- •1 Бөлім. Пісіру туралы түсінік
- •1.1 Пісіру туралы жалпы мәлімет
- •1.2 Пісіру түрлерін топтастыру
- •Бөлім. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру
- •2.1 Пісіру орны
- •1 Сурет – Қолмен пісіруге арналған пісіру орны
- •2.2 Пісіруге қажетті жабдықтар.
- •2 Сурет - Тоқты қолмен ажырату жүйесі бар электродұстауыш
- •4 Сурет - Тұрақты пісіру орны
- •5 Сурет – Электргазбен пісірушінің киімі
- •3.1 Пісіру орнының параметрлері
- •6 Сурет – Пісіру орнының қоршалуы
- •3 Сурет - Электродұстауыштың типтері
- •7 Сурет – Пісіру орны
- •8 Сурет – Пісіру параметрлері
- •9 Сурет – Электргазбен пісірушінің бойына байланысты параметрлері
- •10 Сурет – Жұмыс орнының өлшемдері
- •3.2 Пісіру орнындағы пісіру үдерісі
- •3.3 Пісіру орнында жүргізілетін жұмыстар
- •11 Сурет - Пісіру трансформаторлардың сұлбасы
- •12 Сурет -Тұрақты тоғының пісіру генераторының сұлбасы
- •13 Сурет-Электронды-сәулелік пісірудің орнату сұлбасы.
- •14 Сурет- Түйісу пісіру сұлбасы
- •3.4 Пісіру материалдарының тағайындалуы
- •3.5 Пісіру материалдарын сақтау және тасмалдау
- •4 Бөлім. Еңбек қауiпсiздiгiне және еңбектi қорғау
- •4.1 Өндірісте еңбекті қорғаудың міндеті
- •4.2 Өртке қарсы қауіпсіздік
- •4.3 Кәсіпорындағы қауіпті және зиянды факторлар
- •4.4 Пісіру және кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасының негіздері
- •4.5 Электр қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •5 Бөлім. Қоршаған ортаны қорғау.
- •5.1 Жалпы экологиялық жағдай
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.2 Пісіру түрлерін топтастыру
Қазіргі уақытта 150 пісіру процестері бар екендігі белгілі. Осы процестерді физикалық, техникалық және технологиялық белгілер бойынша таптастырады. Физикалық белгілер болып, энергия түрі және пісірілген бірікпені алу үшін тікелей қолданылатын энергия көзінің түрі саналады.
Пісірілген бірікпені құру үшін қолданылатын энергияның түріне байланысты пісірудің барлық түрлерін мынадай 3 класқа бөледі: термиялық; термомеханикалық; механикалық.
Термиялық класқа жылу энергиясын қолданып, балқытумен іске асырылатын пісірудің барлық түрлерін Пісіру және құю технологиясы 11 жатқызады (доғалы, плазмалы, электрқожды, электронды- сәулелі, лазерлі, газды).
Термомеханикалық класқа жылу энергиясы мен қысымды қолданып іске асырылатын пісірудің барлық түрлерін жатқызады (түйістіре пісіру, диффузиялық пісіру).
Механикалық класқа механикалық энергия мен қысымды қолданып іске асырылатын пісірудің барлық түрлерін жатқызады (ультарадыбысты, қопарылыспен, үйкеліспен, суық).
Пісіру процесін топтастырудың техникалық белгісі болып, пісіру аймағында металды қорғаудың тәсілдері, процестің үздіктілігі және осы процесті механизациялаудың дәрежесі есептеледі.
Доғаны коректендіру тұрақты және айнымалы токпен іске асырылады. Тұрақты токты қолданған кезде пісіруді тура және кері полярлықпен жүргізеді. Бірінші жағдайда электрод теріс полюске (катодқа) қосылады, ал екінші жағдайда айтылған электродты оң полюске (анодқа) қосады. Кері полюсті қолданған кезде көмірлі электродпен пісіруді жүргізбейді. Өйткені электрод аса қызып кетеді, ал егер бұйым болаттан жасалған болса, онда металл жиегі көміртектеніп кетеді. Мұнымен бірге доғаның кернеуі жоғарылайды және оның жану орнықтылығы азаяды.
