- •Оқу әрекетінің мазмұны мен құрылымы.
- •Білім берудің дәстүрлі және инновациялық стратегиясын ұйымдастырудың психологиялық айырмашылықтары.
- •Басқару психология пәнін оқыту әдістемесі.
- •Білім алушы оқу әрекетінің субъектісі ретінде .
- •Дәрістің негізгі функциялары.
- •Психология курсындағы іскерлік ойындарын жүргізудің құрылымы мен әдістемесі.
- •Оқу әрекеті құрылымындағы әрекеттер мен операциялар.
- •Семинар сабақтарындағы бағалау критерилері.
- •Сын тұрғысынан ойлау технологияларын психологияны оқытуда қолдану
- •1.Ақыл-ой әрекеттерін сатылы қалыптастыру теориясы (п.Я.Гальперин, н.Ф.Талызина)
- •Педагогикалық іс-әрекет субъектілерінің бірлескен әрекеттерін ұйымдастыру.
- •Проблемалық оқытудың пәндік-мазмұндық сипаттамасы.
- •Лекция материалын іріктеудің негізгі принциптері
- •Оқу міндеттерінің таксономиясы танымдық әрекетті дамытуды басқару құралы ретінде
- •Психологиялық білім мазмұнының ерекшелігі және оны меңгеруді ұйымдастыру мәселелері.
- •Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын психологияны оқытуда қолдану.
- •Психологияны оқытудың мәні, құрылымы.
- •Пікірталас, рөлдік пікірталас, педагогикалық-психологиялық консилиум отырысы әдістерінің көмегімен сабақ өткізу.
- •Жас ерекшелік және педагогикалық курстарды оқыту әдістемесіндегі оқыту мен тәрбиенің психологиялық аспектілері.
- •1.Психологияны оқытудың қозғаушы күштері.
- •2.Оқыту мен дамудың өзара қатыстылығы ретіндегі л.С.Выготскийдің оқыту теориясы.
- •3.Түсіндіре оза оқыту технологиясын психологияны оқытуда қолдану.
- •Психология курсындағы проблемалық лекция мен эвристикалық әңгімелесу.
- •Психологияны оқыту әдістемесі үшін дамыта оқыту тұжырымдамасының маңызы.
- •Әлеуметтік психологияны оқыту әдістемесі.
- •Психология курсындағы практикалық сабақтардың мақсаты, құрылымы.
- •Проблемалы ситуацияларды құрудың психологиялық шарттары.
- •Психология курсындағы семинар сабақтары, олардың міндеттері.
- •Психологияны оқытуда мотивацияны қалыптастыру.
- •Эвристикалық әңгіме, «ми шабуылы» әдісі.
- •Жалпы психологияны оқыту мақсаты.
- •Белсенді оқыту әдістерінің психологиялық негіздері.
- •Тірек белгілері (сызбасы, сигналы) арқылы оқыту технологиясын психологияны оқытуда қолдану.
- •Оқу мотивтерінің классификациясы (жағымды – жағымсыз, сыртқы – ішкі) 7
- •Психологияны оқытудағы студенттердің өзіндік жұмысының рөлі.
- •Қолданбалы психологияны оқыту ерекшеліктері.
- •Проблемалық лекцияның жетістіктері мен мақсаттары
- •Теориялық психологияны оқытудың әдістемелік ерекшеліктер.
- •Интерактивті оқыту әдістері.
- •Бақылау – оқып-білім алушының оқу әрекеті ретінде. Оқу әрекетінің жалпы құрылымындағы бақылаудың әсері.
- •Психологиялық әдебиетпен жұмыс істеу әдістемесі.
- •Бағдарламалы оқытудың әдістері.
- •Оқу әрекетін педагогикалық бақылаудың негізгі функциялары.
- •Лабораториялық сабақ теоретико-әдіснамалық білімдер мен тәжірибелік біліктердің интеграциясы ретінде
- •Оқулықпен жұмыс және психология бойынша ғылыми әдебиеттерді оқып-меңгеру.
Білім берудің дәстүрлі және инновациялық стратегиясын ұйымдастырудың психологиялық айырмашылықтары.
