Ас қорыту жүйесі
Қарап тексергенде: Тілі таза ылғалды, түсі қызғылт, өзгерістер байқалмайды. Іші – дұрыс пішінді, симметриялы, перистальтикалық толқындар байқалмайды.
Палпация. Беткей: Іші жұмсақ, ауырсынусыз, тығызданулар, жарықтар өзгерістер байқалмайды.
Терең: сигма тәрізді ішек пальпацияда ауырсынусыз, тегіс цилиндр, өлшемі 2-3 см; соқыр ішек эластикалық консистенциялы, ауырсынусыз, өлшемі 3 см; көлденең жиек ішек жұмсақ, эластикалық консистенциялы, ауырсынусыз, өлшемі -5-6 см. Жуан ішектің жоғарылаған және төмендеген бөлімдері қалың цилиндр сияқты пальпацияланады, эластикалық консистенциялы, ауырсынусыз.
Перкуссия және пальпаторлы аскультация әдісімен кіндік деңгейінде асқазанның төменгі шекарасы анықталды.
Бауыр, өт, ұйқы безі
Қарап тексергенде: Оң жақ қабырға асты аймағында диффузды ісіну байқалмайды. Тері жабындылары қалыпты түсті.
Перкуссия. Бауыр шекаралары:
Линиялар Жоғарғы Төменгі
Оң
төс маңы жоғарғы шеті
6 қ. Қабырға доғасынан 2 см
>бұғана
ортаңғы с.> 6 қ.
Қабырға доғасынан 1 см
>алдыңғы колтық асты с.> 7 қ. Қабырға доғасынан 2 см
Ортаңғы линия Семсер тәрізді өсіндіден 4см
Сол жақ қабырға доғасы Семсер т.ө негізінен 6см-де
Курлов бойынша бауыр өлшемдері:
І бұғана ортаңғы сызығы бойынша 3см
ІІ ортаңғы сызық бойынша 7см
ІІІ сол жақ қабырға асты доғасы бойынша 6см
Пальпация. Бауыр шеті тегіс, контуры дұрыс, ауырсынусыз; ұйқы безі пальпацияланбайды.
Көкбауыр. Сол жақ қабырға асты доғасында, ісінулер байқалмайды. Пальпацияланбайды. 10 қ деңгейінде перкуссияланады: ұзындығы – 4см, көлденеңі – 6 см.
Зәр шығару жүйесі
Қарап тексергенде: бел аймағында ісіну, қызару тері температурасының жоғарылауы байқалмайды.
Пальпация. Пальпацияланбайды. Қуық та пальпацияланбайды.
Перкуссия. Пастернацкий симптомы екі жағынан да теріс.
Эндокринді жүйе
Қалқанша безінің ұлғаюы байқалмайды. Гипер және гипотериоз симптомдары анықталмайды. Салмақ бұзылысы бар, ИМ – 39. Түк қалыпты дамыған, шаш түсуі жоқ.
Нерв жүйесі
Ақыл есінің дамуы жасына, білім алуына сай. Ұйқысы бұзылмаған. Көру мүшелері қалыпты. Есту және вестибулярлы аппараты функциясы бұзылмаған. Мимикалық бұлшық еттер жақсы дамыған. Сөйлеу, жұту актісі қалыпты. Жүріп – тұруы еркін, діріл жоқ.
Болжам диагноз
Науқастың өткен шағымдарына: ұзақтығы 20 мин. созылатын, төс артындағы қысып ауыру сезімі, сол және оң иыққа берілген. Суық тер, ауа жетпеу, қорқыныш сезімдері анықталған.
Объективті тексерулерге:
Пальпация. Жүрек ұшы түрткісі әлсіреген, ені 1 см.
Перкуссия. Жүрек шекаралары солға кеңейген.
Аскультация. І тон әлсіреген, ІІ тон қаттырақ естіледі.
Осы мәліметтер бойынша, болжам диагноз:
Жүректің ишемиялық ауруы (операциядан кейінгі жағдай)
