Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тесты общий ДБ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
369 Кб
Скачать
☆

5% Глюкоза, полярлы қоспа, себебі жүрек- тамыр жетіспеушілігі©

Гемодез, полиглюкин, себебі айқын интоксикация мен гипотония

***

Науқас К., 28 жаста аурудың 25-ші күні кеңестік- диагностикалық орталыққа келді, шағымдары: әлсіздік, өзін нашар сезінуі, жоғары тершеңдік, дене қызуының 38-39°С жоғарлауы, басының шамалы ауырсынуы, бұлшықеттер мен ірі буындардағы ауырсыну. Жедел ауырды, дене қызуы қалтыраумен 38,7°С дейін жоғарлады, түнгі тершеңдік, кейін сирақ- табан буындарының және оң жақ тізе буынының ауырсынуы мен ісінуі пайда болды. Бір жылдан бері ет комбинатының мүшелеу цехында жұмыс істейді. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,9°С. Терісі бозғылт, ылғалды. Микрополиаденит. Оң жақ тізе және сирақ-табан буындары ісінген, жергілікті температура, осы буындардағы қозғалыс шектелген. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс 96 соққы минутына. АҚ 100/60 мм.с.б. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланады. Нәжісі мен диурез қалыпты. Сіздің диагнозыңыз:©

Ішек иерсиниозы, полиартрит©

Псевдотуберкулез, полиартрит©

Ку- қызбасы, бруцеллез тәрізді форма©

+ Жеделдеу бруцеллез, полиартрит©

Созылмалы бруцеллез, декомпенсация, полиартрит

***

Науқас Н., 26 жаста, аңшы, аурудың 17-ші күні үлескелік дәрігерге келді, шағымдары: басының шамалы ауырсынуы, дене қызуының 38,5°С жоғарлауы, тәбетінің төмендеуі, кешкі уақыттарда қалтырау, тершеңдік, миалгиялар, қол мен аяқтарының ірі буындарының ұшпалы ауырсынулары.Ауылда, туляремия мен бруцеллез бойынша эндемиялық аймақта тұрады. Жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,7°С. Терісі ылғалды, микрополиаденит. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс 112 соққы минутына. АҚ 110/70 мм.с.б.Тілі жабынмен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланады. Осы науқасқа жүргізілетін негізгі ем және неліктен?©

Дезинтоксикациялық, себебі интоксикация патогенездегі негізгі мәнге ие©

+ Антибактериальды (этиотропты), себебі, бактеремия патогенездегі негізгі мәнге ие©

Қабынуға қарсы, себебі серозды қабыну патогенездегі негізгі мәнге ие ©

Иммунды түзетуші, себебі екіншілік иммуножетіспеушілік патогенездегі негізгі мәнге ие©

Антигистаминді, себебі тез типті гиперсезімталдылық патогенездегі негізгі мәнге ие

***

Науқас П., 28 жаста, жұмыскер, қалада тұрады, субфебрильды дене қызуына (37,5- 37,7°С), тізе буындары мен оң жақ сирақ- табан буынының ауырсынуы мен ісінуіне, жалпы селқостыққа, беліндегі ауырсынуға шағымданып, үлескелік дәрігерге келді. Бір жыл бұрын жедел бруцеллезбен ауырған. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 37,6°С. Терісі ылғалды. Бұршақ көлеміндей мойын және қолтықасты лимфа түйіндері пальпацияланады. Тізе буындары мен оң жақ сирақ- табан буынының көлемі ұлғайған, ауырсыну салдарынан, қозғалыстары шектелген. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс 92 соққы минутына. АҚ 110/60 мм.с.б. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланады. Бюрне сынамасы 3 х 4 см, Райт реакциясы 1:50. Клиникалық диагнозды қойыныз:©

Жеделдеу бруцеллез, полиартрит©

Созылмалы бруцеллез, субкомпенсация, полиартрит©

+ Созылмалы бруцеллез, декомпенсация, полиартрит©

Созылмалы бруцеллез, компенсация, полиартрит©

Резидуальды бруцеллез, тізе буындарының артрозо- артриті

***

Науқас 38 жаста, бухгалтер, қалада тұрады, тізе және сирақ- табан буындарындағы ауырсынуларға, белінің ауырсынуына шағымданып үлескелік дәрігерге келді. Анамнезінде- бір жыл бұрын жеделдеу бруцеллезбен ауырды, кейін созылмалы бруцеллез бойынша кезеңді түрде ем алып жүрді. Жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 36,7°С. Терісі қалыпты ылғалдылықта. Тек жақасты лимфа түйіндері ғана пальпацияланады, бұршақ көлеміндей. Тізе және сирақ- табан буындары қарағанда өзгеріссіз, ауырсыну салдарынан қозғалыстары шектелген, оларды бүккен кезде сықыр естіледі. Cor et pulmonum ерекшеліксіз. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Бюрне сынамасы екі жыл бұрын 3 х 4 см болған, қазір теріс. Райт- Хеддельсон реакциялары теріс. Клиникалық диагнозды көрсетініз;©

Созылмалы бруцеллез, субкомпенсация сатысы. Полиартралгия©

Созылмалы бруцеллез, декомпенсация сатысы. Полиартралгия©

Созылмалы бруцеллез, компенсация сатысы. Полиартралгия©

Жеделдеу бруцеллез. Полиартралгия©

+ Резидуальды бруцеллез. Тізе буындарының артрозо- артриті

***

Науқас С., 25 жаста, оң жақ тізе мен сирақ- табан буындарының ауырсынуы мен ісінуіне, субфебрильді дене қызуына, тершеңдікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданып емхана дәрігеріне келді. 5 айдан бері сырқат, үш рет 37,0- 38,5°С шамасында дене қызуы жоғарлады, ұзақтығы 6- 10 күн. Соңғы 3 апта ішінде тізе буындарының, кейін сирақ- табан буындарының ауырсынуы пайда болды. Шопан болып жұмыс істейді, малдардың ішінде түсіктер мен өлі туулар болды. Жағдай қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,5°С. Терісі ылғалды, микрополиаденит, оң жақ тізе және сирақ- табан буындарының артриті. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс 94 соққы минутына. АҚ 100/60 мм.с.б. Бауыр мен көкбауыр шеттері пальпацияланады. Райт реакциясы 1:800, Хеддельсон айқын оң.Сіздің клиникалық диагнозыңыз:©

