Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-2вар+астана+новый сурактар.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
969 Кб
Скачать
☆

1 Вариант

05_02_Каз_ Ішкі аурулар ждт

$$$001

Қандағы кортикостероидтардың деңгейі төмендеуі,17-ОКС және 17-КС зәрмен экскрециясы төмендеуі МЕЙЛІНШЕ қай диагнозға сәйкес:

А) Шиен синдромы

В) Аддисон ауруы+

С) Нельсон синдромы

D) Симмондс синдромы

Е) Иценко-Кушингауруы

$$$002

54 жасар ер адам, аз бөлінетін іріңді қақырықты жөтелге, жүктеме кезіндегі ентікпеге шағымданады. Анамнезінде 16 жасынан темекі шегеді. Қарап тексергенде: еріннің цианозы, кеуде қуысы бөшке тәрізді, бұғанаастылық кеңістіктің кеңеюі. Перкуторлы қораптық дыбыс. Аускультацияда әлсіреген везикулярлы тыныс фонында, форсирленген дем шығару кезінде құрғақ сырылдар естіледі. Спирометрия мәліметтері: ФТШҚ1- 65%, ТШПЖ - 70%.Бронхолитикпен сынама теріс.

Қандай диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

А) Бронхиалдыдемікпе

В) Бронхоэктатилық ауру

С) Созылмалыобструктивті бронхит

D) Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы+

Е) Облитирлеуші бронхиолит

$$$003

60 жасар ер адам, төменгі жаққа таралатын, кеуде артындағы күрт ауыру сезімінен ұйқысынан оянды. Изокетті 2 рет қабылдады, әсері болған жоқ. Әлсіздік күшейе түсті. Электрокардиограммада: синусты тахикардия 95 рет 1 минутта. Жүректің электрлік өсі горизонталды орналасқан. II, III, aVF шықпаларында Q тісшесі 0,05 секунд және ST сегментінің жоғарылауы. I, aVL және V2-V4 шықпаларында ST сегментінің депрессиясы.

Диагнозды анықтауда төменде көрсетілгендердің ішінде қандай диагностикалық зерттеуді жүргізу МЕЙЛІНШЕ орынды?

А) Миоглобин деңгейі

B) ЛДГ деңгейі

C) АСТ деңгейі

D) Тропонин деңгейі+

Е) МВ-кретининфосфокиназа деңгейі

$$$004

35 жасар ер адам, бас ауыруға, бұлшықеттік әлсіздікке, оның тырысуға ауысуына, шөлдеуге, кіші дәретке жиі баруға шағымданды. Бірнеше айлар бойы ауырып жүр. Ауруының басталуын ешнәрсемен байланыстырмайды. Қарап тексергенде артериалды қан қысымының 170/100 ммс.бб. дейін жоғарылауы анықталды. Анализінде: калий – 2,5 ммоль/л, натрий – 170 ммоль/л.

Қандай диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

A) Реноваскулярлы гипертония

B) Біріншілік гиперальдостеронизм+

C) Феохромоцитома

D) Диабеттік нефропатия

E) Бүйрекполикистозы

$$$005

25 жасар әйел, жүрек тұсындағы сыздап ауыру сезіміне, жүрек соғуына, әлсіздікке, жайсыздыққа шағымданды. Анамнезінен: 2 апта бұрын тұмаумен ауырған. Қарау кезінде жүрек шекарасы солға жылжыған, жүректің барлық алаңында иррадиациясыз систолалық шу естіледі. ЖЖЖ– 100 рет 1 минутта. Дене қызуы 37,50С. Лабораторлы зерттеуде лейкоцитоз, ЭТЖ 35 мм/сағ анықталды. ЭКГ: реполяризация бұзылысы және қарыншаішілік өткізгіштің төмендеуі.

Диагнозды анықтауда төменде көрсетілгендердің ішінде қандай диагностикалық зерттеуді жүргізу МЕЙЛІНШЕ орынды?

А) ЭКГ мониторингтеу

B) Эхокардиограмма

C) Кеуде қуысының рентгенографиясы

D) Жүректің ядерлі-магнитті-резонансты томографиясы+

E) Коронароангиография

$$$006

16 жасар жасөспірім, денесінің төменгі бөлігінің ұюына және тоңуына шағымданады. Қарап тексеру барысында кеуде қуысы жақсы дамыған, жамбасы тар, аяқтары арық. АҚҚ 190/120 ммс.бб. Аускультацияда жүрек негізінде дөрекі систолалық шу естіледі. Шынтақ буынында пульсі күшейген, сан артериясында әлсіреген.

Диагнозды анықтауда төменде көрсетілгендердің ішінде қандай диагностикалық зерттеуді жүргізу МЕЙЛІНШЕ орынды?

А) ЭКГ мониторингтеу

B) Эхокардиограмма

C) Кеуде қуысының рентгенографиясы

D) Фонокардиография

E) Аортография+

$$$007

Ер адам, 38 жаста, емханаға бас айналуға, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Аталған шағымдар 1 ай көлемінде мазалайды. Қарап тексергенде: Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. Жүректің жиырылу жиілігі 65 рет минутына. Артериальды қан қысымы 110/80 ммс.бб. ЭКГ: P-Q интервалының біртіндеп ұзаруы және Самойлов-Венкебах кезеңдері анықталады.

Электрокардиограммада қандай өзгеріс МЕЙЛІНШЕ ықтимал?

