Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Satin_Madina_Diplomy_proekt.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
371 Кб
Скачать
☆

1.3 Суппозиторилерге қойылатын талаптар

Барлық суппозиторилер бұлшықеттер мен сфинктер қарсылығынан өте алатындай жеткілікті қатты болуы қажет. Шырышты қабық сөлінде ерімейтін негіздерде дайындалған суппозиторилер 37̊С жоғары емес температурада балқуы керек және балқу температуралардың қысқа интервалында (1-2 ̊С) жүзеге асырылуы қажет. Толығымен жойылу уақыты 3 минуттан кем емес және 15 минуттан көп болмауы керек. Гидрофильді негізде дайындалған суппозиторилердің еру уақыты 1 сағаттан аспау керек. Суппозиторилерді балқыту немесе ерітуден пайда болған сұйық масса шырышты қабықта біртекті қабатпен өздігімен ағуы қажет. Бұл шарт дәрілік зат пен бұлшықеттердің тығыз әрекеттесуі үшін және дұрыс сіңірілуі үшін қажет. Суппозиторилер ішіндегі дәрілік заттарды оңай беруі керек. Бұл суппозиторилерді дайындауда қолданылатын негіздің қасиетіне де, дәрілік заттарды негізге енгізу әдісіне де тәуелді. Гидрофильді негіздер (ПЭОдан басқа) шырышты қабық сөлінде еритіндіктен әрекет ететін заттарын оңай береді. Сулы ерітінді түрінде суппозиторилер құрамына енгізілген дәрілік заттар жақсы сіңіріледі және құрғақ түрде енгізілгенге қарағанда жақсы әсер береді. Суппозиторилер көлденең кескен кезде көзбен анықталатындай бірдей дұрыс формалы, біртекті массалы болуы қажет, ауа білігінің болуы рұқсат етіледі. Суппозиторилер салмағындағы ауытқу ±5% аралығында рұқсат.

Мемлекеттік фармакопеяның микробиологиялық тазалығы бойынша ректалды енгізу препараттары ІІІ А категориясына жатқызылған, яғни 1г немесе 1мл-ден 1000 көп емес аэробты бактерия және Escherichiacoli жоқ болғанда 100 саңырауқұлақтан құралады.

1.4 Кәсіпорынға жалпы шолу: фармацевтикалық сапа жүйесі

«ФитОлеум» ЖШС – тәуелсіз Қазақстан Республикасының отандық фармацевтикалық саласын дамытуға бағытталған фармацевтикалық компания.

«ФитОлеум» компаниясының қызметі өз ұстанымдарын сипаттайды: «Қасиетті табиғатпен жаратылған рецепт». Халық медицинасының көпғасырлық тәжірибесін, жаңа технологияларды және қазіргі заман жетістіктерін қолдана отырып, Іле Алатау бөктерінен және өзіміздің плантацияда өсірілген, экологиялық таза аймақтардан жиналған табиғи шикізат негізінде  100% табиғи фитопрепарат ұсынады. Шынайы технологиямен, консерванттар, бояғыштар қолданбай өндіру, табиғат ананың берген заттарын қолдану – барлығы тұтынушылардың денсаулығына максималды жауапкешілікпен қарауға тырысады.

«ФитОлеум» ең танымал және сұраныстағы препараттары: полифиттік «Кызыл май»® майы,  «Кызылмай»® суппозиторилері және «Кызылмай®  прополиспен» суппозиторилері, биологиялық белсенді қоспалар (ассортиментінде фито-шәй мен бал), косметикалық заттар (рауғаш майы).

Компанияның тарихы 1992 жылдан басталады, ағайынды Перепелица Владимир мен Евгений бастамаларымен ұйымдастырылып, Алма-Ата фармацевтикалық фабрикасында алғашқы өнеркәсіптік өнім шығарылды.

«Фитолеум» компаниясының ең танымал өнімі полифиттік «Кызыл май®» майы – Қазақстан Республикасында тіркелген алғашқы оригиналды дәрілік зат.