Жедел бруцеллез, орташа ауырлықта©

+ Жеделдеу бруцеллез, полиартрит ©

Созылмалы бруцеллез, декомпенсация, полиартрит ©

Созылмалы бруцеллез, субкомпенсация, полиартралгия©

Резидуальды бруцеллез, артрозо- артриті

***

Науқас П., 32 жаста, аурудың 6-шы күні келесі шағымдармен келді:дене қызуының 39,2 °С дейін жоғарлауына, басының ауырсынуына, қалтырауға, тершеңдікке, тәбетінің болмауына. Екі күн сайын қалтырау, қызба және артынан болатын тершеңдік қайталанады. Үш апта бұрын Африкадағы іс сапардан келді. Жағдайы орташа дәрижелі. Дене қызуы 38,9 °С, тері жабындылары бозғылт сарғыш реңмен , ұлғайған бауыр мен көкбауыр пальпацияланады. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс 86 соққы минутына. АҚ 110/60 мм.с.б. Көрсетілген диагноздардың қайсысында осындай клинико- эпидемиологиялық белгілер байқалады? ©

Лептоспироз, сарғаю формасы©

Вирусты гепатит А, сарғаю формасы©

Псевдотуберкулез, гепатит©

+ Үшкүндік малярия©

Ішек иерсиниозы, гепатит

***

Науқас К., 29 жаста, дене қызуының 38,7°С дейін жоғарлауына, бас ауырсынуына, оң жақ қолтық асты аймағындағы ісінуге, оң жақ қолдың білегіндегі жараға шағымданып, аурудың 9-шы күні үлескелік дәрігерге келді. Жедел ауырды, дене қызуы қалтыраумен 38,9°С жоғарлады. Сырқат алдында бір апта бұрын аңға шыққан, қоян терісін шешкен. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,8°С. Терісі кәдімгі түсті. Беті қызарған, ісінген. Көз тамырларының инъекциясы. Оң жақ қол білегінің төменгі үштен бір бөлігінде серозды- іріңді бөлініспен терең емес, кратер тәрізді, аз ауырсынатын жара, оның шеттері көтеріңкі тығыз. Оң жақ қолтық асты аймақта грек жаңғағына дейін ұлғайған, аз ауырсынатын, шеттері анық, қозғалмалы лимфа түйіні пальпацияланады. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс 76 соққы минутына. АҚ 120/70 мм.с.б. Бауыр шеті пальпацияланады. Сіздің диагнозыңыз:©

Сібір жарасы, терілік форма©

Оба, тері- бубонды форма ©

+ Туляремия, жаралы- бубонды форма©

Лейишманиоз, терілік, антропонозды нұсқа©

Лейишманиоз, терілік, зоонозды нұсқа

***

Науқас С., 25 жаста, оң жақ сирақтың төменгі үштен бірі аймағында ауырсыну, қызару мен ісінуге, қалтырауға, дене қызуының 38,7°С жоғарлауына, бас ауырсынуға, жүрек айну мен 2 рет құсуға шағымданып, аурудың 4- ші күні үлескелік дәрігерге келді. Бірінші рет, жедел ауырды. Шопан болып жұмыс істейді, мал арасында сібір жарасымен ауру жағдайлары болды. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,6°С. Оң жақ сирақтың төменгі үштен бірі аймағында айқын гиперемия ошағы бар, оның шеттері тегіс емес айқын, от жалындарын елестетеді. Ошақтың пальпациясы кезінде негізінен жиектері жағынан ауырсынады, оның бетінде серозды сұйықтығы бар екі көпіршік анықталады, регионарлы лифаденит. Сіздің диагнозыңыз:©

Сібір жарасы, терілік форма©

Оба, терілік форма©

+ Тілме, эритематозды- буллезді форма©

Тілме, эритематозды форма©

Ішек иерсиниозы, нодозды эритема

***

Науқас К., 42 жаста, кожевенді фабрика қызметкері, дене қызуының 38,7°С жоғарлауына, басының ауырсынуына, оң жақ алақанда жараның болуына шағымдарымен аурудың 4-ші күні үлескелік дәрігерге келді. 4 күн бұрын ауырды, алғашында оң жақ алақан терісінде қышитын және ашитын дақ пайда болды, кейін- қою түсті сұйықтығы бар көпіршік, осы көпіршік қасығанда ашылып, бетінде қара қабыршағы бар жара пайда болды. Аурудың 2-ші күні дене қызуы жоғарлады. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,9°С. Терісі кәдімгі түсте. Оң жақ алақанның сыртқы бетінде тері асты май қабатының айқын ісінуі байқалады, қара струппен жабылған ауырсынбайтын жара бар (3 х2 см). Жара айналасында мөлдір сұйықтығы бар ұсақ көпіршіктер. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс 90 соққы минутына. АҚ 110/70 мм.с.б. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Регионарлы лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Сіздің диагнозыңыз:©

+ Сібір жарасы, терілік формасы, карбункулезді нұсқа. ©

Сібір жарасы, терілік формасы, тілметәрізді нұсқа.©

Туляремия, жара- бубонды форма©

Тілме, эритематозды- буллезді форма.©

Тілме, буллезді- геморрагиялық форма.

***

Емханаға 38 жасар науқас К. келді, онда вирусты гепатит В-мен ауырғаннан 8 айдан кейін (емдәмін бұзған соң) әлсіздік, тәбетінің нашарлауы, жүрек айну, кейін зір түсінің қоюлануы мен тері мен көзінің сарғаюы пайда болды. Өздігінен емделді, емдәм сақтады. Барлық белгілері қайтты, бірақ 14 айдан кейін емдәмін тағы бұзған соң жоғарыдағы белгілері қайта пайда болды, бірақ осы ретте айқындылығы күшейді. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері мен көзі шамалы сарғайған. Өкпе мен жүрек- қан тамыр жүйелері жағынан патологиясыз. Тілі жабынмен жабылған. Іші оң жақ қабырға астында аздап ауырсынады, бауыры қабырға доғасынан 1 см төмен пальпацияланады, эластикалығы сақталған, ауырсынусыз. Нәжісінің түсі қалыпты, зәр түсі қкәдімгіден біраз қою. Анализдері: АЛТ белсенділігі 2,5 есе жоғарлаған, билирубин мөлшері қалыптыға қарағанда 3 есе жоғары. Сіздің диагнозыңыз:©

