Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-2-3-4-9.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
43 Кб
Скачать
☆

2.Бейнелеу өнері бойынша мектептегі мектептен және сабақтан тыс жұмыстар

Бейнелеу өнері қоршаған ортаны, табиғаттың әсемдігін, әдемілігін сезінуге үйретеді. Табиғаттағы жекелеген немесе болып жатқан құбылыстарды бақылап, олардың ерекшеліктерін көбірек және тереңірек ұғынуға жетелейді. Ал, бейнелеу өнері пәні сурет сала білу іскерліктерін, шығармашылық ойлау қабілеттерін шыңдауға жол ашады.

Бастауыш білім беру деңгейінде бейнелеу өнері пәнін оқытудағы негізгі мақсат – оқушылардың қоршаған әлемді бейнелі қабылдау, көркем-шығармашылық қабілеттері мен бейімділігін дамыту және сезімдік, эмоционалды-құндылық тәжірибелерін тереңдетіп, дамыту болып табылады.

Алайда, тәрбие беруде, жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының сабақтан тыс бос уақыттағы іс – әрекеті, әлеуметтік ортасы, жеке басының мәселелері тек ата – ананы ғана толғандырып қоймай, сонымен қоса мектептің оқу – тәрбие ісінде де басты назарда болады.

Осы орайда, сыныптан тыс мектепішілік жұмыстарды тиімді ұйымдастыруда сыныптан тыс жұмыстардың атқарар рөлі мен маңыздылығы басым. Сыныптан тыс жұмыстар жүргізу барысында әңгімелесу, диафильмдер арқылы дәріс беру, сурет және кескіндеме бойынша слайдтық материалдар қолдану, пленерлік жұмыстар ұйымдастыру, мектепішілік сурет көрмелерін өткізу, мерекелерге байланысты сынып бөлмелерін безендіру, саяхатқа шығу,

мұражайларға саяхат жасау, суретшілер шеберханасына, суретшілер көрме залдарына саяхаттар жасау, қосымша үйірме, факультатив сабақтарын өткізу сияқты шараларды қарастыруға болды.

Сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруда басты мақсат бейнелеу өнері пәніне деген қызығушылығын, белсенділігін, шығармашылық жұмыс жасауға жігерлендіру, сурет салуға құлшыныстарын арттыру болып табылады.

Сыныптан тыс шараларды ұйымдастырушы және жетекшісі болып бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі тағайындалады. Мұғалім іс-шараға қатысушы оқушының алған бағытының дұрыстығын және дамуын басты назарда ұстайды. Атқарылған жұмыстар барысында оқушының алған біліктілігі мен іскерлік дағдысының шыңдалуын қадағалайды.

Сонымен, сыныптан тыс сабақтарды өткізу арқылы оқушылардың бейнелеу өнері пәніне деген қызығушылығы мен құштарлықтарын арттыруда төмендегідей іс – шараларды ұйымдастыруға болады.

Үйірме жұмысы мектепішілік ұйымдастырылатын сыныптан тыс шаралардың кең тараған түрі. Бейнелеу өнері пәні бойынша үйірме жұмысын ұйымдастырудағы мақсат, сыныпта оқыту бағдарламасынан тыс қалған, көрініс таппаған қосымша материалдармен танысады. Олар: сурет және кескіндеме, анималистік жанр, аллаприма әдісі, автопортрет, аппликация, графика, гризайль, сәулет өнері, дизайн, мүсін өнері, зергерлік бұйымдар, интерьер, линогравюра тағы басқа техника, жанр түрлері.

Топсаяхат.

Сыныптан тыс шаралардың тағы да бір түрі –топсаяхат. Топпен саяхатқа шығу оқушылардың білімін тереңдетіп, ой – сана өрісін ұлғайтады. Сурет салу қызығушылығы мен өзіндік шығармалармен айналысуда белсенділігін арттырады. Жоғарыда айтылғандай оқу бағдарламасында қамтылмай қалған бөлімдерін толықтыру мақсатында топсаяхаттың рөлі басым. Мысалға, «Суретші шеберханасы» тақырыбында сабақ барысында теория жүзінде айтылып, топсаяхат мақсатында суретшілер, мүсіншілер шеберханаларына баруға болады. Сондай – ақ, «Зергерлік бұйымдар» тақырыбында зергерлік цехтарға баруға болады. «Тұрмыстық бұйымдар» тақырыбында жиһаздық фабрикаларға топсаяхат ұйымдастырылады.

