Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
farm_emtikhan_toly_1179.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116 Кб
Скачать
☆

30 Балл

1 Вариант

Құрамында антрацен туындылары бар іш жүргізетін өсімдік дәрілерін жазыңыз. Әсер ету механизмі. Сынғақ Итшомырт қабығынан дайындалған 200мл қайнатпаға рецепт жазыңыз. Сигнатурасын көрсетіңіз. Қайнатпалы ас қасықпен күніне 3рет ішкенде 200мл қайнатпа неше күнге жетеді.

Құрамында антраглюкозид бар (қанттан жане антрацен туындыларынан тұрады) өсімдік тектес препарат итшомырт қабығының , кассия жапырағы, рауғаш жапырағы қолданылады.бұл препараттар әсер етуші заттарға аш ішекте жартылай сорылады жане тоқ ішекте бөлінеді. Антрацен туындылары тоқ ішектің рецепторлық құрамдастарын тітіркендіріп, су мен электролиттердің сорылуын ұстай отырып, асқазан перистальтикасын күщейтеді, Іш жүргізетін әсері 8-12 сағаттан кейн басталады.Ұйықтар алдында ішсе, әсері күні бойы сақталады.

Rесіpе.: Decocti corticis Frangula alnus Mill 200ml

Da.Signa. Ауыз шаюға

Бір ас қасық 15 мл * 3рет ішсе, = 45 мл кетеді күніне.

Қайнатпа тез бұзылатындықтан 3-4 кунге ғана дайындалады.

Ал күнде 45 мл ден ішсе,

200мл ден – 180мл=4 кунге жетеды.

2билет

Фенантрен изохинолин туындысына жататын, күшті ауырсыну сезімді басатын дәріні жазыңыз. Оның негізгі жағымсыз әсерлері. Қолдану көрсеткіштері. Осы дәрінің 2 ампуладағы ертіндісіне рецепт жазыңыз. Есептеңіз: Осы дәрінің 1%-тік ертіндісінің 0,5 миллимитрінде неше миллиграм дәрі бар?

Морфин гидрохлориді жатады.Жағымсыз әсерлері:негізгі жағымсыз әсерлері-аритмия,гипотензия,өкпе ісінуі,гипоксия,құсу,зәрдің және үлкен дәреттің тоқталуы,гипогликемия,тер бөлінуінің күшеюі болады.Тыныс алу үстіртін,сирек сонан соң қайталанады.Тыныс алудың бұзылуы бронхоспазм нәтижесінде ушығады.

Бронхтың түйілуін,асқазанның қыспағының жиырылуын,ішек өт шығарушы және зәр жолдарының түйілуін тудырады.

Морфиннің 40%адамдарда жүрек айну,және құсу орталығының қозғағыш аймақтарының хеморецепторларын қуаттандырып,құсу тудырады.

Арқа сіңір рефлекстерін күшейтеді.

Пролактин,өсу гормонының және вазопресиннің бөлінуін күшейтеді.Үлкен дозоларда жылу беру орталығын белсендіріп,гипотермияға әкеледі.Көз қимылдатушы жүйкенің ядроларындағы М және К опиоидты рецепторларды белсендіріп миоз және аккомадацияның жеңіл түйілуіне әкеледі.

Морфин наркотикалық анельгетик фенатрен туындысы.

Қолдану көрсеткіштері-морфин жөтел рефлекстерінің орталық звеноларын тежейді және жөтелге қарсы,ОЖЖ тежейді.Психотропты әсер етіп ұйқы,тыныштандыру,эйфория шақырады.Ең негізгісі-ауырсыну сезімін басады...

Изохинолин туындысы-папаверин гидрохлориді бұлшықеттерге тікелей спазмолитикалық әсер көрсетед.

Recipe.:Solutionis Morphini hydrochloridі 1%-1ml

Da tales doses №2 in ampullis

Signa.Көктамырға изотониялық сумен ауырсыну кезінде 1 рет қабылдау үшін

1%-100ml

x-0.5ml

x=0.5\100=0.005 0.005 мг дәрі бар

3-билет

5.Ангиотензин-2 АТ рецепторларының тежегіштерінің ішінен Са каналдарының тежегіштерінің ішінен, ілмектік ж.е тиазид топтарының дәрілері ішінен антигипертензипті қасиет көрсететін бір-бір өкілдерін жазыңыз. Солардың ішінен Верапамилдің әсер механизмін жазыңыз. Сонымен қатар осы верапамилдің 30 түйіндемесіне рецепт жазыңыз.

1.Ангиотензин-2 Каптоприл, Эналаприл.