ВГВ, өршу ©

ВГВ, рецидив©

ВГВ, созылыңқы ағым©

+ Созылмалы вирусты гепатит В айқын белсенділікпен©

Созылмалы вирусты гепатит В минимальды белсенділікпен

***

Науқас К., 35 жаста, 2,5 жыл ішінде тізе буындарының ауырсынуын, соңғы 2-3 айда сирақ- табан буындары ауырсынуының қосылуын, әсіресе кешкі уақытта дене қызуының 37,5°С жоғарлауын, тершеңдіктің (түнгі) пайда болуын, әлсіздікті байқады. Соңғы 10 жыл ішінде сауыншы болып жұмыс істейді. Жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза, ылғалдылығы жоғары. Микрополиаденит. Тізе буындары өзгермеген, ауырсыну салдарынан ондағы қозғалыс шектелген, сирақ- табан буындары ісінген, қозғалысы шектелген. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс 78 соққы минутына. АҚ 100/70 мм.с.б. Бауыр шеті пальпацияланады. Сіздің диагнозыңыз:©

Жеделдеу бруцеллез, полиартрит©

Созылмалы бруцеллез, компенсация сатысы, полиартрит©

Созылмалы бруцеллез, субкомпенсация сатысы, полиартрит©

+ Созылмалы бруцеллез, декомпенсация сатысы, полиартрит©

Резидуальды бруцеллез, артрозо- артрит

***

Науқас А., 19 жаста, ауырған күні үлескелік дәрігерге келді. Айқын қалтырау, дене қызуының 39°С жоғарлауы, басының қатты ауырсынуы пайда болды. Жағдайы ауыр. Дене қызуы 39,9°С. Есі- бұлыңғыр. Тері жабындылары кәдімгі түсті, ерін шырыштысы цианозбен. Сан және бөксе терісінде ортасында тығыздалған көп мөлшерде геморрагиялық бөртпе бар. Жүрек тондары тұйықталған, пульс 120 соққы минутына, әлсіз толымды. АҚ 85/50 мм.с.б. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Тыныс жиілігі 28 рет минутына. Шеткі қанда: Л- 22 х 109/л, сол жаққа жылжумен, ЭТЖ- 24 мм/сағ. Сіздің диагнозыңыз:©

Тұмау, геморрагиялық форма©

+ Менингококкты инфекция, менингококкемия©

Геморрагиялық қызба бүйрек синдромымен©

Лептоспироз, сарғаюсыз форма©

Менингококкты инфекция, менингит

***

23 жастағы студент, аурудың 1-ші күні үлескелік дәрігерге келді. Жедел ауырды, қалтырау, дене қызуының 39,5°С дейін жоғарлауы, басының қатты ауырсынуы, 3 рет құсу пайда болды. Жағдайы ауыр. Сұрақтарға жауап береді, бірақ қиындықпен. Тері жабындылары кәдімгі түсте. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 4 см, Керниг белгісі оң. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс 116 соққы минутына, әлсіз толымды. АҚ 85/60 мм.с.б. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Тыныс алуы минутына 20 рет. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Сіздің диагнозыңыз:©

+ Менингококкты инфекция, менингит ©

Энтеровирусты инфекция, серозды менингит©

Ку- қызбасы, менингит ©

Жеделдеу бруцеллез, менингит©

Іш сүзегі, менингит (мениготиф)

***

Науқас С., 32 жаста, сауыншы, тізе және сирақ- табан буындарындағы ауырсынуға, дене қызуының жоғарлауына, әлсаіздікке, тершеңдікке, өзін нашар сезінуіне шағымданып, үлескелік дәрігерге келді. 3 жылдан бері науқас, басында сирақ- табан буындарында ауырсынулар пайда болды, буындар ісінді, дене қызуының жоғарлағанын, қалтырауды және түнгі тершеңдікті байқады. Кейін тізе буындарындағы ауырсынулар қосылды. Соңғы нашарлауы бір ай бұрын болды. Жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,5°С. Тері ылғалдылығы жоғарлаған. Микрополиаденит. Оң жақ тізе буынының көлемі ұлғайған, қозғалысы шектелген, ауырсынады. Сирақ- табан буындары көзге көрінер өзгерістерсіз, бірақ қозғалыс кезінде ауырсынады. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, пульс 68 соққы минутына, әлсіз толымды. АҚ 100/60 мм.с.б. Бауыр шеті пальпацияланады. Осы кезеңде науқасты емдеудің негізгі емі болып табылады және неге?©

+ Этиотропты (антибактериальды), себебі бактеремия бар©

Дезинтоксикациялық, себебі интоксикация бар©

Қабынуға қарсы, себебі серозды қабыну бар ©

Иммундытүзетуші, себебі екіншілік иммуножетіспеушілік бар©

Антигистаминді, себебі ТТГ (ГНТ) бар

***

Науқас Н., 42 жаста, геолог, дене қызуының жоғарлауына, бас ауырсынуына, құсуға, ұйқысыздыққа, әлсіздікке шағымданып, аурудың 2-ші күні үлескелік дәрігерге келді. Бір апта бұрын Қиыр Шығыстағы іс сапардан оралды, онда жақында (10 күн бұрын) кенелер тістеді. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,7°С. Терісі таза. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 4 көлденең саусаққа, Керниг белгісі оң. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, пульс 86 соққы минутына, АҚ 115/70 мм.с.б. Тілі ақ жабынмен жабылған. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Шеткі қан: Л- 10 х 109/л, ЭТЖ- 18 мм/сағ. Ликвор- мөлдір, жиі тамшылап ағады, цитоз 150 кл/мл (80% лимфоциттер). Сіздің диагнозыңыз:©