Әңгіме.

Саяхаттан кейін сабақты қорытындылау мақсатында әңгіме, пікіралмасу жұмыстарын жүргізу

керек. Әңгіме барысында әр топсаяхат мүшелерінің қабылдау қабілеттерінің, есте сақтау қабілеттерінің дамығанын аңғарасыз.

Үйірмеде әңгіме жүргізу оқушыларды қызықтырған сұрақтарына жауап алуына мүмкіндік береді. Әңгіме ұйымдастыруда әрдайым оқушылардың жас ерекшеліктерін, білімдері мен біліктерін ойдан шығармау керек. Әңгіме барысының қызықты өтуі — тақырыптың өзектілігі мен болжамдарына да байланыста болмақ. Үйірме жетекшісі өз тарапынан ойын айта отырып, қатысушыларға сұрақтар қою арқылы пікіралмасу жүзеге асады.

Мультимедиялық кабинетпен жұмыс.

Қазіргі заманда

интернет желісінің көмегіне жүгіне отырып, электрондық оқулықтардың, бейнебаяндардың, қысқаметражды фильмдердің презентациялардың, видеоплакаттардың сан алуан тақырыптағы көрнекіліктерін алуға болады. Зерттеулерге жүгінсек, адам санасы оқу арқылы 10%-ды, есту арқылы 20%-ды, көру арқылы 30%-ды, өзгелермен талдау – саралау арқылы 70%-ды, зерттеу, талдау, көру, сезіну, машықтану жұмыстары арқылы 90%-ды ойына тоқиды. Ал, бейнелеу өнерінде мультимедия кабинетімен жұмыс жасау, мол мүмкіншіліктер береді. Атап айтсак, мүсін өнері бойынша мүсіншілер шеберханасына бару мүмкіндігі болмаған жағдайда интербелсенді тақтаның көмегімен қысқаметражды фильм немесе презентацияларды тамашалауға, тағысын тағы болады.

Сондай – ақ, бейнелеу өнері үйірмесінде компьютермен жұмыс ретінде «Paint» графикалық бағдарламасын қолдануға болады. Компьютерлік бағдарламада жұмыс жасаудың бір артықшылығы, оқушы қателесуден, түстерді шатастырып бояп алудан, өшіргішпен өшіруде қағаз бетін жыртып алудан қорықпайды. Көбіне машықтану жұмыс жасауда оқушылар бойында осындай қиындықтар бойлап, толыққанды жұмыс жасауына, ашылуына кері әсерін тигізіп жатады.

Жоғарыда аталған сыныптан тыс жұмыстардың мақсатты түрде ұйымдастыра білу барысында, қатысушы оқушылардың бойында патриоттық тәрбие, эстетикалық тәрбие мен рухани

дүниетанымы мол тұлға тәрбиеленері анық.

3.«Графика» сөзі – гректің «графо» сөзінен аударғанда сызамын, саламын, жазамын деген мағана береді. Ежелгі грек суретшілері басы ұшталған таяқша, қыл қалам қолданған. Сазды ыдыстың сыртқы бетін сызу арқылы, фигураның контурын шығарған.

Сызық, штрих және өң графиканың негізгі бейнелі және мәнерлі құралдары болып табылады. Бұл құралдар арқылы материалды дененің көлемділігін, кеңістіктігін және зат екенідін ғана көрсетпейді, сонымен бірге, оның ішкі қасиеттері мен күйін кескіндеуге мүмкіндік береді. Графика - өмірдің бейнесі және танымның құралы. Сондай – ақ, жас ұрпақты өнерге тартуға, өнер туындыларын жасауға ықпал ететін өнер саласының бір түрі. Бұд техниканың балаға қолайлығы, қажетті құралдарының қолайлығы, оның өнер саласының арасында кеңінен тараған түрі.

Графика өзінің дамуы барысында бірнеше түрі мен оның жанры пайда болды. Графиканың түрлері: станокты, кітапты, плакатты, өндірістік, газет-жұрналды, оқу-безендіру жұмыстары. Графиканың жанрына портрет, тұрмыстық, тарихи, пейзаж, анималисті, натюрморт болып бөлінеді.

