Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11,12,13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27 Кб
Скачать
☆

13. 1) Тәрбие әдістері мен тәсілдерінің білім берудегі негізі

Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.

Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.

Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.

Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:

• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.

• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқабөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.

Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина жәнеВ.С.Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылады.

Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:

• Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.

• Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.

• Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.

• Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.

Тәрбие тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері:

1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.

2. Ақпараттық - ағартушылық.

3. Бағдарлау - іс-қызмет.

4. Қатынас.

5. Бағалау.

Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары:

• Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);

• заттар (ойыншыңтар, электронды есептегіш машиналар);

• рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);

• бұқаралық ақпарат құралдары;

• педагогикалық ықпал жасау құралдары.

13. 1) Топтар мен ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы. Топтағы жеке адамның алатын орны.

Жеке адамның әлеуметтенуі және оның әлеуметтік ұстанымы – жеке тұлға әлеуметтік контексттегі өмір сүруін, оның әлеуметтік тәжірибе мен оны іске асыруын ашып көрсетеді. Енді осы көрсетілген 2 жақты анализдеп, топтағы адамның басқа адамдармен қарым-қатынасы негізінде оның шынайы мінез-құлқын анықтап алу керек. Әлеуметтік-психологиялық зерттеу негізінсіз жеке тұлғаны жан-жақты зерттеу мүмкін емес. Мұнда жеке адамды іс-әрекет немесе қарым-қатынас процесінде алып, қарастыруға болады. В.А.Петровский жеке адамды зерттеудің 3 аспектісін бөліп көрсетті. Мұнда жеке адам: 1) субъект өмірінің жекелік қасиеті ретінде; 2) кеңістікте өмір сүруші жеке адам аралық қасиет ретінде; 3) жекелік даму кеңістігінен бөлек қасиет ретінде қарастырылады.

Әлеуметтік жеке адамды әсер етуші субъект ретінде қарастырады. Әлеуметтену процесінде ие болған жекелік қасиеті, әлеуметтік бағдары бір орында тұрып, қатып қалған жоқ, бірақ жеке адам нақты топта, шынайы әлеуметтік ортада үнемі түзетулерге ұшырайды.Шынайы, нақты топтың ролі өте күшті, маңызды орын алады.

Жеке адамның жалпы объективтік қасиеттерінің негізі – қоғамдық қатынас болып табылады. Дәлірек, нақтылап айтсақ, оның әр түрлі әлеуметтік қоғамдық қатынастарға енуі және де осы қоғамдық қатынастардың әр түрлі деңгейінің реализациялануы. Мұндай мәселені талқылау әдістерінің бірі «топтағы жеке адам» немесе «жеке адам және топ» болып табылады. Ғылыми сипаттама бойынша топ мәселесі жеке тұлға жағынан қарастырылуы керек деп көрсетті. Мұндағы жеке адам топпен теңеседі ме?, мұнда қандай механизмдер көрінеді?, топта жеке адам нені игереді және де ол осы топты немен толықтырады? Бұл сұрақтарға жауапты тек ғана жеке адамның топта өмір сүруін, қалыптасуын бөлшектеп, жекелеп зерттеу нәтижесінде ғана алуға болады.

Жеке адам болып туылмайды, жеке адам болып қалыптасады деген принципті нақтылай келе: жеке адам болып қалыптасады, сондықтан да жеке тұлғаның қандай топта қалыптасуы, басқа жеке тұлғалармен әсерлесуі, т.б. бәрібір емес. Егер де мұнда лангитюдті зерттеуді іске асыра алсақ, жеке адамның бүкіл өмірін зерттей алсақ, онда бұл сұраққа нақтылы жауап табылар еді. Сол зерттеу нәтижелерде жеке адам үшін топтың маңызын, оның өмірінде алатын орнын жан-жақты айтуға болар еді.

Фундаментальді зерттеуде бұл мәселе былай сипатталады: әлеуметтену процесі жүретін топтарда адамның кейбір қасиеттерінің қалыптасуы мен топта кейбір қасиеттері қалыптасуы арасында қандай айырмашылық немесе ұқсастық бар?

Жеке адам сапаларын зерттеудің жалпы және әлеуметтік өзіндік дәстүрі бар. Жеке адамның әр түрлі сапасының құрылымен сипаттаудан әлеуметтік жеке адам сапалары жүйесін құру керек деген қорытындыға келді. Бірақ та мұндай жүйе құру принципі әлі де құрастырылған жоқ.

Топ жеке адам қасиеттерін толықтыратындығы туралы дәлел келтіруге болады: жеке адам белсенділігі, оның іс-әрекетінің өнімі топта қалыптасады. Жалпы бірлескен іс-әрекет негізінде адам басқа топ мүшелерімен бәсекеге түсіп, олармен бағаланады.