Менингококкты инфекция, менингит©

Энтеровирусты инфекция, серозды менингит©

+ Көктем- жаз кене энцефалиті, менингеальды форма©

Көктем- жаз кене энцефалиті, менингоэнцефалитикалық форма©

Жеделдеу бруцеллез, менингит

***

Науқас К., 32 жаста, геолог, аурудың 4-ші күні белдегі, қолдарындағы ауырсынуларға, «құмырсқалардың жүгіріп жүруі» сезіміне, алақандар мен табандарының шаншуына, дене қызуының 38,5°С жоғарлауына, басының ауырсынуына, әлсіздікке, тәбетінің жоқтығына шағымданып келді. 2 апта ішінде экспедициямен тайгада болды. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,2°С. Есі анық. Терісі кәдімгі түсті, басының терісінде кенелердің тістеген жерінде қабыршақтар. Пальпация кезінде қол мен аяқтарының жүйке бағаналары бойымен ауырсыну. Лассег белгісі оң, «қолғап және шұлық» түрінде сезімталдықтың бұзылуы. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, пульс 88 соққы минутына, АҚ 110/70 мм.с.б. Сіздің диагнозыңыз:©

Көктем- жаз кене энцефалиті, қызба формасы©

Көктем- жаз кене энцефалиті, менингеальды форма©

Көктем- жаз кене энцефалиті, менингоэнцефалиттік форма©

Көктем- жаз кене энцефалиті, менингоэнцефалополиомиелиттік форма (полиомиелиттік форма)©

+ Көктем- жаз кене энцефалиті, полирадикулоневриттік форма

***

Науқас Р., 30 жаста, геолог, аурудың 5-ші күні басының ауырсынуына, дене қызуының 38,7°С жоғарлауына, мойын мен сол жақ қолы бұлшықеттірінің әлсіздігіне шағымданып түсті. 2 апта ішінде Сібірде экспедициямен болды, кенелердің тістегенін айтты. Жағдай ауыр. Дене қызуы 38,9°С. Бет, мойын және кеуде клеткасының жоғарғы бөлігінің терісі қызарған. Адинамиялы. Сұрақтарға баяу жауап береді. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс 98 соққы минутына. АҚ 100/60 мм.с.б. Тілі ақшыл жабынмен жабылған. Іші аздап кепкен. Мойын және қол бұлшықеттерінің әлсіз салдануы және «басының кеудеге салбырауы» белгісі анықталады. Сіздің диагнозыңыз:©

Көктем- жаз кене энцефалиті, қызба формасы©

Көктем- жаз кене энцефалиті, менингеальды форма©

Көктем- жаз кене энцефалиті, менингоэнцефалиттік форма©

+ Көктем- жаз кене энцефалиті, менингоэнцефалополиомиелиттік форма (полиомиелиттік форма)©

Көктем- жаз кене энцефалиті, полирадикулоневриттік форма

***

Науқас, үлескелік дәрігерге аурудың 8-ші күні келді. Аурудың алғашқы күндерінен бастап әлсіздікті, тәбетінің төмендеуін, жүрек айнуды, қол мен аяқ буындарындағы ауырсынуды, оң жақ қабырға астындағы тұйық ауырсынуды, кейін терінің шамалы қышуының пайда болуын анықтады. Аурудың 7-ші күні зәр түсінің өзгеруін (қоюлануын) және тері мен склераларының сарғыштығын байқады, ал 2 күннен кейін тері сарғыштығы одан сайын айқындалды. Жағдайы қанағаттанарлық. Терісі шамалы сарғыш түсті, қасу іздері жоқ. Бауыры қабырға доғасынан 1,5 – см шығыңқы, шамалы ауырсынады. Нәжісі түссізденген, зәрі қоюланған түсті. Сіздің диагнозыңыз:©

Вирусты гепатит В, сарғаю формасы, жеңіл дәрижелі©

Вирусты гепатит В, сарғаю формасы, орташа ауыр дәрижелі©

+ Вирусты гепатит В, сарғаю формасы, холестаздық компонентпен©

Вирусты гепатит В, холестаздық формасы©

Вирусты гепатит В, сарғаю формасы, ауыр дәрижелі

***

Науқас С., 22 жаста, ауырған күні тусті, шағымдары: дене қызуының 39,2°С жоғарлауы, басының қатты ауырсынуы, құсу. Жедел ауырды. Жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, склера тамырлары инъекцияланған, конъюнктиваның ауыспалы қатпарында- қанталау. Сан және бөксе терісінде көп мөлшерде геморрагиялық бөртпе бар, ол дұрыс емес пішінді, түрлі өлшемді (петехиядан экхимоздарға дейін), ұстағанда тығыздау. Керниг, Брудзиеский белгілері оң. Шүйде бұлшықеттерінің ригидттілігі айқын. Л- 16 х 109/л, ЭТЖ- 35 мм/сағ. Сіздің клиникалық диагнозыңыз:©

+ Менингококкты инфекция, жайылмалы форма, менингит, менингококкцемия, ауыр дәрижелі ©

Менингококкты инфекция, жергілікті форма, назофарингит орташа ауырлық дәрижесінде©

Менингококкты инфекция, жайылмалы форма, менингит, ауыр дәрижелі ©

Менингококкты инфекция, жайылмалы форма, менингококкемия, ауыр дәрижелі©

Менингококкты инфекция, жайылмалы форма, менингоэнцефалит, ауыр дәрижелі

***

Әлсіздікке, көз алдында заттардың екі еселенуіне, бір рет құсуға, көз алдында «тұман», «тор» болуына шағымдары бар науқас дәрігерге келді. Бір тәуліктен бері науқас. Бір күн бұрын үй жағдайында дайындалған саңырауқұлақтары бар жеміс консервілерін жеген. Жағдайы қанағаттанарлық. Есі анық. Дене қызуы 36,8°С. Дауысы қатты. Екі жақтан шамалы птоз, мидриаз, анизокория. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары қатты, пульс 76 соққы минутына. АҚ 110/60 мм.с.б. Тілі ылғалды, жұтынуы еркін. Іші жұмсақ, нәжісі қалыпты. Осы науқаста негізгі ем болып табылады және неліктен:©

Этиотропты, себебі патогенезде бактеремияның мәні негізгі ©

+ Серотерапия (арнайы сарысуды немесе гаммаглобулинді енгізу), себебі патогенезде негізгі фактор экзотоксин болып табылады ©