Кітапты графика әдеби шығармаларда қолданады. Шығармалардың көріністі бөліктерін, жеке бейнелермен түсіндіру, толықтыру, сонымен бірге, әр түрлі шрифтармен безендіру сияқты жұмыстарда қолданады. Плакат – ақпаратты құралдардың көркемдік элементі. Халықты идеялық тәрбиеге насихат және үгіт жұмыстарының мазмұнын бейнелі көріністермен, шрифтармен мәтіндер жасау болып келеді. Өндірістік графика - өнімнің сыртқы қорабын әшекейлеуге және безендіріп, оның мазұнын , қызметін, тағайындалуын айқындауға белгіленген. Оқу – безендіру графикасы мектептің немесе оқу орнының оқу-тәрбие үрдісіне қызмет етеді. Оқу проецесінде көрнекті құралдар жасауға бағытталған.

Бейнелеу өнердің барлық түрінің негізі болып табылатын – сурет. Сурет 18 ғасырда славян елдерінде пайда болған. Славян сөзінен аударғанда, сызық, штрих арқылы бейнені кескінде деген мағына берген. Ол бейненің сыртқы және ішкі бейнесі қасиеттерінің бәрі бейне кескінінде сипатталады.

Сурет сызба жұмыстарына қарағанда өзгеше ерекшеліктері бар. Біріншіден, сурет қолмен орындалады. Екіншіден, бейнені кескіндеуде суретті көзбен өлшей отырып орындайды. Үшіншіден, сурет көрнекті. Төртіншіден, сурет предметтің сыртқы көрінісін ғана кескіндемей, сонымен бірге, ішкі мазмұнында сипаттауға мүмкіндік жасайды.

Суреттің шартты түрде басқа бейнелеу түрлерінен ажырату үшін ол төмендегі түрлері бойынша бөлінеді: бейнелілігі, материалды-техникалық құралдары, қызметі жағынан. Бейнелі құралдарды қолдану жағынан сызықты және өңді түрге бөлінеді. Сызықты сурет ашық, жеңіл, жалпылама болады. Өңді сурет түрі заттың толық сипатын, оның көлемділігін, кеңістіктегі орналасуын, материалдылығын бере алады.

Суреттің орындалу техникасы жағынан: нұсқалы (оригинальный) және баспалы (печатный) болып бөлінеді. Баспалы бейне кескіндерін құйма тәсілімен алынған клишелермен кескіндейді. Оны эстамп деп атайды. Эстамптың бірнеше түрі бар. Ол бейне түсетін материалдарға байланысты. Ағаш бетіне түскен техника түрін – ксилография десе, металл бетіндегіні – офорт, тастағыны – литография, линолеумдегіні – линография деп атайды. Сурет қызметі жағынан, академиялық және шығармашылық болып та бөлінеді. Академиялық сурет – суретке үйрету процесінің мазмұнын айтады. Яғни, болашақ суретшілерді үйретудегі бейне кескіндерін орындау процессі. Шығармашылық сурет – бейнелеу өнер шығармаларын жасау.

Суретті жасау процессі – сурет салу тәсілі, сурет салу жақтары, сурет салу принциптері және оқу міндеттерін шешу болып табылады. Осы процесстердің әр бірін жеке-жеке сипаттайық.

Сурет салу тәсілі. Шынайлылық. Табиғат шынайлылығын адам санасы қабылап, оның ұғынуында бейне пайда болады. Табиғаттағы реальды өмірді бейнелі қабылдап, оның бейнесі адамның есінде сақталады. Нақты затты бейнелеп орындауды натурадан сурет салу дейді. Натура – табиғаттың кез-келген формасы мен мазмұны бар зат болып табылады. Оригиналдан немесе нұсқаны орындау нұсқадан сурет салу дейді. Біздің жағдайымызда туынды

шығарма жұмыстарына қарап та сурет салуға да болады.

