- •Жұқпалы аурулардың әлеуметтік- экономикалық маңыздылығы.
- •Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері
- •Қазіргі уақыттағы жұқпалы аурулар ішінен ең күнделі мәсеселер:
- •Қазақстан Республикасында кездесетін жұқпалы аурулар
- •Жұқпалы аурулардың жіктелуі
- •Инфекциялық үрдістің даму түрлері.
- •Инфекциялық үрдістің түрлері
- •Инфекциялық үрдістің түрлері
- •Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы мен жұмыс тәртібі.
- •Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
- •Жұқпалы науқастардың диспансеризациясы және реабилитациясы
- •Спецификалық ем
- •Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын -алуы)
- •1961Ж.Дсұ-ң ұсынысы бойынша жра-ң этиологиялық факторына негізделген жіктелу тағайындалды
- •Жрви этиологиясы
- •Жрви эпидемиологиясы
- •Патогенетикалық факторлар:
- •Вирусты гепатиттер (hepatitis virosa )
- •А вирусты гепатиті
Жрви этиологиясы
Грипп ,парагрипп,аденовирусты инфекциялары тыныс алу жолдарының эпителиіне троптылық қасиеті жоғары вирустарға жатады (жасушаішілік паразит ).
Тұмау ( грипп) вирусы –РНК құрылымды,үш типті ( А,В,С ),екі антигені бар (гемагглютинин – Н және нейраминидаза — N). Вирустар сыртқы ортада төзімсіз, Вирустың А типіне антигендік қасиетінің өзгергіштігі, вируленттілік қасиеті тән.
Парагрипп -парамиксовирустар тұқымдасына кіретін, құрамында РНК-сы бар вирус. 4 серовары белгілі. Жасушаға цитолитикалық әсер етеді. Сыртқы ортада төзімді.
Аденовирусты инфекция— құрамында ДНК-сы, 3 тұрақты антигені (А,В,С) бар Adenoviridае тұқымдасының вирусы. Аденовирустардың 90 серовары белгілі, оның ішінде 32-сі адамға патогенді. Аденовирустардың ерекшелігі – лимфотроптылық қасиеті. Сыртқы ортаға төзімді
Жрви эпидемиологиясы
Бұл инфекциялардың таралуы барлық жерде кездейсоқ жағдайлар және эпидемия түрінде кездеседі,тек грипп басқарылмайтын инфекциялардың тобына жатады және эпидемиялық және пандемия түрінде таралуға бейім.
Грипп, парагрипп және аденовирусты инфекция антропоноз инфекцияларының топтарына жатады.
Инфекцияның таралу көздерi:
әр түрлi клиникалық формалары бар ауру адам (7-10 күннiң iшiнде ), аденовирус инфекциясы кезінде — 25 күн және одан көп;
вирус тасушылар (аденовирусты инфекция).
Берiлу жолдары:
(негiзгiсi ) ауа-тамшы;
Тұрмыстық-қатынас(гриппта инфекциялалған тұрмысқа қажет заттар арқылы беріледі- ойыншық, ыдыс тағы басқалар);
алиментарлы(аденовирусты инфекция кезінде)
Маусымдық — күзгi-қысқы.
Жоғары қабылдағыштық.
Иммунитет. Постинфекциялық иммунитет ерекше және ұзақ емес.
Патогенетикалық факторлар:
ЖРВИ-дың жанасу орны-тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары.
Вирустың репродукциясы (олардың деструкция және қабыну процесi) тыныс алу жолдарының эпителий қабатында өтеді, содан соң вирусемия және токсинемия дамиды,әсіресе ол грипта жиі кездесіп,интоксикация мен қалтыраудың негізі болып табылады.
Сонымен қатар аденовирусты инфекция кезінде вирус макрофагоцитарлы жүйесіне бай ағзаларға жанасады (лимфа түйіндері,бауыр,көкбауыр).
Сонымен,ЖРВИ патогенезінде басты орынды вирусемия мен токсинемия алады
3 |
1 |
4 |
Вирусты гепатиттердің этиологиясы, эпидемиологиясы. |
Вирусты гепатиттер (hepatitis virosa )
Вирусты гепатиттер - бауыр зақымдалуымен жүретін жұқпалы аурулар. Жедел гепатиттің ауырлығы әр түрлі болады: симптомсыз және клиникалық көріністері әлсіз дамығаннан бастап, ауыр және қатерлі, өліммен аяқталатын түрлерге дейін. Ол адамды өлімге әкелетін инфекциялардың қатарына жатады.
Гепатитті тудыратын вирустарға жеке нозология ретінде келесі вирустар жатады: А (HAV), В (HBV), С (HCV), D (HDV), Е (HEV), F (HFV), G (HGV). HFV – таксономиялық тұрғыдан анықталмаған, вирусты гепатит қоздырғышы бола алды деген кондидаттардың (GBV/GBV-C-PHK және TTV-ДНК) патогенділігі күмән тудырады, бірақ, TTV созылмалы С гепатит кезінде табылған, әсіресе соңғы кезеңдерінде. Негізгі гепатотропты вирустардың сипаттамасы № 22 кестеде көрсетілген.
Анықталған гепатотропты вирустардың ішінде парентералды жолмен берілетін вирустар - В, С, Д, F, G және TTV.
Бауырдың зақымдалуы басқа вирустармен де шақырылуы мүмкін. Бірақ, бұл кезде «Вирусты гепатит» термині қолданылмайды, себебі, бауырдың зақымдалуы арнайы емес болып, әдетте осы инфекциялардың ауыр түрлерінің асқынуы ретінде дамиды. Ол вирустарға жұқпалы мононуклеоз шақыратын Эпштейн-Барр вирусы, жай герпес вирусының I-түрі, цитомегаловирус жатады.
Вирусты гепатиттерге жедел ағымның созылмалы түрге айналу мүмкіндігі әр түрлі циклдік ағым тән ( № 2 кесте).
Созылмалы В, С және Д гепатиттерінің әлеуметтік маңызы жоғарылады. ДДҰ мәліметі бойынша, бүкіл әлемде HBV- тасымалдаушылары шамамен 300 млн. және HCV - 500 млн-ға дейін жетеді. Жұқтырғандардың 80% қауіп-қатер тобына жатады. HBV- тасымалдаушыларының 40% созылмалы гепатиттің асқынуларынан өледі. Әлемде HBV-мен шақырылған бауырдың қатерлі ісігінен 1 млн. жуық адам өледі. HBV-мен салыстырғанда HCV-дан бауыр циррозы жиі дамиды, ол гепатоцеллюларлы карциноманың дамуына негіз болып табылады.