Дезинтоксикациялық, себебі патогенезде негізгі фактор эндотоксин болып табылады©

Қабынуға қарсы, себебі патогенезде серозды қабыну негізгі мәнге ие©

Десенсибилиздеуші, себебі ТТГ (ГНТ) дамиды

***

Науқас К., 19 жаста, (аурудың 3-ші күні), жағдайы орташа ауырлықта, тризм, жұтынудың қиындауы, алақан мен табаннан басқа, арқа, шүйде, іш, қол мен аяқ бұлшықеттерінің жайылған гипертонусы анықталады. Пульс 116 соққы минутына, АҚ 90/60 мм.с.б. Сағатына 1- 2 ретклоникалық тырысулар, анамнезінде- 3 апта бұрын оң жақ табанның жарақаты. Осы науқаста негізгі ем болып табылады және неліктен:©

Этиотропты, себебі патогенезде бактеремияның мәні негізгі ©

Дезинтоксикациялық, себебі патогенезде негізгі фактор эндотоксинемия болып табылады ©

+ Серотерапия (арнайы сарысуды немесе гаммаглобулинді енгізу), себебі патогенезде негізгі фактор экзотоксин болып табылады©

Қабынуға қарсы, себебі серозды қабыну дамиды©

Тырысуға қарсы, себебі тырысу пайда болады

***

Науқас А., 33 жаста, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, жүрек айнуға, құсуға (1 рет), оң жақ қабырға астындағы тұйық ауырсынуларға, аурудың 7- ші күні тері мен көзінің сарғаюына шағымданып, сырқатының 8-ші күні үлескелік дәрігерге келді. Біртіндеп ауырды. Жағдайы орташа ауырлықта. Терісі мен көзі шамалы сарғайған. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары қатты, пульс 72 соққы минутына, АҚ 110/70 мм.с.б. Бауыры қабырға доғасынан 1,5- 2 см төмен пальпацияланады, шамалы ауырсынады. Нәжісі түссізденген. Сіздің диагнозыңыз:©

Вирусты гепатит А, сарғаю формасы©

+Вирусты гепатит В, сарғаю формасы©

Вирусты гепатит С, сарғаю формасы©

Вирусты гепатит Е, сарғаю формасы©

Псевдотуберкулез, гепатит

***

Науқас К, 32 жаста, 2 ай бұрын ВГВ- мен ауырған, клиникалық сауығумен және биохимиялық көрсеткіштердің (АЛТ, билирубин) қалыпты деңгейде болуымен шығарылды. Біраздан соң әлсіздік, селқостық, тәбетінің төмендеуі, жүрек айну, зәр түсінің қоюлануы және тері мен көзінің сарғаюы пайда болды. Жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 36,7°С. Көзі мен терісі шамалы сарғайған. . Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары қатты, пульс 72 соққы минутына. АҚ 110/60 мм.с.б. Тілі жабынмен жабылған. Іші ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасынан 1 см төмен пальпацияланады, эластикалығы сақталған. Зәрі «сыра» түсті. Нәжісі сұр түсті. АЛТ 2 есе, жалпы билирубин 2,5 есе жоғары. Сіздің диагнозыңыз:©

Вирусты гепатит В, өршу ©

+ Вирусты гепатит В, рецидив©

Вирусты гепатит В, созылыңқы ағым©

Созылмалы вирусты гепатит В айқын белсенділікпен©

Созылмалы вирусты гепатит В минимальды белсенділікпен

***

Жедел басталу, «күріш қайнатпасы» типті жиі, көп мөлшерде сұйық нәжіс, көп ретті құсу, шөлдеу, шырышты қабықтардың құрғақтығы, акроцианоз, тері тургорының төмендеуі, бет пішінінің үшкірленуі, балтыр бұлшықеттерінің тырысулары, дене қызуының 35,9°С, АҚ 70/50 мм.с.б. болуы түріндегі клиникалық көріністері бар науқасқа қай препаратты көктамырға енгізуден бастау керек және неге?©

+ Хлосоль, себебі дегидратация бар©

Гемодез, себебі интоксикация бар©

Реополиглюкин, себебі микроциркуляция бұзылысы бар ©

Полиглюкин, себебі гипотония бар©

Церукал, себебі көп реттік құсу бар

***

Науқас К., 17 жаста, дене қызуының 38,2°С жоғарлауына, бас ауырсынуына, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, балтыр мен іш бұлшықеттеріндегі ұстама тәрізді ауырсынуларға шағымданып, аурудың 4-ші күні үлескелік дәрігерге келді. Бір апта бұрын тұмау типті ауыруды бастан кешті. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,5°С. Терісі таза. Балтыр бұлшықеттерінің пальпациясы ауырсынумен. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары қатты. Араңы шамалы қызарған. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Менингеальды белгілер жоқ. Нәжісі мен диурезі қалыпты. Сіздің диагнозыңыз:©

Энтеровирусты инфекция, тұмаутәрізді форма©

+ Энтеровирусты инфекция, эпидемиялық миалгия©

Энтеровирусты инфекция, диарея©

Энтеровирусты инфекция, эпидемиялық экзантема©

Энтеровирусты инфекция, герпангина

***

Науқас Р., 27 жаста, сол жақ сирақ- табан буынындағы ауырсыну мен жараға, шап аймағындағы ауырсынуға, дене қызуының 38,8°С дейін жоғарлауына шағымданып, аурудың 5-ші күні үлескелік дәрігерге келді. Жедел ауырды, дене қызуы қалтыраумен 38,3°С дейін жоғарлады, сирақ- табан буыны аймағында басында дақ, кейін көпіршік пайда болды, ол ашылып ауырсынатын жараға айналды, сол жақ шап аймағында ауырсыну мен ісіну пайда болды. Маңғолиямен шекаралас жерде жұмыс істеді. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,9°С. Қозғыш. Беті қызарған. Сол жақ сирақ- табан буынының терісінде диаметрі 2 см-ге жететін жара бар, оның негізі инфильтрацияланған, шеттері тері деңгейінде серозды- геморрагиялық сұйықтықпен, пальпация кезінде ауырсынады. Сол жақ шап аймағында грек жаңғағы мөлшеріндей лимфаденит, лимфа түйіні қозғалмайды, өте қатты ауырсынады, оның үстіндегі тері қызарған. Сіздің диагнозыңыз: ©