Сурет салудың негізгі жақтары – натураны қабылдау (бақылау) және оны бейнелеу. Бақылау, алдын - ала жоспарлы, мақсатқа бағытталған қабылдау. Көріп қабылдау дұрыс көру іскерлігін қарастырады. Қарапайым көріп қабылдау, предметті тануға ғана шектейді. Сурет салушыға бұл жеткіліксіз. Суретші жұмыс орындағанда ұқыптылықпен, ерекше көңіл аударумен сурет салуды талап етеді. Сурет салушы заттың кез-келген бөліктерін қарап отырып, оларды жинақтап, салыстырып, айқындап орындайды. Осы алғы шарттарды қабылдай отырып, бейнелі-материалды құралдармен бейне кескінін қағаз бетіне түсіруге көшеді. Бейнелеу сатысы төртке бөлінеді. Бірінші, заттың бейне кескінін сызықтар арқылы контурын кескіндейді. Екінші сатыда сол контурдың ішіндегі бейненің белгілерін көрсетеді. Осы сатыда заттың бейнесі, оның жалпы сипатын беру керек. Үшінші сатыда сол заттың өзіне тән белгілері кескінделеді. Соңғы сатыда жалпылама салынған кескіннің бөліктері тексеріле, байланыстарын жүйеге келтіру жұмысы болып табылады.

Сурет салудың принциптері. Сурет салу процессі екі принципке негізделген. Бірінші принцип – жалпыдан жекеге. Екінші – жекеден жалпыға. Заттың бейнесін кескіндеуде жеке бөліктерімен бастап емес, оның жалпы массасынан бастау орынды. Ол формасы, оның кеңістіктегі орынын, өлшемін, қозғалысын анықтайды. Өйткені , жекеден бастап сурет салуда суретші заттың тұтас дене екенін ұмытып, жекенің жалпы дененің формасына бағыныштық күйін бұзып жібереді. Соның нәтижесінде дененің өзіндік бір тұтас предмет, өзіндік, дербестік қасиеттерін жойып жіберуі, бұзылуы мүмкін.

Сурет салудың оқу міндеттері. Сурет салу пароцессі мынандай міндеттерден құралады: сурет техникасы, суреттің композициясы, суреттің бірізді орындалуы, предметті бейнелеу, кеңістікті бейнелеу. Осы міндеттер орындалса, үйренушінің сурет салу нәтижесі табысты болуға кепіл бола алады.

Сурет техникасы дегеніміз жазық қағаз бетінде құралдар арқылы көрген бейненің кескінін түсіру жүйесін айтамыз. Оның негізгі жақтарына жұмыс орнын ұйымдастыру, өзін-өзі ұйымдастыру, материалды-бейнелі және мәнерлі құралдардың түрлерін дұрыс таңдау болып табылады.

Жұмыс орнын ұйымдастыру. Оқу процессінде суретшінің столы және оқу тақтасы болу керек. Столдың биіктігі сурет салушының бойына сәйкес, еркін және қолайлы отыруға, салынатын объектіні жақсы көруге ықпал жасау керек. Столдың беті көлбеу орналасқан, көру сәулесіне перпендикуляр болады. Тез және дәл бейне кескінін орындау үшін оқу тәртібі мен құралдардың барлығы жұмысшы күйінде болуы тиіс. Суретшінің алдында қағаз, жоғарғы бөлігінде қаламдар, бояумен жұмыстанғанда, су құятын ыдыс пен палитра қағаздың оң жағында, сол жағында тряпка және кыл қаламдар жатуы тиіс.

3-билет.

Графика .оның түрі суретті салу процесі.«Графика» сөзі – гректің «графо» сөзінен аударғанда сызамын, саламын, жазамын деген мағана береді. Ежелгі грек суретшілері басы ұшталған таяқша, қыл қалам қолданған. Сазды ыдыстың сыртқы бетін сызу арқылы, фигураның контурын шығарған.Сызық, штрих және өң графиканың негізгі бейнелі және мәнерлі құралдары болып табылады. Бұл құралдар арқылы материалды дененің көлемділігін, кеңістіктігін және зат екенідін ғана көрсетпейді, сонымен бірге, оның ішкі қасиеттері мен күйін кескіндеуге мүмкіндік береді. Графика - өмірдің бейнесі және танымның құралы. Сондай – ақ, жас ұрпақты өнерге тартуға, өнер туындыларын жасауға ықпал ететін өнер саласының бір түрі. Бұд техниканың балаға қолайлығы, қажетті құралдарының қолайлығы, оның өнер саласының арасында кеңінен тараған түрі.Графика өзінің дамуы барысында бірнеше түрі мен оның жанры пайда болды. Графиканың түрлері: станокты, кітапты, плакатты, өндірістік, газет-жұрналды, оқу-безендіру жұмыстары. Графиканың жанрына портрет, тұрмыстық, тарихи, пейзаж, анималисті, натюрморт болып бөлінеді.Кітапты графика әдеби шығармаларда қолданады. Шығармалардың көріністі бөліктерін, жеке бейнелермен түсіндіру, толықтыру, сонымен бірге, әр түрлі шрифтармен безендіру сияқты жұмыстарда қолданады. Плакат – ақпаратты құралдардың көркемдік элементі. Халықты идеялық тәрбиеге насихат және үгіт жұмыстарының мазмұнын бейнелі көріністермен, шрифтармен мәтіндер жасау болып келеді. Өндірістік графика - өнімнің сыртқы қорабын әшекейлеуге және безендіріп, оның мазұнын , қызметін, тағайындалуын айқындауға белгіленген. Оқу – безендіру графикасы мектептің немесе оқу орнының оқу-тәрбие үрдісіне қызмет етеді. Оқу проецесінде көрнекті құралдар жасауға бағытталған.

