- •II топ мүгедегі
- •12 Елі ішекте қысымның жоғарылауы
- •50 Жастағы әйелде созылмалы вирусты с гепатиті репликация фазасы анықталды.
- •18 Жасар жасөспірімде суықтап ауырғаннан соң : шөлдеу, полиурия, жалпы әлсіздік пайда болды, қандағы қант мөлшері 20ммоль/л, зәрде 5% ацетон оң мәнді.
- •24 Гр дозада басты сәулелендіру
- •2 Аптада 1 рет
12 Елі ішекте қысымның жоғарылауы
#62
Аталған әдістердің қайсысы ұйқы безі патологиясы диагностикасында қолданылады:
Тәуліктік рН-метрия
Ректороманоскопия
Экскреторлы урография
Селективті коронароангиография
Ретроградты панкреатохолангиография
#63
Созылмалы гепатит кезінде геморрагиялар аталған қай синдромның көрінісі болып табылады:
Цитолиз синдромының
Холестаз синдромының
Экскреция бұзылысының
Мезенхимальді қабынудың
Бауырлық- жасушалық жетіспеушіліктің
#64
Аталғандардың ішінде қайсы диагностикалық әдіс тітіркенген ішек синдромымен науқаста ЕҢ информативті?
Ирригоскопия
Холецистография
Дуоденальді зондтау
Фиброгастродуоденоскопия
Құрсақ қуысы ағзалары УЗД
#65
Төменде көрсетілген патологиялардың ішінде қайсысына нефротикалық синдромының дамуы тән?
амилоидоз
бүйрек туберкулезі
жедел пиелонефрит
зәр жүйесінің инфекциясы
интерстициалды нефрит
#66
Төменде аталған асқынулардың қайсысы зәр тас ауруына ең тән?
бүйрек ісігі
бүйрек амилоидозы
бүйрек поликистозы
гломерулонефрит
зәр жолдарының инфекциясы
#67
Созылмалы гломерулонефриттің қай түріне келесі симптомдар тән: ісіну, протеинурия, гематурия?
латентті
аралас
гематуриялық
нефротикалық
гипертензиялық
#68
Ісіну синдромының дамуы патогенезде негізгі болатын механизмі қандай?
АКТГ түзілуінің төмендеуі
шумақтық фильтрацияның жылдамдауы
қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы
қанның онкотикалық қысымының төмендеуі
айналымдағы қан көлемнің төмендеуі
#69
Төменде аталған синдромдардың ішінде қайсысы зәр жолдардың инфекцияға тән?
дизуриялық
нефротикалық
нефритикалық
диспептикалық
гипертензионды
#70
Аталған дәрілердің қайсысы гастро-дуоденальді рефлюкс пайда болуына әсерін тигізеді:
Омепразол
Метопролол
Нитросорбид
Метронидазол
Метоклопрамид
#71
Ер кісі 42 жаста қыжылдауға, төс артында түйілу сезіміне, ұзақ уақыт қышқылмен кекіруге шағымданады. Қыжылдау, түйілу сезімі алмагель қабылдағаннан кейін айтарлықтай басылады. Темекі шегеді, алкоголь қабылдайды. Объективті: өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары анық, АҚ 120/70 мм.с.б.б. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Қан анализі мен ЭКГ- қалыпты.
Аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
ЖИА, үдемелі стенокардия
Созылмалы тассыз холецистит
Гастроэзофагеальді рефлюксті ауру
НР –ассоциацияланған созылмалы гастрит
Он екі елі шектің ойық жара ауруы
#72
Аутоиммунды гастритке тән:
Дуодено-гастральді рефлюкс
Helicobacter pylori табылуы
Теміртапшылықты анемия дамуы
Тұз қышқылы секрециясының жоғарылауы
Асқазанның кілегейінің астарлы жасушаларының бұзылысы
#73
Әйел 25 жаста тамақтанғаннан 1,5 сағаттан кейін және аш қарынға эпигастрий тұсында ауру сезімінің пайда болуына, ащы дәммен кекіруге, іш қатуға шағымданады. 6-7 айдан бері ауырады. Объективті: тілі ылғалды, түбінде ақ жабындымен қапталған.Іші жұмсақ, эпигастрий тұсында ауру сезімді. Қан анализі – қалыпты. ФЭГДС: асқазанның антральді аймағының гиперемиясы.
Аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
Созылмалы дуоденит
Созылмалы панкреатит
Созылмалыхолецистит
Асқазанның ойық жара ауруы
Созылмалы атрофиялық емес гастрит
#74
Аталған жағдайдың қайсысында «шалпыл шуы» анықталатынын көрсетіңіз:
Ойық жара тесілуі
Ойық жара малигнизациясы
Қалыпты жағдайда анықталады
Асқазаннан қан кету
Асқазан қалтқысы стеноздануы
#75
Ер кісі 48 жаста, бірнеше айдан бері мазалайтын эпигастрий тұсындағы ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде ревматоидты артрит, сол бойынша метотрексат, преднизолон 40 мг қабылдайды. Қарап тексергенде: Өкпесінде везикулярлы тыныс, ТЖ 17 рет мин. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс, ЖСЖ 76 рет мин. АҚ 120/80 мм с.б.б.Іші жұмсақ, эпигастрий тұсында ауру сезімді. Ұрғылау симптомы теріс. ФЭГДС: асқазанның пилорикалық аймағында ойық жаралы дефект.
Бұл жағдайда аталған факторлардың қайсысы асқазан ойық жарасының дамуына алып келуі мүмкін?
Химиялық
Алиментарлы
Аутоиммунды
Helicobacter pylori
Медикаментозды
#76
Аталғандардың ішінде қайсы тұжырым ашыған диспепсияға тән:
Ахолиялық лента тәрізді нәжіс
Қан және шырыш аралас қой құмалағы тәрізді нәжіс
«Мелена» тәрізді нәжіс
Ішекте гидролизденбеген ақуыздардың шіруі
Ішекте ыдырамаған көмірсулардың ашуы
#77
Аталған дәрі-дәрмектердің ішінде қайсысы тітіркенген ішек синдромы кезінде жедел ауру сезімін басу үшін ЕҢ көрсетілген?
Фестал
Бускопан
Баралгин
Промедол
Метоклопрамид
#78
Аталған дәрі-дәрмектердің қайсысы тітіркенген ішек синдромы кезінде қолданылатын миотропты спазмолитиктерге жатады?
Смекта
Бисакодил
Мебеверин
Мезим форте
Метоклопрамид
#79
Ер кісі 51 эпигастрий тұсында ауру сезімі, тамақтанғаннан соң эпигастрийде толу сезіміне, тез тойып қалу, кекіруге шағымданып келді. Аталған шағымдары соңғы жылда мазалайды.
Бұл жағдайда қайсы клиникалық синдром ең ықтимал?
Мальабсорбция
Холестатикалық
Ішек диспепсиясы
Ашу диспепсиясы
Асқазан диспепсиясы
#80
Әйел 55 жаста кейде іш кебуге, іш айналуға, үлкен дәретінің бұзылуына шағымданып келді. Аталған шағымдары бірнеше жылдан бері мазалайды.
Бұл жағдайда қайсы клиникалық синдром ің ықтимал?