Туляремия, жаралы- бубонды форма©

Сібір жарасы, карбункулезді форма©

Тілме, эритематозды- буллезді форма©

+ Оба, тері- бубонды форма©

Оба, тері формасы

***

Жедел басталу, шамалы интоксикация тұсында бас ауырсыну, құсу, бадамша бездерінде, тілшеде, таңдайда папулалардың пайда болуы, олардың кейін беткей везикулаларға айналуы түріндегі клиникалық көріністері бар науқастың диагнозын көрсетініз: ©

+ Энтеровирусты инфекция, герпангина ©

Энтеровирусты инфекция, тұмаутәрізді форма ©

Энтеровирусты инфекция, эпидемиялық миалгия©

Энтеровирусты инфекция, эпидемиялық экзантема©

Энтеровирусты инфекция, серозды менингит

***

Науқас Н., 37 жаста, қайнатпа кремі бар пирожныйды жегеннен кейін 2 сағаттан соң үлескелік дәрігерге келді. Жедел ауырды, эпигастрий аймағындағы айқын ауырсынулар, жүрек айну, көп ретті құсу, қалтырау, әлсіздік, селқостық, сұйық нәжіс мазалайды. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,7°С. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұнық, пульс 100 соққы минутына. АҚ 90/60 мм.с.б. Тілі ақ жабынмен жабылған. Іші пальпация кезінде жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырсынады. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Нәжісі сұйық, сулы, көп мөлшерде, патологиялық қоспаларсыз. Диурез қалыпты. Сіздің диагнозыңыз:©

Жедел дизентерия, гастроэнтероколитикалық форма©

Сальмонеллез, гастроэнтероколитикалық форма©

Сальмонеллез, гастроэнтеритикалық форма©

Псевдотуберкулез, гастроэнтерит©

+ Ас токсикоинфекциясы, гастроэнтерит

***

Науқас В., 33 жаста, геолог, бас ауырсынуына, қалтырауға, құсуға, белінің, ішінің ауырсынуына, мұрыннан қан кетуіне шағымданып, аурудың 3-ші күні үлескелік дәрігерге келді. Жедел ауырды. 10 күн бұрын Қиыр Шығыстағы экспедициядан оралды. Жағдайы ауыр. Дене қызуы 39,3°С. Беті қызарған, ісінген. Кеуде, іш, қол мен аяқтарының терісінде көп мөлшерде петехиальды бөртпе, инъекция жерлерінде гематомалар, склераларға қан құйылулар. Өкпеде қатқыл тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, пульс 92 соққы минутына, АҚ 100/60 мм.с.б. Іші пальпацияда ауырсынады. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Екі жақтан Пастернацкий белгісі айқын оң. Диурез тәулігіне 400 мл. Зәр анализінде: сал.тығыздығы 1006, ақуыз- 4,3 г/л, жаңа эритроциттер, түйіршікті және гиалинді цилиндлер. Сіздің диагнозыңыз:©

Тұмау, геморрагиялық форма©

Менингококкты инфекция, менингококкемия©

+ Бүйрек синдромымен геморрагиялық қызба©

Омбы геморрагиялық қызбасы©

Эпидемиялық бөртпе сүзегі

***

Науқас А., 26 жаста, әлсіздікке, тершеңдікке, дене қызуының 38,7°С дейін жоғарлауына, бас ауырсынуына, балтыр бұлшықеттеріндегі ауырсынуларға шағымданып, аурудың 5-ші күні үлескелік дәрігерге келді. Жедел ауырды, дене қызуы қалтыраумен 38,5°С жоғарлады, кейін бас ауырсынуы, әлсіздік, балтыр бұлшықеттеріндегі ауырсынулар, тері мен көздің сарғаюы пайда болды. Сырқат алдында бір апта бұрын көлде шомылған. Жағдайы орташа ауырлықта. Бет терісі қызарған сарғыш реңмен, склералары сарғайған қан құйылумен. Балтыр бұлшықеттері пальпацияда ауырсынады. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, пульс 98 соққы минутына, АҚ 100/60 мм.с.б. Бауыры мен көкбауырының шеті пальпацияланады. Екі жақтан Пастернацкий белгісі оң. Сіздің диагнозыңыз:©

Жұқпалы мононуклеоз, орташа ауыр дәрижелі©

Энтеровирусты инфекция, серозды менингит, орташа ауырлықты©

Вирусты гепатит А, сарғаю формасы, орташа ауырлықта©

+ Лептоспироз, сарғаю формасы, орташа ауырлықты©

Иерсиниоз, сарғаю формасы, орташа ауырлықта

***

Науқас 35 жаста, ауыл тұрғыны, бір апта бұрын жедел ауырды, басталуы қалтыраудан, бас ауырсынуынан, бұлшықет пен буын ауырсынуынан, құрғақ жөтелден, кейін тершеңдік пен әлсіздік қосылды. Объективті: жағдайы орташа дәрижелі. Дене қызуы 37,8. Склера тамырлары мен конъюнктивалар қызарған. Микрополиаденит. Өкпесінде везикулярлы, біраз қатқыл тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Пульс 72 соққы минутына. АҚ 100/60 мм.с.б. Бауыры қабырға доғасынан 1,5- 2,0 см шығыңқы, ауырсынусыз. Көкбауыр шеті пальпацияланады. Бернет риккетсиясының антигенімен КБР 1:40. Сіздің диагнозыңыз:©

Эпидемиялық бөртпе сүзегі, орташа ауырлықта©

Кенелік бөртпе сүзегі, орташа ауырлықта©

Эндемиялық бөртпе сүзегі, орташа ауырлықта©

+ Ку- қызбасы, орташа ауырлықта©

Қайталама сүзегі, орташа ауырлықта

***

Науқас Н., 20 жаста, аурудың 2-ші күні түсті, шағымдары: сол жақ мықын аймағындағы толғақ тәрісді ауырсыну, жиі (10 ретке дейін) сұйық нәжіс шырыш және қан аралас, дене қызуының 38,5 жоғарлауы тұсында тенезмдер және жалған шақырулар, жүрек айну, қайталама құсу, әлсіздік Сіздің диагнозыңыз:©