2.Сәулет өнерінің тарихын оқытудың әдістемесіСәулет өнері кескіндеме мен графикада сияқты кеңістік дүниесін жазық бетке салмайды. Ол сол кеңістік дүниедегі үш өлшеммен тұрғызылатын ғимараттарды тұйықталған формада геометриылық формада тұрғызады. Кез –келген ғимарат өзінің үш жағымен ескеріледі: функциональды, конструктивті және көркемдік. Осы жақтары негізінде сәулеттің бірнеше түрлері мен стилдері бөлінеді. Сәулет ғимараттарын салу үшін ең алдымен адамның қажеттілігін ескереді. Осыған бпайланысты сәулетті тұрмыстық, қоғамдық-азаматтық, өндірістік, сәндік және т.б. түрлерге бөледі.Сәулеттің даму тарихында негізгі конструктивті түрлері пайда болды: тіректі-балкалы және аркалы-күмбезді. Кез –келген ғимаратты салуда, оның сыртқы формасы, конструкциясы қолайлы ғана емес, сонымен бірге, көркемдік жағынан әсем болуы да тиіс. Конструктивті формасы белгілі бір идеяда беруі тиіс. Көркемдік мәнері оның орналасу жері, шамасы, жобалануы, сыртқы формасы сияқты белгілерімен айқындалады. Антикалық құрылыс кезінде ғимараттың өлшемдері адамның денесіндегі пропорцияларға негізделеген. Сәулетті ғимараттарды бейнелеу. Шартты түрде ғимараттарды бейнелеу, алдымен фасад жағынан бастап, оның негізгі фундаментінен бастайды. Оның формалары геометриялық фигуралармен беріледі: тұктөрт бұрышпен ғимараттың терезесі, есігі, қабырғасы белгіленсе, үшбұрышпен ғимараттың шатыры. Осы принциппен көп қабатты ғимараттар да салынады. Олардың бірізді орындалуы конструктивті ерекшеліктерге байланысты да болып келеді. Алғаш ғимараттың фундаментін, фасад қабырғасын, кейін шатырын, терезесін, есігін және басқа бөліктерін салады. Ғимараттың негізгі өлшемін штрих сызығымен белгілейді. , жердің бетінде оналасатын ғимараттың шекарасын тік төрт бұрышты етіп сызықпен белгілеп, оның кеңістік формасын анықтайды. Осыдан барып, сол сызықтың үстіне жіңішке қалыңдықта сызықпен фундаментті бейнелейді. Содан барып, фасад қабырғасын белгілі өлшемге дейін биіктігін тұрғызады, сол қабырғаға тесік және есік бейнесін кескіндейді. Ол бетке қанша қабатқа бөлінетінін де белгіілейді. Ол бөліктердегі тесіктерді сызықтармен белгілеп орындайды. Осылай басқа қабырғаларындағы терезелерді жасайды. Кейін қажет емес сызықтарды кетіріп, ғимараттың шатырын, декоративті элементтерін салуға көшеді.