“Инновация” түсінігін ағылшын тілінен аударғанда “жаңалық енгізу”, “жаңашылдық” ұғымды білдірген. Ал тамыры ретеңде жатқан термин латын тілінің “жаңару”, “өзгеру” сөздерімен баламаланы, “бұдан бұрын болмаған жаңалық”, “қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі” деген түсініктерді білдіреді. Ол ең алғаш рет XIX ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуілерінде пайда болған. (Бір мәдениеттен екінші мәдениетке өту элементтерінің даңашалануы). Одан кейін инновациялық процестің толық түсінігін ХХ ғасырдың басында экономист И.Шумпетер ұсынды. Ғалым экономикалық жүйенің дамуындағы өзгерудің “жаңа комбинациясын” талдады. 30-шы жылдары И.Шумпетер, Г.Менш “инновация” терминін ғалымға енгізді. [11] Себебі жаңа технологияның және заттың ғылыми тұтас жаңалығын ашты. Осы кезден бастап “инновация”, “инновациялық процесс”, “инновациялық потенциал” терминдері жалпы ғылымдардың терминологиялық жүйесін байытты. Инновацияның жалпы ғылыми түсінігі жүйе қызметінің тұтастай өзгеруін анықтайды. Ол жүйе элементтерінің және әртүрлі сфералардың сапалық пен сандық өзгеруі.Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде теориялық және практикалық жұмыстарда әртүрлі педагогикалық инновация технологияларының нұсқалары қолдануда. Ауқымды инновациялық технология нақтылы жүйе мен жіктелуді керек етеді. Осы мәселемен А.Я.Савельев, В.М.Максимов, Г.К.Селенко, т.с.с. ғалымдар айналысты.В.М.Максимов өзінің зерттеулері бойынша келесі жіктелулерді ұсынады: құрылымдық логикалық технололгия, интеграциялық технология (әртүрлі пәндік білімдердің бір-бірімен байланысы), ойындар технологиясы, тренинттік технология, ақпараттық технология, диалогтық технология.
Басқару психология пәнін оқыту әдістемесі.
Басқару психологиясы ғылым ретінде еңбек ұжымының іс-әрекетін басқару мәселесін шешуде қолданылатын психологиялық білімді зерттейді. Басқару психологиясының ерекшелігі оның объектісі ретінде адамдардың ұйымдасқан іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Ұйымның ережелері, нормалары және талаптары тек ұйымдағы адамдардың арасындағы ерекше психологиялық қатынастарды қалыптастырады - бұл адамдардың басқарушылық қатынастары. Әлеуметтік-психологиялық қатынастар - мақсат, міндет және біріккен іс-әрекеттің құндылықтарымен байланысқан адамдардың өзара қатынастары. Басқару психологиясы саласындағы мамандардың ұйымдағы өзекті психологиялық мәселелері туралы пікірлері бірлікті құрайды. Олардың қатарына мыналар кіреді: барлық деңгейдегі басшылардың кәсіби біліктігін көтеру, яғни, басқару стилін, тұлғааралық қатынастарды, шешім қабылдауды, стратегиялық жоспарды, стрессті жеңуді жетілдіру; басқару персоналын даярлау және қайта даярлау әдістерінің тиімділігін арттыру; ұйымның адамзаттық құндылықтарын іздеу және жетілдіру, әлеуметтік-психологиялық ахуалды бағалау және жетілдіру, персоналды ұйымның ортақ мақсатына жұмылдыру; Басқару психологиясының пәні туралы пікірлер әртүрлі. Психологтар Е.Е. Вендров және Л.И. Уманский басқару психологиясы пәнінің келесі аспектілерін ұсынды: ұжым және топтардың әлеуметтік-психологиялық мәселелері; басшының іс-әрекет психологиясы; басшының жеке тұлға психологиясы; басқарушы кадрларды таңдаудың психологиялық мәселелері; басқарушы қадрларды даярлау және қайта даярлаудың психологиялық-педагогикалық мәселелері [1]. Психологтар В.Ф. Рубахин және А.В.Филипов басқару психолгиясының пәніне мыналарды жатқызады: басқарушы іс-әрекетінің қызметтік-құрылымдық талдауы; басқарушы ұжымдардың әлеуметтік-психологиялық талдау; басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара қатынастық психологиялық мәселелері;
№2
