Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭССЕ 51 такырып жаратылыс тану багыты.rtf
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
488 Кб
Скачать
☆

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығы ның белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.

Мен сөз ететін Шортанбай Қанайұлының өмір сүрген кезеңі - хандық биліктің жойылып, патша өкіметінің қазақтың кең даласын емін-еркін билей бастаған кезі болатын. Өз елінде өгейлікпен күн кешкен қазақтың қиыншылығы мен азабы көп еді. Осы тұста Шортанбай "Зар заман" атты өлеңін қандай себеппен жазды? Өлең жазудағы мақсат не еді? Келешек ұрпаққа не айтқысы келді? Осы сауалдарды негізге ала отырып, өз көзқарасымды білдіргім келеді.

Бірінші кезекте, Шортанбай өлеңінде әр түрлі жағдайларды алға тарта отырып, заман күйін суреттейді. Ақын "Зар заман" өлеңінде: "Мына заман қай заман?" деп біздерге сауал тастай отырып, өзі қойған сауалға:"Азулыға бар заман, Азусызға тар заман" деп толықтырады. Өлеңнің мазмұндық желісі сол кездегі қиыншылық кезеңдерді, кіріптарлық пен қорлықта өмір сүрген қазақ елінің ауыр тұрмысын жеткізеді. Бұдан басқа өлең желісіннен, бүгінгі таңда адамдар арасында дәурені жүріп, барлығына масаттанған байлардың, кез-келген істе оңай жеңіске жетіп , жоқ жітіктің өкініште қалатынын айтаға болады. Меніңше, бұл Шортанбай айтқан азулы мен азусыздың белгісі.

Сондай-ақ, Шортанбай: "Тарлығының белгісі: Жақсы жаннан түңілген, Жаман - малдан түңілген, Мұның өзі-зар заман" деп сол кездегі адамдардың ниеттерінің өзгеруін, жаманшылыққа қарай бет алғандығы деп суреттейді. Заманның азуын қазақ арасындағы рулық заңның бұзылуын, ар-ұят, адамгершіліктің азаюы деп бағалайды. "Зарлығының белгісі: Бір-бірлерін күндеген, Жай-жайына жүрмеген,Мұның өзі - тар заман" деп ел бірлігінің ыдырауын, ағайын арасындағы алауыздықтың өрши түскенін, халық арасындағы ынтымақ пен бірліктің әлсіргенін сөз етеді. Өкінішке орай, қазіргі қоғамдағы адамдардың жасап жатқан азғындығы жаныңды ауыртады.Ата-анасын қарттарын үйіне өткізіп, сәбиін босағаға тастап,досына қастық жасағандардың заманды тарылтып, адам пейілін бұзатындығы анық

Алайда Шортанбай өлеңінде: "Бұл асылық асқан заманда, Ұл туады атаменен егесіп, Қыз туады анаменен теңдесіп" деп сол кездегі қиыншылықты ғана емес, өкінішке орай қазіргі біздер өмір сүріп жатқан кезеңді де анық суреттеп кетеді. Бұл ақын Шортанбайдың көрегендігі. Қарап отырсақ, ақын тек сол замандағы оқиғаларды ғана қамтымайды, қазіргі кездің адамдарының санасы мен адамгершілік болмысында болып жатқан өзгерістер нақ дәл тауып айтқандай.

Қорытындылай келе, Шортанбай Қанайұлының"Зар заман" өлеңі тек сол қиын кезеңді ғана емес, біздер өмір сүріп жатқан уақытты да қамиды.Олай болса, жамандықтан жиреніп, жақсылыққа қарай қадам басайық. Ата-аналарымызды ардақтап, ұлдарымызды ұлықтап, қыздарымызды қадірлей білейік!

№6 ЭССЕ

Мұрат Мөңкенің «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз

Қазақ халқының көрнекті өкілі, зар заман ақындарының бірі Мұрат Мөңкеұлының әдеби мұрасының біраз бөлігі- арнау өлеңдер. Сондай арнау өлеңдерінің бірі- «Қыз өлеңі». Қазақ аруларының бейнесі талай ақындардың шабытына арқау болған. Осы туындыларда қыз бейнесі қаншалықты шебер суреттелді?

Халқымыз ежелден қызды «қонақ» деп қадірлеп, әспеттеген. Қызды ай мен күнге теңеп, жаһутпен көмкере білген. Мысалы, Мұрат қыздың сұлулығын:

«Бұраңдаған ақ моншақтай керілген қыз,

Оздырдың салтанатты еліңнен қыз

Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе,

Реңкің сары алтындай көрінген қыз», - деп жырлайды. Бұл теңеулер- ізбасар ақындарға үлгі болар өрнектер еді. Мұрат Мөңкеұлы сияқты әнші-ақындар Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Мұхит т.б. шығармаларында көбіне пәк таза махаббатты, сұлу әйел сипатын, әйел теңсіздігін жырлады. Мұрат ақын қазақ қызының сұлулығын оның ішкі жан дүниесімен астасып жатқандығын «лебізің, сөзің – шырын, маржан-тісің» десе, Ақан сері «Ғашық жарға» өлеңінде: «аузың – бал, тілің шекер, нәзік таңдай,қиғаш қас, нұрлы жүзің, жазық маңдай» - деп суреттейді. Сырлы сөзбен қамал тұрғызған әнші-акындардың мұралары ұлт мәдениетінің қазына қосылған інжу-маржандарымыз.

«Қыз» өлеңінде теңіне қосыла алмаған қыздың басындағы қиыншылықты: «...Басыңнан бұл дүние өтеді деп, қайғымен тамақ ішпей бүлінген қыз» деп көрсете келе, «... шалықта ата-анаңның дәулетіне, бір күні жөнелерсің үйіңнен қыз» деп, әке-шешеңнің қасында бұлаңдап жүрген қыз еркіңнен тыс біреуге жар болып кетерсің, күнің не болар екен деген уайымын да жасырмайды. Ал Ақан сері «Балқадиша» өлеңінде: «...бұраңдап асау тайдай жүрген басың, боласың қандай жанға жар, Қадиша» - деп мұңайса, «Ләйлім шырақ» өлеңінде: «Есен-аман жүрмісің, Ләйлім шырақ, жаңа таптым аулыңды көптен сұрап, жел тимесе жан тимес, деп жүргенде, қол ұстасып жатпенен кеттің жырақ» деп басында билігі жоқ әйел теңсіздігіне наразылықтарын ашық білдіреді. Ал, Естай ақын «Құсни Қорлан» өлеңінде:

«... бар еді қимас күндер тату өскен, келер ме енді айналып, уа дариға-ай», - деп өзегін өртеген өкінішін жасырмайды.

Қорытындылай келе, Мұрат Мөңкеұлы мен ХІХ ғасырдағы әнші-ақындар шығармашылығында қыз бейнесі өзіндік ортақ көркемдікке ие. Ақындар өз шығармаларында әйел затының көрік-келбетін, жан дүниесінің сұлулығын әсерлі жырлаумен қатар, теңіне қосыла алмаған қазақ қыздарының тағдырын да шынайы суреттеген.

№7 ЭССЕ