Қазіргі күнде зауытта халықаралық:

GMP «Дәрілік заттар өндірісі. Тиісті өнеркәсіптік өндіріс» және HASSP «ФитОлеум» тағамдық өнімдерінің қауіпсіздік менеджменті жүйесі. Өндіріс саласындағы және тағамдық өнімдерді тұтыну ұйымдарына қойылатын талаптар» және ИСО СМК 9001-2009 «дәрілік заттар жасау, өндіру және айналымға жіберу саласындағы менеджмент жүйесі»  стандарттарына сәйкес 45-тен артық өнім түрі шығарылады. ФитОлеумға тиісті тәжірибелер мен сапа менеджменті жүйесін енгізу шығарылатын өнімнің жоғары сапасы мен қауіпсіздігіне кепіл береді.

Осы жылдары компания жоғары дәрежеге ие болды, компанияға Қазақстан Республикасында да, шетел елдерінде де сенімді серіктес ретінде сенім артады.

Компанияның тиісті сападағы өнімі адам денсаулығы тарапында болған, әрі болады.

Кесте 3 - Дайын өнімге арналған Прайс қағазы

№

Аталуы

Өлшеу бірлігі

Мин. партия

1 ед. бағасы

1 ед. бағасы

Консигнация

1

2

3

4

5

6

Дәрілік заттар

1

«Қызыл май» полифитті майы

100 мл

25 фл.

499.00

509.00

2

«Қызыл май» полифитті май

50 мл

50 фл.

315.00

325.00

3

«Қызыл май» полифитті май

30 мл

50 фл.

280.00

290.00

4

Мия майы, майлы сығынды

100 мл

25 фл.

490.00

500.00

5

Мия майы, майлы сығынды

50 мл

50 фл.

310.00

320.00

6

Ошаған майы, майлы сығынды

100 мл

25 фл.

490.00

500.00

7

Ошаған майы, майлы сығынды

50 мл

50 фл.

310.00

320.00

8

Қалақай майы, майлы сығынды

100 мл

25 фл.

490.00

500.00

9

Қалақай майы, майлы сығынды

50 мл

50 фл

310.00

320.00

10

«Шүкір май» полифитті май

100 мл

25 фл.

499.00

509.00

11

Шүкір май» полифитті май

50 мл

50 фл.

315.00

325.00

12

Шырғанақ «Қызылмай» қосылған Суппозиторийлер № 10

Қап.

48 қап.

585.00

595.00

13

«Қызылмай» Суппозиторийлер № 10

Қап.

48 қап.

530.00

540.00

14

«Қызылмай»прополиспенСуппозиторийлер №10

Қап.

48 қап.

545.00

555.00

Косметикалық заттар

15

Дәрілік түймедақ экстракты қосылған ошаған майы

100 мл

24 фл.

270.00

280.00

16

Қалақай экстракты қосылған ошаған майы

100 мл

24 фл.

270.00

280.00

17

Ошаған майы

100 мл

24 фл.

260.00

270.00

18

«Қызыл май» қосылған ошаған майы

100 мл

24 фл.

280.00

290.00

19

Ошаған майы күйдіргіш қызылбұрыш экстрактымен 

100 мл

24 фл.

300.00

310.00

БАҚ

20

Итмұрын қосылған бал

300 г

24 бан.

700.00

710.00

21

Бал тірі дәрумендер қосылған

300 г

24 бан.

700.00

710.00

22

Бал жолжелкен қосылған

300 г

24 бан.

700.00

710.00

23

Бал шайқурай қосындысымен

300 г

24 бан.

700.00

710.00

24

Пантокрин қосылған бал

300 г

24 бан.

710.00

720.00

25

Прополис қосылған бал

300 г

24 бан.

710.00

720.00

26

«Похудейка» фито-шәйі 60 г

60 г

50 қап.

280.00

290.00

27

«Гинекологиялық» фито-шәйі 1,5 г 20 сүзгіш-қапшада

30 г

50 қап.

230.00

240.00

28

«Жүрек» фито-шәйі 1,5 г 20 сүзгіш-қапшада

30 г

50 қап.

230.00

240.00

29

«Тыныштандыратын» фито-шәйі «1,5 г 20 сүзгіш-қапшада 

30 г

50 қап.

230.00

240.00

Компания миссиясы:

Отандық денсаулықсақтау мен халық денсаулығын жақсарту мақсаттында сапалы, жоғары тиімділіктегі және қауіпсіз дәрілік препараттар шығаруды қамтамасыз ету үшін ғылыми, өндірістік және кадрлық потенциалды жетілдіру

Компания мақсаты:

Табиғи шикізат негізінде сапалы, тиімді және қауіпсіз дәрілік заттар шығару

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]