Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RShP_sessia.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101 Кб
Скачать
☆
  1. Жастық кризистер немесе кризистік кезеңдер

Кризистер - жетілудің қажетті кезеңдері (этаптары) деп санады. Оның кезеңденуінде келесі жастар мен кризистер ұсынылған: бір жастың кризисі, үш жастың кризисі, жеті жастың кризисі, үшінші жастың кризисі, он жеті жастың кризисі. Әрбір жастық кезең сананы толығымен ерекше құруды мінездейді. Ол баланың психикалық жетілуінің жастық кезеңденуінің ұтымды концепциясын әзірледі. Ол оның негізіне өсіп келе жатқан адамның жетілуінің заңдылығын салды, яғни бастаушы іс - әрекет.

Психикалық жетілудің механизмін зерттей отырып, Д.Б. Эльконин адамдар қатынасының жүйесінің анализіне тоқталады. Екі қарым – қатынас жүйесі бар: адам – зат жүйесі және адам – адам жүйесі. Жетілуде осы екі жүйе бала – қоғамдық зат және бала – қоғамдық ересек жүйелері көрінеді. Игеру мазмұнында әрбір кезеңнің өзіндік орны бар. Баланың психикалық жетілуінде Д.Б. Эльконин екі кезеңді атап көрсетеді. Олар әдебиетте үш жастың кризисі деген атпен белгілі ерте балалаықтан мектепке дейінгі жас және жыныстық жетілудің кризисі деп аталатын бастауыш мектепке дейінгі жастан жас өспірімдікке көшу кезеңі. Осы екі көшу кезеңінде өзін- өзі басқару тенденциясы күшейеді.

Үш жастың кризисін ғылыми түрде Л.С. Выготский бейнелеп берді. Ол оның оң және теріс жақтарын бөлді. Кризис туралы бірінші симптом – баланың негативизмі, яғни ересек адамның тарапынан болған талаптарды орындаудан бас тарту. Бала ересек адамның сауалына, оның мазмұнына теріс әрекет етеді. Екінші симптом – бұл бірбеткейлік, бала бір нәрсені көңілі соққандықтан емес, оны ол қажет етуіне байланысты сұрауы. Келесі симптом – шапшаң болып табылады. Ол бір беткейлікке қарағанда басты мінезге ие Төртінші симптом - өзіндік еркіндік, бала бұл жағдайда дербестікті талап етеді. Басқа симптомдарды Выготский екінші кезектегілер деп санайды. Құнсыздану симптомы балалар дөрекі сөздерді сөйлей бастаған кезде болады. Бір балалы отбасында деспотизм формасында білдірілетін симптом көрінсе, бірнеше балалы отбасында басқа балалардың қарым – қатынасында қызғанушылық түрінде байқалады.

Жеті жастағы кризис тікелей кризис деп аталады. ( Л.С. Выготский, Д.Б, Эльконин ). Мектепке дейінгі жасқа көшу кезеңінде баланың мінез – құлқында біршама өзгерістер болады. Жеті жастағы кризистің маңыздысы деп Л.С. Выготский «бала тұлғасының ішкі және сыртқы талаптарының дифференциялануының басталуын» санайды. 40 жастағы кризистің туындау кезінде адам өзінің өміріне қайта үңіліп, өмір мәнін іздестіре бастайды, “Я-концепциясын” жаңадан құра бастайды бұл крезиспен көптеген маңызды өзгерістер байланысты, мәселен , кәсібін өзгертуіне жаңа басқа жанұя құруына дейін баруы мүмкін. Кемелдік кезеңнің жаңа орталық шағы- бұл оның өнімділігі болып табылады. Яғни Э.Эриксон бойынша интегралды білім жүйесі, кәсіби өнімділік пен болашақ ұрпақ өміріне өз қорын қалдыру мәселесі болып табылады. Осыменен жастық шақта – орталық жастық жаңа білім бағыты болып, біріншіден, жанұялық қатынастар, ата-ана болу, екіншіден, кәсіби қабілеттілігі болса, онда кемелдік кезеңде осы екеуінің біріккен білім жүесі , алдағы меңгерілген дағдылар нәтижелерін бекіту ьолып табылады.40- жастық кризис жағдайындағы аса маңызды мәселе - өмір жоспарының қайта түзілүімен байланысты “Я- конссепсиясының” өзгеруі болып табылады.