- •Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз:
- •Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз:
- •Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз:
- •Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз:
- •Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз:
- •Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз:
- •Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз:
- •Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз:
- •Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз:
- •Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз:
- •Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз:
- •Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз:
- •Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз:
- •Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз:
- •Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз:
- •Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз:
- •Лабораториялық зерттеу нәтижелері:
- •Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз:
- •Дифференциялды диагноз:
- •Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз:
- •Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз:
- •Дифференциялды диагноз:
Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз:
Клиникалық синдромдарды анықтаңыз, негізгісін көрсетіңіз (түсіну 20%)
Анықталған синдромдарға негізделе отырып болжамды диагноз қойыңыз (анализ 10%, қолдану 10%)
Лабораторлы-аспаптық зерттеу жоспарын құрыңыз және алынған нәтижені талдаңыз
Дифференциалды диагностика жүргізіп, клиникалық диагнозды негіздеңіз.(анализ20%)
Емдеу жоспарын құрыңыз, амбулаторлы емдеу кезеңіне ұсыныс көрсетіңіз (анализ 10%, қолдану 10%)
Кілт сөздер: туберкулез, қақырық , бактериоскопия
№2 Клиникалық есептің жауабы
Бронхообструктивті синдром (қақырықты жөтел, кеуде тұсының дем алғанда ауырсынуы), спецификалық қабыну емес синдромы (дене қызуының 39,0 С жоғарылауы, жалпы әлсіздік). Негізгі синдром - Бронхообструктивті синдром
Синдромға сәйкес аурулар: пневмония, обструктивті бронхит , бронхиолит.
Осы шағымдар пайда болғаннан бастап науқаста бірінші инфильтрациялық туберкулезге күмандану керек. Анамнезінде жоғарыдағы шағымдары мазалап жүргеніне 1 ай болған.
Қарау кезінде науқастың жалпы жағдайы түскенде орташа ауырлықта , туб. интокикацияға байланысты. Тері жамылғысы және көзге көрінетін шырышты қабаты бозғылт түсте. Шеткі лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпесінда аускультативті визикулалық тыныс, сырыл жоқ, сол жақ өкпенің төменгі жағында тынысы әлсіз естіледі.
Болжамды диагноз: Екі өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі. ТМБ- теріс І санат, жаңа жағдай.
Асқынуы
3. Дифференциялды диагноз:
Аурудың аты |
Ажыратпалы белгілері |
ӨСОА
|
- Созылмалы ентігу (физикалық жүктемеге байланысты, аурудың кеш сатысында,кем дегенде 10жылдан кейін пайда болады, ) - Созылмалы жөтел ( эпизодты түрде аллергенге байланысты болады) -Қақырық (үздіксіз іріңді қақырық) Жедел бронхиттер(жиі қайталанады)
|
Пневмония |
Аяқ астыннан температураның жоғарылауы, жөтел ылғалды қақырықпен, ауа жетіспеу сезімі, терең тыныс алғанда және жөтелгенде кеуде тұсының ауырсыну сезімі. Тері жамылғысының гиперемиясы, мұрын ерін үшбұрышының цианозы. Аускультацияда крепитация және майда көпіршікті сырыл |
Лимфасаркома
|
Инфильтративті форма-лимфа түйіндерінің ұлғаю. Казеозды –некротикалық форма лимфа түйіндерінің некрозы және жыланкөз пайда болумен жүреді. Индуративті форма- зақымдалған лимфа түйіндерінің тыртықты тығыздалуы. Толқын тәрізді лихорадка, тері қабаты сары түске боялады, қышиды, көкбауыр үлкейеді. Рентгенде «Дымовая труба» симптомы байқалады. |
Орталық рак
|
Ірі бронхтардың қабырғасына қарай өседі. Бронхтар ісікпен тығындалып өкпе ателектазы дамиды. Осы аймақта пневмония, типті абсцестер пайда болады. Бронх саңылауы ісікпен бітеліп ентігу дамиды. Пневмония дамуы себебінен дене қызуы жиі көтеріледі. |
4.Тексеру жоспары: ЖҚА, ЖНА, кеуде қуысының шолу рентгенографиясы, Джейн эксперт.
Қан анализінде қабыну өзгерістері анықталады- ЭТЖ жоғарылауы, лейкоцитоз,эозинофилия, гемоглбин төмендейді.
Кеуде қуысының шолу рентгенографиясы: Екі өкпеде , көбінесе оң өкпенің жоғарғы бөлігінде орта интенсивті, сыртқы контуры анық емес, құрылымы біркелкі емес қараю анықталады. Өкпе суреті өзгермеген.
Джейн эксперт : ТМБ + оң, риф. сезімтал.
Клиникалық диагноз : Екі өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі. ТМБ- теріс І санат, жаңа жағдай.
