- •3.2.1 Ластанбаған аймақтағы транспирация қарқындылығы
- •Кесте 9 - Транспирация қарқындылығың шілдедегі көрсеткіштеріу 1996 жыл, (г/м2 с)
- •Тамыздағы транспирация қарқындылығының қисық сызығы г/м2 с
- •Қыркүйектегі транспирация қарқындылығының қисық сызығы г/м2 с
- •1997 Жылғы мамырындағы транспирацияның қисық сызығы г/м2.С
- •1997 Ж маусым айындағы транспирация қарқындылығының көрсеткіші, (60 г/м2с),
- •1997 Ж тамыз айындағы транспирация қарқындылығының көрсеткіші, (60 г/м2с),
- •Кесте-10 — Мамыр айындағы транспирация қарқындылыгының көрсеткіші, г/м2.С
Кесте 9 - Транспирация қарқындылығың шілдедегі көрсеткіштеріу 1996 жыл, (г/м2 с)
Өсімдіктер |
18.07.1996 |
|||||
ПИТОМНИК |
||||||
|
|
8:00 |
13:00 |
18:00 |
орта көрсеткіш |
|
1 |
Populus deltoides Marsh |
10 |
21,8 |
21 |
17,6 |
|
2 |
Acer semenovii |
23 |
26,6 |
18 |
22,5 |
|
3 |
Elaeagnus angustifolia |
12 |
32 |
17 |
20,3 |
|
4 |
Salix alba |
12 |
43 |
26 |
28,6 |
|
5 |
Ulmus pumila |
10 |
24 |
16 |
16,6 |
|
6 |
Ulmus pumila |
11 |
40 |
30 |
30,3 |
|
7 |
Armeniaca vulgaris |
8 |
18 |
27 |
17,3 |
|
Бұл айда құрғақшылық жиі болып тұратындықтан, ауа ылғалдылығы төмен болады. Осыған байланысты зерттелінген түрлердің көпшілігінде транспирация қарқындылығы аз болады. Оған дәлел мына түрлер: Populus deltoides Marsh 17,6 г/м2 с Ulmus pumila 16,6 г/м2 с Armeniaca vulgaris 17,3 г/м2 с Elaeagnus angustifolia 20,3 г/м2 с. Таңертеңгі транспирация мен түскі транспирация арасындағы айырмашылық үлкен емес. Мысалы, Acer semenovii таңертеңгі транспирация 23 г/м2 с көрсетсе, түскі транспирация 26,6 г/м2 с. Екі арадағы айырмашылық-+ 3,3. Ал Gleditschia triacanthos таңертеңгі транспирация қарқындылығы 11 г/м2 с болса, түсте 40 г/м2 с дейін көтерілген. Яғни әр түрдің жапырақ клеткасынан транспирацияланған судың мөлшері де әр түрлі болады (9 кесте). Таңертеңгі жэне түскі уақыттағы транспирация шамасын салыстырар болсақ, кейбір түрлерде Ulmus pumila, Gleditschia triacanthos, Elaeagnus angustifolia 2-2,5 есеге дейін артқан. Ал, мына өсімдіктерде кешкі транспирация шамасы жоғарлаған: Armeniaca vulgaris, Gleditschia triacanthos
Тамыздағы транспирация қарқындылығының қисық сызығы г/м2 с
10 - сурет
Қыркүйектегі транспирация қарқындылығының қисық сызығы г/м2 с
11- сурет
Тамыз, қыркүйек айындағы транспирация қарқындылығының көрсеткіштері жайында қисық сызықтан (10, 11 сурет) мыналарды байқаймыз. Таңертеңгі уақытта транспирация қарқындылығы (22-67 г/м .с) аралығында болса, түскі мезгілде (16-48 г/м2.с) көрсеткен. Бұл түскі мезгілдегі төмен көрсеткіш ауа ылғалдылығы мен температураның шамасына тікелей байланыстылығында, өйткені ауа ылғалдылығы 61 % тен 47% -ке дейін төмендеп, ауа температурасы 32° ден 22° дейін азайған. Осы сыртқы орта факторлардың әсерінен тамыз айындағы көрсеткіштерде жоғарғы нүкте таңертеңгі мезгілге сәйкес келді. Қыркүйек айындағы нәтижелерде онша алшақтық жоқ. Су транспирацияның орташа көрсеткіші 12-29 г/м2с аралығында. Әсіресе ең төмен транспирация Gleditschia triacanthos байқалады. Ал Elaeagnus angustifolia мен Salix alba мәндері бір-біріне жуық. Таңертең 33- 40 г/м2с болса, түсте 16-16,7 г/м2.с, ал кешкісін 26,3-29,6 г/м2.с болған. Бұдан шығатын қорытынды ауа температурасының 22-31° аралығында, топырақтағы ылғалдылық мөлшерінін азайған кезінде Gleditschia triacanthos транспирация Elaeagnus angustifolia мен Salix alba қарағанда аз. Осы вегетациялық кезеңнің барысында транспирация қарқындылығы әр түрлі дәрежеде болды. Вегетацияның бас кезінде ең үлкен көрсеткіш Acer semenovii (47 г/м2.с) болса, вегетация ортасында Gleditschia triacanthos (69 г/м2.с), вегетация сонында Ulmus pumila (45,6 г/м2.с) болған.
Екі айдағы нәтижелерді салыстырар болсақ, Populus deltoides Marsh, Gleditschia triacanthos транспирация деңгейлері шамалас (15 г/м2.с; 18 г/м2.с); Ulmus pumila екі айдағы транспирация қарқындылығының арасындағы айырма үлкен . Тамыздағы транспирация қыркүйектен 1,3 есе артық. Acer semenovii тамыз айындағы ең жоғары нүктесі 40 г/м2.с-ты көрсетсе, қыркүйек айында төмендеп 27 г/м2.с дейін болған. Жеміс ағашы Armeniaca vulgaris үлкен ауытқу байқалған. Мәселен тамызда күндізгі транспирация 21 г/м2с болса, қыркүйекте 35 г/м2с - ге дейін жеткен. Ал басқа түрлердің транспирация қарқындылығының екі айдағы өзгерістері 1,2-1,3. Осыдан шығатын қорытынды әр айдағы экологиялық , факторлардың, антропогенді өзгерістердің ауытқушылығы транспирация қарқындылығына да өз әсерін тигізеді.
1997 жылғы мамыр айындағы зеттеулеріміздің нәтижелеріне анализ жасайтын болсақ, Populus deltoides Marsh таңертеңгі мезгілде 28 г/м2.с, түсте 30,5 г/м2.с, кешкісін 16,8 г/м2.с көрсеткен. Осы нәтижеге жуық мәндес Gleditschia triacanthos және Salix alba. Ең төменгі нәтиже Acer semenovii орташа мәні 12,5 г/м2.с көрсеткен. Түскі мезгілде ауа температурасы мен ылғалдылығының көтерілуі барлық түрдің транспирациясына үлкен әсерін тигізген. Бүл нәтежилерден транспирацияның екі төбелі болуын да көруге болады (12 сурет). Бұл Armeniaca vulgaris байқалды. Бұл екі төбелі таңертеңгі және кешкі мезгілде болды. Кешкі көтерілу бұл түрдің бақ ішіндегі суару процесімен байланыстырамыз.
