Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
%D0%9B%D0%B8%D1%81%D1%82%20%D0%BE%D1%82%D0%B2%D0%B5%D1%82%D0%B0%20%D0%9E%D1%80%D1%82%D0%BE%D0%BF%D0%B5%D0%B4%D0%B8%D1%8F%20%2...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
179 Кб
Скачать
☆

Іі. Тақырып: Төменгі жақсүйекте қалып алу жүргізу

1. Мақсаты: Интерндерді төменгі жақсүйекте қалып алу дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі: кіші топтар

3. Ақырғы нәтиже: төменгі жақта қалып алу дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п

Тапсырма қадамдарының критерийлері

Орындал

мады

0-0,1

Жарты. орындал

0,2-0,3

Орын

далды

0,4-0,5

1

Құралдарды таңдау: қасық, резиналы колба, шпатель, альгинатты масса, су.

2

Ауыз қуысын дайындау: қалып алардан бұрын науқас ауыз қуысын антисептиктің әлсіз ерітіндісімен шаяды (калий перманганаты, хлоргексидин)

3

Қасықты дұрыс таңдау: қасықтың формасы мен көлемі жақсүйектің формасына, тісқатарына және оның еніне байланысты анықталады. Қасықтардың бұрышы тістердің жиектерінен 3 – 5 мм-ден кем емес қашықтықта болу керек, қатты таңдай мен қасықтың таңдайлық бөлігі дәл сондай қашықтықта. Қасық жиектері өтпелі қатпарға жетіп тұруы қажет.

4

Альгинатты массаны араластыру: резиналы колбаға қажет көлемде ұнтақ салады және су құяды. Альгинатты массаны арнайы шпательмен паста тәрізді масса алғанға дейін резиналы колбада араластырады. Содан кейін паста тәрізді массаны біркелкі қабатпен салады, саусақты салқын сумен ылғалдап, массаның формасын келтіреді.

5

Қалып алар кезде науқастың орналасу қалпы: науқас қалып алар кезде сәл басын алға қарай еңкейтіп, креслода отырады, мұрынмен демалады, тілін қозғалтпайды. Тілдік жиегі анық білінуі үшін науқастан тілін жоғары және алдыға қозғалтуын сұрайды.

6

Қалыптық массасы бар қасықты ауыз қуысына салу: Төменгі жақтан қалып аларда қасық ашық тұрған ауызға салынады және орталықтандырылады. Алдымен алдыңғы бөлімдегі альвеолярлы өсіндіге, кейін – артқы бөлігіне кигізіледі. Қалыптың қырлары ерін, ұрт және тіл қозғалысы арқылы жасалады. Қалыптық қасық мықты қысыммен салынуы қажет.

7

Қалыпты ауыз қуысынан шығару: масса қатқаннан 2 минуттан кейін, ауыз кіреберісі аймағындағы бүйірлік қалдықтарды басып тұру арқылы, баяу қозғалыспен қасықты ауыз қуысынан алып шығады.

8

Алынған қалыпты бағалау: қалыпты алғаннан кейін ондағы сілекей және қан іздерін ағынды су астында жуу керек. Қалыпта анық көрінуі керек: тістің қатты тіндері дефектісіз, окклюзионды беткейлері (кескіш жиегі, төмпешіктер, фиссуралар), жанасу пунктері, тіс мойны және қызылиектің альвеолярлық бөлігі.