- •3.Көркем шығарманы оқыту мен талдаудың тәсілдері бағыттары, кезеңдері.
- •2. Ж.Аймауытов «Қартқожа» романы
- •1) Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда, түбі сайда» толғауы
- •2)Сәбит Мұқанов өмірі мен шығармашылығы. «Ботагөз», «Сұлушаш» романдары
- •9. 3) Әдебиет сабағында жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстары
- •1)Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның Тұрсын» толғауы
- •2)Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы, әңгімелері,драмалары
- •3)Көрнекілікті пайдаланудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері
- •2) Спандияр Көбеев ағартушылық, оқытушылық қызметі. «Қалың мал» романы
- •1)Асан қайғы толғаулары және көркемдік ерекшеліктері
- •3) Сабаққа қойылатын талаптар
- •1) «Оғыз-наме» эпосы. «Оғыз-наме» эпосының зерттелуі, нұсқалары
- •2)Ахмет Байтұрсыновтың өмәрі, шығармашылығы. Аудармалары. «Қырық мысал» жинағы
- •11.3) Драмалық шығармаларды оқыту
- •3. Жыраулар поэзиясын оқыту. «Бұқар-Абылай заман» тақырыбы.
- •1.Айтыс. Зерттелу тарихы. Жанрлық сипаты. Айтыстың мазмұны мен тақырыбы.
- •2.Б.Майлин – реалист. Оның поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді қызмет еңбек еткен қаламгер.
- •3. Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдарына талдау жасау.
- •1.Үмбетей жыраудың ел бірлігі, ерлік тақырыбындағы жырлары.
- •2.Ғабит Мүсіреповтің патриоттық тақырыптағы төл туындысы- «Қазақ солдаты» хикаясын жазуы.
- •3.Эпикалық шығармаларды оқыту.
- •1.Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда, түбі сайда» толғауы.
- •2.Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы. «Ботагөз», «Сұлушаш» романдары.
- •1.Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» толғауы.
- •2.Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы,әңгімелері, драмалары.
- •3.Көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері.
2. Ж.Аймауытов «Қартқожа» романы
3.Поэма жанры, оның түрлерін, көркемдік жүйесін таныту. Поэма – эпостық жанрдың бір түрі. Оны жеңілдетіп, үстірт оқыту дұрыс емес. Поэманы мұқият меңгерген оқушы повесть, роман жанрларын талдауды тез игереді. Мұғалім осы үлкен прозаның бастауы болатын поэманы меңгертуге көп көңіл бөлген жөн.
Поэманың жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Поэма сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жағдайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оөыту процесінде қолданылатын техникалық құралдарға байланысты. Поэманы оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырарда олардың сезім мұшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Сондықтан экрандық, техникалық құралдарды кең қолдану керек.
Қандай поэма болса да алдымен мәтінімен таныстырылады. Мұнан соң поэмада қандай оқиғалар болды, кейіпкерлері кім, оқиғалары қалай баяндалған, автордың оқиғаға көзұарасы қандай деген мәселер анықталады. Поэмада қоғамдағы алуан түрлі мәселелер, көкейкесті тақырыптар қозғалады. Оқушылар мәтіндегі мәселені түсініп, нақты сюжетті меңгеруінде жоспардың атқаратын рөлі айтарлықтай. Мұғалім жоспарды екі түрлі жолмен ұсына алады. Жоспарды оқушыларға алдын ала беріп, сол арқыды поэманың сюжетін ашып, рет-ретімен баяндауыа жол салуға болады
9-билет
1) Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда, түбі сайда» толғауы
Тәтіқара (1705, қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданы – 1780, сонда) – ақын, жырау. Абылай ханның ақылшысы ретінде біршама уақыт хан сарайында тұрған. Олжабай, Бөгенбай батырлардың қалмаққа қарсы жорықтарына қатысып, олардың ерлік істерін мадақтаған, толғауларында жауынгерлерді табандылыққа, төзімділікке үндеген. 1756 жылғы Цин империясы басқыншылары мен Абылай сарбаздары арасында өткен соғысты сипаттаған жалынды жырлары (“Қамыстың басы майда, түбі сайда”, “Кебеже қарын, кең құрсақ”, т.б.) Тәтіқара есімін халыққа кеңінен танытты. Өткір мінезді Тәтіқара ел билеген ханның осал жақтарын сынап, батыр-бектердің кемшін тұстарын беттеріне айтып отырған. “Кеше тоқыраулы судың бойында” атты толғауында ол “Ат құйрығын күзеңдер, Аллалап атқа мініңдер, Ханталау қылып алыңдар” деп халықты күреске шақырады. Бұдан кейін Абылай мен ақын арасы алшақтап, Тәтіқара сарайдан біржола қуылады. Жасы ұлғая келе жағдайы ауырлап, жоқшылық көреді. Алайда ақын қиыншылыққа мойымаған, ханға бас имеген.