Жедел дизентерия, атипті форма, орташа ауырлықта©

Жедел дизентерия, типті форма, жеңіл ағым©

Жедел дизентерия, атипті форма, жеңіл ағым©

+Жедел дизентерия, типті форма, орташа ауырлықта©

Жедел дизентерия, типті форма, ауыр ағым

***

Аурудың басталуы жедел, дене қызуының 38,7°C жоғарлауынан, жүрек айнумен, құсудан жиі, сұйық, көп мөлшердегі тәулігіне 8 рет, жасыл, сасық иісті, патологиялық қоспаларсыз нәжіс түріндегі клиникалық көріністермен сипатталатын науқастың диагнозын көрсетініз:©

Сальмонеллез, гастроинтестинальды форма, гастриттік нұсқа, орташа ауырлық дәрижеде©

+ Сальмонеллез, гастроинтестинальды форма, гастроэнтериттік нұсқа, орташа ауырлық дәрижеде©

Сальмонеллез, гастроинтестинальды форма, гастроэнтероколиттік нұсқа, орташа ауырлық дәрижеде©

Сальмонеллез, гастроинтестинальды форма, гастриттік нұсқа, жеңіл дәрижеде©

Сальмонеллез, гастроинтестинальды форма, гастроэнтериттік нұсқа, жеңіл дәрижеде

***

Науқас П., 30 жаста, келесідей шағымдармен түсті: тәбетiнiң төмендеуi, әлсiздiк, селқостық, жиі (тәулігіне 4-5 ретке дейін) сұйық жалқақ аралас нәжіс, субфебрильды температура. Анамнезiнде- осыдан 6 ай бұрын жедел дизентериямен ауырған, алайда стационардан шыққаннан кейін күнделікті нәжісі 2-3-4 рет тәулігіне жалқақ аралас. Эпиданамнез: жиі түрде тамақты астанадан iшедi.Обьективтi: жағдайы қанағаттанарлық. Жүрек тоны айқын, ритмi дұрыс. Пульсы минтуына 74 рет. АҚҚ-120/60 мм.с.б.б. Тiлi жабындымен жабылған, ылғалды. Ішi жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауырсыну байқалады, “сигма” тәрiздi iшек тығыздалған, ауырсынады. Нәжiсi аз мөлшерде, жалқақ араласқан. Сіздің диагнозыңыз:©

Жедел дизентерия, типті форма, орташа ауырлықта©

Жедел дизентерияның, типті форма, созылыңқы ағым©

Созылмалы дизентерияның, рецидивтi ағымы©

+ Созылмалы дизентерияның, үздiксiз ағымы©

Жедел дизентерия, типті форма, ауыр ағым

***

Науқас Н., қайнатпа кремі бар пирожныйды жегеннен кейін 2 сағаттан соң үлескелік дәрігерге келді. Жедел ауырды, эпигастрий аймағындағы айқын ауырсынулар, жүрек айну, көп ретті құсу, қалтырау, әлсіздік, селқостық, сұйық нәжіс мазалайды. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,7°С. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұнық, пульс 100 соққы минутына. АҚ 90/60 мм.с.б. Тілі ақ жабынмен жабылған. Іші пальпация кезінде жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырсынады. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Нәжісі сұйық, сулы, көп мөлшерде, патологиялық қоспаларсыз. Сіздің диагнозыңыз:©

Жедел дизентерия, гастроэнтероколитикалық форма, орташа ауырлықты©

Сальмонеллез, гастроэнтероколитикалық форма, орташа ауырлықта©

Сальмонеллез, гастроэнтеритикалық форма, орташа ауырлықта©

Ас токсикоинфекциясы, гастрит, орташа ауырлықта©

+ Ас токсикоинфекциясы, гастроэнтерит, орташа ауырлықта

***

Науқас А., 33 жаста, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, жүрек айнуға, құсуға (1 рет), оң жақ қабырға астындағы тұйық ауырсынуларға, аурудың 7- ші күні тері мен көзінің сарғаюына шағымданып, сырқатының 8-ші күні үлескелік дәрігерге келді. Біртіндеп ауырды. Жағдайы орташа ауырлықта. Терісі мен көзі шамалы сарғайған. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары қатты, пульс 72 соққы минутына, АҚ 110/70 мм.с.б. Бауыры қабырға доғасынан 1,5- 2 см төмен пальпацияланады, шамалы ауырсынады. Нәжісі түссізденген. Сіздің диагнозыңыз:©

Вирусты гепатит А, сарғаю формасы©

+ Вирусты гепатит В, сарғаю формасы©

Вирусты гепатит С, сарғаю формасы©

Вирусты гепатит Е, сарғаю формасы©

Вирусты гепатит Д, сарғаю формасы

***

Науқас К, 32 жаста, 2 ай бұрын ВГВ- мен ауырған, клиникалық сауығумен және биохимиялық көрсеткіштердің (АЛТ, билирубин) қалыпты деңгейде болуымен шығарылды. Біраздан соң әлсіздік, селқостық, тәбетінің төмендеуі, жүрек айну, зәр түсінің қоюлануы және тері мен көзінің сарғаюы пайда болды. Жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 36,7°С. Көзі мен терісі шамалы сарғайған. . Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары қатты, пульс 72 соққы минутына. АҚ 110/60 мм.с.б. Тілі жабынмен жабылған. Іші ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасынан 1 см төмен пальпацияланады, эластикалығы сақталған. Зәрі «сыра» түсті. Нәжісі сұр түсті. АЛТ 2 есе, жалпы билирубин 2,5 есе жоғары. Сіздің диагнозыңыз:©

Вирусты гепатит В, өршу ©

+ Вирусты гепатит В, рецидив©

Вирусты гепатит В, созылыңқы ағым©

Созылмалы вирусты гепатит В айқын белсенділікпен©

Созылмалы вирусты гепатит В минимальды белсенділікпен

***

Науқас К., 17 жаста, келесі шағымдармен аурудың 5-ші күні түсті: тәбетінің төмендеуі, жүрек айну, бір реттік құсу, оң жақ қабырға астында тұйық сипатты ауырсыну, тері мен склераларының сары түске боялуы. Жедел ауырды, қалтырауды, (2 күн бойы) дене қызуының 38,2°С дейін жоғарлауын, кейін тәбетінің нашарлауын, жүрек айну мен құсудың, зәрдің сыра түстес боялуын анықтады, аурудың 4ші күні терісінің сары түске боялуын байқады. Жағдайы орташа ауырлықта. Терісі мен склералары шамалы сары түсті. Бауыры қабырға доғасынан 1,5- 2,0 см шығыңқы, шамалы ауырсынады. Нәжісі түссізденген, зәрі сыра түсті. anti HEV IgM+, anti HAV IgG+. Сіздің диагнозыңыз: ©

