Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ажар практикасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
578 Кб
Скачать
☆
  1. Қорытынды

Мен, Нұраханова Ажар Абатқызы, Қазақ Ұлттық Университетінің механика – математика факультетінің ақпараттық жүйелер кафедрасының автоматтандыру және басқару мамандығының студенті, 2017 жылдың 29 мамырынан бастап 14 маусымына дейін «механика – математика ғылыми зерттеу институтының» бухгалтерия бөлімінде өндірістік практикадан өттім.

Өндірістік практикада табысты және нәтижелі тәжірибе ала алдым. Бухгалтерия бөлімімен танысып, жұмыс істеу бағдарын білдім. Бөлім қызметкерлері берген құжаттарды реттеп, түгелдедім, негізгі жұмысым архив қағазына берген документтерді толтыру болды. Бухгалтерия үшін оның маңызы өте жоғары. Себебі, олар көптеген құжаттармен жұмыс жасайды. Сол себепті, олар үлкен папкаларда қандай документ болатынын ұмытып қалады, ал архив қағазы бетінде тұрса, тез арада тауып, қажетті жерге жибере алады. Практика мақсаты мен міндетін толықтай орындау үшін бар күшімді салдым. Құжаттар мен архив қағаздарының түрлерін жаттап, толтырып отырдым. Бухгалтерия қызметкерлері күнде уақытылы практикаға келіп, кетуімді қадағалап отырды. Бірақ ешбір күні кешікпедім, барлық берген жұмысқа жауапкершілікпен қарадым. Олар ұсынған барлық талаптарды орындап, екі тарапты жақсы қаым – қатынас ұстадым. Алдыма қойған міндеттерім:

  • алғашқы мамандық дағдыларын алу, ескерілген өндірістік практика бағдарламамен және оқу жоспары бойынша келесі тапсырмаларды зерттеуіне дайындау;

  • құжаттармен тез жұмыс істей білу;

  • интернетте және жергілікті желіде жұмыс жасау;

  • архив қағаздарын толтыру түрлерін анықтау.

Бұл міндеттерді толықтай орындадым деп сенемін. Сонымен қатар, бөлім қызметкерлерінің өзара қарым – қатынасының жақсы болғаны менің практикаға жақсы көңілмен қарауыма септігін тигізді. Барлығы қойылған сұрақтарға тез арада және тиянақты жауап беріп, тез түсінуіме көмектесті. Егер келер жылы институтқа қайта жіберсе, қуана – қуана бұл ұсынысты қабыл алар едім. Маған практиканы бухгалтерия бөлімінде өткізгенім ұнады және көп тәжірибе алдым.

21