Цитолитикалық
Сидеропениялық
Ішек диспепсиясы
Асқазан диспепсиясы
Функционалды диспепсия
#81
Аталғандардың ішінде қайсысы созылмалы панкреатит кезінде ауру сезімінің себебі болуы мүмкін:
Ішек дисбактериозы
Ұйқы безі капсуласының спазмы
Өткізгіштік жол жүйесінде қысымның төмендеуі
Асқазанның арнайы бездерінің жоғалуы
Ұйқы безі капсуласының созылуы
#82
Аталғандардың ішінде қайсысы бауыр асты сарғаюдың ең ықтимал себебі:
Созылмалы гастродуоденит
Дуодено-гастральді рефлюкс
Созылмалы вирусты гепатит
Гастроэзофагеальді рефлюксті ауру
Таспен бауыр іші және сырты обтурациясы
#83
Аталған жағдайлардың қайсысы созылмалы панкреатит кезінде дамиды:
Холедохолитиаз
Дуодено-гастральді рефлюкс
Гастро-эзофагиальді рефлюкс
Тітіркенген ішек синдромы
Ұйқы безінің экзокринді жетіспеушілігі
#84
Ер кісі 39 жаста жиі көп мөлшерде майлы үлкен дәреттің болуына, іш кебуге, дене салмағының төмендеуіне шағымданады. Алкогольді көп ішеді, 10 жылдан бері ауырады. Объективті: аз салмақты. Дене терісінде "рубин тамшылары", іші кепкен. Копрограммада – тамақ қалдықтары, бұлшықет талшықтары.
Қайсы болжам диагноз ЕҢ ықтимал:
Созылмалы колит
Созылмалы дуоденит
Созылмалы холецистит
Созылмалы панкреатит
Созылмалы рефлюкс-гастрит
#85
Емханаға 33 жастағы әйел қаралды, шағымдары майлы тамақтан кейін оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, жүрек айнуына, ауызында ашыған дәмнің болуы. Ауырғанына 5 жыл. Қарап тексергенде – тілі сары жабыңдымен қапталған, өт қапшығы проекциясында аздаған ауру сезімі бар.
Диагнозды дәлелдеу үшін қандай диагностика зерттеу әдістерін жүргізу қажет?
Ректороманоскопия
Экскреторлы урография
Бүйрек, бүйрек үсті безі УДЗ
Асқазан сөлінің Нр-метриясы
Бауыр және өт қабы УДЗ
#86
Диабетикалық нефропатиямен және бүйрек қызметінің бұзылуымен ауыратын науқаста екіншілік пиелонефрит дамыды. Зәрдің егіндісінен Е. Соli өсті.
Осындай жағдайда төменде көрсетілген антибактериалды препараттардың қайсысын тағайындауға ең ықтимал?
гентамицин
амоксиклав
тетрациклин
линкомицин
эритромицин
#87
Науқас А., 42 жаста, ЖЗА- де салыстырмалы тығыздығы 1008, белок 5,6 г/л, лейкоциттер 5-7 көру алаңында, эритроциттер 7-10, цилиндрлер гиалинді 1-2, дәнді – 8.
Осы көрсетілген өзгерістер қай ауруға тән?
бүйрек кистасы
жедел пиелонефрит
зәр жолдарының инфекциясы
жедел гломерулонефрит
созылмалы гломерулонефрит
#88
Жүктіліктің І триместрінде несепжыныс инфекцияларын емдеу үшін қандай препаратты тағайындауға ең ықтимал?
фурагин
гентамицин
эритромицин
норфлоксацин
амоксициллин
#89
Науқас К. 29 жаста ентігуге, бас ауруға, аяқтарының ісінуіне шағымданып түсті. 4 жылдан көп ауырады. Аурудың өршуі ангинадан кейін басталды. Об-ті: беті ісіңкі, бозарыңқы. Қабақтары ісіңкі. ЖҚА: Нв-110 г/л, лейкоциттер- 7,4 мың х109/л, ЭТЖ -35 мм/с. ЖЗА: уд.салм 1018, белок-4,5 г/л, лейкоциттер -8-10 к/а, дәнді цилиндрлер 2-3 к/а.
Берілген ауруды емдеу үшін төмендегілердің ішінде ЕҢ қажетті препараттар қандай?
уросептиктер
фитотерапия
цитостатиктер
нитрофурандар
кортикостероидтар
#90
Созылмалы гепатитпен ауыратын 43 жастағы ер кісіде қанның ИФА анализдерінде мыналар анықталды: HbsAg, HBeAg, HBсAbIgM, HBсAbIgG, ПЦРде НВV анықталды.