+Вирусты гепатит Е, сарғаю формасы©

Вирусты гепатит А, сарғаю формасы ©

Вирусты гепатит В, сарғаю формасы ©

Вирусты гепатит С, сарғаю формасы ©

Вирусты гепатит Д, сарғаю формасы

***

Келесідей белгілер кешені тән диагнозды көрсетініз: маусымдылық, көбінесе жастар ауырады, жедел басталу, катаральды және диспепсия белгілерімен көрінетін қысқа продром кезеңімен циклді ағым, сарғаю басталғаннан интоксикация белгілерінің азаюы, қатерсіз ағым, қолайлы нәтиже, anti HАV IgM+, anti HЕV IgG+ ©

+ вирусты гепатит А, сарғаю формасы©

вирусты гепатит В, сарғаю формасы ©

вирусты гепатит С, сарғаю формасы ©

вирусты гепатит Д, сарғаю формасы а©

вирусты гепатит Е, сарғаю формасы а

***

Науқас Р, 18 жаста, аурудың 3ші күні келесі шағымдармен келді: тамағының шамалы ауырсынуы, бас ауырсынуы, жалпы селқостық, 38,7С дейін дене қызуының жоғарлауы. Қарау кезінде баспа бар, мойын арты және қолтық асты лимфа түйіндері, бауыры мен көкбауыры ұлғайған, тері жабындылары мен склералары субиктериялы. ЖҚА-нде: L- 12х109/л, с-25%, л-45%, м-20%, лимфомоноциттер-10%, Hb-100г/л, СОЭ-23 мм/сағ. Сіздің диагнозыңыз:©

+Жұқпалы мононуклеоз, орташа ауырлықта©

Күл ауруы, жергілікті форма, орташа ауырлықта ©

Аденовирусты инфекция, орташа ауырлықта ©

Туляремия, ангинозды-бубонды форма, орташа ауырлықта ©

Энтеровирусты инфекция, герпангина, орташа ауырлықта

***

Науқас А., аурудың 4-ші күні келесі шағымдармен келіп түсті: басының шамалы ауырсынуы, 38,5С дейін дене қызуының жоғарлауы, бұлшықеттерінің ауырсынуы, тәбетінің төмендеуі, денесінің бөртуі. Бір апта бұрын бастың шашты бөлігінен кенені алып тастады. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,3С, алақанын, табанын, бетін қоса бүкіл денесі мен аяқ- қолдарында көп мөлшерлі дақты- папулезді бөртпелер. Бастың шүйде бөлімінде 1х1 см диаметрінде тығыз инфильтрат бар, ол қабыршақпен жабылған, айналасы гиперемирленген. Ұлғайған мойын және қолтық асты лимфа түйіндері пальпацияланады, аздап ауырсынады, қозғалмалы. Тілі ақ жабынмен жабылған. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланады. Сіздің диагнозыңыз: ©

Эпидемиялық бөртпе сүзегі, орташа ауырлықта©

+Кенелік бөртпе сүзегі, орташа ауырлықта ©

Лайм ауруы, орташа ауырлықта ©

Энтеровирусты инфекция, орташа ауырлықта ©

Менингококкты инфекция, менингококкемия, орташа ауырлықта

***

Дәрігер- гематолог 4 күн бойы ауырады: дене қызуы жоғарлады, әлсіздік, басының айналуы, жүрек айну пайда болды, тәбеті төмендеді. Келесі күні жалпы жағдайы кенеттен күрт нашарлады- есі бұлыңғырланды, галлюцинациялар, психомоторлы қозу, «кофе қоюымен» құсу, терісінде петехиялар пайда болды, зәрінің түсі қоюланды. Тыныс алу жиілігі 28 рет минутына, пульс- 100 рет минутына, АҚ- 90/60 мм.с.б., АЛТ- 25 ммоль/л, ПИ- 35%. Қандай асқыну дамыды©

инфекционды-токсикалық шок, 2 дәриже ©

инфекционды-токсикалық шок, 3 дәриже©

жедел бауыр энцефалопатиясы, кома 1 ©

жедел бауыр энцефалопатиясы, прекома 1 ©

+ жедел бауыр энцефалопатиясы, прекома 2

***

Менингококкцемия түрінде клиникалық көрінісі бар менингококкты инфекциямен зардап шегетін науқаста адинамия, тежегіштік, шырышты қабаттардың цианозы, тахикардия минутына 100- ден көп, ентігу (20- 30 рет минутына), максимальды АҚ 80 мм.с.б. дейін төмендеуі пайда болды. Қарашықтары кеңейген, қызбасы 39- 40 С шамасында сақталуда. Осы науқаста пайда болған асқынуды көрсетініз:©

ТШҚҰ синдромы, 1 дәриже©

инфекционды-токсикалық шок 1 дәриже©

+ инфекционды-токсикалық шок 2 дәриже©

инфекционды-токсикалық шок 3 дәриже©

ТШҚҰ синдромы 2 дәриже

***

Менингококкцемия түрінде клиникалық көрінісі бар менингококкты инфекциямен зардап шегетін науқаста адинамия, тежегіштік, шырышты қабаттардың цианозы, тахикардия минутына 100- ден көп, ентігу (20- 30 рет минутына), максимальды АҚ 80 мм.с.б. дейін төмендеуі пайда болды. Қарашықтары кеңейген, қызбасы 39- 40 С шамасында сақталуда. Осы науқасқа этиотропты мақсатпен келесі препаратты кг салмағына есеппен тағайындау қажет:©

левомицитин сукцинаты 25 -50 мг ©

левомицитин сукцинаты 50 -75 мг ©

+ левомицитин сукцинаты 75 -100 мг©

левомицитин сукцинаты 100-150 мг ©

левомицитин сукцинаты 150 -200 мг

***

Қалтырау және тершеңдікпен жүретін қызбаның қансыратпа типі, гипотония, қанның жалпы анализінде айқын қабыну өзгерістері (таяқша ядролы жылжумен лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы), гепатоспленомегалия келесіге тән:©

+ сепсис, ауыр ағым ©