3-сұрағы.Сурет техникасы дегеніміз жазық қағаз бетінде құралдар арқылы көрген бейненің кескінін түсіру жүйесін айтамыз. Оның негізгі жақтарына жұмыс орнын ұйымдастыру, өзін-өзі ұйымдастыру, материалды-бейнелі және мәнерлі құралдардың түрлерін дұрыс таңдау болып табылады. Жұмыс орнын ұйымдастыру. Оқу процессінде суретшінің столы және оқу тақтасы болу керек. Столдың биіктігі сурет салушының бойына сәйкес, еркін және қолайлы отыруға, салынатын объектіні жақсы көруге ықпал жасау керек. Столдың беті көлбеу орналасқан, көру сәулесіне перпендикуляр болады. Тез және дәл бейне кескінін орындау үшін оқу тәртібі мен құралдардың барлығы жұмысшы күйінде болуы тиіс. Суретшінің алдында қағаз, жоғарғы бөлігінде қаламдар, бояумен жұмыстанғанда, су құятын ыдыс пен палитра қағаздың оң жағында, сол жағында тряпка және кыл қаламдар жатуы тиіс.Материалды-техникалық құралдарға: қағаз, қаламдар,кетіргіш, көмір қалам, бор, пастель, акварель, гуашь, қыл қаламдар, преья, палитра, этюдник және басқа да қосымша материалдар жатады. Сонымен бірге, тағы да қосымша аспаптар мен құралдарда бейнелі кескін жұмысын орындауда қажет болады.Бейнелі құралдарға нүкте, штрих, сызық, өң және түс жатады.Қалам, қыл қалам және бор арқылы олардың ұштарымен бейнелі беттің үстіне нүкте бейнесін алуға болады. Штрих – сызықша, қысқа сызық. Бейне кескінін орындауда сызықшамен жұмыс нүктеге қарағанда көбірек қолданады. Сызықшамен өлшемді, заттың контурын, форманың көлемділігін, бетінің жарықтығын кескіндейді. Қылқаламның жағуы – бейнелеу өнерінің қыл қалам техника құралы болып табылады. Жағу формасы, қылқалам ұшының формасына, қалыңдығына, жағу тәсіліне байланысты. Дөңгелек формасының ұшымен нүкте, сызықша, сызықтар жүргізуге болады. Сызық - бейне жұмысында кең таралған тәсілдің бірі. Сызық сипаты жағынан түзу және қисық болып бөлінеді. Өлшемі жағынан ұзын және қысқа, бағыты жағынан вертикальды және горизонтальды. Горизонтальды және вертикалды бағыты жоқ сызықты көлбеу сызық дейді. Сурет салуда, сондай-ақ, тұтас және үздік, күрделі және қарапайым сызықтарда кездеседі. Күрделі сызықтарға сынық, ирек, аралас сызықтар жатады. Күрделі сызықтар өздерінің орналасуына және құрамды бөліктеріне байланысты симметриялы және асимметриялы бөлып та бөлінеді.