Қайсы диагноз ЕҢ ықтимал:
Созылмалы гепатит D, репликация фазасы
Созылмалы гепатит C,репликация фазасы
Созылмалы гепатит G, репликация фазасы
Созылмалы гепатит B,интеграция фазасы
Созылмалы гепатит B, репликация фазасы
#91
Аталған лабораторлы өзгерістердің қайсысы созылмалы гепатиттің бауыр– жасушалық жетіспеушілігіне тән:
Қанда альбуминнің жоғарлауы
Қанда протромбин төмендеуі
Қан плазмасында амилаза концентрациясының төмендеуі
Қан плазмасында сілтілі фосфотазаның жоғарлауы
Қан плазмасында ферритин концентрациясының жоғарлауы
#92
Ер кісі 48 жаста оң жақ қабырға астында ауру сезіміне, дірілдеуге, дене қызуының жоғарылауына, әлсіздікке шағымданады. Об-ті: тері жамылғылары мен склералары сарғыш. Бауыры қабырға доғасынан 1 см-ге шығып тұр, тығыз, шеті үшкірленген. Спленомегалия. Қан анализінде: трансаминазалар, билирубин деңгейі жоғарылаған. Серологиялық диагностика: анти HCV оң. ПТР: НСV-РНК анықталды, генотип 1b. ФЭГДС: өңеш веналарының варикозды кеңеюі.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
Вирусты бауыр циррозы
Алкогольді бауыр циррозы
Созылмалы вирусты гепатит
Біріншілік билиарлы бауыр циррозы
Екіншілік билиарлы бауыр циррозы
#93
Әйел 33 жаста оң жақ қабырға астында ауру сезіміне, әлсіздік, ұйқышылдық, тәбетінің төмендеуі, тері қышынуы, кейде мұрыннан қан кетуге бір ай бойы шағымданады. Анамнезінде өкпе туберкулезі бойынша ем жүрген. Объективті: терісі және склерасы сарғыш, қышыну іздері. Бауыры қабырға доғасы астынан 5-6 см-ге шығып тұр, ауру сезімді.Аздаған спленомегалия. Қан анализдерінде: билирубин -118,6 мкмоль/л, АЛТ-2,8 мкмоль/л, тимол сынамасы-11 бірлік, сілтілі фосфатаза-9,3 мкмоль/л.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
Созылмалы гепатит
Дәрілік гепатит
Аутоиммунды гепатит
Билиарлы бауыр циррозы
Жедел вирусты гепатит
#94
Ер кісі 38 жаста төс артында тамақтанғаннан кейін және физикалық жүктемеден кейін қыжылдау сезіміне шағымданады, кейде қышқыл дәммен кекіру, болады. Бір жылдан бері ауырады. Жалпы қан анализі мен биохимиялық анализ қалыптыдан ауытқымаған. Төс артында «күйдіру»сезімі кезіндегі ЭКГ қалыпты. ФЭГДС: өңештің дистальді үштен бірінде катаральді өзгерістер, бірен-саран бір-бірімен ұласпайтын эрозиялар бар.
Аталған диагноздардың қайсысы ең болжамды?
ГЭРА, 1 дәреже
ГЭРА, 4 дәреже
Функционалды диспепсия
Гастродуоденит
Созылмалы гастродуоденит
#95
Ер кісі 26 жаста, бас айналуға, құлақта шуға, шөлдеуге, айқын әлсіздікке шағымданып келді.Анамнезінде ойық жара ауруы бар. Кешеден бері қара нәжіс байқады. Об-ті: тері жабындылары бозғылт, жабысқақ тер басқан.Пульс әлсіз толумен және кернеумен.АҚ 80/60 мм.с.б.б.ЖҚА: эритроциттер 2,9х1012/л, Нв – 90 г/л, түстік көрсеткіш 0,9, лейкоциттер9,0х109/л.
Бұл жағдайда аталғандардың ішінен ойық жара ауруының қайсы асқынуы дамыған:
Пенетрация
Перфорация
Қан кету
Малигнизация
Стеноздану
#96
Әйел 62 жаста кейде қыжылдауға шағымданады. Аталған шағымы бірнеше айдан бері мазалайды. Ұзақ уақыттан бері артериалды гипертензияға байланысты кальций антогонистерін қабылдайды.ЭКГ-да – сол қарынша гипертрофиясы. ФЭГДС жасаудан бас тартты.