2.Са каналдарының тежегіштері-Фенигидин, Дилтиазем, Верапамин

3.АТ-ангитендиндік рец. Теж-Лозартан

4.Ілмектік-фурацемид, этакрин, қыш-ы, клопамид

5.тиазиддер-индапамид,гидрохлортиазид

6.Антигипертензивти-адреналин, ацетилхолин

Верапамил л типті Са каналдарын тежегіштерінің дифенилалкиламиндер тобына жатады. Фенилалкиламин Са каналдарының тежегіштерінің негізгі әсерлері еніп жатқан Са-дің баяу ағымының тежелуімен көрінеді. Ол көбінесе потенциалға тәуелді калций каналдарының тежелуімен қамтамассыз етеді.

Бұлшық ет жасушаларында Са иондарының ағымын тежеу миокард жиырылғыштығының төмендеуімен ж.е тәждік қан тамырларының кеңеюімен жүреді.

Верапамил аритмия кезінде кеңінен қолданылады. Ол ішекте жақсы сіңеді. Өзгермеген ж.е каньюгат түрінде зәрмен,өтпен шығады.

Верапамил супревентикулярлық аритмияда ж.е стенакардияда кеңінен қолданылады.

Жанама әсерлері гипертензия, жүрек жетіспеушілігініің күщеюі, атривентикулярлық блокада,жүрек айну,құсу,бастың айналуы,аллергиялық р-ялар.

Верапамил-перифериялық күре тамырды кеңейтіп, жүрек соғу жиілігін төмендетеді.

Recipe.: Verapamili 0.04

Da tales doses №30 in tabulettis.

Signa.Ішке күніне 1таблеткадан 1-2рет қабылдау үшін

Recipe.: Verapamili 0.08

Da tales doses №30 in tabulettis.

Signa.Ішке күніне 1-2 таблеткадан 1рет қабылдау үшін

Т.д-0.04, 0.08

Ш.т-0.04,0.08

4-билет.

Әсері ұзартылған нитроглицериннің 2,6мг және 6,4мг мөлшерде шығарылатын микрокапсуланған түймедәрісінің аттарын латын тілінде жазыңыз. Қолдану көрсеткіштерін жазыңыз. Осы аталған дәрінің 20түймедәрісіне рецепт жазыңыз. Есептеңіз 50%-20мл глюкоза ерітіндісінде неше г глюкоза бар.

Аттары. Sustac- mite 2,6г

Sustac-forte 6,4г

Стенокардия ұстамасының алдын алу үшін ұзартылған нитроглицерин препараттары қолданылады. Біртіндеп сіңуін қамтамасыз ететін, ерекше микрокапсулалық және оның басқа дәрілік қалыптары құрастырылған. Осындай препараттардың бірі – сустак, ол ішке қабылданатын, біртіндеп еритін таблетка түріндегі нитроглицерин болып табылады. Әсері 10-15 минуттан кейін басталады, бірнеше сағат бойы сақталады.

Recipe.: Sustac – mite 2,6

Da tales doses N20 in tabulettis

Signa. Ішке күніне 1 таблеткадан 1 рет қабылдау үшін.

Recipe.: Sustac – forte 6,4

Da tales doses N20 in tabulettis

Signa. Ішке күніне 1 таблеткадан 1 рет қабылдау үшін.

Есептеңіз: 50% - 20мл глюкоза ерітіндісінде неше г глюкоза бар

50% - 100мл

х – 20мл

х=50*20/100= 1000/100=10

50% -20мл глюкоза ерітіндісінде неше 10г глюкоза бар.

5-билет

Пульс –терапия емінде қолданылатын глюкокартикостероид дәрі оның 1рет енгізілетін мөлшері доза. Дәрі енгізу уақытының ұзақтығы минут сағат емдеу уақытының ұзақтығы. Осы дәріге рецепт жазыңыз.

Глюкокатикоидтар тобына жататын преднизалонның туындысы- метилпреднизалон.

Глюкокартикоидтердің әсерінен ұсақ тамырлар тарылады ж.е сұйықтың экссудациясы азаяды.

Глюкокартикоидтардың иммунодепрессивти әсері Т-және В лимфоциттер белсенділігінің тежелуіне бірқатар интерлейкиндердің және басқа цитокеиндердің өндірілуінің қан сарысуында комплемент азаюына айналымдағы лимфоциттер мен макрофагтар деңгейінің төмендеуіне байланысты.

Метилпреднизалон минералокартикоидты белсенділігі аз дәрежеде жағар май,крем,эмульсия түринде жергілікті қолданылады. Ол терінің мүйізді қабатынан жақсы жеңіл өтеді. Қабынуға аллергияға қарсы әсері айқын.

