Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос сра жауап 1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
252 Кб
Скачать
☆

4. Жалпы мемлекеттік басқарудың және экономиканы мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері

Өз дамуында капитализмнің экономикалық жүйесі бір бірінен айрықшаланатын

2 кезеңнен өтті:

1-ші кезең мемлекеттің экономикаға араласуынан максималды еркіндікке деген ұмтылысты сипаттады.

Яғни, мемлекеттің «түнгі күзетші» немесе «минималды мемлекет» сияқты сипаттамалары. Аталмыш кезең шамамен XIX ғасырдың екінші жартысына дейін жалғасты.

Мемлекет пен экономиканың өзара қатынастары дамуының 2-ші кезеңі XIX ғасырдың соңы және XX ғасырдың басында басталды

Бұл кезеңде А.Смиттің «көрінбейтін қолының» іс жүзінде әрекет етпей, еркін нарықтың өзін-өзі реттеуші немесе өзін-өзі түзетуші жүйе болмайтыны анықталды

  • Нарықтың сәтсіздіктері (market failures) тұжырымдамасы өңделіп, мемлекеттің араласуы (оның ішінде қомақты мемлекеттік қаражаттарды бөлумен) нарықтың жағымсыз салдарларын жою мен түзетудің, қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті құралы ретінде қарастырылады.

«Нарық сәтсіздіктерінің» неғұрлым кеңінен таралған және аса маңызды белгісіне, жоғарыда айтып кеткендей, кезеңмен қайталанатын жұмыссыздықтың жоғары деңгейін жатқызуға болады

  • Мұнда, тек мемлекеттік араласуды қолдаған Дж.Кейнс нарықтық капиталистік шаруашылықта толық жұмысбастылықты қамтамасыз ететін ешбір механизм жоқ, жұмыссыздық пен инфляция мәселесі сыртқы себептерден емес, өзін-өзі реттей алмайтын экономикалық жүйенің өзінен туындайды деген.

  • Оның ойынша: экономиканы мемлекеттік реттеу және жұмыссыздықтың алдын алу бюджет-салық саясаты арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Жиынтық сұранысты арттырып, жұмыссыздықты төмендету үшін мемлекеттік шығындарды арттыру немесе салықтарды төмендетуді қамтитын ынталандырушы фискалдық саясат қолданылуы тиіс. Салықтардың төмендетілуі, өз кезегінде, кәсіпкерлерді инвестициялар мен өндірісті дамытуға ынталандырады.

  • 2 энергетикалық дағдарыстардың салдарынан 70-ші жылдардың екінші жартысында дамыған елдердің экономикасында стагфляция орын алып, инфляция бірінші кезектегі мәселеге айналды.

  • Мемлекеттік бюджет арқылы қаражаттарды қайта бөлу ауқымының шамадан тыс артуы кең ауқымды жағымсыз салдарларға әкелді.

  • Инфляциямен қатар ұдайы өндіріс шарттары нашарлай түсті, мемлекеттік аппараттың көлемі артып, бюрократия өрши түсті.

  • Әл-ауқат мемлекетінің маңызды элементі жоғары деңгейдегі бюрократия еді. Бұл, өз кезегінде, әлеуметтік мәселелермен айналысатын мекемелерде қызмет етуші тұлғалар санының айтарлықтай артуынан да көрініс тапты.

  • Қысқасы, жалпы әл-ауқат мемлекеті мен жекелей алғанда кейнстік теория өзінің кемшіліктерін көрсете бастады. Ғылыми әдебиетте ондай мәселелер «мемлекеттің сәтсіздіктері» немесе «мемлекеттік басқарудың дағдарысы» деп аталады.

5. Басқару және оның қоғамдағы ролі

Мемлекет – тарихи процесс.Қоғамдық еңбек бөлінісіне байланысты пайда болады.Қоғамдық еңбек бөлінісі кезінде біреудің үстем жағдайға, екіншісінің бағынышты жағдайға түсетінін өмір дәлелдейді.Мәселелен , бір отбасының өзінде табысты көп табатын үй иесіне әйелі және балалары тәуелді, олай болу себебі,ол, үй ішін асыраушы, тамақ тауып беруші, киіндіретін де соның өзі.Ал қоғам жеке отбасынан құралады.Олардың табыстары да әр түрлі мөлшерде, қоғамдағы орындары да әр түрлі.Әлеуметтік мәртебесі олардың байлығына, меншігінің көлеміне тікелей байланысты.Ф.Энгельс: «Мемлекет дегеніміз бір топтың екінші топты бөліп жаншитын машинасынан басқа ештеңе емес», -дейді.

Міне, осы жерде мемлекеттің елді басқарудағы рөлі қажет болады.Тек мемлекет қана қолында бар мүмкіншілікті пайдалана отырып, басқару рөлін және құқығын толық пайдалана алады.Мемлекет өз дәрежесінде болу үшін күш көрсетумен бірге өзіне қарсылық білдірушілердің талабына да құлақ асуы тиіс, шегінуге, келісімге, ымырға баруға да тура келеді.Кейде бір жақты жазалау шараларына жүгіну биліктің беделіне көп зиян келтіреді,сондықтан демократиялық принциптерге де арқа сүйеуге тура келеді.Ата заңымызда жазылғандай , еліміз демократиялық зайырлы құқықтық әлеуметтік мемлекет құруға берік бағыт ұстап отыр.Мемлекет үшін ең басты құндылық адам және оның өмір құқықтары мен бостандығы.Мемлекет тартымдылығы, пәрменділігі ,әлеуметтік ұнамдылығы, халықаралық форумға қатысып, мәдени күндер өткізумен ғана өлшенбейді, бұл тек елді таныстыру, оның орнын айқындау ғана.Сонымен бірге, бұл басты өлшем болып жіктелмейді.Басты өлшем – мемлекеттік Заңдылықты сақтау, еңбек етуге қолайлы жағдай жасау, адам құқығы мен бостандығын қорғау, тынығуға, білім алуға, шеберлігін шыңдауға қолайлы жағдай жасау, сондай –ақ осы айтылғандар ең маңызды міндеттер болып есептеледі.