- •2.Бейнелеу өнері бойынша білім беру мазмұны
- •3.Бейнелеу өнері тарихымен таныстыру сабағының әдістемесі
- •17Билет
- •1.Жазық және аумақты заттардың бетіне ою-өрнек кескіндеу тәсілдері
- •2.Әдістеме курс педагогикалық ғылым ретінде.
- •3.Сабақты ұйымдастырудың формалары
- •1.Пейзаж салу тәсілі
- •2.Бейнелеу өнерінің даму тарихы
- •3.Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері
17Билет
1.Жазық және аумақты заттардың бетіне ою-өрнек кескіндеу тәсілдері
Жазық бетті денелер тік сызықты бетке ғана ие, ол екі өлшеммен анықталады: ұзындық және биіктік немесе ұзындық және ен. Жазық денелер әр алуан. Оларды үш түрге бөлуге болады: тік бұрыштылар - квадрат, тік төртбұрышты, үш бұрышты; қисық сызықтылар – дөңгелек, эллиптикалық, және басқа да күрделі қисық сызықтылар; аралас бетті – қарапайым және күрделі формалы тік бұрышты мен қисық сызықты беттердің аралас келуі.
Квадратты және тік төртбұрышты формалы денелерді екі белгімен тұрғызады. Алғаш пропорциясын белгілейде, кейін вертикалды және горизонтальды сызықтармен, олардың жақтарын салады. Үшбұрышты формаларды әр түрлі жағдайда тұрғызуға болады: тең үш бұрышты, тең жақты, төртбұрыштап және дұрыс емес үш бұрыштап. Алдымен пропорциясын анықтайды. Оның табанын кескіндейді. Бағытын анықтап төбесін салады. Соңында үшінші төбесін белгілейді. Бұл үшін алдымен төбесінен табанына перпендикуляр сызық түсіреді. Көпбұрышты форманы векторлы тәсілмен анықтайды. Алдымен ұзындықты және биіктікті белгілейді. Бір төбесін тапқаннан кейін белгілі өлшеммен басқа төбелеріне қарай сызықтар жүргізеді. Дөңгелек формаларды салу үшін координат әдісін қолданады. Фигураның пропорциясын белгілеп, ұзындық пен биіктікті тең жартыға бөледі. Орталық сызықты жүргізіп кейін өзара қосады.
Ағаш жапырағын салу. Алдымен жапырақтың ұзындығын және енін анықтап пропорцияда салғаннан кейін, оның негізгі тармағына жан-жағындағы тармақтарын сызамыз. Ол тармақтарды векторлы сызықтар түрінде жүргіземіз. Жапырақтың төбесінің орналасуын табамыз. Әрбір тармақытң жиек жақтарын бір бірімен сызық арқылы қосамыз. Схематикалық түрде жүргізген сызықтарды шынайы бейне сызығына аударамыз. Кейін жапырақ бетке өң беруді бастаймыз. Өңді түс ашық бөліктен қараңғы бөлікке қарай боялады.
Ауқымды деп –форманың үш өлшемі бар денені айтады. Оларға призма, куб, пирамида, конус, шар сияқты денелер жатады.
Сызықты перспектива. Заттың формасы мен шамасы суретші белгілі бір қашықтықта қарағанда өзгереді. Бірақ, затты қандай жағдайда адам көріп тұр, сондай күйін кескіндеу ол суреттің негізгі ережелерінің бірі болып сақталады. Осыған байланысты ерекшеліктерді айқындайтын, оны негіздейтін ғылым саласы перспектиива болып табылады. Предметті қандай күйде көрсе, суретші оны сондай күйде бейнелеп кескіндеу перспектива дейді. Сол бейне кескінін сызықты түрде орындау сызықты перспектива болып табылады. Заттың түсін, ашықтығын, фактурасын өңмен беруді ауа перспективасы қарастырады. Соның заңдарына негізделеді.
Цилиндр бетті денені кескіндеу тәсілі. Цилиндрді вертикалды қоямыз. Оның пропорциясын белгілейміз. Оның қалыңдығын тең бөліп анықтаймыз, оның орталық вертикал сызығын жүргіземіз. Сонымен бірге, жасаушыларында көрсетеміз. Кейін орталық вертикал сызықпен жоғарғы табанын штрихпен белгілеп, кейін төменгі жағына өтеміз. Төменгі және жоғарғы штрих сызықтардан кіші ості сызықтар жүргіземіз. Кіші және үлкен тіректі сызықтардың төрт нүктесін қосамыз. Жоғарғы төбесінде және төменгі табанында. Қосу доғал сызықтарымен жүргізіледі. Соңында контурларын қалың сызықпен басып, көрінбейтін доғал сызықтарды кетіріп өңді түстерді штрих сызықтармен бояймыз.
