Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psikh_shpor.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
199 Кб
Скачать
☆

3.Психологияның дамудың алғашқы қарапайым формалары

1. Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары Психиканың пайда болуы, яғни генезисi жəне оның дамуы туралы проблемалар өзара тығыз байланысты. Сондықтан да психика дамуы туралы жалпы көзқарас психиканың туындауы жөнiндегi мəселенiң теориялық ерекшелiктерiмен сипатталады. Аталған проблема бойынша ғылымда бiрнеше теория-лық бағыт қалыптасқан. Ең алдымен бұлар арасында философия-лық ой-пiкiр тарихында Р. Декарт есiмiмен байланысты ғылыми елеуге тұрарлық "антропопсихизм" бағдары. Оның мəнi психиканың пайда болуы адамның келiп шығуымен байланысты. Психика тек адамға тəн қасиет. Осылай пайымдаудан адам психикасының бiз бiлетiн тарихтан бұрынғы болмысы түгелдей жоққа шығарылды. Мұндай пiкiр қазiргi күнде де өз қолдауын табуда. Бұған қарама-қарсы, екiншi теория "панпсихизм", яғни бүкiл табиғаттың жан-рухани қасиетке иелiгi жөнiндегi ұғым. Бұл бiрiне бiрi қайшы екi көзқарастың аралығында кеңiрек өрiс алған "биопсихизм" теориясы бар. Биопсихизмшiлдердiң пiкiрi - психика жалпы материяның қасиетi емес, ал оның тек жанды бөлегiне ғана тəн нəрсе. Қойылған проблеманың шешiмiне орай өрiстеген жəне бiр көзқарас психика барша жанды материяның қасиетi емес, ал олардың арасындағы жүйке жүйесiне ие болғандарына ғана тəн құбылыс. Мұндай тұжырым "нейропсихизм" деп аталған. Ғылыми психология аталған тұжырымдардың бiрде-бiрiн толығымен құптай алмайды. Оның дəлелдерi тiптi басқаша психологияның туындауы жөнiндегi мəселенiң шешiмiн өмiрдiң өте күрделi формасы - психиканың туындауына себепшi болған жағдайларды зерттеп танумен байланыстырады. Тiршiлiктiң пайда болуының негiзгi шарты - қоршаған ортамен тұрақты зат алмасуға икемделген күрделi ақуызды молекулалардың түзiлуi. Өздерiнiң тiрлiк қалпын сақтап қалу үшiн олар қоршаған ортадан қорек заттарды сiңiрiп, сонымен бiрге қалыпты өмiрiне зиянды қорытылған қорек қалдықтарын сыртқа шығарып отырады. Ассимиляция жəне диссимиляция деп аталған бұл екi процесс зат айналымының құрамды бөлектерi болумен күрделi ақуызды түзiлiмдердiң негiзгi жасау шарты болып табылады. Бұл өте күрделi ақуызды молекулалар, каоцерваттар, пайдалы коректер мен оларды қорытуға немесе өмiрiне қауiп туғызатын не зиянды əсерлерге жауап бергiзетiн ерекше қасиеттерге ие. Мысалы, мұндай молекулалар тек қоректiк заттарға ғана емес, сол заттарды қорытуға себебiн тигiзетiн жарық пен жылуға да ұнамды əрекетпен жауап бередi. Ал шектен артық механикалық не химиялық қалыпты жасауына кедергi болатын əсерлерге қарсылық бiлдiредi. Зат алмасу процесiне қатысы жоқ, бейтарап əсердi тiптi елемейдi. Каоцерваттардың индиферент əсерлердi елемей, зат алмасу процесiне себепшi əсерлердi сезу қасиетi тiтiркену деп аталады, ал бұл тiтiркену құбылысы органикалық емес материяның органикалық жағдайға ауысқанында көрiнедi. Бұдан шығатын қорытынды əрқандай тiрi организм сыртқы тiтiркендiргiштерге таңдамалы қатынас жасап, тiрi материя-ның өзiндiк реттеу деп аталатын жаңа сапалық қасиетiн танытады. Тiтiркену - бұл биологиялық бейнелеудiң ең қарапайым формасы болумен, өсiмдiк жəне жануарлар эволюциясының барша кезеңдерiндегi тiрi организмдерге тəн құбылыс, яғни бұл тiрi организмнiң барша биологиялық мəндi əсерлерге жауап беру қабiлетi. Осылай, органикалық дүниеге өту барысында бейнеленудiң сапалық жаңа формасы келiп шығады, əлбетте, бұл бейне айнадағыдай дəл сипатты бере алмайды. Солай да болса, осы бейне өзiнiң енжар, кездейсоқ сипатынан арылып, тiршiлiктiң қажеттi шартына айналды. Тiршiлiкке маңызды əсерлерге болған тiтiркену процестерi, тiтiркенудiң жоғары