4-билет

1.Сурет техникасы дегеніміз жазық қағаз бетінде құралдар арқылы көрген бейненің кескінін түсіру жүйесін айтамыз. Оның негізгі жақтарына жұмыс орнын ұйымдастыру, өзін-өзі ұйымдастыру, материалды-бейнелі және мәнерлі құралдардың түрлерін дұрыс таңдау болып табылады. Жұмыс орнын ұйымдастыру. Оқу процессінде суретшінің столы және оқу тақтасы болу керек. Столдың биіктігі сурет салушының бойына сәйкес, еркін және қолайлы отыруға, салынатын объектіні жақсы көруге ықпал жасау керек. Столдың беті көлбеу орналасқан, көру сәулесіне перпендикуляр болады. Тез және дәл бейне кескінін орындау үшін оқу тәртібі мен құралдардың барлығы жұмысшы күйінде болуы тиіс. Суретшінің алдында қағаз, жоғарғы бөлігінде қаламдар, бояумен жұмыстанғанда, су құятын ыдыс пен палитра қағаздың оң жағында, сол жағында тряпка және кыл қаламдар жатуы тиіс.Материалды-техникалық құралдарға: қағаз, қаламдар,кетіргіш, көмір қалам, бор, пастель, акварель, гуашь, қыл қаламдар, преья, палитра, этюдник және басқа да қосымша материалдар жатады. Сонымен бірге, тағы да қосымша аспаптар мен құралдарда бейнелі кескін жұмысын орындауда қажет болады.Бейнелі құралдарға нүкте, штрих, сызық, өң және түс жатады.Қалам, қыл қалам және бор арқылы олардың ұштарымен бейнелі беттің үстіне нүкте бейнесін алуға болады. Штрих – сызықша, қысқа сызық. Бейне кескінін орындауда сызықшамен жұмыс нүктеге қарағанда көбірек қолданады. Сызықшамен өлшемді, заттың контурын, форманың көлемділігін, бетінің жарықтығын кескіндейді. Қылқаламның жағуы – бейнелеу өнерінің қыл қалам техника құралы болып табылады. Жағу формасы, қылқалам ұшының формасына, қалыңдығына, жағу тәсіліне байланысты. Дөңгелек формасының ұшымен нүкте, сызықша, сызықтар жүргізуге болады. Сызық - бейне жұмысында кең таралған тәсілдің бірі. Сызық сипаты жағынан түзу және қисық болып бөлінеді. Өлшемі жағынан ұзын және қысқа, бағыты жағынан вертикальды және горизонтальды. Горизонтальды және вертикалды бағыты жоқ сызықты көлбеу сызық дейді. Сурет салуда, сондай-ақ, тұтас және үздік, күрделі және қарапайым сызықтарда кездеседі. Күрделі сызықтарға сынық, ирек, аралас сызықтар жатады. Күрделі сызықтар өздерінің орналасуына және құрамды бөліктеріне байланысты симметриялы және асимметриялы бөлып та бөлінеді.

2.Пластилинмен жапсырма жұмысын оқытудың әдістемесі. Пластилин - жасанды пластикалық саз массасы, балауыз (воск), май (сала) және басқа да заттар қосылады.Ол жұмсақ, илеуге тез көнеді, бірақ баяу кебеді. Нәрселерді жапсырмалауға әр уақытта дайын. Жапсырмаланған дене деформацияға (созылмайды) ұшырамайды. Бірақ пластилинмен жұмыс жасағанда, ол балалардың қолына жұғады, күйдіруге келмейді. Бірақ бұлардан (саз, балауыз, пластилин) жасалған мүсіндер тез тозады, сондықтан көбіне гипстен көшірме жасалады. Мүсін жасар алдында болашақ образдың қаңқасы темірден, ағаштан, сүйектен жасалады, соған аталған материалдың бірін жапсыру арқылы мүсінші ойындағысын жасайды. Орта ғасыр суретшісі, өнертанушысы Д. Вазарий пластилиннің орта ғасырда пайда болғандағын дәлелдейді. Қатқыл пластилин жасау керек болса, аздап пигмент қосады. Ал жұмсақ пластилин дайындау үшін балқытылған балауызға күкірт пен майды араластырады. Жапсырмалау дегеніміз мүсіннің жұмсақ материалдан жасалу техникасы. Мүсін жасауда әр түрлі материалдар қолданылады және оларды ұқсату тәсілі де түрліше болады. Жапсырмалау процесі бас бармақ пен сұқ саусақ қимылдары арқылы істеледі. Жұмыс барысында мүсінді айналдыра отырып, жан-жағынан сомдап, қадағалап, артық- кем жерлерін түзеп отыру керек. Жапсырмалаудың басты міндеті – бейнені айқын көру, көрген затты дұрыс елестете білу, жабыстыру, созу, жұмырлау, илеу сияқты тәсілдерін меңгеру.

3.Бейнелі құралдарға нүкте, штрих, сызық, өң және түс жатады.

