- •3.2 Ботаникалық бауда өсірілетін негізгі сүйекті жеміс ағаштарының өсу жағдайлары және биологиялық ерешеліктері
- •Алхорының сорттары.
- •Слива – венгерка домашняя.
- •Cурет-3.2.1. Слива – Венгерка домашняя
- •Слива-фиолетово-красная
- •Сурет-3.2.2. Слива-Фиолетово- Красная
- •Сурет-3.2.7. Көксұлтан
- •Алшаның сорттары
- •Фиолетовая десертная
- •Сурет-3.2.8. Фиолетовая десертная
- •Малиновая
- •Манчжурьская красавица.
- •Сурет-3.2.6. Манчжурьская красавица
- •Көксұлтан
- •Сурет-3.2.9. Малиновая
- •Шиенің сорттары
- •Вишня комсомольская
- •Сурет-3.2.10. Вишня комсомольская
- •Өріктің сорттары
- •Хосровшам
- •Сурет-3.2.13. Хосровшам
- •Никитский – краснощекий
- •Сурет-3.2.14. Никитский-красношекий
- •Қызылбет
- •Сурет-3.2.15. Қызылбет
- •Шабдалының сорттары.
- •Киевский ранний.
- •Сурет – 3.2.16. Киевский ранний
- •Эльберта.
- •Сурет-3.2.20. Инжир
- •Қарағаш (Ulmus – вияз, берест, ильма)
- •Қарағаш (Ulmus – вияз, берест, ильма)
- •Райхан немесе Насыбайгүл (Ocimum basilicum)
Манчжурьская красавица.
1928 жылы Солтүстік Маньчжуриядан әкелінген сұрып. Қысқа
салыстырмалы түрде төзімді, бірақ қатты қыстарла оның жеміс бүршіктері
мен сүрегі үсиді де, өнімділігі төмендейді және ағаш әдетте 15-20-
жылдары сала бастайды. Жемістері қыркүйектің алғашқы жартысында
піседі және пісісімен тез шашылады.
Сурет-3.2.6. Манчжурьская красавица
Жемістері кең жүрек пішіндес, жұқа қабықты, қызыл күреңді қою
көгілдір қақты.Мәйегі жасыл сарғылт түсті, шырынды, тәтті. 6-7 жастағы
ағаш 20-25 кг дейін жеміс береді. Айқас тозаңдандыруды қажет ететін
сұрып. Ол үшін ең жақсы алхорының уссурий сұрыптары мен
тозаңдатып, өсіріледі.
Көксұлтан
Ағаштарының өскелеңдігі орташа, бөрікбастары жинақы, шағын,
сондықтан бұларды шекілдеуікті жеміс бауларын жиілету үшін
пайдаланады.Суыққа едәуір төзімді. Бауға отырғызғаннан кейін 4-ші жылы
жеміс сала бастайды. Жеміс және жүзім шаруашылығы институтының
тәжірибе жасау базасында бұл сорттық ағаштар жеміс сала бастаған
алғашқы 6 жылдың ішінде орта есеппен 24кг- нан өнім береді.
Сурет-3.2.7. Көксұлтан
Ағаштарының орташа өнімі 31кг. Жемісінің үлкендігі орташа (31г) пішіні
сопақша, сырғылт жасыл түсті, үстін түк басқан. Жұмсағы қызғылт сары,
сулы, өте тәтті, дәмі-4,2 балл. Сүйегі оңай айырылады. Ағаштан үзіп
алынған жемістері 8 күнге дейін бұзылмай сақталады және тасуға едәуір
көнбісті. Жемісі тамыздың екінші жартысында піседі, жас күйінде жеуге
жақсы, компот, джем жасауға да жарамды, кептіргендегісі де сапалы.
Алшаның сорттары
Ботаникалық бауда алшаның Фиолетовая десертная және малиновая
атты сорттары аудандастырылған.
Фиолетовая десертная
Ағаштарының бойы орташа, бөрікбастары дөңгелек, суыққа
төзімділігі онша емес. Әр гектарынан орта есеппен 120- 200 ц өнім
алынады. 15-60 жыл тіршілік етсе өнімді 5 - 20 жыл береді. Жемісінің
пішіні дөңгелек, түсі қарақошқыл түсті, қызғылт немесе кейде өте
қызғылт жұмсағы шырынды сүйекті болады. Алыс жолға тасу үшін
жемісті қатты күйінде, көктей жинайды. Сүйегі оңай айырылады.
Жемістерінің ірілігі орташа, пішіні домалақ.
Сурет-3.2.8. Фиолетовая десертная
Бауға отырғызылғаннанкейін 3 – 4 жылдан соң жеміс салады. Жемісі
тамыздың екіншіжартысында піседі, жас күйінде жеуге жақсы.
Өнімділігі жоғары.Жинап алынған жемісі 10-11 күнге дейін шыдайды
және тасуға өтетөзімді. Жемісінен көбінесе сусын, компот, мармелад
және жасаңкүйінде тосап, шарап, шырын ретінде пайдаланылады.
Малиновая
Ағаштарының өскелендігі орташа, бөрікбастары жинақы.15-45 жыл
жыл тіршілік етсе өнімді 5-16 жыл береді. Жемісті 4-5 жылда салады.
Жемістерінің ірілігі орташа 30-35 г,пішіні домалақ қабығы онша тығыз
емес, түсі қызғылт немесе күрең қызыл, оңай сыдырылады. Сүйегінен
оңай айырылады. Жұмсағы тығыз, сары түсті, сулы, дәмі өте ұнамды,
қышқылтым тәтті.