A) АВ-блокада 2 дәрежеМобитц ІІ типі

B) АВ-блокада 2 дәрежеМобитц Ітипі+

C) Толық АВ-блокада

D)Фредерик синдромы

E) Синоаурикулярлы блокада

$$$008

Ер адам, 55 жас, емханаға төс артындағы қысып, күйдіріп ауыру сезіміне шағымданып келді. Ол нитроглицериннің 3 таблеткасымен басылмады. Жедел жәрдем бригадасы шақырылып, ЭКГ-да: I, II, aVL, V1-V3 тіркемелерінде Q тісшесі 0,06 секунд және ST сегментінің 4 мм жоғарылауы тіркелді, алғашқы көмек көрсетіліп, клиникаға жеткізілді. Қарап тексергенде: тері жабындылары салқын, жабысқақ термен жабылған. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс. Жүрек жиырылу жиілігі минутына 85 рет. Артериальды қан қысымы 120/70 ммс.бб.

Қай көрсетілген препарат МЕЙЛІНШЕ бірінші қолданылады?

A) Ацетилсалицил қышқылы

B) Нитроглицерин

C) Клопидогрель

D) Метопролол тартрат

E) Морфин+

$$$009

Ер адам, 35 жаста, бас айналу және жүрек айнумен жүретін кезеңді естен тануға шағымданады. Қарап тексергенде: жүрек тондары тұйықталған, ритм дұрыс емес, сирек. Жүрек жиырылу жиілігі минутына 46 рет. Артериальдықан қысымы 110/70 ммс.бб.

ЭКГ: P-QRST комплексінің екі Р-Р интервалдан артық түсіп қалуы.

Көрсетілген әдістердің қайсысы МЕЙЛІНШЕ эффективті?

А) Допамин

В) Эпинефрин

С) Фенилэфрин

D) Атропин сульфат

Е) Кардиостимулятор+

$$$010

Ер адам, 42 жаста, қызыл иегінің қанауына, тамақтағы ауыру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: Дене температурасы 39,20С. Бозарған дене терісінде көптеген петехиялар мен экхимоздар. Қызыл иегі борпылдақ, бадамшаларында некрозды жабынды. Жақасты, қолтықасты лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыры 2 см, көкбауыр 3 см ұлғайған. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 2,5х1012/л, гемоглобин 78 г/л, ТК 0,9, тромбоциттер 5,0х109/л, лейкоциттер 48,2х109/л, бласт 98%, сементті ядролылар 1%, лимфоциттер 1%, ЭТЖ-64 мм/с. Миелогармма: 95% миелобластты жасушалар. Цитохимиялық реакция: миелопероксидазаға және липидтерге – оң.

Көрсетілген диагноздардың ішінде МЕЙЛІНШЕ сәйкесі?

А) Апластикалық анемия

В) Жедел миелобласты лейкоз+

С) Жедел лимфобласты лейкоз

D) Жедел дифференцирленбеген лейкоз

Е) Аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпура

$$$011

67 жасар әйел, бас ауруына, сүйектердегі ауыру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: Тері жабындылары бозарған. Тізені ұрғылау кезінде ауыру сезімі байқалады. Жалпы қан анализі: Эритроциттер 2,7х1012/л, лейкоциттер 3,8х109/л, тромбоциттер 138х109/л, ЭТЖ 58 мм/с. Жалпы зәр анализі: Салыстырмалы тығыздығы 1028, ақуыз 0,165 г/л, эритроциттер 10-12 көру алаңында, Бенс-Джонс ақуызына оң реакция. Креатинин 162 мкмоль/л, кальций 180 ммоль/л, зәр қышқылы 8 ммоль/л, жалпы белок 92 г/л. Бас сүйек рентгенографиясында: сүйек тінінде «күйе жеген» тәрізді лизис аймақтары байқалады.

Көрсетілген диагноздардың ішінде МЕЙЛІНШЕ сәйкесі?

А) Миеломды ауру+

B) Біріншілік амилоидоз

C) Тромбоцитопениялық пурпура

D) Апластикалық анемия

E) Гломерулонефрит

$$$0012

Ер адам, 18 жас, әлсіздікке, бет және аяқтарының ісінуіне шағымданады. 2 апта бұрын баспамен ауырған, таңертең кенеттен ісінулер пайда болған. Қарап тексергенде: беті бозарған және ісінген. Белдің, аяқтың массивті ісінулері, асцит, плевралды қуыста сұйықтық. Өкпенің төменгі бөлігінде тыныс әлсіреген. Артериалды қан қысымы 190/120 ммс.бб. Қанның жалпы анализі: Нв - 120 г/л, эритроциттер 4,6х1012/л, лейкоциттер 8,3х10/л, ЭТЖ 20 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы 1010, ақуыз 0,6 г/л, эритроциттер 50-60 көру алаңында.

Диагнозды анықтауда төменде көрсетілгендердің ішінде қандай зерттеу әдісін жүргізу МЕЙЛІНШЕ орынды?

А) Креатинин+

В) Стрептококқа қарсы антидене

С) Жалпы белок және оның фракциясы

D) Зәр қышқылы

Е) Шумақтық фильтрация жылдамдығы

$$$0013

50 жасар әйел, көбіне оң жақта, ұзақ уақыт жүргенде күшейетін, демалғанда жоғалатын, тізе буынындағы старттық ауру сезіміне шағымданады. Объективті: тізе буыны дефигурацияланған, қол астында крепитация байқалады, буындағы қозғалыс сақталған. Дисталды фалангаралық буындарда тығыз түйіндер және саусақтардың жартылай таюы анықталды. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 4,2х1012/л, лейкоциттер 5,6х109/л. ЭТЖ 18 мм/сағ. Ваалер-Розе реакциясы1:8.

Көрсетілген диагноздардың ішінде МЕЙЛІНШЕ сәйкесі?

А) Ревматоидты артрит

В) Псориатикалық артрит

С) Подагралық артрит

D) Реактивті артрит

Е) Остеоартроз+

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]