Тәулігіне 1 рет қолданылады. Дәрінің жүйелі әсері аз, себебі тері беткейімен бар жоғы 1% сіңіріледі. Ол сондай-ак бауырда жылдам әсерсізденеді.

Шығу түрі- таблетка 0.004г амп-0.02 ж.е 0.04г

Тәу. дозасы-ішке тәу 12-40мг

Ұстамалдаушы доза 4-12мг

Көктамырға бұлшықетке 20-40мг

Recipe.: Methilprednizaloni 0.004

Da tales doses №10 in tabulettis

Signa.Ішке тәулігіне 1 таблеткадан 1рет қабылдау үшін.

6-билет

Мына келтірілген дәрілердің асқазан-ішек жолдарының емдеу үшін алынатын дәріні жазыңыз. Дәрілер омепразол, атропин сульфаты, кларитромицин,метронидазол, индометацин,Де –нол дәрісінің 10 түймедәрісіне рецепт жазыңыз.

Дәрілер. Омепразол, атропин сульфаты, кларитромицин

Де-нол дәрісінің 10 таблеткасына рецепт жазыңыз.

Recipe.: De – Noli 0,12

Da tales doses N10 in tabulettis

Signa. Ішке күніне 1-2 таблеткадан 4 рет қабылдау үшін.

Де – Нол – Висмут үш калий дицитраты.

Дозасы 0,12 шығу түрі.

Ішке 1-2 таб-н күніне 4 рет.

Омепразол – асқазан сөлінің қышқылдығын төмендететін , бензамидазол туындысы. Бұл асқазанның париетальды жасушалары протондық насосының қызметін тежейі/н ойық жараға қарсы препарат. омепразол өзі әлсіз негіз болғандықтан, бейтарап рН-ға тиімсіз. Бірақ, ол париетальды жасушалар өзекшелерінің қышқыл ортасында онымен дисульфидті көпірше арқылы әсерлесе отырып, мембраналықь Н+,К+, АТФазаны қайтымсыз тежейтін белсенді метаболит сульфаниламидке айналады. Тек париетальды жасушаларға жоғары таңдамалы әсері сульфенамид түзілуге қажетті ортасы бар екендігімен түсіндіріледі.

Базальдық және хлорлы сутек қышқылының кез келген тітіркендіргіштер әсерінен дамыған секрециясын тежейді. Асқазан сөлінің жалпы көлемін төмендетеді де пепсиногеннің бөлінуін тежейді. Тез сіңіріледі. Ұзақ әсер етеді.

Қолданылуы: 12 елі ішек , асқазан ойық жарасында, ойық жаралы пептидин эзофагитте, Золлингер- Элинсон синдромында ішке тағайындалады.

7-билет.

Мына келтірілген дәрілердің ішінен гастропротекторлық және антисекторлық қасиеттері бар ПГЕ-1-простагландипін алмастыра алатын синттикалық дәріні таңдап алыңыз. Дәрілер: Висмут үш калий дицитраты, бускопан, лоперамид дротаверин ( No-Spa), мизопростол. Осы таңдалған дәріге рецепт жазыңыз.Анықтаңыз: Біртаблетканың құрамындағы 1 мл зат, неше мкг(микрограмм) болады?

Таңдалынған дәрі Мизопростол.Мизопростол асқазанның шырышты қабатында негізінен оның жасушаларының зақымданушы әсерлерге төзімділігін жоғарылататын және шырышты қабатта микроциркуляцияны жақсартатын простагландиндер Е2,І2 түзілетіні белгілі.

Простагландиндердің шырышты қабат жасушаларының жаңаруын қуаттандыратыны анықталған.Негізінен мұндай дәрілерді гастропротекторлар ретінде тағайындаған қолайлы,бірақ кейбір науқастарда іш өту шақыратын болғандықтан оларды қолданған шектелген.Қазіргі уақытта простагландиндердің ойық жараға қарсы дәрі ретінде-мизопростол қолданылады.Ол энтеральды енгізгенде тиімді,әсіресе қабынуға қарсы стеройдты емес дәрілерді қолданғанда қарыншаның шырышты қабатының зақымдалуының алдын-алу үшін қолдануға көрсетілген.Диареяны жиі тудырады.

Recipe.:Mizoprostoli 0.2мг=0,0002

Da tales doses №10 in tabulettis

Signa.Ішке күніне 1 таблеткадан 3-4 рет қабылдау үшін

Анықтаңыз-1 таблетка құрамында 1 мл зат бар неше мкг болады.

1мл зат= 10000 мкг болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]