Қалам, қыл қалам және бор арқылы олардың ұштарымен бейнелі беттің үстіне нүкте бейнесін алуға болады. Штрих – сызықша, қысқа сызық. Бейне кескінін орындауда сызықшамен жұмыс нүктеге қарағанда көбірек қолданады. Сызықшамен өлшемді, заттың контурын, форманың көлемділігін, бетінің жарықтығын кескіндейді. Қылқаламның жағуы – бейнелеу өнерінің қыл қалам техника құралы болып табылады. Жағу формасы, қылқалам ұшының формасына, қалыңдығына, жағу тәсіліне байланысты. Дөңгелек формасының ұшымен нүкте, сызықша, сызықтар жүргізуге болады. Сызық - бейне жұмысында кең таралған тәсілдің бірі. Сызық сипаты жағынан түзу және қисық болып бөлінеді. Өлшемі жағынан ұзын және қысқа, бағыты жағынан вертикальды және горизонтальды. Горизонтальды және вертикалды бағыты жоқ сызықты көлбеу сызық дейді. Сурет салуда, сондай-ақ, тұтас және үздік, күрделі және қарапайым сызықтарда кездеседі. Күрделі сызықтарға сынық, ирек, аралас сызықтар жатады. Күрделі сызықтар өздерінің орналасуына және құрамды бөліктеріне байланысты симметриялы және асимметриялы бөлып та бөлінеді. Өң. Кез – келген зат өзіне тән өңдермен немесе жарықтығымен ажыратылады. Жарықты – бұл түсту өңді штриховкалау, тушевкалау және бояу арқылы кескіндейді.Штриховка – бұйым бетін өң беріп кескіндеуде штрих сызықтарын өте жақын, бірін-бірін қосарлай, ирек түрінде түсіре орындау тәсілі. Штрихтардың бағыты заттың бетіндегі контур бағыты қозғалысына, құрылымына, формасына, өлшеміне байланысты анықталады. Тушевка – екі сызықтың қосарланып, бірігіп түсетін тәсіл. Оны кейде сурет салушылар қаламның жан бетімен орындайды. Сурет салу кезінде тушевкадан кейін бейненің бетін графитпен жағуға (растирать) болмайды. Өйткені, графит бояу сияқты жағылғанда жұмыс салақ, дақтар пайда болып жұмыстың сапасын жояды.Суретті бояу арқылы салу – бейнені заливка, отмывка және «сухой кистью» сияқты тәсілмен орындауды айтады. Бейне бетін біркелкі бір бояу өңімен немесе бірнеше өңмен жағу болып табылса, отмывка – заттың бетіндегі жарық түстеріне байланысты түстерін келтіруге қолданатын тәсіл. Яғни, беттің жарық түстерін келтіруге қолданады. Үшінші тәсіл заттың бетін кескіндеуде, оның жарық түстері әр түрлі, беті кедір-бұдыр және түкті болғанда құрғақ қыл қаламмен қою бояу жағуды айтады. Түс. Ньютон дәлелдей, күн сәулесі әр түрлі түстерден тұрады деген. Ол күн сәулесін шыны призмадан өткізе түстерді жеке-жеке бөліп алған. Түс жолақтарын алып , оларды жіктеген. Түстерді бейнелі дөңгелек етіп құрастырса, онда хроматикалық түстер пайда болады. Олар негізгі үш қасиетке ие болады: түс өңі, қанықтығы, ашықтығы. Түс өңі – қызыл, қызғылт-сары, сары және тағы басқа түс сипаттайтын өң. Қанықтылық – түс өңінің мәнерлі дәрежесі. Ашықтық – түстің ашық және қараңғыллау мәнерін сипаттайды. Түс дөңгелегінде ашық түс болып табылатын түс – сары түс болса, түс мәнері төмен түс – күлгін. Хроматикалық түстерден басқа түс дөңгелегінде ахроматикалық түстер де бар: қара, ақ, күңгірт (серый). Олар бір ғана қасиетке ие – ашықтығымен. Басқа түстерді алу үшін оларды араластырады. Араластырып алуға төмендегі тәсілдер қолданады: лессировка және алла прима. Лессировка - мөлдір түстерді бірінің – үстіне бірін жағу арқылы алынатын әр түрлі өңді түстер. Бұл жағдайда бірінші жағылған түстің үстіне екінші түсті кепкеннен кейін ғана жағу тиіс. Алла прима – палитраның бетінде механикалық түрде бір түсті екінші бір түспен араластыра отырып алынатын түс. Егер бір түстің үстіне екінші түсті кептірмей жағатын болса, бұл тәсілді «работа по - сырому» деп атайды.Негізгі түске – қызыл, көк, сары түс жатады. Бұл түстерді өз ара араластыра отырып басқа түстерді алуға болады. Мысалы, қызыл мен сарыны араластыра қызғылт- сары, қызыл мен көкті араластыра күлгін, сары мен көкті араластыра жасыл түстер алуға болады. Түстердің басқа түрлерін араластыра отырып алатын түстерді туынды немесе күрделі түстер деп атайды.

9-билет