- •«Механика – математика ғылыми зерттеу институты»
- •«Механика – математика ғылыми зерттеу институтының» тарихы
- •«Механика – математика ғылыми зерттеу институтының» негізгі бағыттары
- •Халықаралық ынтымақтастық
- •Бухгалтерия құжаттарымен танысу, берілген құжаттарды түгелдеп, ретке келтіру
- •Құжаттарды архив қағазына толтыру
- •Қорытынды
Қорытынды
Мен, Туганбай Айгерім Сатжанқызы , Қазақ Ұлттық Университетінің механика – математика факультетінің ақпараттық жүйелер кафедрасының автоматтандыру және басқару мамандығының студенті, 2017 жылдың 29 мамырынан бастап 14 маусымына дейін «механика – математика ғылыми зерттеу институтының» бухгалтерия бөлімінде өндірістік практикадан өттім.
Өндірістік практикада нәтижелі тәжірибе ала алдым. Бухгалтерия бөлімімен жіте танысып, жұмыс істеу тәртібіне байланысты аз уакыт аралығында тиімді жұмыс жасауды үйрендім. Бөлім қызметкерлері берген құжаттарды реттеп, түгелдедім, негізгі практикалық жұмысым архив қағазына берген документтерді толтыру болды. Бухгалтерия үшін оның маңызы өте жоғары. Бухгалтерия қызметкерлері күнде уақытылы практикаға келіп, кетуімді қадағалап отырды. Олар ұсынған барлық талаптарды орындап, екі тарапты жақсы қарым – қатынас ұстадым. Практика өтудегі қойылған міндеттерім:
алғашқы мамандық дағдыларын алу, ескерілген өндірістік практика бағдарламамен және оқу жоспары бойынша келесі тапсырмаларды зерттеуіне дайындау;
құжаттармен тез жұмыс істей білу;
интернетте және жергілікті желіде жұмыс жасау;
архив қағаздарын толтыру түрлерін анықтау.
Бұл міндеттерді орындадым деп сенемін. Бухгалтерия бөліміндегі жұмысым келешекте маңызы зор практика болады деп ойлаймын. Себебі өте коп документ жазу заңдылықтарымен таныстым. Сонымен қатар екі жақты келісімшарттармен жұмыс істеу барсында бул бөлімдегі жұмыстардың өте тиянақты жүргізу керектігін аңғардым. Бұл келешекте кез келген жумысқа өте улкен жауапкершілікпен қарауды үйретті.