5.Науқасқа ІІ режим, тыныштық қалыпты сақтау көрсетілген. Туберкулез анықталуына байланысты арнайы химиотерапия тағайындалады.DOTS программасына сәйкес емдеу схемасы Қарқынды фаза 2-4 HRZES
Таб. Пиреф-4, ФДС 4таб күніне 1 рет ішке, Sol. Вит В6 2,0 мл б/е №10. Sol. Цеф-ІІІ 1,0 әр 8 сағат сайын б/е №7, Sol. Кетатоп 2,0мл+ Sol. Димидрол 1,0 мл б.е , Вит С 6,0мл тамыр ішіне симптоматикалық, дезинтоксикациялық ем.
Клиникалық жағдайлардың шешімі
Бағалау критерийлері
№ Бағалау критерийлері Өте жақсы Жақсы Қанағат-лық Қанаңғат-лықсыз
4 3 2 0
1 Клиникалық синдромдарды ажыратыңыз, жетекші синдромды айқындаңыз
Дұрыс анықтады және барлық синдромдарға патогенетикалық анықтама берді, жетекші синдромды айқындады.
Дұрыс анықтады және барлық синдромдарға патогенетикалық анықтама берді(негіздеме бере алмады), жетекші синдромды айқындады.
Дұрыс анықтады және барлық синдромдарға патогенетикалық анықтама берді(негіздеме бере алмады), жетекші синдромды айқындай алмады.
Дұрыс анықтай алмады және барлық синдромдарға патогенетикалық анықтама бермеді(негіздеме бере алмады), жетекші синдромды айқындамады.
2 Айқындалған синдромдарға байланысты болжамды диагноз қойыңыз
Анықталған синдромдарды есепке алып, синдромдарды негіздеп , жетекші синдромға байланысты ауруларды анықтап , дифференциалды диагностика жүргізді.
Анықталған синдромдарды есепке алып, синдромдарды негіздеп , жетекші синдромға байланысты ауруларды анықтап , дифференциалды диагностиканы дұрыс жүргізе алмады.
Анықталған синдромдарды есепке алып, синдромдарды негіздеп , жетекші синдромға байланысты ауруларды анықтап , дифференциалды диагностика жүргізбеді.
Синдромдарды анықтай алмады, синдромдарды негіздей алмады , жетекші синдромға байланысты ауруларды анықтап , дифференциалды диагностика жүргізбеді. Неправильно определил круг синдромосхожих заболеваний, не смог провести дифференциальную диагностику
3 Лабораторлы-аспапты зерттеу жоспарын құрастырыңыз және қорытындыларын интерпретациялаңыз
Лабораторлы-аспапты зерттеу жоспарын толық құрастыра алды, мамандар кеңесі клиникалық хаттамаларға сай, зерттеу қорытындыларын дұрыс интерпретациялады.
Лабораторлы-аспапты зерттеу жоспарын толық құрастыра алды, мамандар кеңесі клиникалық хаттамаларға сай, зерттеу қорытындыларын қателіктермен интерпретациялады.
Лабораторлы-аспапты зерттеу жоспарын толық емес құрастырды, зерттеу қорытындыларын қателіктермен интерпретациялады.
Лабораторлы-аспапты зерттеу жоспарын толық құрастыра алмады, мамандар кеңесі клиникалық хаттамаларға сай емес , зерттеу қорытындыларын интерпретацияламады. .
4 Дифференциалды диагнозтика жүргізіңіз,клиникалық диагнозды негіздеңіз
Болжамды диагноз және зерттеу қорытындыларына негізделіп,диагностикалық критерийлерге байланысты клиникалық диагнозды негіздеді.
Болжамды диагноз және зерттеу қорытындыларына негізделіп,диагностикалық критерийлерге байланысты клиникалық диагнозды толық емес негіздеді.
Болжамды диагноз және зерттеу қорытындыларына қателікпен негіздеп,диагностикалық критерийлерді негіздей алмады. Не смог провести обоснование клинического диагноза
5 Емдеу жоспарын құрастырыңыз , амбулаторлы ем тағайындаңыз
Негізгі және ілеспелі ауруларды ескеріп,дәрілердің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын есепке алып , ем жоспарын дұрыс құрастырды,дәрілердің топтары мен мөлшерлерін клиникалық хаттамамен сәйкес құрастырды.
Негізгі және ілеспелі ауруларды ескеріп,дәрілердің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын есепке алып , ем жоспарын дұрыс құрастырды,дәрілердің топтары мен мөлшерлерін дұрыс емес атады.
Ем жоспарын құрастырды , дәрілік топтарды атады , бірақ басқада артық дәрілерді емге қосты(полипрагмазия).
Ем жоспарын дұрыс құрастырмады, дәрілік топтардың әсер ету механизмін және диагнозды ескермей препараттар тағайындады.
