жер салығы: есептеу тәртібі және бюджеттің кірісін қалыптастырудағы ролі аңыктаңыз
- •26. Әлеуметтік салық: есептеу төлеу механизмін ашып көрсетіңіз
- •27. Заңды тұлғаларға арналған арнайы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері.
- •28. Жеке тұлғаларға арналған арнайы салық режимдерін анықтаңыз.
- •29. Көлік құралдарына салынатын салық: есептеу және төлеу механизмі
- •30 Жер қойнауын пайланушыларға салынатын салық: есептеу төлеу механизмін сипаттаңыз
- •31. Ққс: есептеу және төлеу механизмін аңыктаңыз
- •32. Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтардың орнын аңықтаңыз және сипаттаңыз
- •33. Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі тікелей салықтарды сипаттаңыз
- •34. Тіркелген салық және ойын бизнес салығын қолдану ерекшеліктері
- •35 Қр территориясныда жүзеге асатын, алымдар, төлемдер және баждар
- •36. Көлік құралдарына салынатын салық: есептеу және төлеу механизмі
- •37. 24 Сурақты қара
- •38. Ққс есептелуін талдаңыз.
- •39. Әлеуметтік салықты есептеу механизімін талдаңыз
- •40) Меншікке салынатын салықтар
2. Салық жүйесін ұйымдастыру қағидаларын белгілеңіз .
Салық принциптерінің, жалпы салық салу теориясының негізін қалаушы болып шотландық экономист, әрі философ Адам Смит табылады. А.Смиттің классикалық принциптері төмендегідей:
1. салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік принципі);
2. салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық принципі);
3. әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс. (қолайлылық принципі);
4. салықтан жиналған түсімнен оны жинауға кеткен шығын аз болуға тиіс (үнем принципі);
Салық салудың қазіргі халықаралық принциптері мыналар:
1. Қарапайымдылық принципі. Салық механизмі салық төлеушіге түсінікті болуы тиіс, ол айқын әрі жеңіл болуы керек. Ол үшін мына шарттар орындалуы қажет:
- салық түрлері өте көп болмай, нақты да дәлелді болуы керек;
- бір салық түріне бірыңғай салық ставкасын белгілеу қажет;
- салық салуобъектісін, салық салынатын табысты немесе айналымды анықтау әдісі барынша жеңіл, қарапайым, қолдануға ыңғайлы және түсінікті болғаны дұрыс;
- салық жеңілдіктері не үшін беріледі, оған қандай негіздер бар екенін дәлелді болуы керек. Салық жеңілдіктерінің мейлінше аз болғаны дұрыс;
- салық төлеуде, салықты табыс көзінен, яғни төлем жүргізілген көзден төлеген ыңғайлы.
2. Әділеттілік принципі. Салық жүйесінде әділеттілік принципі тікелей және көлденең екі бағытта сақталуы тиіс.
4. Салықтардың анықтылығы – алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.
5. Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді бұрмалайды және салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды.
6. Салық салудың экономикалық бейтараптығы. Салықтар экономиканың жұмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы тиіс.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексі салық ісін мынадай қағидаларға негізделіп жүргізілуін талап етеді:
- міндеттілік қағидасы бойынша салық төлеуші салықтық міндетін толық және белгіленген мерзімде орындауы тиіс.
- нақтылық қағидасы бойынша Қазақстан Республикасындағы бюджетке төленетін төлемдер мен салықтар нақты болуы тиіс.
- әділеттілік қағидасы бойынша Қазақстан Республиикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болады, жеке түрдегі жеңілдік жасауға рұқсат етілмейді.
- біртұтастылық қағидасы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында жалпыға бірдей салық жүйесі қолданылады. жариялылық қағидасы бойынша салықты реттеуші нормативтік құқықтық кесімдер ресми басылымдарда жарық көреді.
3. Салықтарды төлеу әдістерін талдаңыз
Салық есебі – салық заңнамасында көзделген тәртіпке сәйкес топтастырылған бастапқы құжаттардың негізінде салықтар бойынша салық базасын айқындау үшін ақпарат жинау, тіркеу және қорытындылау жүйесі. Салық есебінің міндеттері мен атқарымын орындау үшін салық заңмасында арнаулы тәсілдер мен әдістер айқындалған, олардың жиынтығы Салық есебінің өзара байланысты әдіснамасын құрайды.
Салық салу әдістері
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт тәсілдері қолданылады:
- кадастрлық;
- салық төлеушінің декларациясы бойынша;
- табысты алу көзінен ұстап қалу;
- патенттік негізде.
Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.
Декларацияда салық төлеушілер табыстың көлемі, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық декларациясын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мысалы, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер салық органына олар бойынша декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-наурызынан кешіктірмей өткізеді.
Салық төлеушіден салық декларациясын табыс етудің белгіленген мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган салық декларациясын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы. Бірақ салық деларациясын тапсыру мерзімін өзгертпейді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды.
Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент – арнаулы салық режімін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат.
Салықтық есептің екі әдісі қолданылады:
- кассалық;
- есептеу.
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық органдары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылданған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі – салық төлемдері жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.