маманданған формаларының қалыптасуы жəне олардың ұрпақтан ұрпаққа берiлiп отыруы өсiмдiк дүниесi деп аталған өмiр кезеңiнiң сипатына айналады. Мысалы, күн жарығына орай өсiмдiк тамырының тереңдеуi, дарақ дiңiнiң қисық болуы, өсiмдiктiң күн сəулесiн бағуы сияқты құбылыстар бəрi осы биотикалық əсерлерден болған тiтiркенудiң нəтижесi. Өсiмдiк өмiрi үшiн мəндi жəне бiр жағдай бар. Биотикалық əсерге қарқынды зат алмасумен жауап берушi өсiмдiктер нақты зат алмасу кезiнде өзге əсерлердi байқамайды. Олар қоршаған ортада белсендi бағыт-бағдар таңдай алмайды. Мысалы, адым жерде күн сəулесi жарқырап түсiп тұрғанымен, өзi тасада қалған өсiмдiк жасай алмайды. Мұндай өмiр сүрудiң енжар формасынан тiршiлiк эволюциясының келесi кезеңi жəндiк-жануарлар дүниесi айрықша сипатқа ие. Бұл кезеңдегi жалпы, ең қарапайым тiршiлiктiң даму барысында пайда болған бейнелеудiң бастапқы формасы - сезу екенi жөнiнде ғылымдық болжам бар (А. Н. Леонтьев). Бұл болжам бойынша, ең қарапайымдарынан бастап əрбiр тiрi организге тəн құбылыс жануардың тек зат алмасуға қатысты биологиялық əсерлерге жауап берiп қоймастан, биологиялық мəнсiз не "бейтарап" əсерлерге де, егер олардың өмiрлiк қажеттiлiгi жөнiнде хабар түссе, жауап бере алуы. Басқаша айтсақ, жануарлар, тiптi ең қарапайым-дары да, қоршаған ортада белсендi түрде бағыт-бағдар iздестiредi, өмiрлiк маңызды жағдайларды қарастырады, төңiректегi барша өзгерiстердi байқастырады. Мұндай алғаш биологиялық маңызсыз, ал сонан соң өмiр қажеттiлiгiне айналған əсерлердi бақылау қабiлетi - сезу деп аталады. Сезу құбылысы психика-ның туындауында объектив биологиялық белгi қызметiн атқарады. Тiршiлiкке қажет əсерлер туралы хабар тиiстi мүшеге түсуiмен бейтарап тiтiркендiргiштердi де қабылдай алатын сезу қасиетi өмiр формасына түпкiлiктi өзгерiстер енгiздi. Ең бастысы, тiршiлiк иесi қоршаған ортада бағдарлау қабiлетiне ие болып, онда болып жатқан əртүрлi өзгерiстерге белсендi қатынас жасай отырып, өсiмдiктерге тəн емес, əрекет-қылық-тың жеке-дара өзгермелi формаларын қалыптастыра бастады. Алғашқы кезде мұндай жеке өзгермелi əрекет-қылықтың қалыптасуы өте баяу болды, солай да болса, бұл процестi эксперимент жағдайында (Брамштедт) байқауға қол жеттi. Бiр жасушалы жануарлар жылуды сезедi де, жарықты қабылдамайды. Сондықтан да олар бiр жағы жарық, екiншiсi қараңғы, суы теңдей жылы камерада бiр қалыпты жайыла жасайды. Ал егер камерадағы судың бiр бөлiгiн ғана жылытса, жануарлар сол бұрышқа келiп жиналады. Егер камераның суық су тарапына ұзақ уақыт жарық түсiрiп, жылы жағын қараңғыласа, жануарлар əрекетi өзгере бастайды, яғни ендi бiржасушалылар температураның көтерiлуiнен хабар берушi сигналға айналған жарықты сезе бастайды. Өсiмдiктерден жануарларды ажырататын жекелеген əрекет-қылық баяу өзгередi жəне пайда болған өзгерiстер ұзақ уақыт сақталып, өте жай жойылады. Жоғарыда баяндалған тiтiркену, сезу процестерi тек бiржасушалылар өмiрiн қамтамасыз ете алады, ал олардың көпжасушалылар деңгейiне көтерiлуiмен пайда болатын тiршiлiкке бұлар жеткiлiксiз. Көпжасушалылар дəрежесiне өту - тiршiлiк жағдайын күрделендiрiп жiбердi. Қоршаған ортадағы бағыт-бағдар таңдаудың белсендiлiк рөлi артып, күрделi қозғалыстар мен қозудың жылдам жүрiсiн қамтамасыз ету қажеттiлiгi туын-дайды. Бұл көпжасушалылардың дене құрылымының күрде-ленуiне, тiтiркенудi сезуге байланысты арнайы жасушалардың пайда болуына, бұлшық ет қысқарту-тарту жасушаларының түзiлуi мен торлы - тармақты сипатқа ие жүйке жүйесiнiң дамуына əкелдi. Мұндай жүйке көрiнiсiн, мысалы, медуза, актиния жəне теңiз жұлдызшаларында байқауға болады. Бұл даму кезеңiне тəн құбылыс: торлы жүйке жүйесiне орай қозу жүрiсi бiрқанша жылдамдасады. Бiрақ, тiршiлiк дамуында ұнамды iз қалдырғанымен, диффуздық жүйке жүйесiнiң кемшiлiгi де бар: қозу торлы жүйке тармақтарымен бүкiл дене бойлап теңдей таралады. Сондықтан сырттан келген əсердi қабылдап, өңдеп жəне бейнелеп танитын жетекшi органның болмағанынан бұл деңгейдегi тiршiлiк иесiнiң əрекет-қылығы шектеулi болатыны табиғи фактор. Мұндай кемшiлiк бұдан əрi эволюциялық даму барысында, əсiресе құрылықтағы тiршiлiк формасына өтумен, диффуздыққа қарағанда бiр шама күрделiрек ганглиозды жүйке жүйесiнiң қалыптасуымен шегерiлдi. Қүрылықтағы тiршiлiкке өту өмiр жағдайларының едəуiр күрделенуiн

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]