МАКСИМАЛЬДЫ ҰПАЙ– 20 ¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬______________________________________
Қабылдаған доцент, оқытушы_______________
ЧЕК ЛИСТ
«Фтизиатрия» пәні бойынша
Интерн шифры_______________________________
№ Бағалау критерийлері Өте жақсы Жақсы Қанағат-лық Қанаңғат-лықсыз
4 3 2 0
1. Клиникалық синдромдарды ажыратыңыз, жетекші синдромды айқындаңыз
2. Айқындалған синдромдарға байланысты болжамды диагноз қойыңыз
3. Лабораторлы-аспапты зерттеу жоспарын құрастырыңыз және қорытындыларын интерпретациялаңыз
4. Дифференциалды диагнозтика жүргізіңіз,клиникалық диагнозды негіздеңіз
5. Емдеу жоспарын құрастырыңыз , амбулаторлы ем тағайындаңыз
МАКСИМАЛЬДІ ҰПАЙ – 20
ҰПАЙ ¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬______________________________________
Қабылдаған доцент, оқытушы_______________
Бакалавриаттар үшін
I. Билеттер – минимум 20
1. Сұрақ .
2. Сұрақ .
3. Тапсырма.
Әр түрлі таұырыптарда сұрақтар құрастыру, бакалаврлардың біліктілігін пайыздық үлесте бағалау, тесттер құрастыру.
Тапсырма қысқа, орташа қиындықта.
Құрастыру ережесі- этаппен.
НЕМЕСЕ
II. МҮМКІН: бір тапсырма, интернатураға сияқты ,бірақ бакалаврияттың біліктілігінің пайыздық үлесі 5 курс- есте сақтау 10%, түсіну 30%, қабылдау 60%.
III. Есептердің және билеттердің жауаптарының эталоны.
IV. Бағалау критерийлері.
V. Кілттік сөздер.
VI. Чек-листтер.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Шымкент медицина инситуты
Дипломнан кейінгі білім беру факультеті
Жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасы
Клиникалық есеп №3
Науқас И., 56 жаста салмағы 59кг, облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің қалалық бөлімшесіне келесі шағымдармен түсті : жалпы әлсіздік, қақырықты жөтел, кеуде тұсының дем алғанда ауырсынуы, тәбеті төмен, дене қызуының 37,5 С жоғарылауы.
Өмір тарихы: Материалдық, әлеуметтік жағдайлары төмен, жұмыссыз.Науқас жалғыз өзі тұрады. Сотталмаған. Зиянды әдеттері жоқ. Гепатит , жұқпалы аурулармен ауырмаған. Соңғы ФЛГ тексерілуі мамыр 2016 ж №7 ШҚЕ өткен.Рентгенограмма түскен дені сау. Аллергоанамнезі теріс болды.
Науқас бұрын туберкулезбен ауырмаған. Туб. Қатынаста болмаған. Жоғарыдағы шағымдары мазалап жүргеніне 4 ай болған. Науқас тұмау мазалап жүрген және гипертермиялық синдром, ентігу болған. № 7 емханада емделген, ем нәтижесіз болған. 01.03.17. күні жолдамамен ОТҚД фтизиатрге жіберілді. Кеуде қуысының рентгенографиясы және томограммасы 13.03.17. жасалды. ТМБ – теріс №177. Джейн эксперт 01.03.2017 жыл ТМБ+ оң, Риф. сезімтал №1775. Осы қорытынды бойынша ОТҚД №6 бөлімшеге жолданды . Науқстың жалпы жағдайы түскенде орташа ауырлықта , туб. интокикацияға байланысты. Тері жамылғысы және көзге көрінетін шырышты қабаты бозғылт түсте. Шеткі лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпесінда аускультативті везикулалық тыныс, сырыл жоқ, сол жақ өкпенің төменгі жағында тынысы әлсіз естіледі. ТАЖ18 рет. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. АҚ120/80мм.с.б.б. Пульс 75 рет. Тілі ылғалды, таза. Іші жұмсақ пальпациялағанда ауырсынусыз. Бауыры, көкбауыры ұлғайған. Ұрғылау симптомы екі жақта теріс мәнді. Үлкен және кіші дәреті қалыпты. Перифериялық ісіктері жоқ. Менингиалды белгілер жоқ.
ЖҚА: Hb- 147гр/л, эр-4,4*10¹² , ЭТЖ-50мм/сағ, лейк-5,5*109 /л.
ЖЗА: салыст. тығыздығы -1013, ақуыз- 0,033, лейкоцит- 2-3-3 к/а, эр.-0-1-1 к.а
Кеуде қуысының рентгенограммасы: Екі өкпеде , көбінесе оң өкпенің жоғарғы бөлігінде орта интенсивті, сыртқы контуры анық емес, құрылымы біркелкі емес қараю анықталады.Өкпе суреті өзгермеген.