Электр доғасы және оның қасиеті туралы түсінік. Доға деп металл буы мен газының иондалған атмосферасында электрдің қуатты және орнықты разряд жасауын айтады. Доғалық аралықтың иондануы доғаны тұтандырған кезде жүреді және осы доғаның жану процесінде үздіксіз сүйемелденіп отырады.
Доға діңгегі одан ары қызып атомдар мен молекулалардың кинетикалық энергиясы жоғарылаған сайын, олардың соқтығысуы көбейіп қосымша иондану процесі жүреді. Жеке атомдар басқа бөлшектердің соқтығысуынан бөлінетін энергияны сіңіру нәтижесінде ионданады. Нәтижесінде доғалық аралық электрөткізгіш болып кетеді және ол арқылы электрдің разряды жүреді. Доғаны жандыру процесі орнықты доғалық разрядтың пайда болуымен бітеді. Пісіру және құю технологиясы 15 Атомдарының немесе молекуларының едәуір бөлімі иондалған газды, ал бұл жағдайда доғалық аралықта пайда болатын бейтарапты атомдар, электрондар мен иондардың қоспасын плазма деп атайды. Плазма өте үлкен электрөткізгіштікке иемденген.
Түзеткіштер шусыз жұмыс істейді, жоғарғы п.ә.к. иемденген, пайдалануға ыңғайлы. Олар, әсіресе кішкентай токтарда, доғаның жануының жоғарғы орнықтылығын қамтамасыз етеді. Түзеткіштер жақсы жұмыс істеу үшін қарқынды салқындату талап етіледі. Өйткені жартылай өткізгіштер жұмыс жасаған кезде қызады. Сондықтан түзеткіштер желдеткішпен қамтамасыз етілген. Жартылай өткізгіштердің қызуы кейбірде түзеткіштердің қуатын шектейді.
Пісіру түрлендіргіштері айнымалы ток электрқозғалтқышынан және тұрақты ток пісіру генераторынан тұрады. Генераторлар құрылымына байланысты әртүрлі сыртқы сипаттамаға иемденуі мүмкін. Құламалы сыртқы сипаттама өршіту орамаларын қосудың арнайы сұлбасымен немесе статор мен якорь полюстерінің ерекше құрылымымен қамтамасыз етіледі.
Түзеткіштермен салыстырғанда пісіру түрлендіргіштері едәуір төмен п.ә.к. иемденген және айналатын бөлімдері бар болғандықтан пайдалануға қолайлы емес. Түрлендіргіштерді тек қолмен және жартылай автоматты тәсілмен пісірген кезде қолданады. Түрлендіргіштерді жинақтау жағдайында және ашық ауада пісірген кезде қолдану жақсы нәтиже береді. Пісіру агрегаттары іштен жанатын қозғалтқыштан және тұрақты ток пісіру генераторынан тұрады. Агрегаттарды қозғалатын платформаға жинақтайды және жинақтау мен дала жағдайларында қолмен пісіру үшін қолданады.
Айнымалы токты қолданып балқымайтын электродпен пісірген кезде, тура және кері полярлығы бар доғалардың артықшылықтары үйлесімді болады. Бірақ та тура полярлық доғаны қолданумен салыстырғанда, кері полярлық доғаны қолданған кезде, электр өткізгіштік қабілеттіліктің төмен болуынан пайда болатын доғаның электрлік қасиетінің ассиметриялығы біраз қажетсіз құбылыстарға алып келеді.
Токтың тығыздығы жоғары болмаған кезде, электродтан пісіру шомылығына балқытылған металл ірі тамшы түрінде тасымалданады. Бұл жіктің кеуекті болуына, балқытылған металдың қатты шашырауына және негізгі металдың аз балқуына алып келеді.
Токтың тығыздығы жоғары болған кезде, балқытылған металды электродтан пісіру шомылығына тасымалдау ұсақ тамшы немесе ағынды түрде жүреді. Едәуір электрмагнитті күш әсер еткен жағдайда тез қозғалатын ұсақ тамшылар тұтас ағынға құйылады.
Электрод металының мұндай тасымалдануы негізгі металдың жақсы балқуын, тегіс және таза беті бар тығыз жіктің қалыптасуын және рұқсат етілген шекте металл тамшыларының шашырауын қамтамасыз етеді.