Сіздің дәрігерлік тактикаңыз:
Үнемі антацидтер тағайындау
Кальций антогонистерін алмастыру
Ұзақ уақыт прокинетиктер тағайындау
Эрадикациялық терапия тағайындау
Антисекреторлы терапия тағайындау
#97
Әйел 39 жаста емхана терапевтіне әлсіздікке, шаршағыштыққа, субфебрильді температураға, соңғы бірнеше айдан бері жұмысқа қабілетінің төмендеуіне шағымданып келді. Қарап тексергенде трансаминазалардың, тура емес билирубиннің жоғарылауы анықталды.
Диагнозды дәлілдеу үшін аталғандардың ішінде қайсы зерттеуді тағайындау қажет?
Зәр диастазасы
Іш құрт жұмыртқаларына нәжіс
С-реактивті ақуыз
Тыныстық уреаздық тест
Вирусты В,С гепатиттеріне маркерлер
#98
Әйел 52 жаста біріншілік билиарлы циррозы бар. Қарап тексергенде: сарғыштық, тері жабыңдыларының гиперпигментациясы, қасыған іздері, көптеген ксантомалары бар. Қанның биохимиялық анализінде – гипербилирубинемия.
Аталған препараттардың қайсысы таңдаулы болып табылады:
Урсодезоксихолді қышқылы
Ламивудин
Омепразол
Сульфасалазин
Метоклопрамид
#99
Ер кісі 50 жаста бауыр циррозымен емханаға қан аралас құсуға, әлсіздікке шағымданып келді.Объективті: тері жамылғылары бозғылт, ылғалды, склералары сарғыш. АҚ80/50 мм.с.б.б. пульс 116 рет/мин. Бауыры – қабырға доғасында, тығыз.
Аталған дәрігерлік тактикалардың қайсысы ең дұрыс?
Үйде стационар ұйымдастыру
Күндізгі стационарға жолдау
Эрадикациялық терапия тағайындау
Антисекреторлы препараттар тағайындау
Хирургиялық бөлімшеге госпитализациялау
#100
Әйел 61 жаста ентігуге, әлсіздікке, тәбетінің нашарлауына, эпигастрий тұсында ауырлық сезіміне, ішінің кебуіне, соңғы аптада зәр бөлінуінің шектелуіне шағымданып келді.Бауыр циррозы бойынша бақылауда тұрады. Объективті: Склералары субиктериялық. Телеангиоэктазиялар, пальмарлы эритема.Іші асцит есебінен ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан 4-5 см-ге шығып тұр, тығыз, шеті үшкірленген. ЖҚА: Нв-118 г/л, тромб-194 мың. ЭТЖ-21 мм/сағ. Қан б/х: креатинин 152 мкмоль/л. ЖЗА: белок 0,099 г/л. Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурез 450 мл, салыстырмалы тығыздығы1014–1020 аралығында.
Аталған асқынулардың қайсысы дамыған:
Асқазандық диспепсия
Гиперспленизм синдромы
Бауырлық энцефалопатия
Гепаторенальді синдром
Өңеш веналарынан қан кету
#101
Ер кісі 56 жаста жүрек айнуға, қан аралас құсуға, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, оң қабырға астында ауру сезіміне шағымданады. Бауыр циррозы бойынша бақылауда тұрады. Объективті: астеник, склералары субиктериялық. Телеангиоэктазиялар, пальмарлы эритема. Іші асцит есебінен ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан шықпайды, тығыз. Спленомегалия. Қан анализінде: Нв-70 г/л, эритроциттер 3,9х109/л, лейкоциттер – 4,1 х109 /л.
Аталған асқынулардың қайсысы осы науқаста дамыды?
Асқазандық диспепсия
Қақпа венасы тромбозы
Гепаторенальді синдром
Бауырлық энцефалопатия
Өңеш венасынан қан кету
#102