2)Сәбит Мұқанов өмірі мен шығармашылығы. «Ботагөз», «Сұлушаш» романдары
Сәбит Мұқанов – қазақтың әйгілі жазушысы, қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Сәбит Мұқановтың туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданы. Ол кездегі қазақ ауылындағы жалғыз оқу - молда болған. Жас Сәбит осы молдадан оқып арабша хат таниды. Ел арасына көп тараған қисса-поэмаларды оқитындай сауаты ашылады. Әуелден өлең-жырға, ертегі- әңгімеге әуес бала там-тұмдап әдебиет үлгілерін тауып оқи бастайды. Ол кездегі азын аулақ қазақ кітаптарында ескі өзбек немесе татар тілдері араласып келетін.
Кейін бұрынырақ жарияланған екі томдық «Өмір мектебі» кітабының жалғасы ретінде «Есею жылдары» деген өмірбаяндық романын жазып шығарады. 1947-1963 жылға дейін Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Оның 1974 жылы жарық көрген «Халық мұрасы» деген тарихи этнографиялық шолуы халқымыздың мәдениеті, өнері, тілі, материалдық игіліктері жайында жазылған ерекше құнды зерттеу еңбек болды.С.Мұқанов – “Сұлушаш” дастанының, “Адасқандар” (“Мөлдір махаббат”), “Жұмбақ жалау” (“Ботагөз”), “Сырдария”, “Өмір мектебі” (трилогия), “Аққан жұлдыз” (трилогия) романдарының, “Балуан Шолақ” повесінің, “Шоқан Уәлиханов” драмасының, “Жарқын жұлдыздар”, “Қазақ қауымы” атты зерттеулердің, “Ақ аю” поэмасының, неше жүздеген өлең және мақалалардың авторы, ең өнімді қаламгерлердің бірі. Жазушы өзі өмір сүрген замана сыры мен тарихи шындық қатарларын бірдей ынта, жігермен шынайы бейнелей алды. С.Мұқанов 1973 жылы қайтыс болды. «Сұлушаш» романы 1928 жылы жазылған. «Сұлушаш» жанры жағынан алғанда өлеңмен жазылған роман. Бұл жанрдың ерекшелігі туралы Ғ.Мүсірепов былай дейді: «Өлеңмен жазылған роман дүниежүзілік әдебиетте де сирек кездеседі. Өйткені түр жағынан да, мазмұн жағынан да әрі тереңдікті, әрі кеңдікті талап етеді де, күшке тиетін еңбекке жатады. Сондықтан поэзиялық шығарманың мұндай түрі қай әдебиетте болса да елеулі орын алады». Өлеңмен жазылған романның жанрлық табиғаты тұрғысынан екі түрлі әдеби тектің – түрі жағынан лирикалық, мазмұны жағынан эпостың ерекшелігін қоса қамтиды. Өлеңмен жазылған роман автордан ақындық шеберлікті, эпикалық ауқымдылықты қажет етеді.«Сұлушаш» әдеби сында көп сөз болған туынды. Роман жарық көргеннен кейінгі 7-8 жыл ішінде сыннан әділ бағасын ала алмады. Тек 1936 жылдан бастап әділ бағасын алды. Осы жылы роман орыс тілінде екінші рет Москвада басылып шықты да, шығарма туралы одақтық, республикалық баспасөзде бірсыпыра сын-пікірлер жарияланып, оларда «Сұлушаш» халықтық, реалистік көркем туынды ретінде жоғары бағаланды.Сұлушаш – байдың жалғыз қызы болғанымен, дүние-байлыққа масаттанған қуыршақ емес, ақылды, жаны нәзік, сезімі сұлу ару. Оның түр-тұлғасының бейнеленуі, сұлулығы мен ақылдылығы, шынайы сезімі лиро-эпостағы аруларды еске салады. Алтайға Сұлушаш құл деп қарамайды, намысты, өжет жігіт, адамгершілігі жоғары аяулы жан деп өзіне тең көреді.Алтай – көзін ашқалы көргені жоқшылық пен қорлық болса да, қиындыққа мойымайтын өр жігіт болып ер жетеді. Ата-ананың ауыр тұрмысы, өзінің басыбайлық халі оған теңсіздік сырын тым ерте ұқтырады.«Ботагөз» романы. Алғаш «Жұмбақ жалау» боп аталып, 1938 жылы жарық көрген романды автор 40 жылдарда қайта қарап, толықтырып-жөндеп, «Ботагөз» деген атпен 1948 жылы бастырып шықты. Жазушы романында бір-бірімен жалғасқан үш тарихи кезең (1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі немесе төңкеріс қарсаңы, Ұлы Қазан төңкерісі және азамат соғысы кезеңдері) тұсындағы қазақ халқының түрлі қиындықтар мен ерлікке, өрлікке толы күрескерлік өмірін кеңінен алып суреттеген. Романның тақырыбы осыған сәйкес қазақ халқының азаттық жолындағы күресі, осы ұлы күрестегі халық тағдыры мәселесі.
