Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Калдан агай ЛЕКЦИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44 Кб
Скачать
☆

Ауыз қуысы түбінің рагы

Ол «насыбай» ататын науқастарға тән ауру болып саналады.Клиникалық формалары тілдің рагына өте ұқсас.Ісік өте жиі тілдің астыңғы бетіне,жақ сүйегіне өтіп,ауыз қуысы түбінің бұлшық еттерін тығыз сіңбеге айналдыруы мүмкін. Бұл ісікті – тіл асты сілекей безінің ісіктері мен сілекей тастарынан ажыратуға тура келеді.

Ұрттың шырышты қабығының рагы-тілдің дағындай үш негізгі формада кездеседі, жаралы, сіңбелі және папилярлы. Жаралы формаларының бастапқы сатыдағы формасын қарапайым жарадан ажырату өте қиын. Мұндай жағдайда ауызқуысының шырышты қабығын, бүкіл тістерді және тіс протездерін дұрыстап тексерген жөн. Шешуші рольді биопсия атқарады.

Көп жағдайда ұрт шырышты қабығының рагы лейкоплакия ауруы бар ошақта дамиды. Ісіктің шайнау бұлшық еттерінің аймағына таралуы ауыз қуысының ашылуын шектеп, толық жабылып қалуына дейін әкеп соғуы мүмкін.

Ұяшықты өсіндінің рагы- қызылиек шырышты қабығында немесе сүйек ішіндегі эпителий қалдықтарынан, қуысты ісіктің эпителийінен дамуы мүмкін.

Соған сәйкес ісікті жара немесе еміздік тәрізді өсінділер тіс мойыншығының жанында пайда болып, оның ұяшығына енеді де, тісжегінде болатындай ауру сезімін тудырады. Тіс бұл жағдайда сау болуы мүмкін. Ол тістер өз бетімен босап, түсіп қалады, тіс ұяшығы ісікпен толады.

Кейбір жағдайда ұяшықты өсінді жуандап, шырышты қабығы өзгеріссіз болуы мүмкін. Оның жараға айналуы өте кеш болады.

Сондықтан бұл жағдайда да биопсия жасайды. Рентген тәсілімен зерттеудің де мәнісі зор.

Таңдай рагы

Ауыз қуысының бұл бөлігінде рак бірінші рет сирек дамиды және пайда болса жаралы

немесе папилярлы формасында кездеседі. Көп жағдайда таңдайға ісіктер гаймор қуысы мен мұрын қуысынан өсіп шығуы мүмкін. Сондықтан мұндай науқастарға алдыңғы ж әне артқы риноскопия әдісі міндетті түрде жасалуы тиіс.

Сонымен бірге рентген, томограмма тәсілдері де қолданылады.Ісікті заттар қуыстың ішінде қосымша көлеңке береді, сүйек қабырғаларын бұзады, жақын жатқан сүйек құрылыстарын өзгертеді.

Таңдайдың шырышты қабығынан дамитын ракты аралас ісіктер мен эпителиомадан айыра білу керек. Аралас ісіктер түрі өзгермеген шырышты қабықпен көмкерілген және ауыз қуысында бір немесе бірнеше өзара қосылған төбешіктер ретінде шығып тұрады. Ісіктің шекарасы анық, түзу, операция кезінде қабығынан алынған жаңғақ тәрізді сылынып алынуы мүмкін. Кейбір жағдайда ісіктер- қатерлі ісікке айналып, қоршаған тіндерді талқандай өседі.

Аурудың сатылары

Тіл рагының төмендегідей клиникалық –морфологиялық сатыларын бөледі:

1 сатысы. Шырышты қабық пен оның астындағы қабатта диаметрі 0,5-1,0 см шектелген ісік бар.

Аумақтық лимфа түйіндерінде метастаз байқалмайды.

II сатысы а)Ісік немесе жара үлкен көлемді ,бұлшық еттің тереңіне енген,бірақ тілдің орта сызығынан шықпаған.

Б)Ісік немесе жара сол көлемде ,бірақ бір жақ бетіндегі аумақтық лимфа түйіндерінде метастаз бар.

III сатысы :а)Ісік немесе жара тілдің орта сызығынан асқан немесе ауыз қуысы түбіне қарай өскен.

Б)Ісік сол көлемде ,бірақ бірнеше қозғалмалы немесе шектеулі қозғалады,түйінді метастаз байқалады.

IV сатысы:Ісік тілдің үлкен бөлігін қамтиды және көрші жұмсақ тіндермен бет сүйектеріне де таралады.Шектелген қозғалыстағы көптеген аумақтық немесе бір-екі қозғалмайтын метастазды түйіндер байқалады.

Ісіктердің сатысын халықаралық клиникалық TNM жүйесі бойынша топтау.

Тілдің,ұрттың шырышты қабығының,ауыз қуысы түбінің ,қатты таңдайдың ракты ісіктеріне тән.

Т-аззаның бастапқы ісігі

Т1-ең үлкен өлшемінде ісік 2см-ге дейін,беткей орналасқан немесе экзофитті

Т2-ең үлкен өлшемінде ісік 2см-ге дейін ,қоршаған тіндерде аздаған сіңбе байқалады.

Т3-ең үлкен өлшемінде ісік 2см-ден үлкен немесе өлшеміне қарамай терең тіндерде сіңбе байқалады.

Т4 – ісік ақзамның қозғалысын толық шектейді немесе бірнеше анатомиялық аймаққа таралған.

N0 – аймақтық лимфа түйіндері байқалмайды.

N1 - ісік орналасқан жағында қозғалатын лимфа түйіндері бар

N2 – қозғалғыш лимфа түйіндері қарама- қарсы жағында немесе екі жағында бірдей байқалады

N3 – қозғалмайтын лимфа түйіндері бір немесе екі жағында да байқалады.

М – алыс тараған ісіктер (метастаздар)

М0 – алысқа тараған ісіктің белгісі жоқ

М1 – алыс ақзамдарға ісіктің таралған белгісі бар.